Ентігу, тұншығу симптомдары негіз болатын синдромдар → және олар арқылы күдік туатын нозологиялық бірліктер:
жоғарғы тыныс жолдары кілегей қабатының тітіркену синдромы → ларинготрахеит және ларингоспазм; бөгде дене; истериялық астма; көкжөтел; неотүзілімдер т.б. жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.
бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы немесе бронх кілегей қабатының тітіркенуі → бронхиолит; бронхтық астма; ентігу – жүректің созылмалы шамасыздығы; тұншығу – сол қарыншалық жедел шамасыздық, жүректік астма сатысы; уремиялық ентігу; ТШ асқынған нознобірліктердің барлығы: жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.
өкпе тінінің тығыздалу синдромы → ауруханадан тыс пневмония, өкпе абсцесі; жүрек шамасыздығындағы іркілістік жағдайлар мен екіншілік пневмониялар; өкпе туберкулезінің ауыр жағдайлары (өкпенің миллиарлы және/немесе диссеминацияланған туберкулездері); өкпе ісіктері; саркоидоз; т.б.
плевраның құрғақ зақымдану синдромы → плевриттер, пневмоторакс; жарақаттар; т.б. жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.
Тәжірибелік бөлімі. Аймақтық және ЖДП дәрігерлерімен науқастар қабылдау, науқастарды үйінде қарау, сәйкес бұйрықтармен және нормативтік құжаттармен жұмыс істеу: Жетекші синдромнан күдікті болған нозобірліктердің диагноздық-емдеу хаттамаларын зерттеп, жаттау (Денсаулықты дамыту Республикалық орталығының – РЦ РЗ – медэлемент порталы). Оларды күнделікке түсіру.
Бронхолитиктердің жіктемесі. Бронхтық астманың және ӨСОА-ХОБЛ базистік емінде қолданылатын дәрмектер.