Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет113/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124

Қолданылған әдебиеттер 

1 Дадли Пит. «Lesson Study: нұсқаулық». 2011. 

2 Сулейменова С.К. «Cабақты зерттеу».Архив конкурсовlecture/view/10467 

3 Чичибу Т. Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық: ағылш. /Т. Чичибу (Жапония), Л. Ду 

Тоит (Оңтүстік Африка), А. Тулепбаева (Қазақстан Республикасы). - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы. -Астана, 2013. 

4 Педагогикалық шеберлік орталығының ресми сайты [Электрондық ресурс] / Қолжетімді: http://www.

cpm.kz 


5 http://kremnev.info 

6 http://uchitelya.kz 



Аңдатпа. Мақалада Сабақты зерттеуді жүргізу әдісі бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген. Жалпы 

білім беретін мектептердің мұғалімдері Сабақты зерттеу үдерісі бойынша жоспарлауда, үдерісті өткізу бары-

сында қиындықтарға кездеседі, сондықтан бұл тақырып бүгінгі күнге өзекті болып табылады. Мақала автор-

лары осы үдеріс бойынша шетелдік ғалымдардың еңбектеріне және өз тәжірибелеріне негізделген матери-

алдар ұсынады. 

Аннотация.  В  статье  даются  методические  рекомендации  по  методу  проведения  Исследования 

урока. Данная тема актуальна тем, что учителя общеобразовательных школ испытывают затруднения при 

планировании  и  проведении  Исследования  урока.  Авторы  статьи  представляют  материал,  опираясь  на 

изучение данного вопроса зарубежными учеными, а также на личный опыт обучения педагогов. 



Abstract.  This  article  provides  the  guidelines  on  methods  for  conducting  of  Lesson  Studies. This  topic  is 

relevant that the teachers of secondary schools have troubles in planning and conducting Lesson Studies. The 

authors present the material based on the study of the issue by foreign scientists, as well as personal experience 

of the training teachers.  



КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

А.Қ. Рахым 

Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі, Көкшетау қаласы, arai86@mail.ru 



Пікір беруші – Т.М. Жоламанова, п.ғ.м., ф.ғ.м, Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі, Көкшетау қаласы 

Қазіргі таңда білім жүйесінде реформалаудың басты мақсаты – білімді игеруде күтілетін нәтижелерге қол 

жеткізу. Мұнда басты назар мұғалімнен жеке тұлғаға ауысады. Бұл мезетте тұлға өзінің өмірлік проблемаларын 


295

тиімді және рухани тұрғыдан шеше білуге және өмірде қолдана білуге үйренеді. Жеке тұлға бұрын білімді 

қабылдаушы,  жинақтаушы  рольдерін  атқарса,  жаңа  талап  бойынша  өздігінен  білім  алушы,  үйрене  білуші 

ретінде  танылады.  Сондықтан  жеке  тұлғаны  осы  рольдерді  атқаруға  лайықтау  үшін  оның  жаңа  бейнесін 

заман талабына сай дайындауымыз қажет. 

Соңғы  уақытта  қай  елде  де  болсын  білім  беруді  дамытудың  тиімді  жолдары  қарастырылуда.  Өйткені 

заманның өзі соны талап етіп отыр. 

Оқытушының негізгі принциптерінің бірі – оқыту әдісін жаңа арнаға бағыттау, тиімді технологияларды 

қолдану.  Осыған  байланысты  жаңашыл  педагогтар  монологтық  әдістерден  гөрі  диалогтық  оқытудың 

тиімділігін алға тартады. 

Педагогикада оқытудың түрлі моделдері қарастырылады: 

1)  Пассивті – оқушы тыңдайды және қадағалайды. 

2)  Активті – оқушы өзіндік жұмыс атқарады, шығармашылықпен айналысады. 

3)  Интерактивті – өзара әрекеттестік. 

Осылардың  ішінде  көптеген  оқытушылар  екінші  моделді  ұстанады.  Яғни  сабақ  барысында  оқушының 

белсенділігін арттыруға, шығармашыл тұлға қалыптастыруға басты назар аударады. Әрине, бұл дұрыс ұстаным. 

Бірақ мұндай жағдайда оқушының жеке дамуы ғана есепке алынатынын ұмытпаған жөн. Ал, интерактивті 

модель  оқушының тұлғалық  өсуін  ғана  емес,  кері  байланыс  жасауға,  яғни  қоғамда  қалыптасуына  да  әсер 

етеді. Баланың ой бөлісуі, ортақ шешім шығара алуы, топ мүшелерімен қарым-қатынасы, ақпаратты қабылдау, 

жинақтау, дәлелдеу секілді қасиеттері дамытылады. 

Диалог  дегеніміз  –  екі  жақты  қатысушылардың  ақпарат  алмасу  процестерін  қамтитын  сөйлеу  түрі. 

Оқушының  логикасын  дамытып,  талдай  білуге,  сыни  ойлануға,  анализ  жасауға  дағдыландыру  диалогтық 

оқыту арқылы жүзеге асырылады. 

Диалогтық оқыту жайында зерттеген Р. Александер былай дейді: «Оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас 

жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның 

негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс» [1]. Шынымен де, сабақты талдау бір 

адамның ғана пікірі арқылы жүргізілсе, онда бастапқы деңгейден жоғарылай алмаймыз. Ал егер ойдан ой 

туып, үлкен талқылауға ұласса, қорытындыда табысты нәтижеге жетуге болады. Р. Александер білімді игерудің 

бес үлгісін анықтай отырып, зерттеушілік әңгіме, дәйектеу және диалогтың студенттердің жоғары деңгейде 

ойлауын жетілдіріп, зияткерлік қырларын ашуға мүмкіндік беретінін көрсеткен. 

Оқу  үдерісіндегі  диалогтың  маңыздылығын  зерттеген  Мерсер  мен  Литлтон  (2007)  сабақ  барысында 

оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім деңгейін көтеретінін айтқан [1]. Әрине, өзара 

қарым-қатынас арқылы талқылау нәтижесіндегі бірлескен жұмыс оқушылардың танымына да әсер етеді. Оқу 

процесіндегі оқушылардың бірлескен әрекеті үлкен нәтижелерге жетелейді: 

тақырып бойынша өз ойын ашық айта алады



бірнеше адамның белгілі бір мәселеге қатысты әртүрлі пікірі болатынын түсіне алады; 

өз пікірлерін дәлелдеуге тырысады; 



бір-біріне сұрақ қоя отырып, пікір алмаса алады. 

Мерсердің  зерттеуі  бойынша  әңгіменің  үш түрі –  әңгіме-дебат,  кумулятивтік  және  зерттеушілік  әңгіме 

қолданылады.  Кәсіби  білім  беруде  зерттеушілік  әңгімеге  басымдылық  берген  дұрыс.  Өйткені  ұжымдық 

жұмыс арқылы табысқа жету үшін әңгіменің зерттеушілік түрі жүзеге асырылады. 

Диалогтық оқытуда Л. Харгривс пен М. Гэлтонның тұжырымдамалары есепке алынады. Олар мұғалім сұрақ 

қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге студентке қоймас бұрын бірнеше секундттай кідіріс 

жасау қажеттілігін баса көрсеткен. Л. Харгривс пен М. Гэлтонның алты параметрі – оқушылар жауабының 

ұзақтығы,  ерікті  жауаптардың  саны,  сұрақтардың  жиілігі,  қабілеттері төмендеу  студенттердің  жауап  саны, 

«оқушы-оқушы»  әдісі  бойынша  өзара  іс-қимыл  және  пікірталас  тудыратын  жауаптардың  жиілігі  терең 

мазмұнды жауап алуға жетелейді [1]. Жоғарыда аталған ғалымдардың тұжырымдары мен зерттеулері кәсіби 

білім беруде диалогтық оқытудың маңыздылығын байқатады. 

Алайда сабақты толығымен диалог негізінде жоспарлау қиын. Себебі, сыныптағы балалардың деңгейі әр 

түрлі: барлығы бірдей қарым-қатынасқа тез түсе қоймайды. Сондықтан кәсіби білім беруде осыған назар 

аударған жөн. В.С. Библердің «В основе диалогического обучения – отношения взаимного уважения, доверия, 

естественности и открытости и его основное средство взаимосвязи – диалогическое взаимопонимание как 

способ и взаимораскрытия, и взаимоутверждения, и взаиморазвития» деген тұжырымы да соған дәлел болып 

отыр [2]. 

Диалогтық оқытуда барысында оқытушылар келесі әрекеттерді орындауы тиіс: 

1)  Диалогты әрбір сабақтарында қолдануы тиіс; 

2)  Диалог негізінде өзекті мәселе жататынын естен шығармауы керек; 

3)  Оқушының жауабы – оның өзіндік құнды пікірі, сол себепті оны құрметтеу керек; 

4)  Топтық жұмысты жан-жақты ойластыруы қажет. 


296

Осыған сәйкес, оқушылар да төмендегі әрекеттерді орындауы керек: 

1)  Бірін-бірі тыңдайды; 

2)  Сұрақты дұрыс қоя біледі

3)  Өз ойларымен бөліседі; 

4)  Проблемалық сұрақтарды бірлесе отырып шешеді; 

5)  Өзіне деген сенімділігі пайда болады; 

6)  Құр оқудан – зерттей отырып, есте сақтауға үйренеді; 

7)  Үлгерімі төмен оқушыларды жұмысқа тартады [3]. 

Міне, диалогтық оқытудың осындай ерекшеліктерін болашақ мамандарға меңгерту арқылы білім беруді 

сапалы жүйеге бағыттауға болады. Соңғы кездері кең қолданыс тауып отырған сындарлы оқытудың да басты 

мақсаты осы болып табылады. 

Қорытындылай келе айтарым, біз маман даярлап отырмыз. Сол мамандардың болашақта өз ісіне берік, 

білікті болуы үшін жан-жақты ізденгеніміз абзал. Қандай да бір оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері 

бар екені де белгілі. Осыған орай, диалогтық оқыту арқылы білім беруде біз тек маман ғана емес, жеке пікірі 

қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, тұнық ойлы, құзыретті тұлға даярлайтынымыз анық. 



Қолданылған әдебиеттер 

1 Студенттерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. 2015. 

2 Библер В.С. Михаил Михайлович Бахтин, или Поэтика и культура. - М.: Прогресс, 1991. - 176 с. 

3 Имжарова З.У. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. ОӘҚ. 2012. –Б. 3-4. 



Аңдатпа.  Мақалада  кәсіби  білім  берудегі  диалогтық  оқытудың  маңыздылығы,  оқыту  процесіндегі 

ерекшеліктері мен өзіндік қырлары қаралады. 



Аннотация. В статье рассматривается важность диалогового обучения в профессиональном образовании, 

а также его особенности в учебном процессе. 



Abstract. Тhe article deal with the importance of teaching dialogues in professional education and its specific 

peculiarities are considered. 



ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҰЛЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ 

А.Қ. Сапарова 

Атырау қаласы №31 мектеп-гимназиясы, Abida.Saparova@mail.ru 



Пікір беруші: Ғ.Х. Кереев, №31 мектеп-гимназиясы директоры 

Қазақ  халқы  о  бастан  бала  тәрбиесін  бәрінен  жоғары  қойған.  Өскелең  ұрпақтың  бойына  ұлттық 

құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім бере білген. «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды» деген халқымыз 

бар  ықыласын  балаға  бөліп,  болашағын  бағамдаған.  Әлемге  әйгілі  ғұламалар  мен  ақындардың  ата-ана 

махаббаты,  перзент  парызы  жайында  тебірене  айтпағаны,  жазбағаны  аз  деуге  болады.  Қазақтың  ұядағы 

ұлының  келешегіне  деген  қамқорлығы,  «баласын  қартайғанша,  немересін  өлгенше»  бағатын  балажанды, 

бауырмал халқымыздың ұлына ұяда үйрететіні мол болған. Тәрбиені қашанда құнды байлыққа бағалаған, 

олар бала тәрбиесіне ешқашан мұқиятсыз қарамаған. Ал оған ұлттық сипат беру – ұлт болашағын ойлаудан 

туған даналық. Сондықтан да «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» – деген сөздің үлкен мән-маңызы бар. 

Халқымызда: 

Атадан жақсы ұл туса, 

Елінің қамын жейді: 

Атадан жаман ұл туса, 

Елінің малын жейді, - деген жақсы сөз бар. Сондықтан жанұяда әрқашан: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, 

көргенсіз болма» дегендерді бала құлағына құйып өсірген. Әулетінің жалғасы болар ұрпағына «Алла тағала 

бала бер, бала берсең сана бер» деп тілеген. Саналы ұрпақтан сәулелі үміт күткен, әйтсе де көреген халқымыз 

«Баланы - жастан» дегенді де естен шығармаған. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, 

баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: 

«Балаңыз неше жаста?» «Өмірге келгеніне екі апта болды» депті оған сауал қоюшы. Сонда Б. Шоу: «Сіз дәл 

екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Халқымыз бала дүниеге келгенде, оны бесікке салғанда, шешіп алғанда, 

ұйықтатқанда, шомылдырғанда өзіндік ырымдар жасап, оны әндетіп айтатын болған. Мысалы, шомылдырып 

болған баланы қолға алып: 

«Суы сарқырап, 


297

Өзі қалсын. 

Кірі кетіп, 

Иманы  қалсын!»  -  деп  баланың  бойына  имандылық  қасиеттерін  сіңіруге  тырысқан.  Бұдан  баланы 

шомылдырып, кірін кетірейік, бірақ иманы өзімен қалсын деген зор көрегенділікті көреміз. Имандылыққа аса 

зор мән берген ата-бабамыз. «Әкені тыңдамаған дөрекі ұлдан без, суы ащы көлден без, безбүйрек, қаражүрек, 

имансыз, ақымақ туыстан без, көк долы әйелден без» деп насихат айтқан. Қатты да нақты айтылған бұл 

өсиеттің астарында үлкен мән жатыр. Өзінің туған әкесін тыңдамаған, сыйламаған, дөрекілік көрсеткен ұл, 

өзгені сыйлап қарық қылмас дей отырып, ондай адамнан бойын аулақ ұстауға үгіттеген. 

Көне дәуірлердегі қазақ отбасынан бастау алған әкеге, атаға, тіпті ауыл ақсақалына деген құрмет бүгінге 

дейін өз ізін жоймай келеді. Әке алдында отбасының ешбір мүшесі дауыс көтеріп сөйлемеген, әдепсіз қимыл, 

әрекет көрсетпеген. Бұл орайдағы халық талабы «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен 

без» деген ата-бабаларымыздың даналық ойларынан бастау алған. Қазақ отбасындағы құрметті, сыйлы орын 

да әкеге тиесілі болған. Дастарқанға қойылған үлкен асты да бірінші әке бастап алған. Ал қазақ әйелі қашанда 

жасына қарамастан, ер адамның жолын кесіп өтпеген. Әке – отбасының тірегі, басты қорғаны, асыраушысы. 

Демек, әкенің өз ұрпағы алдындағы беделінің жоғары болуымен қатар, атқаратын міндеттері де салмақты. 

Мінезіне сабырлылық пен ұстамдылық, қажыр-қайраттылық, қатаңдық тән, отбасындағы тұрмыс-тіршілікті 

ұйымдастырып, басқарудағы атқаратын жауапкершілігі зор игілікті істерімен әке тұлғасы, әсіресе, ұл бала 

үшін үлкен үлгі-өнеге мектебі. 

«Әкеге  қарап  ұл  өсер»  деген  халықтық  қағида  осындай  дәстүрлі  педагогика  талабынан  туған  секілді. 

Халқымыз ертеден – ақ ұрпағын, болашағын жамандықтан, өтірік сөйлеуден сақтандыруға тырысқан. Әрине, 

«жаннат», «тозақ» - діни ұғымдар, бірақ құдайға, аллаға сенген ата-бабамыз бұл дүниеде жамандық істеп, о 

дүниеге барғанда «тозақ» отына күюден қорыққан. Сол себептен де болар, қазіргі болып жатқан бұзақылықтар 

мен қылмыстарға бармаған, дәл осындай сорақылыққа жетпеген. Бірін-бірі өлімші ғып сабап-қорлау, ата-

ананы  «қарттар»  үйіне  тапсыру  немесе  оларға  бейнетті  ғұмыр  кештіру,  нашақорлық  пен  маскүнемдік 

салдарынан неше түрлі қылмысқа бару, жезөкшеліктің арқасында балалар үйін тастанды балаларға толтыру, 

бауыр еті баласын кез келген жерге лақтыра салу – сорақылықтың асқар шыңы емес пе? Бүгінде қайсыбір 

балалар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік парызын өтегендік деп біледі. Мұны әке-

шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын қариялар үйіне тапсыруға дәті 

барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмағандығы айқын. Ата-анаға 

қажетті баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? 

Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, 

мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік 

етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді оның қызығын, қызмет-құрметін көре 

алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан 

артық қайғы бар ма?! Абай атамыздың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» - дейтіні содан шығар. 

Баланың қалай өсетіні, ары бар, адал дос, жер бетіндегі жақсылық атаулы үшін күрескер болып шығатыны 

немесе өзімшіл, ұсақ, тіпті зұлым болып шығатыны көбіне-көп отбасындағы тәрбиеге байланысты болмақ. 

Бүгінде тәрбиеге салғырт қарап, бабалар айтқан қағидаларды қалт жібергендігіміз қадір-қасиетімізді, 

ұлттық этикамызды, рухани байлығымызды жоғалтуға себепші болып отыр деуге болады. Оны: 

-  бауыр етін кесіп беретін бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз қожырап, тасбауырлыққа; 

-  ақиық ақындығымыз бен шешендігіміз тілден безген дүмшелікке, шала тілділікке; 

-  аталы да асыл тұқымды тектілігіміз тексіздікке; 

-  кең жайлауда ата-бабамыз құмартып ішетін қымызымыз сұрап, тіпті құлап ішетін маскүнемдікке; 

-  ашық қолды аңқылдаған жомарттығымыз жоқшылыққа, қара бастың қамын күйттеген тоғышарлыққа; 

-  жасы үлкендерге көрсетілетін ізеттілік пен құрмет, дөрекілік пен көргенсіздікке; 

-  қайырымдылығымыз бен қамқорлығымыз қатігездік пен қаражүректілікке; 

-  намыстылығымыз жалғандық пен жәдігөйлікке; 

-  мырзалығымыз бен мәрттігіміз бақталастық жарыстырған даңғойлыққа; 

-  саналы, салауатты өмір салтымыз нашақорлық пен жезөкшелікке; 

-  ұлт жандылығымыз опасыз алаяқтылыққа орын бергенінен көреміз. 

Бұрыннан да қазір де отбасы тіршілігінің бір ғанибеті – ата-ананың сөзін сыйлап құлақ асу, пікірлес 

болу.  Сол  арқылы-ақ  бала  ата-анасының  мейірін  өсіріп,  өз  ортасында  төрден  орын  алуына  көмектеседі. 

Керісінше, жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді. Отбасындағы 

психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке оның барлық мүшелерінің 

ырысы,  ойға  алған  істерінің  өрге  басып,  мақсаттарының  жүзеге  асуының  кепілі.  Балалары  ата-анасын, 

үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен, әдепті болулары керек, өз жұмыстарын адал да 

тыңғылықты атқарып, отбасына кіріс кіргізіп, әке-шешенің қарттығын қажетті тыныштықпен және дәулетпен 

қамтамасыз етулері қажет. 


298

«Жүрегіңмен сезбесең, 

Әлемнің сырын ұқпайсың. 

Көзіммен көрем дегенмен

Барлығын  байқап  шықпайсың», –  деп  Рудаки  айтқандай  әрбір  бала  мен  ата-ана  бір-бірінің  жүрегіне 

сыйластықпен, түсініспеншілікпен жол тауып, сезімін түсіне білсе, алынбайтын қамал, берілмейтін бекініс 

жоқ сияқты. Ол үшін ұлы Абайдың сөзімен айтқандай: «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті. Ыстық қайрат, нұрлы 

ақыл, жылы жүрек». 



Пайдаланылған әдебиеттер 

1 Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. № 1, 2008 ж. 

2 Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. –Алматы. Қайнар. 

3 Бахтиярова Г. Халық тағылымы – тәрбие қайнары. 

4 Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал. 

5 Құлжанова Н. Халқыма деп іс қылдым. –Алматы. Рауан. 

6 Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. –Алматы. 2005 ж. 

Аңдатпа.  Мақалада  мұғалім  ұлға  ұясында  берілетін  тәрбиеге,  баланы  өз  тәрбиеңмен  ғана  емес,  өз 

ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиелеу керектігіне тоқталып, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы екендігіне, көргенді 

ұрпақтан көреген халықтың тарайтындығына назар аударған. 

Аннотация.  В  статье  «Если  хочешь  сохранить  нацию  –  воспитай  сына»  учительница  школы-гимназии 

Сапарова Абида Кусманкызы остановилась на передовой практике как богатое наследие старшего поколения 

к  подрастающему,  а  именно  –  на  воспитание  сыновей  в  семье.  Связывая  богатое  наследие  народной 

педагогики, ее принципы с повседневной жизнью, ею сделаны свои поучительные выводы. 



Abstract. Teacher Saparova Abida Kusmankizi write article about nation keeps talk to your son. In this article 

flows link on inheritance does hand front-rank in the experience is shopped. It idea did that, examining establish-

ing a connection, what is rules people precious heritage, daily by lise work out the total. 

САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ 

К.Ш. Саргелтаева 

№ 36 орта мектеп, Астана қ. Sargeltaevakulyash@mail.ru 



Пікір беруші – Қ.Қ. Ахметова, п.ғ.к., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана 

қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Мұғалімнің кәсіби дамуын 

педагогика-психологиялық тұрғыдан қолдау кафедрасының меңгерушісі 

Бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен идеологияның негізінде тәрбиелеу



 – бүгінгі күннің өзекті 

мәселелерінің біріне айналып отыр. 

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

«Қазақстан  –  2030»  стратегиялық  бағдарламасында  былай  деп  жазылған:  «Толық  өркениетті  ел  болу 

үшін  алдымен  өз  мәдениетімізді,  өз  тарихымызды  бойымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге  дүниені  игеруге 

ұмтылғанымыз жөн» [1]. 

Туыс,  бауыр  ел  Түріктің  көсемі  Кемал  Ататүрік:  «Әлем  бізді  құрметтесін  десек,  өз  ұлтымызды  және 

ұлттық  бейнемізді  алдымен  біздің  өзіміз  бар  сезімімізбен,  ақыл-ойымызбен,  бүкіл  қимыл-әрекетімізбен 

құрметтеуіміз  керек.  Өзінің  ұлттық  бейнесін  таба  алмаған  ұлттардың  басқа  ұлттарға  жем  болатынын 

білгеніміз дұрыс», - деген екен. Біз де өз ұлтымызды, оның асыл қасиеттерін қастерлеп, құрметтей алмасақ, 

қай  жерлерден  барып  білім  алсақ  та,  қанша  жұрттың  тілін  білсек  те,  бүгінгідей  ақпарат  тасқыны  судай 

сапырылысқан заманда санасы уланған жастарымыздың жаһандану атты алыптың тұңғиығына бірінші болып 

тартылатынын мойындауымыз керек. 

Ғұлама  ойшыл  Әл-Фарабидің:  «Адамға  тәрбие  бермей  тұрып,  білім  мен  ғылымға  үйретсең,  ол  жүрген 

ортасына апат әкеледі», - дегеніндей, білімнің қоры қанша терең болғанымен, жанында тәрбие сабақтасып 

жүрмесе, ол білімнің адамзат үшін қызмет етуі екіталай. Сондықтан да тәрбиенің маңызы қашанда жоғары. 

Олай болса, білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен 

адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 

Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бергі ұзақ тарихында сан алуан кезеңдерді бастан кешірсе де, болашақ 

ұрпағының  тәлім-тәрбиесіне  өте  зор  көңіл  бөлген.  Дана  халқымыз  елін,  жерін  сыртқы-ішкі  жаулардан 

қорғайтын Ер бойына ұлы дала перзентіне тән – еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ 

ниеттілік пен парасаттылық, өрлік пен ерлік тәрізді қасиеттерді дарыта білген [2]. 

Туған  халқымыздың  өткен  тарихына  көз  жіберсек,  отансүйгіштіктің  керемет  үлгілерін  көруге  болады. 

Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі – ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ 



299

ерлігінің арқасы. Батырларымыз елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. 

Кезінде  атақты  философ  Платон  бала  тәрбиесінің  маңыздылығын  былайша  пайымдаған  екен:  «Егер 

ұлтыңды  сақтаймын  десең  –  қызыңды  тәрбиеле,  руыңды  сақтаймын  десең  –  ұлыңды  тәрбиеле!»  Бұл 

тұжырымның тамыры өте терең екенін біз тарихтан білеміз. Соның бір ғана дәлелі Томирис Патшайымның 

Кир Патшаға айтқан сөзі: «Мен – елімнің патшасымын. Мен иілсем – елімнің иілгені. Кир патша көзін маған 

емес,  менің  еліме  салып  отыр. Ал  мен  еліме  бұғау  салдырмаймын,  ата-баба  аруағы  жатқан  жерді  жаттың 

табанына таптатқызып, қорлатпаймын. Соны есіне сақтасын Кир патша!». Осы бір жолдардан-ақ үлкен ерлікті, 

елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілікті көреміз. 

Халқымыздың ғасырлар бойғы жасап кеткен тарихы бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл 

мұраларымыз имандылық, ғибраттық әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен, тағылым-сабағымен қымбат. Осынау 

ұрпақ тәрбиесінің  қымбат  қазынасын  мұралыққа  алған  біздер  оның  ішіне  үңіліп,  одан  өз  болмысымызға 

керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз. 

Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек қазақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге 

болуы керек. Ол үшін қолға алған қандай да бір ісін халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан жасауы керек. 

Яғни, әрбір жасқа ұрпаққа ұлттық тәрбие мен ұлттық идеология әрқашан серік болуы тиіс. Сонда ғана ол 

бабалар ізімен жүрген, олардың аманат етіп кеткен мұраларына қиянат жасамаған, аталарының алдындағы 

борышын өтеген болады. 

Халқымыз  небір  ғасырлар  өткелінен  рухани  күштің  құдіретімен  ғана  аман-есен  өте  алды.  Бұл  рухани 

қайраттың  екпінінен  қазақы  рухтың  өрлігі  білінді.  Ата-бабаларымыз  тек  өз  болмыстарын  ұлттық  сана-

сезіммен әспеттеп қана қоймады. Олар өз ұрпағын да осындай ұлттық санамен рухани аяда тәрбиелеп өсірді 

[3]. Өйткені олар өз орындарын басар ізбасарларына үлкен мән беріп, тәрбиесімен арнайы айналысты. 

Ұшы-қиырсыз  жазира  дала  тұрғындары  өздерінің  үлкен  тарихында  жас  ұрпаққа  тәрбие  берудің  бай 

тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Бұлар халық бұқарасының 

жөн-жобаларының,  іс-әрекеттерінің  қоғамдық  ортада  қалыптасқан  нормалары  мен  принциптерінің 

көріністері еді. Дала тұрғындары өздері өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениеті 

мен  тарихына  орайлас  жас  буынға  тәлім-тәрбие  берудің  басқа  жұртта  қайталанбайтын  талап-тілектерін 

дүниеге  әкелді.  Мәселен,  жас  ұрпақты  тәрбиелеудің  жалпыға  ортақ  моральдық-психологиялық  нормасы 

белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» деген нақыл сөзден жақсы байқалады. Дала тұрғындарына 

биік моральдық талаптар қойылды, солардың ең бастылары: көшпелі мал шаруашылығының тетіктерін жете 

игеру, еңбек сүйгіштік пен төзімділік, ел намысын қорғаудағы жаужүректік, ата тегін ардақтау, сөз асылын 

қастерлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы 

қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу). 

Көшпенді тұрмыс пен дала табиғаты адамға қойылатын талап-тілектің де аса қатал болуын керек етті. 

Мұнда қайратты да мығым, аса төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына икемді, жан-жүйесі кемел адамдар 

қажет еді. Мәселен, бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өскендіктен, оның көзі қырағы, 

көкірегі  саналы  болады.  Аң  аулап,  мал  баққан  жас  буын  ақын-жыраудың  тағылымын,  әншінің  өлеңі  мен 

әуенін, күйшінің күмбірлеген күйін көкейіне қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертегі мен 

жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етті [3]. 

Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, 

үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Қазақ халқының 

әлеуметтік өміріне, тұрмыс-ахуалына сәйкес қалыптасқан ырымдар мен тыйымдар бұлжытпай орындайтын 

заң ретінде қабылданып, баланы иманды, инабатты болуға, кесір-кесапаттан аулақ болуға тәрбиелеген. 

Әрбір ырымның үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы: нанды қадірлемеу – күнә, кесір-қылмыс, малды тебу 

–  кесір,  кесапатын  келтіреді.  «Әр  заттың  киесі  мен  иесі  бар,  оны  қорласаң  киесі  ұрады»  деп  халық  өмір 

заңдылықтарын бұзбауға баурайды. 

Тыйым  сөздер  –  халықтың  тәлім-тәрбие,  үлгі-өнеге,  ақыл-кеңес  берудегі  тәрбие  құралдарының  бірі. 

«Тыйымсыз  елдің  жастары  дуана»  деп  айтылатын  қазақ  мәтелінің  астарында  қоғамдық  тәжірибеден 

туындаған ой-тұжырым жатса керек. Тыйым, негізінен, балаларға арналып, өзара жаман әдет, жат пиғылдан, 

ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық 

үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шықса керек. «Бүйірін таяну – қайғының, жағын таяну – мұң-

шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. «Малды теппе», «Ақты төкпе», 

«Бөркіңді теріс киме», «Табалдырықты баспа», «Үлкеннің сөзін бөлме» деген тыйым сөздердің де өнегелік 

жақтары жетерлік. «Құстың ұясын бұзба», «Жәндікті өлтірме», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Суды 

ысырап қылма», «Көкті жұлма», «Құмырсқаның илеуін бұзба» деген сөздер арқылы ата-бабаларымыз жас 

баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген [4]. Ал, баланың жас 

кезінен жүрегінен орын алған мұндай мейірімділік сезімдер оның тұла бойында өмір бойы сақталары сөзсіз. 

Дана  бабаларымыздың  мұндай  өнегелік  сөздерін  біз  сабақ  барысында  пайдалану  арқылы,  оқушыларға 

экологиялық тәрбие берумен бірге адамгершілік ізгі қасиеттерге баулимыз. 

Демек, тыйым мен ырым – халықтық педагогиканың құрамдас бөліктері. 

Дана  халықтың  өзі  жасаған  осы  әдет-ғұрып  пен  жөн-жосықты  біліп,  үйрену  және  өмірде  қолдану  – 

ағайынды адастырмас сара жол. Ендеше, жеткіншек жас ұрпақты ізгілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке, 

ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудегі басты құрал – халық педагогикасы деп түсінуіміз керек. 

Бүгінде білімімен алға шыққан қай елді алсақ та, бұл елдердің білім беру саясатының басты мақсаты 



300

ұлттық  ерекшеліктерді,  өздерінің  дәстүрлі  мәдениетін,  дәстүрлі  құндылықтары  мен  бағдарын  сақтауға 

бағытталғандығын көруге болады. Соның бір ғана мысалын Жапон елінің білім беру жүйесі жөнінде «әлемдік 

педагогикалық ой-сана» атты еңбекте жазылған мына жолдардан байқауға болады: «... Дамыған мемлекеттер 

арасында Жапонияның білім беру жүйесі ерекше. Жапондықтар ең алдымен өздерінің ұлттық құндылықтарын 

жоғары бағалайды. Олардың білім мен тәрбие жүйесінде, балабақша мен мектеп қабырғасынан – әдептілік, 

ұлттық сипаттағы құндылықтар мен адамгершілік және имандылық пен өнегелілікті ең негізгі мақсат етіп 

қояды. Жапондықтар басты үш қасиетті қадыр тұтады. Бірінші – ұлт мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары 

қою, екінші – білімге құштарлық, үшінші–еңбексүйгіштікті бала жасынан қастерлеуге тәрбиелейді. Бұрынғы, 

«Қытай ғылымы – Жапония рухы» (нансай – вакон) деген ұранды «Жапон рухы – Шығыс техникасы» (вакон 

– есай) атты ұранмен алмастырды. «Вакон – есай» деген – «шетелдіктер тапқан білімді алу, бірақ оларға 

Жапон рухы мен ойлау образынан ауытқуына мүмкіндік бермеу» дегенді білдіреді. Жапония білім беруде ең 

алдымен тәрбиеге ерекше мән беретін мемлекет...» болып табылады [5]. 

«Білекке  сенген  заманда  ешкімге  есе  бермедік.  Білімге  сенген  заманда  қапы  қалып  жүрмелік!» -  деп 

Абылай  бабамыз  айтқандай,  ХХІ  ғасырда  әлем  елдерімен  тереземіз  тең  болу  үшін  білім  беру  саласын 

инновацияландырудың  маңызы  зор.  Білім-ғылым  сапасы  кез-келген  мемлекет  үшін  тұрақты  әрі  орнықты 

дамудың  негізгі  факторы  болып  табылады.  Соның  ішінде  білім  саласындағы  адами  капитал  ілгерішіл 

өзгерістердің,  инновацияның  және  елдің  өнімділігін  арттыратын  басты  қозғалтқышы  екені  даусыз.  Бұл 

ретте  білім  беруді  сапалы  жаңарту,  денсаулық  сақтау  жүйесінің  тиімді  қызметін  арттыру  және  еңбек 

ресурстарының оңды саясатын жүргізу маңызды. Осындай оңды саясатты табысты жүзеге асыру мақсатында, 

басқа  мемлекеттер  сияқты  біздің  елімізде  де  білім  беру  саласында  үнемі  реформалар  болып  тұрады. 

Бүгінгідей  ақпараттар тасқыны  кезінде  кез-келген  жағдай  ұзақ  уақыт  бойы  өзгеріссіз тұруы  мүмкін  емес



Әлем жылдам өзгеруде, әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау 

қажет екендігін паш етті [6]. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, 

жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ 



ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер 

оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [6]. Міне, осындай себептермен бүкіл әлемде, әсіресе жоғары 

дамыған елдерде білім беру реформаларының үнемі болып тұруы, бұл – заңдылық. Әлем елдерінің білім 

беру жүйелерінде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін – «Қазіргі қо ғам талабына сәйкес келетін ұрпақ, 

адам қандай болуы керек?» деген сұрақтың тынымсыз ізделініп жатқан жауабы деп түсінуіміз керек. 

Бүгінгі  таңда  елімізде  білім  саласын  реформалау  мақсатында  біз  батыс  елдерімен  тәжірибе  алмасып 

жатырмыз. Бұл қатынас осы мүддені жүзеге асыруда бірден-бір қажетті қадам. Қазақ педагогикасының жаңа 

заманда жаңа белестерге көтерілуіне жұмылдырылып жатқан игі бастама. Жақсыны үйреніп, оны ел игілігі 

үшін пайдалану, жаңа дүниемен бірге халқымызда барды сабақтастырып пайдалану – әрине игі іс. Бұл істің 

ұрпақ алдында, келешек алдында үлкен жауапкершілігі де бар. Ол – ұлттық құндылықтарды ұмытпау және 

жоғалтпау. 

Әлдем елдерінің жалпы орта білім беру жай-күйлеріне шолу жасасақ, әр елдің білім беру және тәрбие 

саласында өзіндік ерекшелігі, артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар екенін байқауға болады. Сол 

себепті де, біз еліміздегі оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік білім 

берудің тек оң және тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар, білім саласына өзгерістер енгізу үшін 

оны елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен мәдениет сұранысына бейімдеу керек екенін ескеруіміз 

керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет