36
Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде
кез-келген пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды.
Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық
аспап, әрі информациялық-анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Қабылдау
емтихандарын өткізу кезінде компыютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені
белгілі.
Электронды оқулықтар:
Электрондық оқулықтар қазіргі ақпараттық коммуникациялық білім беру
парадигмасының құралы. тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді
(интереактивті қасиеті); қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік
береді; гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты
ақпараттық материалдар алады; әрбір жеке
тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік
береді.
Мультимедиялық құралдар:
Мультимедия – бұл аппараттық комплекс пен құрал-жабдықтар бағдарламасы, яғни,
пайдаланушылардың диалогтiк режимде графикпен жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi.
Қашықтықтан оқыту:
Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту
процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы
мен оқушының территориялық
алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асырылады.
Видео конференциялар
Онлайн-конференция – сайт оқырман-дарының конференция ұйымдастырушылары -
мен тікелей байланысқа түсуі. Онлайн-конференция өзінің қарапайымдылығы мен
қолайлығының арқасында дәстүрлі баспасөз-конференциясымен
салыстырғанда бірқатар
артықшылықтарға ие. Онлайн-конференцияға қатысып, сұрақ қою үшін тіркелуге де болады
және тіркелмеуге де болады. Сондай-ақ, тіркелетін кезде өзіңіз жайлы нақты мәліметті
көрсетпеуге де мүмкіндік бар. Онлайн-конференция – бұл белгілі бір уақыт аралығында өтетін
іс-шара, алайда кейде сұрақты алдын ала қоя аласыз.
Бейнекамера және теледидарлық құралдар:
Теледидарлық бейнежазуға арналған кассеталық бейнемагнитофонмен біріктірілген
құрал. Бейнекамерада бейне
және дыбыс сигналдарын жазу, қарау, пәнге байланысты кино
көруге, дәрістер тыңдауға ойындар (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.б.) ойнауға болады.
Презентациялар:
Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа
сабақты жақсы игеруге көмектеседі.
Гипермәтіндік гиперсілтемелер:
Гипермәтіндік құжат олай аталу себебі, онда бір құжаттан басқа да құжаттарға және
кері сілтемелер жасауға болады. .
Осы инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше
сабақта қолдансақ болашақ
маман иесі тәжірибелі және білімді, инновациялық технологияларды мақсатты пайдалана
алатынына сенім бар. Жаңа инновациялық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде
ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп,
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
– білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология
түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби
біліктілігіне тікелей байланысты;