УДК 372.8
Кузеубаева А.К., Умарканова М.У.
Колледж имени Кумаша Нургалиева, г. Усть-Каменогорск
maira_0214
@mail.ru
ИЗ ИСТОРИИ СОЗДАНИЯ ПАРТИИ «АЛАШ»
История существования, программные установки партии Алаш представляют
огромный интерес в связи с систематическим и целенаправленным изучением
истории общественно-политических движений Казахстана. Еще в начале ХХ века
к проблеме национально-освободительного движения обращались выдающийся
ученый и общественный деятель, впоследствии руководитель движения Алаш А.
Букейханов (1870-1937 гг.) и его единомышленники А. Байтурсынов (1873-1938
гг.), М. Дулатов (1885-1931 гг.) и другие.
202
Большинство трудов, так или иначе освещавших отдельные страницы
истории Алаш-Орды, ограничивались повторением немногих общеизвестных и
кочевавших из одной книги в другую фактов и утвердившихся оценок [3, с. 16].
Усиление национально-колониального гнета, аграрная политика царизма,
проникновение капиталистических отношений в социально-экономическую
жизнь края привели к росту национального самосознания казахского народа.
Национальное движение в казахском обществе было неоднородным,
существовали различные идейно-политические течения.
Первая буржуазно-демократическая революция в России дала толчок
политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию в крае
национально-освободительного, рабочего, аграрного и других форм движения
против колониального, социального и других видов угнетения. Отношение
различных слоев населения края к событиям 1905-1907 гг. в России было
неоднозначным. Из-за низкого уровня экономического, социального и
политического развития края по сравнению с другими несколько шире
развивалось рабочее движение, поднявшееся в годы революции на качественно
новую ступень. В нем принимали активное участие промышленные и городские
рабочие. Аграрное движение было представлено в основном трудовыми слоями
казахского аула, переселенческой деревни и казачьих станиц.
Как свидетельствуют материалы казахской периодической печати начала
века и в целом творческое наследие выдающихся представителей интелли-
генции, вступивших тогда на арену политической борьбы и общественного
движения, это было временем, когда на чашах весов оказались судьбы нации,
само существование народа.
Продолжая, по существу, политику царского самодержавия, Временное
правительство в Казахстане не могло решить национальный вопрос и не
стремилось к решению аграрного вопроса. Вопрос о самоопределении, или
автономии казахов, как и других угнетенных народов, оно даже не пыталось
ставить.
В этих условиях лидеры казахского либерального движения, учитывая
быстро меняющуюся ситуацию и ускоренный процесс поляризации
политических сил, приняли решение ускорить проведение общеказахского
съезда.
В 1905 году зарождается движение «Алаш», а в 1917 году формируется
партия «Алаш» и в этом же году в газете «Қазақ» печатается программа партии.
Вокруг партии были сплочены практически все представители казахской
национальной интеллигенции [1, с. 18].
В программе партии были сформированы передовые идеи начала ХХ века,
идеи демократии, правового государства, земельный вопрос, а так же основные
аспекты жизнедеятельности общества и государства. В ноябре 1917 г. на
выборах в Учредительное собрание партия «Алаш» получила большинство
голосов и 43 депутатских места.
На Первом Всеказахском съезде, проходившем в г. Оренбурге с 21 по 28
203
июля 1917 г. произошло организационное оформление партии «Алаш».
Территория автономных областей Алаш со всеми богатствами,
находящимися на поверхности земли, водами, их богатствами, а так же недрами
земли составляет собственность Алаш [4, с. 69].
На этом же съезде были приняты решения по 14 вопросам, в том числе
таким ключевым, как форма государственного устройства России
(парламентская федеративная республика), республика казахских областей,
землеустройство казахского населения, отношение к религии, вопрос о
положении казахской женщины, подготовка выборов в Учредительное
собрание [5, с. 62].
На решения съезда оказала сильное влияние казахская интеллигенция,
объединившаяся вокруг газеты "Казах". Благодаря этому суживались
возможности влияния мусульманского духовенства на казахское население:
устранялись клерикальные суды, на смену им должны были вводиться
правовые структуры; женщины должны были обладать равными с мужчинами
правами, запрещался калым. Образование должно было стать обязательным и
подчиняющимся гражданским властям.
В партию ―Алаш‖ вошли представители научной и творческой интелли-
генции: М. Тынышпаев, М. Жумабаев, Ш. Кудайбердиев, С. Торайгыров, Х.
Габбасов, А. Ермеков, Ж. и Х. Досмухаммедовы и др.
Разразившийся в июле 1917 г. общероссийский политический кризис тре-
бовал скорейшего определения места и роли движения "Алаш" в сложившихся
условиях. 21 ноября 1917 г. газета "Казах" напечатала проект программы
партии, составленной А. Букейхановым, А. Байтурсыновым, М. Дулатовым,
И. Гумаровым, А. Жундебаевым, А. Беремжановым, Е. Турмухамедовым.
В конце 1917 г. политическое руководство национально-освободительным
движением в Казахстане большей частью принадлежало единственно
организованной партии Алаш, социально-политический статус которой можно
определить как национально-демократический. Естественно, что процесс
формирования и становления партии со всеми присущими ему признаками был
сжат во времени, а затем вообще прерван стремительным развитием
революционных событий, приведших к октябрьскому перевороту. Поэтому в
отношении партии Алаш применительно такое определение, как "движение"
поскольку алашское движение и до появления партии "Уш жуз" и других групп
являлось главной руководящей силой всей национально-освободительной
борьбы казахского народа начала ХХ века.
Второй Всеказахский съезд, проходивший с 5 по 12 декабря 1917 г. в
Оренбурге, объединил представителей различных слоев казахского общества.
На съезд прибыли делегаты из всех областей Казахстана. Центральной
проблемой, обсуждаемой на съезде был вопрос о национальной автономии.
Придерживаясь демократических принципов в государственном строи-
тельстве съезд провозгласил равенство всех национальных меньшинств,
проживающих в пределах "Алашской автономии", "во всех учреждениях
204
автономии представители всех наций должны быть представлены пропор-
ционально. Представляется также экстерриториальная и культурная автономия
тем, кто оказался без территории в пределах автономии "Алаш".
Лидеры алашского движения оставались принципиальными противниками
большевистских форм и методов социалистического переустройства Казах-
стана. Несмотря на вынужденный переход на сторону Советской власти, вся их
общественно-политическая деятельность начала 1920-х годов свидетельство-
вала о приверженности ее к прежним гуманистическим, демократическим
принципам.
Всем, кто живет среди казахов, гарантируются права меньшинства. Во всех
учреждениях автономии Алаш представители всех нации должны быть
представлѐны пропорционально. Предоставляется также территориальная и
культурная автономия тем, кто без территории окажется в пределах автономии
Алаш.
Лидеры «Алаш» Октябрьский большевистский переворот восприняли
негативно, Ахмет Байтурсынов позднее писал, что февральская революция
была правильно понята и с радостью встречена казахами потому, что, во-
первых, она освободила их от гнета и насилий царского правительства, а во-
вторых, подкрепила у них надежду осуществить свою заветную мечту —
управлять самостоятельно. То, что вторая революция показалась казахам
непонятной, объясняется просто: у казахов нет капитализма и классовой
дифференциации, даже собственность у них не так разграничена, как у других
народов. Наводила же ужас на казахов Октябрьская революция своими
внешними проявлениями. На окраинах большевистское движение сопровожда-
лось насилиями, грабежом, злоупотреблениями и своеобразной диктаторской
властью.
Пришедшими к власти большевиками партия «Алаш» была немедленно
упразднена, а все еѐ руководители, несмотря на амнистию, были в 30-х годах
расстреляны.
Идеи, выдвинутые в программе партии «Алаш», как фундамент
современной казахской государственности, был заложены в начале XX века.
Литература
1.
Аманжолова Д.А. Партия «Алаш»: история и историография.
Семипалатинск, 1993
2.
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения
«Алаш». Москва, 1994.
3.
Аманжолова Д. А. На изломе. Алаш в этнополитической истории
Казахстана. Алматы, 2009.
4.
Алаш-Орда: Сборник документов /Сост. Н. Мартыненко. Алма-Ата, 1992.
5.
Козыбаев М.К. Историография Казахстана: уроки истории. Алма-Ата,
1990.
205
ӘОЖ 94 (574)
Нҧрбекова Р.Қ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ӛскемен қ.
r_nurbekova@mail.ru
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ – ӘЛИХАН БӚКЕЙХАНОВ
Ҧлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес,
сонымен қатар ҧрпақтар жалғастығынан, ӛміршең дәстҥрлерден қҧралатыны да
белгілі. Сол игі дәстҥрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке
адам кӛшін тҥзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жҥріп ӛткен ҧзақ жолдың
шежірелі кҥндеріне кӛз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды
істерді кӛрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш
қозғалысы. Бҥкіл қазақ даласын азаттық идеясына жҧмылдырған бҧл ҧлы
қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт ӛткен сайын айқындалып келеді.
Алаш қайраткерлері ҧлтты ҧлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға
салғаны белгілі.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының
қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы ерекше тҧлға – Әлихан
Бӛкейханов. Оның есімі ҧзақ жылдар бойы сирек аталып «буржуазиялық
ҧлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ҧрпаққа қалдырған
орасан мол аманат мҧрасы бір кісінің ғҧмырындай уақыт шаң басып жатқан.
Бірақ та «Ер есімі – ел есінде» дегендей, ондай қоғам қайраткері, халқымыздың
жадында мәңгілік сақталып қалды.
Қазақтың болашақ саяси кӛсемі, бір басында сан тҥрлі ғылым тоғысқан
бірегей тҧлғаның білім дәриясынын сусындағын ішкі қадамы Мырзатай
аталған, қазіргі Қасым қыстағында бес ауыл молдасынан сауат ашудан
басталады. Ол мҧсылманша хат танып, тілі Мҧқтасарды сындыруға жеткенде
әкесі Мықан Қарқаралыдағы бастауыш орыс училищесіне апарып береді.
Омбыға оралғанда Ә. Бӛкейханов Ресей империясының қазақ даласына
жҥргізген отаршылдық саясатына деген ӛзіндік кӛзқарасы қалыптасқан,
марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын
кҥрестің тҥрлері мен әдістерін ҥйреніп, білген, кҥрес-тартыстан біршама
тәжірибесі бар саяси кҥрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың
прогресшіл бағыттағы зиялыларымен, жер аударылғандармен тез тіл табысып,
тығыз қарым-қатынаста болады, қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық
жҧмысына белсене араласады. "Халық бостандығы" партиясының қатарына
ӛтіп, ӛзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның
шағын тобын ҧйымдастырады. Әлиханның саяси кӛзқарасының пісіп,
жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері, әрі қазақ ҧлт-
азаттық қозғалысының ҧйымдастырушысы және кӛсемі ретінде танылуына,
саяси кҥрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы кҥндері ерекше ықпал етеді.
Әлихан Бӛкейханов 1890 жылы Омбы қаласындағы техникалық училищені
206
бітіргеннен соң 1890-1894 жылдары Санкт-Петербордағы Орман шаруашылығы
институтының экономика факультетінде оқыған. Әлихан Бӛкейханов
институтта оқып жҥрген кезінде студенттік толқуларға қатысқан деген пікір
бар. Әлиханның студенттік жылдары Ресейдің капиталистік қатынастарға
кеңінен тартылып, елдің кӛптеген қалаларында ӛнеркәсіп орындары салынып,
темір жол қҧрылыстары қарқынды жҥргізілген және осыған байланысты
әлеуметтік қайшылықтар кҥшейе тҥскен кезеңмен тҧспа-тҧс келген. Мҧндай
жәйттар Санкт-Петербор сияқты ірі қалалардағы әр бағыттағы студенттік
қозғалыстардың қалыптасып, дамуына әсер еткен. Бҧл қозғалыстардан Әлихан
да сырт қалмаған.
Сол кездерден біздерге жеткен жекелеген қҧжаттарда оның студенттік
жылдарында жастар қозғалысына белсенді тҥрде қатынасқаны туралы, әр тҥрлі
саяси бағыттардың сол жақ қанатында болғандығы жайында, әсіресе марксизм
туралы пікір сайыстарда ӛткір пікірлер айтқандығы жӛнінде мәліметтер
кездеседі. Әлихан Бӛкейханов ӛмірінің студенттік кезеңі оның саяси
кӛзқарасының қалыптасуында айтарлықтай орын алған. Ал 1905-1907
жылдардағы бірінші орыс революциясы кезеңінде ол патшалық мемлекет
жҥйесіне оппозицияда болған. Ресейдің конституциялық, демократтар
(кадеттер) партиясының бағдарламалық ҧстанымдарына ден қойған және осы
партиясының бағдарламалық ҧстанымдарына қарай отырып, партияның
орталық комитетіне мҥше болып сайланған. Сол уақытта ол кадеттер ҥлгісімен
қазақтың ҧлттық-либералдық саяси ҧйымын қҧруды ойластырған. Әлихан
Бӛкейханов мен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы кӛзқарас
эволюциясы 1917 жылғы шілдеде, ҧлттық-демократиялық мақсат-мҥдделерді
кӛздейтін Алаш партиясын қҧруға алып келген. Оны қҧру қарсаңында Әлихан
кадет партиясынан оның мемлекеттік қҧрылыс, жер мен дін мәселелері
жӛніндегі саясатымен келіспейтіндігін мәлімдеп, оның қатарынан ӛз еркімен
шыққан болатын. Табиғатынан зерек жастың қабілет-дарынын тани білген
генерал-губернатор
Г.А.
Колпаковскийдің
Омбының
технологиялық
училищесіне ӛзі жетектеп алып барып оқытуында адамгершілік зор ілтифат
жатыр. Шәкірт жігіт те бҧл кӛрсетілген сенімге әрқашан лайықты болуға
тырысқан. Оқу орнының ӛз тҥлектерінің арасынан озат болып тәмамдаған
Әлихан Нҧрмҧхамедҧлы Бӛкейхановға Петербордағы орман шаруашылығы
институтына жолдама беруі де оған деген ҥлкен ҥміт артуының белгісі болған.
Ресейдегі жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын білім ордасының есігін 1888
жылы ашқан. Ол 1892 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
Әлихан Нҧрмҧхамедҧлы Бӛкейханов Қарқаралы оязы, Әлтеке-Сырым
болысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дҥниеге келген. Қазіргі
әкімшілік аймақтық бӛлініс бойынша бҧл елді-мекен Жезқазған облысы
Ақтоғай ауданы «Қаратал» кеңшарына қараған. Оның нақты туған жылы
туралы да жазба деректерде тҥрліше пайымдалып жҥр. Ол анасының арызында
бергендей, Әлихан – 1866, Әзіхан – 1874, Тәтіхан – 1808, Сымахан – 1880
жылдары туғандығы атап кӛрсетілген.
207
Қазақ халқының қоғамдық ой санасын биік белеске кӛтерген ірі
қайраткерлердің туып, туған-ӛскен ортасы жайында да ӛкініштісі, әзірге ауыз
толтырарлық, мардымды ештеңе жазыла қойған жоқ. Бар ғҧмырын ҧлтының
болашағы, бақыты ҥшін «Жаным арымның садағасы» деп бел шешіп кҥрескен
ол, сол жолда бойындағы кҥш-қайраты мен ақыл-ойын, білім-парасатын
аянбаған ақылман азаматтың кіндік қаны тамған қҧтты ӛлкесі туралы айтылар
жыр, шертілер сыр, әрине әлі алдағы уақыттың ҥлесінде.
Кӛрнекті қоғам қайраткері – Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам
қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің І Мемлекеттік думасының және
мҧсылман халықтары съезінің депутаты, ІV Мемлекеттік думасының мҧсылман
фракциясының Бюро мҥшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың ХХ ғасыр
басындағы ҧлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі кӛсемі, халқымыздың
тҧңғыш саяси Алаш партиясының ҧйымдастырушысы және ҧлттық Алашорда
автономиялық ҥкіметінің тӛрағасы, ғҧлама ғалым – ормантанушы, экономист,
тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист. Міне
ардақты азаматымыздың халқы ҥшін, халқының жарқын болашағы ҥшін соңғы
демі біткенше атқарып ӛткен сан-қилы қызметінің бҧл болар-болмас кӛрінісі.
Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қараған Қаратал кеңшары жерінің
тумасы болғандықтан, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңесінің шешімімен
Ә.Н. Бӛкейханов есімі берілген. Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе
жатқан тӛре тҧқымынан, Бӛкейханнан тарайды. Кӛкжал Барақ ханның баласы
Бӛкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі. Бӛкейханның бес
әйелінен он бір ҧл болған. Он бір ҧлдың бірі – Әлиханның арғы бабасы Батыр.
Батырдан Рҥстем, Әшімтай, Мырзатай туған. Мырзатайдан Нҧрмҧхамед, Қоске,
Шолақ, Әптіхан. Нҧрмухамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзіхан, Тәтіхан
деген бес ҧл мен Нҧрбек атты бір қыз туған. Әлихан тҧңғышы. Қазақ халқының
тарихында еліміздің, ҧлтымыздың болашағы ҥшін кҥресіп, барынша тер тӛккен
азаматтарымыз аз болмады. Дегенмен, ҧлтының кӛсегесін кӛгертпек болған
арыстардың есімі сол кездегі сҧрқия саясаттың ықпалымен ҧзақ жылдар бойы
тасада қалып келген. Соның бірі кӛрнекті қоғам қайраткері, ғҧлама ғалым,
Алашорда ҥкіметінің тӛрағасы Әлихан Бӛкейханов.
Ӛз заманында қазақтың бетке ҧстарларының бірі болған Әлихан
Бӛкейханов Кеңес ҥкіметі ӛмір сҥрген 70-жылдан астам мерзімде, атап
айтқанда, ХХ ғасырдың 30-жылдарының басынан бастап кӛшбасшы Әлихан
Бӛкейхан болған Алаш немесе Алашорда қозғалысының тарихын зерттеуге
ресми тҥрде тыйым салынғаны белгілі. Бҧл тақырыпты зерттеуге ӛткен
ғасырдың 80-жылдарының соңынан, әсіресе Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып
жарияланғаннан кейінгі жылдардағы кезеңде жақсы мҥмкіндіктер туған: Алаш
арыстары ақталды, олардың есімдері мен шығармашылық мҧрасы туған
халқымен қайтадан қауышқан, бҧрын қоғамтанушылар ҥшін жабық болған
мҧрағат есіктері ашылған, ӛткен тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін шындыққа
сай толтыруға ресми билік тарапынан кедергі жасалмайтын болған.
Соңғы 20 жылдан астам мерзімде Алаш қозғалысының тарихы, оның
208
Әлихан Бӛкейханов бастаған жетекші қайраткерлерінің ӛмір жолдары мен сан-
салалы қызметтері мәлім.
Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында
Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық- саяси және
мәдени-рухани ӛзгерістердің нәтижесінде ӛмірге келген. Бҧл қозғалыстың ӛзегі
саяси ҧйым ретінде 1917 жылғы шілдеде ӛткен бірінші жалпы қазақ съезінде
қҧрылған «Алаш» партиясы болған. Осы жалпыҧлттық саяси ҧйымды қҧру
ҥшін ХХ ғасыр басындағы ҧлттық-демократиялық қазақ инттеллигенциясының
жҧрт таныған жетекшілері Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтҧрсынов, Мҧстафа
Шоқай, Мҧхаметжан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Халел Досмҧхамедов,
Жаһанша Досмҧхамедов, Халел Ғаббасов сияқты ондаған қайраткерлер 12 жыл
бойы (1905-1917) жылдар аралығында қажырлы еңбек еткен. Осы партияның
бағдарламалық мақсат-міндеттеріне сай 1917 жылғы желтоқсанда ӛткен екінші
жалпықазақ съезі Алаш автономиясының немесе Қазақ мемлекетінің
қҧрылғандығын жариялап, оның ҥкіметі – Алашорданы сайлап, жаңадан
қҧрылған мемлекеттіктің қарулы кҥштерінің негізі болуға тиісті «халық
милициясын» жасақтау туралы шешім қабылданған. Бҧл қозғалыстың Әлихан
Бӛкейхан тӛңірегіне топтасқан жетекшілері Алаш партиясын қҧрып, Алашорда
ҥкіметін сайлағанда, тіпті ӛздері саяси кҥрес сахнасына шыққан кезден бастап
аса маңызды ҥш ҧлттық мақсат-мҥддені, атап айтқанда, отарлық кезеңде
жойылып кеткен ҧлттық мемлекетті ХХ ғасыр басындағы геосаяси жағдайда
қалпына келтіруді, оның шаңырағының астына халқымыздың ата-қонысын,
яғни этникалық территориясын біріктіруде осылардың негізінде халқымызды
отарлық езгіден қҧтқаруды және реформа жолымен қазақ қауымын ӛркениетті
елдер қатарына жеткізуді ӛздеріне басты міндет деп белгілеген.
Алашорда кезеңі – ҧлттық азаттықпен теңдікке деген сенімін нығайтты, осы
жолда ӛзінің жеке басын ҧлт пен мемлекет мҥддесін жоғары қоятын кҥрескер
жҥздеген, тіпті мыңдаған қайраткерлерді қалыптастырды. Қазақ халқының
саяси жағынан да, ілім – білім жағынан да, мәдени-әдеби жағынан да әлеуеті
жоғары ҧлт екенін танытты. Ел басқарудың, ғылыми мектеп басқарудың,
әскери жасақтаудың, шаруашылық жҥргізудің, ӛнер игерудің ҥлгілерін
кӛрсетті. Яғни, қазақ мемлекетін қҧру сәтсіздікке ҧшырағанымен, жалпы
ҧлттың бойындағы мемлекеттілікке деген қҧлшынысты, елшілікті аңғартты.
Ҧлттың ӛзін-ӛзі тануы, ӛзіне сенуі, ерте ме, кеш пе оның тәуелсіздікке жетуінің
кепілі болатын.
Алашорда қозғалысының осы Алашорда кезеңі қазақ елінің мемлекет бола
алатындығымен бірге, ең бастысы – халқымыздың бойында ӛз абыройы ҥшін
кҥресе алар ҥлкен рухани жігердің бар екендігін, ел болып ҧжымдасуға аса
мҥдделі екендігін, бостандықтың қадірін, теңдіктің бағасын білерсананың бар
екендігін де қай жағынан болмасын таныта білді [1].
ХХ ғасырдың басында қазақтың ҧлттық идеясы заман талабына сай сапалық
тҧрғыдан жедел жетілді. Оны жетілдіруші, қозғаушылары Алаш партиясын
шынайы қажеттіліктен қҧрған алаш қайраткерлері тарихи мҥмкіндікті мҥлт
209
жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Ҧлттық идея ширыққан тҧста,
оның заңды жалғасы Алаш идеясы ӛмірге келді. Алаш идеясының уағыздаушы
және жҥзеге асырушылардың бірі Әлихан Бӛкейханов болды.
Алаш деген сӛз – ҧлт-азаттық қозғалысы және идеясы деген сӛз. Яғни, бҧл тар
топтың әрекетi, тiршiлiгi емес, бҧл – жалпыҧлттық қозғалыс. Кез-келген саяси
қозғалыстың алдына қоятын бiрiншi мақсаты – мемлекеттiң тәуелсiздiгi, дербес-
тiгi. Сол мемлекеттiк тәуелсiздiк пен қҧрылым арқылы жердi сақтау, жер арқылы
елдiң тәуелсiздiгiн, болашағын сақтау. Сондықтан, Алаш идеясы – мәңгi идея.
Қазақ халқы, қазақ ҧлты тiрi болатын болса, онда Алаш идеясы да тiрi болады.
Алаш идеясының ӛзегі – ҧлттық мемлекеттілік. Әлихан Бӛкейханов
айтқандай, мемлекеттігі жоқ – жетім халық. Кез-келген болашағынан ҥміті бар
ҧлт ҥшін мемлекеттік негізгі қҧндылық. Міне осы тҧрғыдан алғанда, Қазақстан
Республикасы – Алаш идеясының ӛмірлік шындыққа айналуының кӛрінісі
ретінде бағалануы әбден орынды. Ал оның ішкі әлеуметтік мазмҧны,
демократиялық принциптерге сҥйенген қоғамды халықтың мәдени деңгейіне
және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ҧмытпағанымыз жӛн [2].
Әлихан Бӛкейханов «Қазақ» газетінде қызмет етіп жҥргенде «Қыр баласы»
деген бҥркеншек атпен әр тҥрлі тақырыпта мақалаларын жариялаған. Әлихан
Бӛкейханов тек қана «Қазақ» газеті емес, басқа да қазақ тілді басылымдарда,
мәселен «Темірқазық», «Жаңа мектеп», «Қызыл Қазақстан», «Ақ жол», «Еңбекші
қазақ», «Жас қазақ» тағы басқа газет журналдарда тҥрлі тақырыптардағы
мақалаларын «Қыр баласы», «Ғали хан» деген бҥркеншек аттармен жарияласа,
орыс тілді басылымдарда «Туземеец», «Киргиз-степняк», «А.Б.», «Сын степей»
дегендей жасырын аттарды пайдаланған.
Осы басылымдарда жарияланған мақалалары мен орыс тілінде жазылған
«Киргизы», «Исторические судьбы киргизского края и культурные успехи»,
«Овцеводство в Степном крае» сияқты іргелі еңбектерінде ол аса ірі экономист-
ғалым ретінде Қазақстанның шаруашылық ӛмірінің басқа қырларымен қатар,
кӛшпелі және жартылай кӛшпелі қазақтарды отырықшыландыру мәселелерін
жан-жақты қарастыруды, отырықшылық ӛмір салтының тиімді тҧстарын
насихаттаған. Ол отырықшылыққа кӛшу ісін елдегі жер мәселесін әділ шешу
қажеттілігімен тығыз байланыста қарастырған және де Қазақстанның Ресей
империясының отарына айналу барысында халқымыздың ата қонысының сулы
да нулы ӛлкелерінің Орталық Ресейден келген келімсектердің қолына кӛшкенін
жақсы білген және осындай жағдайда қазақты отырықшыландыру аса қиын
мәселе екендігін тҥсінген. Сондықтан оның жетекшілік етуімен дайындалған
және «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында жарияланған
«Алаш партиясы бағдарламасы жобасында» жер мәселесін шешу ісіне ҥлкен
мән берілген. Әлихан Бӛкейханов жан-жақты білімді, сҧңғыла саясаткер
болған. Оның саясат жҥргізу мен Алаш қозғалысын басқару қызметінде батыс
ӛркениетіне жақындығы айқын кӛрінген. Ол панисламшыл және пантҥркішіл
ағымдарға тҥсіністікпен қараған. Жан-жақты білімпаз және тәжірибелі
саясаткер ретінде айтылған ағымдардың пайда болу себептерін жақсы тҥсінген
210
және олардың жетекшілерінің іс-әрекетіне сын кӛзбен қараған.
Әлихан Нҧрмҧхамедҧлы Бӛкейхановты елімізде «Алаш» партиясының
кӛсемі, 1917 жылы қҧрылған Алашорда ҥкіметінің тӛрағасы, қазақ тарихындағы
ірі саяси қайраткер ретінде таниды. Ә. Бӛкейхановтың кадет партиясынан
шығып, ҧлттық Алаш партиясын қҧруы, мемлекеттік егемендікке жету
жолындағы жасалған саяси қадам еді. ХХ ғасырдың басында ҧлт зиялылары
қоғамның ӛзекті мәселесі – орталық езгіге қарсы ҧлттың санасын оятып,
біріктіру мақсатында тиісті идеологияның қажеттілігін тҥсініп, оны
қалыптастыру жолында ӛздерінің ҥгіт-насихат жҧмыстарын жҥргізді.
Қазақ қоғамының саяси және рухани ӛмірінде аса ҥлкен рӛл атқарған
«Қазақ» газетін жарыққа шығаруда және басылымның ҧлттық деңгейге
кӛтерілуіне Ә. Бӛкейхановтың қосқан ҥлесі зор болған. Бҧл басылымдағы
Ә. Бӛкейхановтың басты қалам тартқан мәселесі – жер мәселесі болды.
Ә. Бӛкейханов бастаған бір топ қазақ зиялылары ӛз еріктерімен майданға
аттанып, Петроградтағы билік органдарымен келіссӛздер жҥргізіп, Минскіге
барып, Батыс Майдан штабы жанындағы земскілік және қалалық одақтың
бҧратана бӛлімін ҧйымдастырып, оны басқаруды ӛз мойнына алды. Бӛлім
майдандағы жігіттердің сауатын ашу ҥшін ҥйірмелер ҧйымдастырды. Осы
кезеңде қазақ зиялыларының майдандағы жҧмысшыларға кӛрсеткен
ағартушылық қызметі, осы істің басы-қасында болған Әлихан Нҧрмҧхамедҧлы
болды. Майдандағы қазақ азаматтарына кӛрсеткен еңбегінің нәтижесінде ол
«Алаштың Әлиханы» атанды [3].
Әлихан Нҧрмҧхамедҧлы Бӛкейханов бастаған қазақ саяси тобы Уақытша
ҥкімет ҧстанымын қолдап большевиктермен ымырасыз егеске тҥсті. Сондай-ақ,
бҧл алып империяның саяси ӛміріндегі кезекті бір кикілжіңнің кӛрінісі еместін.
Қазақ саяси тобы еуропалық деңгейдегі саяси партиялармен тең дәреже –
деңгейде саяси ҧйым қҧрып империя ӛмірін, оның қҧрамындағы қазақ ҧлтының
ӛмірін реформалау арқылы тҥбегейлі ӛзгертуді жақтайтын бағдарламалық негізі
бар жол ҧсынды. Бҧл қазақ тарихында бҧрын-соңды болмаған орасан зор
маңызы бар қҧбылыс еді [4].
Әлихан Бӛкейханов мен оның серіктерінің ҧстанымы бойынша 1917 жылғы
аласапыран ӛзгерістер жағдайында қазақ қоғамы біржола мемлекеттік дербестік
алып, бӛлініп шығуға даяр емес-тін. Ә. Бӛкейханов ол жӛнінде мемлекет ісін
«жҥргізіп әкетерлік кісіміз тіпті жеткіліксіз, қазақтың жалпысын тарих даярлаған
жоқ» сондықтан да қазақ жҧрты «жері біргелік автономияны қабылдап» Ресей
империясы қҧрамында бола тҧрады, ал қай кҥн ӛзін -ӛзі басқаруға жараса, сол кҥні
бӛлініп, дербес мемлекеттік қҧруға кҥш салады деп жобалады [5].
Әр кезеңнің ӛзіндік кӛкейтесті мәселелері болған. Ә. Бӛкейханов және оның
ӛмір сҥрген кезеңдегі қазақ қоғамы алдында тҧрған ең ӛзекті мәселе – ҧлттық
теңдік, саяси бостандық болды. Осы тарихи кезеңде қоғамның зиялы ӛкілдері
мемлекет, қҧқық, бостандық туралы ҧғымның бағыт-бағдарын Ә. Бӛкейхановта
қазақ елінің еркіндігі мен дамуының негізгі ҧлттық мемлекеттік болуы деп
тҥсінді.
211
Ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ҧлттық мемлекет қҧруға бағытталған
әрекеті сол кездердегі ащы ӛмір талабынан туындаған бірден – бір шешім
болатын. 1917 жылғы желтоқсанда ӛткен жалпы қазақ сьезі сайлаған заңды
Алашорда ҥкіметі, ғасыр басындағы қазақ қоғамында кӛзге айқын байқалып
тҧрған экономикалық - әлеуметтік және рухани мәселелерді қазақ зиялыларына
терең ҧғынуға және сол мәселелерді шешуге бар кҥш –жігерін жҧмсауға даяр
ҧлтжандылық пиғыл еді [6].
1919 ж. большевиктер ӛкіметінің бҧрынғы алашордашыларға жасаған
кешірімнен кейін Ә. Бӛкейханов қалған ӛмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ҧлттық намыстан жҧрдай, жалған интернационалист, жадағай
белсенділердің кӛрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тҧтқындалып, тҥрме азабын
тартты. Ә. Бӛкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан
большевиктер ӛкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл ҥй қамауында
отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тҧтқындап, бір айдан кейін
жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 кҥні КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша
әрекетінде қылмыс қҧрамы жоқ болғандықтан, ақталды. Жалпы, тарихшылар
Ә. Бӛкейхановты ҧлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы кӛсем
ретінде таниды. Ол ХХ ғасырдың басында қалыптасқан геосаяси жағдайда ҧлт-
азаттық кҥрестің жаңа, сапалы ҥлгісін, яғни оның саяси тҥрін қалыптастырып,
кҥрестің осы тҥрі негізінде елімізді тәуелсіздікке жеткізудің мақсат-мҥдделерін
айқындап, нақтылауда қажымас қайрат кӛрсеткен халқымыздың саяси кӛсемі
болды десек артық айтқандық болмас!
Осы арысымыздың ӛмір жолы қасіретті жағдайда ҥзілмеген болса, ол ел
жҧртына адал қызмет етіп, халық сҥйіспеншілгіне бӛленер еді. Әлихан
Бӛкейханов басқарған Алашорда ҥкіметінің мҥшелерінің басым кӛпшілігі
жоғары немесе академиялық білімді болған. Ә.Н. Бӛкейханов – кӛркем
аудармашы. Әлихан Бӛкейханов қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған
публицист және тҧңғыш абайтанушы.
Қуғын-сҥргін қҧрбаны болған Әлихан Бӛкейхановтың соңғы ӛмір жылдары
халқы ҥшін ауыр кҥрес ҥстінде ӛтеді. Бҥкіл мағыналы ӛмірін халқының азаттық
алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше жасаған
қызметі сан қилы. Десек те, ол кісі жӛнінде ашылмай тасада қалып кеткен
деректер бар ма? – дегендей ойлар ел есінде болады.
Әлихан Бӛкейханов ӛзінің кҥрделі тағдырына байланыста ӛмірінің кӛптеген
жылдарын Қазақстаннан тыс жерлерде ӛткізген.
1917 жылғы қазаннан 1991 жылғы желтоқсанға дейінгі аралық ҧлттық
элитаның қҧдіретті әрі қасіретті ӛсуі мен ӛшуі кезеңі. Алдаумен, қорқытумен,
жалған ҧранмен шексіз билігін орнатқан большевиктік-тоталитарлық кҥш бір
ҧрпақ алмасудан да қысқа уақыт ішінде қазақ мемлекетін қҧрып, жерін
қайтарып бергенмен елге ие болатын саяси элитаны аяусыз жаусатып салды.
Олардың ішінде алаш кӛсемі Әлихан Бӛкейхановта бар еді [7].
Әлихантануды жаңа сатыға кӛтеру мҧрағаттар мен кітапханалардағы әлі
212
жарыққа шықпаған Алаш қайраткерінің ӛмірі мен тағдырының сан алуан беттерін
әлі де зерттеуді қажет етеді. Әлихан Бӛкейханов мәңгілік ҧрпағының жадында.
Әдебиет
1. Кәриева Т.А. Тәуелсіздік хәм алаш идеясы. // «Кешегі Алаш идеясы –
бҥгінгі тәуелсіз Қазақстан» атты Республикалық ғылыми- практикалық
конференция материалдары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университеті. – Семей, 2010. – 45 б.
2. Қойгельдиев М.Қ. Алаш қозғалысының ҧлт тағдырындағы орны жӛнінде.
// Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және
қазіргі кезең» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының
материалдары. Шәкәрім атындағы СМУ және СМПИ. Семей, 2008. – 26 б.
3. Карибаев М.С. Әлихан Бӛкейхановтың саяси және ғылыми шығарма-
шылығы. // «Кешегі Алаш идеясы – бҥгінгі тәуелсіз Қазақстан» атты
Республикалық ғылыми- практикалық конференция материалдары. Шәкәрім
атындағы Семей мемлекттік университеті. – Семей, 2010. – 104 б.
4. Қойгельдиев М.Қ. Алаш қозғалысының ҧлт тағдырындағы орны жӛнінде.
// Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және
қазіргі кезең» Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының
материалдары. Шәкәрім атындағы СМУ және СМПИ. Семей, 2008. – 23 б.
5. Қойгельдиев М.Қ. Алаш қозғалысының ҧлт тағдырындағы орны жӛнінде.
// Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және
қазіргі кезең» Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының
материалдары. Шәкәрім атындағы СМУ және СМПИ. Семей, 2008. – 24 б.
6. Садыков Д.К. Әлихан Бӛкейхановтың қазақ мемлекетін қалыптасты-
рудағы еңбектері. Алаш қозғалысының ҧлт тағдырындағы орны жӛнінде. //
Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі
кезең» Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының материалдары.
Шәкәрім атындағы СМУ және СМПИ. Семей, 2008. – 151 б.
7. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ҧлт. – Астана: «Ана тіл-Ата тарих»
баспа-зерттеу орталығы ЖШС., 2007. – 53 б.
ӘОЖ 94 (574)
Ӛскембай Ә.А.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ӛскемен қ.
azaera@mail.ru
АЛАШ ПАРТИЯСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӚЗЕКТІЛІГІ
Еліміз тәуелсіздігін алып, жеке демократиялық, қҧқықтық мемлекет ретінде
дамып келе жатқанына биыл 22 жыл толып отыр. Ӛзінің ҧлттық тарихын жете
біліп, бағаламаған халық ешқашанда дамудың дҧрыс жолына тҥсе алмайды.
Сондықтан бҥгінгі кҥні біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қҧрылыуының сара
213
жолын салып берген Алаш Орда қайраткерлерінің озық ойлары біз ҥшін
табылмайтын мол қазына болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы
қалыптасқан қазақ зиялы қауым ӛкілдерінің ӛмірі мен қазақ қоғамын дамытуға
қосқан ҥлесі кейінгі ҧрпаққа ҥлкен ӛнеге. Алаш қайраткерлері қазақ елін
тәуелсіздікке жеткізу жолында қҧрбан болды. Бірақ артында осы кезге дейін
маңыздылығын жоймаған ӛте қҧнды Алаш партиясының бағдарлаасын
қалтырып кетті. Алаш бағдарламасы 1917 жылы большивиктер жеңіске жеткен
Қазан тӛңкерісінен кейін жарияланды. Бҧл кезде халықтың кӛп қолын
пайдаланып жеңіске жеткен большевиктер 1917 жылы қарашаның 2-ісінде
бҥкілресей халықтарына оның ішінде «Шығыстың барлық мҧсылман
халықтарына ҥндеу» жариялайды. Бҧл ҥндеуде езілген ҧлттарға ӛзін-ӛзі билеу
қҧқығы беріледі деген. Алаш партиясы мен Алашорда ӛкіметі бағдарламасы
белгілі дәрежеде қазақ жҧртына большевиктер ҧсынған кеңестік даму жолымен
бір мезгілде ӛмірге келген балама ӛркендеу жолы болатын. Сол тарихи кезеңде
қазақ қоғамын терең дағдарыстан ӛркениетті даму жолына шығару ҥшін,
тарихи тәжірибе кӛрсетіп бергендей большевиктер ҧсынған бағдарламаға
қарағанда Алаш қайраткерлері ҧсынған жол анағҧрлым тиімді еді. Ӛйткені
Алаш зиялылары ҧсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму
тәжірибесін, салт-дәстҥрін революциялық әдіспен ӛзгертуде емес, қайта оларды
эволюциялық жолмен басқа ӛркениетті елдердің ӛмір тәжірибесін ескере
отырып одан әрі жетілдіре тҥсуді кӛздеді. Ең негізгісі бҧл жолы қазақ еліне
ӛзін-ӛзі билеуге, сӛйтіп ішкі қоғамдық мәселелерін ӛзі шешуге, ӛз атамекеніне
ӛзі ие болуға мҥмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мҧндай деңгейде
шешілуі қазақ қоғамы ҥшін сол даму сатысындағы барлық ӛзекті мәселелердің
біржола тҥгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні тҥсінікті. Бірақ шынайы
ҧлттық бостандық пен ҧлттық мемлекеттің орнауы ғана ол ҥшін ӛркениетті
дамудың алғышарты болатын. Алаш паритиясы бағдарламасының мазмҧны
ҧлттық идея қҧндылықтарына толы болғанын байқауға болады. Бҧл қҧндылық
қазіргі кезде әліде басты назарға алынбаған, шешімін таппаған мәселелердің
бірі болып саналады.
Алаш партиясы бағдарламасының тарихи маңызы зор екенін біз осы кҥні
кӛріп отырмыз. Алаш басшылары осыған дейін Қазақстанның ең басты, ең
ӛзекті мәселелерін шеше алмаған Уақытша ҥкіметке сенуден қалса, енді оның
орнына келіп, жоғарыда аталған мәселелерді таптық принциптер негізінде
шешуге уәде еткен кеңес ӛкіметіне сенімсіздікпен қарады. 1917 жылғы қара-
шаның 21-інде «Қазақ» газетінің 251 санында Алаш партиясы бағдарла-
масының жобасы жарияланды. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне
сәйкес Ә. Бӛкейханов, А. Байтҧрсынов, Елдес Ғҧмаров, Е. Тҧрмҧхамедов,
Ғ. Жҥндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының
жобасы он бӛлімнен тҧрады. Бағдарламаның бӛлімдеріне талдау жасасақ:
І. Мемлекеттік қалпы. Мҧнда Ресейдің демократиялық, федеративтік
республика болып қҧрылуын қарастырады[1].
«Демократия – халық билігі деген мағынаны білдіреді. Ал, «Федерация»
214
мағынасына жалпы сипаттама берсек, әр мемлекеттің іргесі бӛлек, ынтымағы
бір болды. Әр мемлекет ӛз билігін ӛзі тәуелсіз жҥргізеді. Осы бапқа қарасақ,
Алаш қайраткерлері қҧғынға ҧшырап қҧрбан болмағанда, сол кездің ӛзінде
тәуелсіз, демократиялық мемлекет қҧруы мҥмкін еді. Олардың асқақ мҧраттары
қазіргі кезде іске асып отыр. Мысалы, біздің Конституция бойынша адам
қҧқығын шектеу халықаралық және еуропалық стандарттарға сәйкестен-
дірілген. «Адам мен азамат қҧқығына және бостандығына тек қана заң
шеңберінде, конституциялық қҧрылысты қорғау, қоғамдық тыныштықты
сақтау мақсатында, адам қҧқығы мен бостандығына қауіп тӛнген жадайда ғана
шектеу қойылуы мҥмкін. Демократиялық мемлекеттердiң конституциясы оның
орнықтылығымен, тҧрақтылығымен және ӛміршеңдігімен бағаланатынын
айтуға болады. Осындағы тең, іргесі бӛлек және ӛз тізгіні ӛзінде дегенде
бағдарлама авторлары тәуелсіз мемлекетті мегзеп отыр. Ал тәуелсіздік сол
елдің байырғы тҧрғын халқының ҧлттық мҥддесіне қатысты екені белгілі. Осы
бӛлімнің қазіргі кездегі ӛзектілігі кҥмән тудырмайды.
ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жҥрген облыстардың бәрі байланып, ӛз
тізгіні ӛзінде болып, Ресей федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ
автономиясы сыбайлас жҧрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе бірден-ақ ӛз
алдына жеке болу[1].
Алаш партиясы бағдарламасының әр бӛлімі әділеттілікке негізделіп
жасалған. Алаш партиясы бағдарламасының осы бӛлімінде екі тҥбірлі мақсат
айқындалған: бірінші – Ресей Федеративтік мемлекетінің қҧрамдас бӛлігі
болуға тиіс қазақ автономиясы бҥкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді
және тең қҧқықты федерация мҥшесі ретінде оған нҧқсан келген жағдайда
Қазақстан ӛз алдына тәуелсіз мемлекет болып бӛлініп шығады. Екінші – ӛзінің
нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді
басшылыққа алып, ӛзге ҧлттарды қанауға қарсы болды. Қазақстанның
тәуелсіздігі Қазақ елінің, қазақ жҧртының ғана бостандығы емес, осы жердің
иесімен бірге ӛмір сҥріп отырған 100-ден астам этностардың да бостандығы.
Қазақстан территориясында унитарлы мемлекет ретінде бір Конституция, заң
шығарудың біртекті жҥйесі, бір азаматтылық орын алған. Қазақстан
Республикасының қҧрамдас бӛліктері (облыстары) ӛзіндік мемлекеттік
егемендікке ие емес. Қазақстан Республикасында біртекті қарулы кҥштер ӛзінің
мемлекеттік нышандары бар. Республикалық әкімшіліктерриториялық қҧры-
лымы, оның астанасының беделі мен орналасуы арнайы заңдармен анықталады.
Мемлекеттік тәртіп формасы елдегі мемлекеттік билікті тәжірибелік жҥзеге
асырудың әдістері мен тіәсілдерінің жҥйесінің қҧрамына кіреді. Мемлекеттік
тәртіп мемлекеттік функцияланудың динамикалық ҥрдісін, басқа қҧрамыдас
бӛліктері және элементтерді нақтылауды бейнелейді. Мемлекеттік тәртіп кең
мағынада барлық мемлекет ӛмірінің әдістерімен, формаларымен тығыз
байланыста болады. Ӛйткені, тәуелсіздіктен кейін еліміздегі ҧлыстар ӛз
халқының мәдениетін, әдет-ғҧрпын, салт-дәстҥрін, тілін тҥлетіп, тарихын
тануға, ӛз дініне оралуына, сену еркіндігіне ие болды [2]. Сондықтан ортақ
215
еліміз Қазақстанның тәуелсіздігіне 22 жыл толғалы отырғанда сол мерекені
қазақ жерінде бір атаның баласындай ағайын болып отырған этнос ӛкілдері,
яғни Қазақстанның барлық азаматтары кең қҧшақпен, ақ ниетпен тойлағалы
отырмыз.
ІІ. Негізгі. Қҧқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел
демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сӛйлеуге,
газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хҧқмет қызметкерлері, иесінен
рҧқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сҧрамай, билік айтылмай,
тҧтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде,
судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын
ашқанға айып, оқығанға жаза болу. Бҧдан бағдарламаны жазған адамдардың
қҧқықтық білімдерінің жоғары деңгейде болғанын кӛреміз. Сонымен қатар
әділеттілікке негізделіп, барлық ҧлттардың мҥдделерін тең ескеруі мықты
талдау. Біздің республикамыздың да қҧқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы
осы ҧлт кӛсемдерінің озық ойларынан туындағаны сӛзсіз. Дербестік жолға
тҥскен Қазақстан қҧқықтық мемлекет идеясын бірден қабылдады. Қҧқықтық
мемлекет – ҧзақ тарихи дамудың жемісі. Осы жағдайды ескере отырып,
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ақырындап
қҧқықтық мемлекет идеясына жақындады. Конституцияның 1-бабы Қазақстан
Республикасының қҧқықтық мемлекетті бекіту жолына тҥскенін, мемлекет
қҧру жолына тҥскенін білдіреді. Қазақстан халқы алдына жоғарғы мақсат
қойды – қҧқықтық мемлекет қҧру. Бҧл мақсатқа жету оңай болмады. Қҧқықтық
мемлекетте заңдар белгілі бір бӛлігінің емес, баршасының шынайы еркін
білдіреді, онда заң ҥстемдік етеді. Ең жоғарғы лауазымды тҧлғадан бастап
қатардағы азаматқа дейін – барлық адам заңдардың барша халықтың мҥддесі
ҥшін қабылданып, әрекет ететінін, әр адамның қҧқығы мен бостандығын
қорғайтынын, адамдардың оқуы ҥшін, отбасын қҧру ҥшін, жҧмыс істеуі ҥшін,
ӛздері таңдаған іспен шҧғыладну ҥшін, лайықты ӛмір ҥшін пайда табуы
мақстатында, ӛздерін ерікті сезінуі ҥшін, қоғамдық ӛмірге қатысу ҥшін қажет
болатын қоғамдық тәртіп белгілейтінін тҥсінулері қажет. Азаматтардың ӛздері
бҧзылған қҧқықтарын қорғауға ҥйренулері керек. Ол ҥшін соттар объективті
болуы керек, азаматтар ӛз қҧқықтарын қорғау ҥшін сотқа жҥгіну керек.
Жақында елімізде ӛткен судялардың съезінде сот реформалары сӛз болып,
судялар мен хатшылардың санын кӛбейту арқылы соттың жҧмысын жақсарту
мәселелері қаралды. Қҧқықтық мемлекеттің негізгі белгісі заңның қоғам
ӛміріндегі ҥстемдігі, жоғарлылығы. Қоғам ӛмірінің анағҧрлым маңызды
жақтары заңдар арқылы реттелуі керек.
Мемлекет тек дамыған ҧлттық қҧқықтық жҥйенің болуымен, оның шынайы
жҧмыс істеуімен ғана қҧқықтық мемлекет болып танылмайды. Мемлекеттің
қҧқықтың сипатының деңгейі барынша демократиялық, прогессивті және
гуманистік қҧқықтың идеялардан тҧратын халықаралық қҧқық тҧрғысында ӛзін
қалай сезінетінімен анықталады. Конституцияда Қазақстан Республикасы
халықаралық қҧқық қағидаларымен нормаларын қҧрметтейді деп жазылған.
216
Қазақстан Рсепубликасының қолданылып жҥрген қҧқығына республиканың
халықаралық келісімі-шарттық және басқа да міндеттемелері кіреді.
Республикамен ратификацияланған халықаралық келісім- шарттың және
басқада міндеттемелері кіреді. Республикамен ратификацияланған халықара-
лық шарттар оның заңдарынан басым болады және халықаралық шартқа сәйкес
оның қолдануына заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа басқа уақытта
тікелей қолданылады. Аталмыш конституциялық қағидалар қҧқықтық
мемлекеттердің негізгі заңдарының деңгейінде қолданылады. Міне Алаш
арыстарының қҧқықтық нормалары қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің заң
жҥйесінде ӛзінің орнын нақты тауып отыр деп айтуға болады. Біздің
конституциямыз ӛз бастауын осы Алаш бағдарламасынан алғанын байқауға
болады.
Келесі: IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бӛлек болады. Дін біткенге тең
қҧқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта ӛз
алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу,
жесір дауы сотта қаралады. Бҧдан Алаш қайраткерлерінің сол кездің ӛзінде
қазақ жерін мекендеген ӛзге дін ӛкілдеріне қҧрметпен қарағаны кӛрінеді. Ал
қазір біздің мемлекетіміз зайырлы мемлекет. Жесір дауын сотта қарауы да
әділеттілікке жатады. Қазіргі кездедеде жаназаны жергілікті жерлердегі
молдалар шығарады.Ал дін ісіне келетін болсақ, Алаш қайраткерлерінің дінге
байланысты ҧстанымдары Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде
қалыптасуынан кӛрініс табады.
Еліміздегі дәстҥрлі исламның бірден-бір мойындалған қҧрылымы –
Қазақстан мҧсылмандары діни басқармасы. Діни қатынастарды реттейтін
жақында қабылданған заңда мемлекет халқымыздың рухани ӛмірінде исламның
ханафи бағытының орны мен рӛлін мойындайтыны атап кӛрсетілді. Бҧл ӛте
дҧрыс. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы
саясатымыз конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайтуға
бағытталған.
Діни басқарма ӛкілдері тек дін саласында ғана емес, ӛзге де салаларда да ӛз
білім-біліктерін артыруға тиіс. Ӛздеріңіз білесіздер, ел халқына таяудағы
Жолдауда біз 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын айқындадық. Бҧл –
кеңестік кезеңнен белгілі жай жоспарлау ғана емес, мемлекет дамуының негізі
бағыттарын, нақты мақсаттарға жетудің жолдарын және біздің болашақты
қалай кӛре білетінімізді аңдататын ҧзақ мерзімді қҧжат.
Келесі: V. Билік және сот. Әр жҧртқа билік пен сот тҧрмыс ыңғайына қарай
болуы. Би және судья жергілікті жҧрттың тілін білу керек. Аралас жерде
соттың тергеу-тексеруі мен ҥкімі жергілікті жҧрттың тілін білу керек. Аралас
жерде соттың тергеуі – тексеруі мен ҥкімі жергілікті жҧрттың қай кӛбінің
тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз тҥспеу. Билік және сот
жҥзінде жҧрт біткен тең болады; қҧдайдан соңғы кҥшті би мен судья болып,
кімде болса, олардың ҥкіметіне мойын ҧсынады. Айтылған ҥкім тез орнына
келуі керек. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралады. Қазақ кӛп
217
жерде сот тілі қазақ тілі болады. Присяжный қазақтан алады. Қырдағы ауыл,
болыс ішінде билік пен сот жҧрт қалаған ереже жолымен атқарылады. Міне бҧл
ҧсыныстарда қазіргі Қазақстан Республикасының сот жҥйесінде жҥзеге
асырылып отыр.
Негізінен Достарыңызбен бөлісу: |