Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет16/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74
Литература 
1.
Профессиональное образование. Столица | № 01 2011. Формирование 
конкурентоспособности выпускников профессионального колледжа Гренов Г.С., Семенова О.А. 
2.
Колледж: кәсіби білім беру №4(12)2015. Кәсіптік білім беруд үрдісінде жаңа 
талапқа сай маман даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі К.О.Абдиханова.
3.
Интернет ресурсы
WORLDSKILLS –КӘСІБІИ БІЛІКТІЛІКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ 
Жумабаева Лидия Конарбаевна 
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы 
Жұмысшы мамандарға сұраныс күн санап артып келеді. Бүгінгі таңда Білікті 
мамандарды анықтап, кәсіби тұрғыда дамыту үшін WorldSkills чемпионатының маңызы зор.
«Worldskills» – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық 
жобасының мақсаты – жұмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының 
танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру. Бүгінде өндірісте жаңа жұмыс орындары 
ашылуда, ал ол жұмысшы кадрларының білікті дайындығын қажет етеді. Кез келген өндірістің 
жетістігі кадрлық саясатқа байланысты.


32 
V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде 
Асхат Аймаганбетов: «Бұл — шын мәнінде еліміз үшін, республикамыз үшін өте маңызды іс-
шара. Еліміздің басшысы білім саласына өте үлкен көңіл бөледі Соның ішінде WorldSkills 
қозғалысын дамыту мәселесін де көтерді. WorldSkills құзыреттіліктерін білім бағдарламаларына 
енгізу мәселесі — біздің алдымызда тұрған басты мақсат. Біз оны дамытатын боламыз», деді. 
Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманында жастардың биіктен көрінуіне күнделікті 
ісіміздегі жаңашылыдығымыз бен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы көптеген белестерді 
бағындыруға болады.[1] 
Осы бағытта Үкімет тарапынан жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеруге ерекше 
мән беріліп отыр. Болашақта елді индустрияландыруға байланысты жұмысшы 
мамандықтарының маңызы арта түседі. Ел экономикасының негізі білікті мамандардан, өз 
ісінің шеберлерінен құралады. 
«WorldSkills – Еуропа мен өзге елдерде расталған жастармен жұмыс істеудің әлемдік
ұйымы. Аталмыш қозғалыс үздік әлемдік тәжірибе мен кәсіптік стандарттар арқылы жүзеге 
асырылады. Бұл дүниежүзінің 80-ге жуық мемлекеті қатысатын халықаралық қозғалыс. 
WorldSkills қозғалысы, сонымен қатар EuroSkills жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге 
тартады және әлемдік аренада еліміздің мамандарына алған кәсіптік дағдылары мен 
құзіреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жоба 1946 жылдан бері әлемнің 78 
мемлекетінде өткізіліп келеді. Қазақстан WorldSkills International халықаралық қозғалысына 
2014 жылы енді. [2] 
Соңғы жылдары үздіксіз оқыту мен жаңа кәсіптерді игеру қажеттілігі көп айтылып жүр. 
Бұл жұмыс үрдістерінің технологиялық жаңаруымен байланысты. Осыған байланысты, жұмыс 
берушілермен, шетелдік сарапшылармен бірлесіп құбылмалы еңбек нарығында отандық 
кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кәсіптік-техникалық білім беру 
бағдарламасын одан әрі жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр. Кәсіпкерлер 
палатасы, әлеуметтік серіктестер де тыс қалып жатқан жоқ. Оқу бағдарламалары жаңартылды. 
Дуалдық оқыту жүйесі, модульдік оқыту бағдарламалары енгізілді. Модульдер бойынша 
студенттерді даярлау кезінде жауапкершілік сезіледі, себебі студенттерге әлемдік 
стандарттардың талаптарына сай білім беру қажеттігі туындайды. Бүгінде студенттердің 
деңгейі біршама көтеріліп келеді, ал оқуды бітірген соң олар өз ісінің нағыз шебері болады. 
WorldSkills Kazakhstan чемпионаты студенттер үшін өз білімдерін тексерудің ең жоғарғы 
деңгейі болып табылады. Бұл қозғалыс Қазақстанның кәсіптік-техникалық білімінің имиджін 
көтеруге бағытталған.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің міндеті де-уақытпен ілесе отырып, өз 
ісін білетін және жақсы көретін білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін 
WorldSkills стандарттарын құзыреттіліктер бойынша білім бағдарламаларына енгізу мәселесі - 
алда тұрған басты мақсат. Оқу бағдарламасын бітірген кездегі қорытынды сынақ, 
емтихандарды осы стандарттар мен ережелерге сәйкес демонстрация түрінде өткізу керек. 
С嬬бебі, өндірістегі техникалық өз¬геруге байланыс¬ты оқу мазмұны да өз¬геру керек. 
Мысалға: «кірпішті қалау құзіреттілігі» бойынша берілген өлшемде арка қалау, қабырғаға 
майлау, безендіру жұмыстарын жасау, тақтатаспен қаптау және гипсокартонан корпус 
тұрғызып, сылақ жұмыстарын жасау тапсырма ретінде беруге болады. Тапсырма міндетті түрде 
модульдардан тұрады. Әр модульді тиянақты, уақытында аяқтауды үйретуге керек. Уақыт 
үнемдеуді осыдан үйренеді. Модульдер CIS автоматтандырылған жүйесінде бағаланады. 
Бағалау критерийлері әр құзіреттілікке бөлек жасалады. 
Сонымен қатар, сабақ беретін арнайы пән оқытушылары мен оқу-өндірістік 
шеберлерінің білім деңгейін көтеріп, серіктес мекемелерден тағылымдамадан уақытылы өтіп 
отыруын қадағалау керек.
Құрылыс мамандықтарынан «құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «майлау және 
безендіру жұмыстары», «тақтатаспен қаптау» және «кірпішті қалау» құзіреттіліктері
чемпионатқа енгізілген. Әр құзіреттілік бойынша қатысушы студентке жетекші тағайындалады. 
Жетекшілер дайындықытың іс-шара жоспарларын құрып және колледжішілік чемпионат 


33 
тапсырмаларын талқылап бекітті. Қатысушы студенттің сонымен қатар, физикалық, 
психологиялық жағдайы да дұрыс болу керек. Себебі, чемпионатқа үш күн уақыт беріледі. 
Қатысушы шыдамды, психологиялық дайындықтан өткен болғаны жөн. Арнайы оқу 
кабинеттері мен шеберхана жасақталуда. Тәжірибе жұмыстары үшін әлеуметтік серіктес 
мекемелер алаңдары мен колледж шеберханаларында өткізіледі. Жалпы, дайындыққа 
әлеуметтік серіктестіктердің де ролі зор. Әлеуметтік серіктестер оқу орындары үшін жаңа 
мүмкіндіктерге жол ашады: қандай маман және қалай даярлау қажеттігі туралы ақпарат алу; 
мамандарды дайындау мазмұнында жұмыс берушілердің талаптарын ескеру; жұмыс 
берушілердің талаптарына жауап беретін жаңа оқу бағдарламаларын жасау, WorldSkills 
стандарты бойынша дайындау. Сондықтан да білім беру орны мен өндірістің кіріктірілу үдерісі 
–білікті мамандарды дайындауға жол ашады. Бұдан шығатын қорытынды: кәсіптік оқу 
орындарының әлеуметтік серіктестіктермен белсенді әріптестіктік әрекетін жүзеге асыру 
барысында әлемдік стандартқа сай маман даярлау мазмұны мен іс-әрекеттерді ұйымдастыру 
мазмұнына елеулі өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. 
Заманауи білім берудің негізгі басымдылықтарының бірі – қос бағытты білім беру жүйесі, яғни
оқу орны мен жұмыс берушінің әлеуметтік серіктестігі болып табылады. Білім беру мен
еңбек нарығы өзара тығыз байланысты: білім беру нарығы білім мен дағдыны игеру нарығы 
болса, еңбек нарығы – осы білімге ие адами ресурстардың нарығы. Әлеуметтік серіктестік 
жүйесі осы екеуінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешеді: оқыту мақсаттарын білім 
берумен ғана шектемей, білім алушыларды қажетті арнайы және WorldSkills стандартына 
сәйкес кәсіби дағдылармен қаруландырады.
Қазіргі таңда, мемлекет жастарымыздың болашығын бағдарлап, жаңашылдықты 
меңгертуді мақсат етіп, әлемдік деңгейден қалмай мамандықтардың сан салалы қырларын терең 
игертуге мүмкіндік бергені қуантады. «Worldskills» стандарттарын оқу бағдарламаларына 
енгізу - білім сапасын арттырудың бірден бір жолы. Осыған сәйкес төмендегідей ұсыныстар 
беруге болады: 
Оқу орнының материалдық-техникалық базасын, зертханаларын, шеберханаларын 
WorldSkills стандартының инфрақұрылымдық парақтарына сәйкес қазіргі заманғы 
технологиялық жабдықтармен жаңарту; 
Қорытынды 
аттестация, 
диплом 
жұмыстарын 
WorldSkills 
стандартының 
критерийлеріне сәйкес демонстрациялық емтихандар түрінде өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет