Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов



Pdf көрінісі
бет52/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

Түлкібайқызы Ж. – 2- ші курс студенті

5В030400-Кеден ісі, 

Астана қ. «Қаржы академиясы»АҚ 

Zhansaya_1997@inbox.ru

з.ғ.м аға оқытушы Какимжанова Н. Т.

ҚАЗАҚСТАН РеСПУБлИКАСЫ КеДеН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗІНДІК КеШеНДІ САлАСЫ РеТІНДе

Кеден  құқығының  пайда  болуы.  Кеден  құқығының  даму  кезеңдері.  Кеден  құқығының 

даму жолдары. Құқықтық реттеудің пәні мен әдістері. Кеден құқығының құрылымы мен 

жүйесі, институттары, Қазақстан құқығының басқа салаларымен арақатынасы, қағидалары 

мен қайнар көздері Құқық мәселелері теориялық қайта қарауды қажет етеді. Құқық әле-

уметтік құбылыс және өзінің жүйесі (құрылым, құрылыс) бар. Құқық жүйесінің бір эле-

менті ретінде негізгі (іргелі) және кешенді болып бөлінетін құқық саласы болып табылады. 

Дәстүрлі (іргелі) немесе негізгі сала ретінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қыл-

мыстық, процессуалдық және басқа да салалардың  қазақстандық құқық жүйесінде орын 

алуы күмән тудырмайды. Дегенмен, объективті шындық қандай да бір қоғамдық қатына-

старды реттейтін жаңа салалардың пайда болуының ғылыми негізделуін талап етеді. 

Егеменді Қазақстанның түзілуінен ішкі және кеден саясаты олардың құрамдас бөлігі бол-

ды. Оны іске асыру үшін 26 мемлекеттің басқарушылық қызметі, арнайы өкілетті органдар, 

заңдық негіз керек. Кеден саласы Қазақстан үшін мемлекеттік егемендікті және тәуелсіздік-

ті,  оның  экономикалық  қауіпсіздігін,  сонымен  қатар  еге  менді  мемлекеттің  қызметіндегі 

қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика, қорғаныс және т.б. салаларын қамтамасыз 

етудің құралы ретінде болды. Құқық өзіндік жүйесі, құрылымы бар әлеуметтік құбылыс. 

Оның бір элементі – құқық салаларына бөлінуі. Олар өз ішінен негізгі және кешендік болып 

бөлінеді. Қазақстанның егемендік алуы ішкі және сыртқы саясатына жаңа мазмұн берді. 

Оның бірі – арнайы өкілді органдары бар белгілі бір заңдылық негізі бар кеден саясаты. Қа-

зақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құра-

лы ретінде кеден саласы пайда болды. 

Жеке  мемлекеттің  құрылу  кезінде  кеден  саласына  қатысты  бір-  неше  нормативтік 

құқықтық  актілер  қабылданды.  Негізінен  кедендік  тарифтік  реттеуді  қамтитын  1991  ж. 

24 желтоқсандағы “Кеден тарифтері мен баждары туралы” ҚР-ң Заңы, Үкіметтік шешім-

дерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің нормаларымен сәйкес келетін 1991 

ж. 12 желтоқсандағы “ҚР-ң кеден комитетін құру туралы” Президент жарлығын айтуға бо-

лады. Келесі кеден саласындағы маңызды қадам – “ҚР кеден ісі тура- лы” 1995 ж. 20 шіл-

дедегі Заң күші бар Президент Жарлығы (бұдан кейін – “Кеден ісі туралы” Жарлық) – 1999 

ж. 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тура-

лы” Заңы (бұдан кейін – “Кеден ісі туралы” Заң). 27 Кедендік реттеу, бүгінгі түсінігімізше, 

кеден құқық институттарының жиынтығы, “кедендік әкімшілік ету” ұғымын білдіреді. Ке-

ден құқығы өзінің пайда болу кезінен бастап сол кезеңнің заңдарына, Қазақстан үшін кеден 


371

саласындағы жаңалықтарға сәйкес кеден органдарының атқаратын қызметтерінің күшіне 

орай дербестікке ұмтылды. Кеден органдары жұмысшылары қызметінің құқықтық негізін 

еңбек құқығының негізгі ережелері мен еңбек туралы заңдар құрайды. 

М. А. Сәрсембаев пен К. С. Мәуленов кедендік және сыртқы экономикалық қызметтің 

өзара байланысын көрсете отырып, кедендік реттеуді Қазақстанның сыртқы экономикалық 

құқығының контекстінде қарастырады. Кеден құқығының пәнін бөліп көрсете отырып, оған 

кеден ісінің барлық мәселелерін (бөлімдерін, блоктарын): 1) кеден ісін ұйымдастыруды; 2) 

тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізуді; 3) тауарлардың кеден ре-

жимін; 4) кеден төлемдері мен салықтарын; 5) кедендік рәсімдеуді; 6) кедендік бақылауды; 

7) валюталық бақылауды; 8) кедендік статистиканы және сыртқы экономикалық қызметтің 

Тауар номенклатурасын жүргізуді (СЭҚ ТН); 9) тергеу мен жедел іздестіру қызметін; 10) 

кеден ережелерін бұзу мен жауапкершілікті; 11) кеден органдары мен олардың лауазымды 

тұлғаларының құқықтық статусын; олардың жауапкершілігін; 12) арнайы және қосымша 

ережелерді енгізу керек. 

М.  А.  Сәрсембаев  кеден  құқығының  пәні  туралы:  “Конституциялық,  әкімшілік,  қаржы, 

қылмыстық,  салықтық  заңдылықтар  нормаларымен  реттелетін  пәнінің  жиынтығын  құрай-

ды”, – деп баса айтады. Кеден құқығында қолданылатын әдіс–тәсілдер мен құралдарды автор-

мен үш топқа бөлінген: 1) ерік беру (рұқсат беру); 2) тыйым салу (шектеу); 3) міндет жүктеу.

В.  Н.  Протасов  кешенді  құқық  салаларының  қолдаушысы  бола  отырып,  ерекшелікті 

құқықтық реттеудің ерекше пәнімен бірге өзіндік әдісінен көреді. Оның айтуынша: “Құқық 

саласының  біртұтас  кешенді  әдісін  құқық  саласы  пәнінің  кешенді  және  бүтіндік  сипаты 

анықтайды”. Ал, С. С. Алексеевтің пікірі бойынша, құқықтық реттеудің құрылымына рұқ-

сат ету, міндеттеу, тыйым салу секілді үш тәсіл де тән болады. Ал менің  ойымша, кеден 

құқығында құқықтық реттеу тәсілдерінен рұқсат ету тәсілі әкімшілік құқық немесе жария 

құқығынан басқа құқық салаларымен салыстырғанда көбірек көрініс табады.

М.А. Сәрсембаев Қазақстан кеден құқығының қағидаларына келесі үш қағиданы жатқы-

зады: а) кеден қызметін жан-жақты реттеу; б) кеден қызметін заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге 

асыру; в) кеден ісі бойынша сұрақтарды халықаралық – құқықтық реттеу және шетелдермен 

қарым-қатынас тәжірибелерін ескере отырып шешу. М. А. Сәрсембаев кеден құқығын жеке 

саласы ретінде ала отырып, оған төмендегідей анықтама береді: “Кеден құқығы дегеніміз 

– кеден қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиын-

тығын құрайтын құқық саласы”. Кеден құқығының тарихи пайда болуына келетін болсақ, 

оның екі кезеңнен тұратынын көруге болады. Кеден саясаты, кеден ісі бірінші кезеңде заңда 

айтылған түрде бөлініп, бекітілмеген болатын, солай бола тұра сол кезеңде-ақ кеден аясы 

анықталып және кеден органдары белгілі бір дәрежеде кеден төлемдерін алу және кеден 

ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты өкілеттіктерді жү-

зеге асырған. 

1995 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Респу-

бликасындағы кеден ісі туралы” Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы 

өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды. 

Менің  ойымша,  соңғы  уақытта  заң  шығарушы  ұйымдар  кодификациялық  актілер  жасау 

бағытында жұмыс істеуде. Олар біркелкі құқықтық материалдарды біріктірмегенімен, не-

гізінен бүгінгі күннің талаптарына сай келеді. 

Кеден құқығының келесі қайнар көздеріне (бастауларына) кеден ісіне байланысты заңдар, 

Президент  жарлықтары  мен  қаулылары,  Үкімет  қаулылары,  министрліктер  мен  ведом-

стволардың шешімдері, кеден комитетінің шешімдері секілді құқықтық актілерді жатқы-

зуға болады. Кеден құқығының ерекше тоқталатын қайнар көзінің бірі ретінде кеден ісіне 

байланысты Қазақстан мүшесі болып табылатын немесе кейіннен қосылған халықаралық 

шарттар мен келісімдерді айтуға болады. Осы жерде айта кететін жайт – ол халықаралық 

шарттардың ішкі заңдардан басымдылығы. 


372

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Алибеков С.Т. Казахстанское таможенное право (Общая и Особенная части). Алматы, 2003.

2. Сарсембаев М.А. Таможенное право Республики Казахстан. Алматы, 2001.

3. Сарсембаев М.А. Таможенное законодательство Казахстана и международные тамо-

женные конвенции. Алматы, 1996.

Турарбаева М. Ж. – студент, «Қаржы» мамандығы

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қ.

m.turarbaeva@mail.ru

Успанова Н. С. – «Қаржы академиясы» АҚ

ӘГП және АТ кафедрасының аға-оқытушысы

биология ғылымының магистрі

uspanova85@bk.ru



ЭКОлОгИялЫҚ МӘСелелеР БОЙЫНША ӨЗеКТІ СҰРАҚТАР 

МеН ОлАРДЫ ШеШУДІҢ ЖОлДАРЫ

Қоршаған  ортаның  зиянды  заттар  мен  ластануынан,  өндіріс  орындарындағы  экологи-

ялық заңдылықтардың сақтамауы салдарынан, өндірістік аймақтардағы химиялық қосылы-

стардың, ауыр металдардың, мұнай өнімдерінің, радиоактивті заттардың қалдықтарының 

жоғарылығы, экожүйенің бүлінуіне, генетикалық қорлардың азаюына, азық-түлік сапасы-

ның нашарлауына, өнім түсімінің төмендеуіне, су сапасының бұзылуына, әр түрлі қауіпті 

ісік ауруларының белең алуы, сондай-ақ дүниеге кемтар ұрпақтың келуі және т.б. зардап-

тарын әкелуде. Бұндай жағдайлар қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің алдын алу, алдымен 

табиғатты қорғау, өмір сүріп отырған ортамыздың тазалығы деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта қалалардың ластануын мынандай топтарға бөлуге болады:

–  Физикалық  ластану-радиоактивті  заттар,  электромагнитті  толқындар,  жылу,  шулар, 

тербелістер

– Химиялық  ластану-көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, ауыр ме-

талдар және аэрозолдар

– Биологиялық ластану-ауру қоздырғыш бактериялар, вирустар, құрттар

– Эстетикалық ластану-табиғаттың қайталанбас әдемі көруінің бұзылуы

–  Радияциялық  ластану-альфа,  гамма,  бэта  сияқты  радиоактивті  сәулелердің  қалыпты 

жағдайдан ауытқуы [1].

Бас  қаламыздың  экожүесіндегі  бүгінгі  күні  ең  әлсіз  звено  деп  автокөліктер  жағдайын 

айтуға болатын шығар. Астана жолдарымен күнделікті 100 мыңнан аса ауыр және жеңіл 

көліктер  жүреді.  Бұлардың  барлығы  жиналып  ұлы  қалдықтардың  айтарлықтай,  атап  ай-

тқанда, жалпы көлемнің 40%-ын құрайды. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамын-

да шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. 

Шала жанған көмірсутектер машинадан шығаттың түтіннің құрамында, әсіресе көлік мо-

торы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көлік-

тен бөлінетін газдың құрамында 2,7% жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады. Машина 

жылдамдығын  баяулатқан кезде оның мөлшері 6,9%-ға дейін артады. Бұндай машинаны 

баяулатып жүру жиі болғандықтан қала ауасы көміртегінің тотығы көп бөлініп шығады. 

Бұл зат адам ағзасына енетін болса, қан гемоглобині мен байланысып, оттегінің ұлпаларға 

жеткізілуіне кедергі жасайды. Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы 

ластаушы көзге жатады. Көптеген мәліметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан таста-

ланатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері 

дизель қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені анықталған. Автомобильдер пайдалану-


373

дан туатын қоршаған ортаға тигізетін тікелей әсерлер: автомобиль қозғалысынан туатын 

жол қауіп-қатері мен күйлері түтінің тигізетін санитарлық-гигиеналық әсері.

Автокөліктің қоршаған ортаға әсері

Жағымды әсерлер

Жағымсыз әсерлер

Сауданың, саяси, мәдени байланыстардың дамуы

Атмосферадағы газ және энергетикалық тепе-

теңдіктің бұзылуы.

Ғылыми-техникалық  прогресті  ынталандыру,  жұмыс 

орындарын беру

Атмосфераның  пайдалы  қазбалардың,  тұщы 

су  қорларының сарқылуы

Өндірістік  процестерге  көліктің  енгізілуі,  тауарлар 

өндірісінде 

жаңа 

айналыстардың 



қысқаруы 

(тауарлардың жылдам жеткізілуі)

Жол көлік оқиғаларында  адамдардың өмірінің 

қиылуы


Жеке тұлғаның еркіндігі мен тәуелсіздігін сезінуі

Биологиялық    қорлардың,    соның  ішінде  

өсімдік, жануар және адамның улануы

Қолайлы жағдайда өмір сүру мүмкіндігінің жоғарлауы Қозғалысқа  қатысушылардың  күйзелісте 

болуы

Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігінің кеңеюі



Аумақтарды  бөлу  есебінен  өмір  сүретін 

кеңістіктің азаюы

Тұтынушы  үшін  әлеуметтік  тұрмыстық  қызмет 

көрсетуге қолжетімділк

Ландшафтың  биологиялық  өнімділігінің 

қысқаруы


Тауарлардың  кең  түрлеріне,  өнімдерге  дәл  дайын 

болған кезінде қол жеткізуді қанағаттандыру

Қала  құрлыстары  мен  ауылдық  ланшафтар 

үйлесімінің бұзылуы

Тез  жүруден  қуанышқа  бөлену,  қолайыз  ауа-райы 

жағдайындағы комфорт және қолайлы болу

Автокөліктерге  байланысты  салықтар  мен 

шығынның өсуі

Автокөліктен осыншалықты адам ағзасына қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін біле 

отырып мынадай шешімді ұсынамын:

– Экологиялық таза жанармайлар ойдап табылса

– Қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орнатылса

– Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынса

– Салауатты өмір салтын қалыптастыруда автокөлік орнына велосипед қолданылса

Велосипед жүргізіге арналған жолдар және оған арналған тұрақтар салынуы қарастырылса

– Экологиялық таза отын падаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса

Қаламызда  бензинмен  жүретін  көліктерді  азайтып,  Францияның  батаремен  жүретін 

көліктерін қолдануымыз керек. Бұл жаңа технологиның бір ерекшелігі ауаны ластамайды 

және халыққа ыңғайлы. Осы көлікті француздар жалға алып, қалаған жерге баруға болады. 

Тіпті халыққа көлік сатып алып шығындалудың қажеті жоқ.

Міне, осындай жаңа технологиялардың арқасында біз табиғатымызды таза ұстай аламыз.

Ауаға ластаушы заттардың шығаруын азайту үшін келесі шаралар атқарылды: 

Көлік  құралдарының  бір  бөлігі  газ  жанармайына  көшті.  250  карбюраторлы  қозғал-

тқыштары бар шағын автобустардың 165 (немесе 66%) газ жанармайымен жұмыс істейді, 

қаланың коммуналдық кәсіпорындарында 120 машина машина газға көшірілген

Қаланың  барлық  жолаушылар  кәсіпорындарында  қозғалмалы  құрам  жаңатылған  «Га-

зель» маркілі шағын автобустар мен карбюраторлары қозғалтқыштары бар ескірген үлгіде-

гі стандарттарына жауап беретін және зиянды өнімдерді шығарудың ең төмен дәрежесіне 

ие дизельді қозғалтқыштары бар автобустар сатып алынды. «EURO-2» «EURO-3» улағыш 

заттардың еуропалық дизелді қозғалқыштары бар автобустар сатып алынды.

Үлкен жүкті және техногенді көліктің қаланың орталық бөлігінен шығару бойынша ша-

ралар қабылданды, нақты рұқсат беру жүйесі белгіленеді, автокөлікті пайдаланғанда эколо-

гиялық талаптарды сақтауға мерзімді тексерулер жүргізіледі [2].


374

Ендігі кезекте қаламыздағы экологиясы нашар аумақтарды тазалау. Қаланың орталық кө-

шелерінде жарнама орналасқан. Жарнамаларда адам ағзасына зиян сусындар не болмаса 

чипсы  т.б.  заттарды  жарнамалағанша,  неге  біз  көгалдандыру,  ағаш  отырғызу  сияқты,  те-

мекіге жол жоқ сияқты халыққа қажет заттарды көптеп жарнамалаймыз? Тағыда мәселе, 

елордамыздың оң жағалауында орналасқан халық көп баратын орталықтар, яғни базарлар-

дың жан-жағын  тазалауымыз керек. Аялдамаларда ілінген қағаздар қаламызға жараспайды. 

Оған тыйым салуымыз керек.

Астана қаласында жасыл өсімдіктердің тигізетін әсері.

Жасыл  өсімдіктердің  қасиеттері  мен  қорғаныштық  атқаратын  қызметтерін  орнату.  Ең 

басты жасыл өсімдіктерді отырғызу мынандай жолдар арқылы жүзеге асырылад, санитар-

ло-гигиеналық  ,  құрылымдық-жоспарлау,  декоративтік-көркем  жолдары  бар.  Қала  ауасы-

ның тазалығы үшін жасыл өсімдіктің атқаратын рөлі зор. Қаладағы жалпы орташа бойлы 

ағаштар 24 тәулікте 3 адамның жұтатын оттегін шығарып, көмірқышқыл газын сіңіреді.

Жаймашуақ күнде 1 гектар орманның жасыл өсімдіктері ауадан 220-280 кг көмірқышқыл 

газын сіңіріп, ауаға 180-200 кг оттегін бөліп шығарады.

Қала орталықтарында үлкен саябақтар, парктерде таза ауаны белсенді таратушлар бола 

алады. Қала ішінде парктер мен саябақтар аумағы 600-1000 гектар жерді қамтыса, ауа мас-

сасының сапасы біршама жақсарар еді.Бұл ретте ауа құрамындағы өлшем қоспарлардың 

саны 10-40%-төмендейді, ал ультракүлгін радиациясы 15-25% көтеріледі [3].

Қортындылай келсек, табиғат қоршаған орта емес, табиғат  біздің өзіміз. Өзінді өзін ал-

дау, өз болмысың алдында арам болу даму преспективасын жоғалтуымен тең екендігі сара-

лау парыз. Адалдық ғылыми категориядан гөрі адами тіршіліктің қазығы екендігін ұққан 

абзал. Адамзат-болашаққа бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қа-

уіпсіздігі – біздердің қолымызда!

Пайдалынған әдебиеттер:

1.Фитонцидтің табиғаттағы рөлі,1957 жыл.

2.Өнеркәсіп экологиясы: Г.Ә. Рыскиева, Алматы 2011 жыл.

3.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 4 том, Алматы 2003 жыл.



Турманбет А. Қ. – студент, мамандығы «Есеп және аудит»

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қ.

arailym.turmanbet@mail.ru 

Ғылыми жетекші – магистр, аға оқытушы Какимжанова Н.Т.



ӘРеКеТКе ҚАБІлеТСІЗ ӘРеКеТ ҚАБІлеТТІлІгІ ШеКТелгеН ТҰлҒАлАРДЫҢ 

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ МеН МІНДеТТеРІН ЖҮЗеге АСЫРУ ТӘРТІБІ

Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде құқық және әрекет қабілеттілігіне ие 

болуы қажет. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз – азаматтың өз әрекеттерімен аза-

маттық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жа-

сап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін 

оның өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік етуі немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру 

қажет. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес, әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 

18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Азаматтық кодекстің 17-бабының 

2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18-жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін 

жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет 

қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге 

тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік 

тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан 

аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.



375

Азамат әрекет қабілеттілігіне ие бола отырып, өз атынан әр түрлі заңды әрекет жасауға 

құқық иеленеді: мәміле жасасуға, сенімхат беруге және т.б., сонымен қатар мүліктік зиян 

келтіргені үшін(басқа тұлғаның мүлкін жою, денсалығына зиян келтіру, т.с.с)және келісімде 

көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда жауап береді.

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлі-

неді. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қай-

сыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. 

Әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп 

саналады.  Осы  жасқа  толған  соң  адам  азаматтық  құқық  айналымына  толық  құқылы  қа-

тысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық 

емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінің әрекеті арқылы кез кел-

ген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілгендердің 

бірқатарына ғана ие.

Жасы  кәмелетке  толмағандар  келтірілген  зиянды  өтеуге  оның  жеткілікті  мүлкі  немесе 

қамқоршысы өтеуге тиісті бөлігін, оның ата-анасы немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың 

бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиынды өтеуге оның 

жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады. 

Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әре-

кет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы 

кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дей-

інгі жас балалар. 

14 пен 18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көр-

сетілген шекте әртүрлі мәлімелер жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке тол-

мағандар басқалай мәлімелерді, яғни мәлімелерді ата-анасының, асырып алушыларының 

немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.

Әрекет қабілеттілікті шектеудің екі түрі бар:

1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу;

2. Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу.

Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты.

Азаматтық  Кодекстің  26-  бабына  сәйкес  азаматты  әрекет  қабілеттілігі  жоқ  деп  мына 

жағдайларда танылады:

1.  Жүйке  ауруы  немесе  ақыл-есiнiң  кемдiгi  салдарынан  өз  әрекеттерiнiң  мәнiн  түсiне 

алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы 

мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. 

2. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншы-

сы жасайды.

3. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдай-

да сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

Азаматты әрекет қабілеті жоқ деп тану ісі ең алдымен туыстарының, қамқоршысының, 

прокурордың, психиатрлық ауруханалардың және өзге де тұлғалардың арызымен басталады. 

Сонан соң, осы арыз негізінде сот болып, оған міндетті түрде прокурор мен азаматтың қамқор-

шысы қатысуы қажет және азаматтың денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, ол да шақыртыла-

ды. Азаматтың ақыл- есінің дұрыс не дұрыс еместігін анықтау үшін арнайы тексеру жүргізеді. 

Егер азамат бұл тексеруден бас тартқан жағдайда, сот оны мәжбүрлеп өткізеді. 

Сот азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса, оған қамқоршы адамды тағайындай-

ды және тағайындалған қамқоршы азаматтың атынан барлық келісімдерді жүзеге асырады. 

Егер сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат сотқа дейін келісімдер жасаған 

болса, соынмен қоса, келісім жасалған сәтте азамат өз іс- әрекетіне жауап бере алмаса, онда 

ол келісімдер жарамсыз деп танылады. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен не-

месе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, 


376

бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

Азаматтық Кодекстің 27- бабына сәйкес:

1.  Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын мате-

риалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан 

Республикасының  Азаматтық  iс  жүргiзу  кодексiнде  белгiленген  тәртiп  бойынша  шектеуi 

мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жа-

сауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де 

кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге 

асыра алады. 

2.  Азамат  спирт  iшiмдiктерiне  немесе  есiрткi  заттарға  және  нашақорлыққа  салынуды 

тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот 

шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.

Қылмыс жасаған азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеудің басты тәсілі – жаза қол-

дану. Жаза – ҚР Қылмыстық Кодексінің 47- бабына сәйкес, азаматтың бостандығынан және 

құқығынан айырумен немесе шектеумен сипатталады. Жаза түрлері:

1. айыппұл;

2. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе қызмет түрімен айналысуға шектеу қою;

3. түзеу жұмыстары;

4. бостандығынан айыру;

5. мүлкін тәркілеу. 

Қамкоршылық пен қорғаншылық туралы нормалардың ішінде назар аударарлығы Аза-

маттық Кодекстің 159-бабы. Бұл бапта әрекетке қабілетсіз азаматтың мүлкіне билік етуді 

міндетіне  алған  қамқоршыға  қорғаншылық  және  қамқоршылық  органы  бақылау  жасала-

тындығы туралы айталған. Қамқоршы соттың алдын- ала ескертуінсіз қорғаншының мүл-

кін жалға беруге, кепілге қоюға, оны бөлуге және мұрадан бас тарту, мүлікті қабыл алмау 

секілді  келісімдер  жасай  алады.  Тек  қорғаншының  кірісін  шығындау  соттың  шешімімен 

жүзеге асырылады. Бұл шығындарға қорғаншыны асырауға қажетті шығындар жатқызыл-

майды.  Қамқоршының  қорғаншы  атынан  жасаған  келісімдері  жазбаша  түрде  орындалуы 

тиіс.  Бұл  бапта  қамқоршының  іс-  әрекетіне  жасалатын  бақылаудан  бөлек,  олардың  шек-

теу  қойылатын  әрекеттері  туралы  айтлған.  Сонымен,  қамқоршылар  мен  қорғаншыларға, 

сонымен қатар, әрекетке қаблетсіз азаматтың жұбайы мен туыстарына әрекетке қабілетсіз 

адаммен өтеусіз келісімдерден(әрекетке қабілетсіз азаматтың пайдасына шешілетін келісім-

дер) басқа келісімдер жасасуға тыйым салынады. 

Ата- аналар (асырап алушылар) мен қамқоршылар 14-18 жас аралығындағы кәмелетке 

толмағандардың келтірген зияндары үшін 2 жағдайда жауап береді:

а) меншікті кінәлі әрекет;

б) кәмелетке толмағандардың зиянды өтеуге кірісі мен басқа да мүлкі болмағанда.

14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi және кәсіпкерлік қызмет-

ті олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда 

кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс. 

14 жастан 18жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, 

өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз 

бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы. 

Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда сот кәмелетке толмаған адамның өз табысына, сти-

пендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объек-

тiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн. 

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар осы баптың ережелерiне 

сәйкес,  өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекет-

терiнен келтiрiлген зиян үшiн Азаматтық Кодекстiң ережелерi бойынша жауап бередi(АК 

22-бабы).  


377

Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс 

iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналыса-

тын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн. 

Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) 

оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша 

не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi. 

Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық 

актiлерiне сәйкес ие болу үшiн жас шектеуi белгiленген құқықтар мен мiндеттердi қоспаған-

да, азаматтық құқықтарға ие болады және мiндеттердi (оның iшiнде өзiнiң зиян келтiруi 

салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Заңды өкілдер эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның мiндеттемелерi бойын-

ша жауапты болмайды(АК 22-1 бабы).

Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн мәмiлелердi, егер заң 

құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды. 

Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) өздерiнiң жасына лайықты, жа-

сай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы(АК- 23 бабы).

Қорыта келгенде, әрекет қабілеттілігі кез келген азаматқа берілмейді. Оған ие болу үшін 

азаматтың ақыл- есі дұрыс және кәмелет жасында болуы қажет. Мақалада әрекет қабілет-

тілігі қай уақытта шектелетінін және жоқ деп танылатындығы жөнінде айтылған. Азаматтың 

әрекет қабілеттілігін шектеу немесе жоқ деп тану соттың шешімімен және арнайы тексеру 

арқылы жүзеге асырылады, сонымен қоса оған қамқоршы тағайындалады. Кәмелет жасы-

на толмағандардың атынан келісімді және келтірілген зиян үшін жауапты өз мойнына ата 

анасы немесе асыраушысы алады. Қылмыс жасаған азаматтың әрекет қабілеттілігі жазамен 

шектеледі. Әрекет қабілеттілігі қайта берілуі де мүмкін. Егер есі дұрыс емес деп танылған 

азамат ақыл- есі дұрыстығын дәлелдесе, кәмелет жасына толмаған жасөспірім 16 жасында 

некеге тұрса, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметпен айналысса, қылмыскер жазасын өтеп 

болғанда әрекет қабілеттілігіне ие болады. 



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Азаматтық Кодексі, 1994 

2. https://kk.wikipedia.org.

3. Азаматтық құқық. М.К. Сүлейменов., Ю.Г.Басин – Алматы, 2003

4. ҚР Неке және отбасы туралы заңы 17.12.1998ж. Алматы 2004ж

5. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Алматы, 2004




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет