Клиникалық жағдай №18
63 жастағы ер кiсi, кардиологиялық бөлiмде миокард инфарктiнен емделуде, науқастың жүрек тұсындағы ауырсынуы жойылды, бiр апта iшiнде жүрек шамасыздығының белгiлерi басылды. ЭКГ: ырғағы синусты, жүректiң электр өсi горизонталь, III, aVF тiркемелерiнде терең, кеңiген Q, терiс Т тiсшесi.
Анамнезiнен 20 жыл бойы тромбофлебитпен ауыратыны анықталды. Клиникадағы 17 күнi, таңертеңгiлiк жуыну кезiнде, науқаста кенет қатаң ентiгу, кеуде сарайының ауырсынуы, айқын цианоз, жабысқақ суық тер пайда болды.
Об-тi: жалпы жағдайы ауыр, аузымен ауа қармайды, тұншыға бастады. Мойын веналары томпайған, өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиiлiгi 40 мин. Жүрек тондары әлсiзденген, ЖЖС 140 минутына, өкпе артериясының үстiнде II тонның акцентi. АҚ анықталмады, пульсi өте әлсiз.
ЭКГ: II, III тiркемелерде биiк Р тiсшесi пайда болды; I, aVL, V5, V6 тiркемелерiнде терең S; V1-V3 тiркемелерiнде терiс Т тiсшесi тiркелдi.
Негiзгi синдромдарын жазыңыз; ЭКГ шешiңiз.
Болжам диагнозы.
Шұғыл жәрдем, тактикаңыз.
№18. Жауаптары:
1. Ең жетекші симптомы – тұншығу ұстамасы. Жетекші синдромдары: өкпе артериясының тромбтық бітелуі; веналардың варрикозды зақымдану; ТШ; оң қарыншаға жіті күш түсу; миокардтың ишемиялық некрозы, тыртықтану кезеңі. ЭКГ: ұстамаға дейінгісінде – миокард некрозының белгілері; ұстама басталғанда – оң қарыншаға күш түсу белгілері анық.
2. Нег. ауруы: Өкпе артериясының тромбоэмболиясы. (I26.0)
Фондық ауруы: Варрикозды ауру. Аяқ веналарының варрикозды кеңеюi, тромбофлебитi. (I83.1)
Асқ.: ТШIII. Өкпе тектi жедел жүрек.
Конк. ауруы: ЖИА. Миокардтың iрi ошақты инфарктi, артқы-диафрагмалық қабырғасында орналасқан, жеделдеу кезеңi.
3. Өкпе артериясының тромбоэмболиясындағы шұғыл көмек: өкпе перфузиясын қалыптастыру және тромбоэмболияның қайталануының алдын алу үшін антикоагулянтты ем тікелей антикоагулянттармен (гепарин немесе төменмолекулалық гепариндермен) жүргізіледі (дозасын АЧТВ 1,5-2,5 есе артқанша көтереді); орталық венаның катетеризациясы арқылы инфузиялық енгізулер; мұрын катетері арқылы оттегі ингаляциясы; хирургиялық араласу сұрақтарын хирург кеңесі арқылы шешу және осыған байланысты жолдайтын аурухананы таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |