АқТ-ны пайдалану



Дата28.04.2023
өлшемі22,94 Kb.
#87736
түріСабақ

АҚТ-ны пайдалану
Қазіргі кездегі мұғалімнің мақсаты–білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал тарихты оқыту – өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірде бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.
Оқытудың ақпараттық –коммуникациялық интерактивтік технологиялары – жеке тұлғаның ақпараттық –коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру негізі
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мəлімет алмасуына,қарым–қатынасына ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық ойлау –құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияныпайдалану дағдыларын қалыптастыру жəне оқушы əлеуметінің ақпараттықсауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тəрбиелеу, яғниақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу жəне тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық жəне кибернетикалық тəсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу əдістерімен механизмдерін жəне оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.Оқытудың ақпараттық –коммуникациялық жəне интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс –əрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы.Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды,мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты –коммуникациялық технологияларкеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық –коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тəрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау жəне шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.Оқытудың ақпараттық –коммуникативтік жəне интерактивтік технологиялары бағыттары мына 4 бөлікке бөлуге болады:
а) электронды оқулықтар; ə) телекоммуникациялық технологиялар; б)мультимедиалық жəне гипермəтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту(басқару) Интернет.
Ақпараттық –коммуникативтік технологияны оқу –тəрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: Өз пəні бойынша оқу –əдістемелік электронды кешендер құру,əдістемелік пəндік Web –сайттар ашу; Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; Бағдарламалау ортасында инновациялық əдістерді пайдаланып,бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық жəне гипермəтіндік технологиялар). • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нəтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On –line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін –өзітолықтыратын, барлық қатысушылардың өзара əрекетіне негізделген, оқупроцесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым –қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік əрекет өзара түсіністікке, өзара əрекетке,қатысушының əрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін –ұйымдастыру жəне сұқбаттасып қарым –қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Бүгінгі күні инновациялық əдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Əсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пəндерінің барлық бағыттары бойынша электрондық оқулықтар құрылуы жəне Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық жəне телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру жəне қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мəдениетін жəне ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мəселесі бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып отыр.
Ақпараттық –коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?Ақпараттық –коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс жəне кəсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық –коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан –жақты қолдану қабілеті.
Ақпараттық құзіреттілік: сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; өз бетінше мақсат қоюға жəне оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға жəне жүзеге асыруға; ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайтақарауға сақтауға, түрлендіруге жəне тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау,тікелей жəне жанама дəлелдеу, аналогия бойынша дəлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге; өзінің оқу қызметін жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзіреттілік: нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ жəне басқа тілдерде ауызша жəне жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; коммуникативтік міндеттерді шешуге сəйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға жəне қолдануға; – əдептілік ережелеріне сəйкес өзіндік пікірін білдіруге; нəтижелі өзара іс –əрекетті, түрлі көзқарас жəне əртүрлі бағыттағыадамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзегеасыруға; жалпы нəтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдартобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Тарих сабағында ақпараттық технологияларды пайдалануарқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заманталабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды жəне интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісіндешығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардыңақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мəдениетiн қалыптастыру қазiргiтаңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестiмəселелердiң бiрiне айналып отыр.Сабақта ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақыттыүнемдеу;
• білім –білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алумүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс –əрекет, қимылды қажет ететін пəндер мен тапсырмаларды оқыпүйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен естумүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен əр түрлітəжірибе нəтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой –өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мəліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша,ақпараттық –білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.


Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын айтып өтетін болсақ:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан əр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуымен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс –əрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Олоқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай –ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі –пəндік білім, екіншісі –компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мəліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E –learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізігі мақсаты «Е –learning» – ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен əркезде жəне əрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына əлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету. Барлық білім беру ұйымдарында арнайы инфрақұрылым құрылады. Ондағы барлық компьютерлер Интернетке шығатын жергілікті немесе сымсыз желілерге біріктірілетін болады. Жоба аясында 4 –10 мбит/сек. Жылдамдықтағы кең жолақты Интернет əр білім беру ұйымында қызмет көрсететін болады деп жоспарлануда. Білім беру ұйымдарының материалдық –техникалық базасы ең жаңа жабдықтармен, оның ішінде планшетниктермен нығайтылатын болады. Оқу процесін автоматтандыру (электронды журнал, электронды күнделік, жоспарлау) мұғалімдердің есеп беру мен жоспарлауды құру кезіндегі еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді. Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен əртүрлi оқу –iс –əрекетiн қамтитын оқыту əдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.Білім беру үрдісінің сапасына бақылау жүргізу, оқу –тəрбие үрдісіндегі мəселелерге талдау жасауда ақпараттық –коммуникациялық технология құралдарын қолдану тиімділігі жоғары. Осы бағытта оқушылар автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік –тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата –аналарына e –mail немесе sms –хабарламалар, есептілік жəне т.б. жіберу)толтырады.
Білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі –оқушының өзбетімен жұмыс істеуіне,уақытын үнемдеуге көмектеседі,білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді, қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды,қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді,экономикалық тиімді,қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және «он-лайн» сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.Интерактивті тақтаны тарих сабақтарында тарихи тұлғалардың суреттерін, тарихи фильмдерді көру, қазақтың күйлерін тыңдау, есте сақтау, сондай-ақ, реферат, ғылыми жоба жұмыстарының жоспарын құруда сабақтың тиімділігін арттырады.

Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – еркін сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қызметін белсендіреді.Сондай-ақ,оқу материалдарын безендіру құралы ретінде ұсынуға мүмкіндік жасайтын, Flash технологиясының мәні өте зор.Бұл оқу құралын оқушы қолдана отырып, өз білімін толықтыра алады.


Оқу құралында интерактивті тапсырмалар мен тесттер арқылы оқушы өз білімін тексеріп, өзінің тиісті білімінің нәтижесін ала алады. Сонымен қатар, бұл оқу құралының негізгі бетіндегі «Тарихи оқиғалардың бағасы» батырмасын шерте отырып, қолданушы өзінің ойын жазуына болады.
Бұл кітап «Тарихи тұлғалар», «Глассарий» және «Хронология» анықтамалық бөлімдерден тұрады және интерактивті тапсырмалар мен тестерді орындауға көмегін тигізеді.
Оқу құралы көптеген иллюстрациялық материалдарды карталарды және анықтамалық ақпараттарды құрайды.
Ақпараттық құралдарды тарих сабағында пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – «Қазақрадиосы» мен теледидардағы «Алаш алыптары» , «Жиһанкез» , «Тарих толқынында» атты бағдарлама материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы, дәстүрлі мұғалім→мектеп→ оқушы жүйесінің орнына оқушы → компьютер → комьютерлік оқыту бағдарламалары → мұғалім жүйесін енгізу, оқыту үрдісін, мұғалім мен оқушы рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді.Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.
Сондықтан, «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет деп» - кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.
Қазіргі уақытта сабақтарды мультимедиа арқылы модельдеу, жеке тұлғаның компьютер арқылы қатысымға түсу мүмкіншілігін туғызу арқылы тілдік қатысымға еркін түсе алатындай білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты қарастырылады.
Олай болса компьютер – мультимедиалық білім алудың негізі.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданаалатын, тарих пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Қорыта айтқанда, ақпараттық-коммуникативтік технология-оқу материалын терең түсінуге, оқу мотивациясының артуына, алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына, білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.Сондай-ақ, ақпараттық – коммуникативтік технологияларды оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе.

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ



Баяндама
Тақырыбы: «Тарих сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі»
Өткізген: Д.Шингисова

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет