АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ – АҮМ № 8 (98) Кредит саны –2 Практикалық сабақ
Пән: Қазақ тілі
Деңгей – орташадан жоғары
Лексикалық тақырып: Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі.
Грамматикалық тақырып: Сын-қимыл бағыныңқы сабақтас.
Оқытушы: Роза Абдрахмановна Хайрлиева
1-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінге жоспар құрыңыз.
Еліміздің ертеңі – жастардың еншісінде
Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Жастардың білікті маман, озық ойлы азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін жүйелі білім беру керек. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдегі бәсекеге – әлемдік деңгейде білім беретін оқу орындарына білікті кадрларды дайындауды міндет етіп қойды. Жоғары білімді, кәсіби тұрғыда білікті мамандардың өз кәсібін толық жетік меңгеріп, қоғамдағы экономикалық өзгерістерге, техника мен технологияларға ғылыми негізде баға бере алатын дәрежеге жетуге міндетті.
Абай атаның: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым деген демектің бәрі де – ақымақтық» деген нақылы, қазіргі жастардың білімге деген құштарлығын арттыруға үндегендей. Халқымыздың арасында бар ғұмырларын өз халқына арнаған, оған адал еңбек еткен мақтаныш тұтар ұландары жеткілікті. Отансүйгіштік – мемлекеттік қызметшінің ең негізгі мақсаты болуы тиіс. Н.Ә. Назарбаев саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге: «Өзіне берілген билікті меңгере білу, өз қара басыңды емес, қызмет етіп отырған қоғамның игілігін ойла, халық сенімін жоғалтпай басқару, қызметте кәсібилікті сақтаңыздар» деген болатын. Ал жастарға: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер Тәуелсіз елде өмірге келдіңіздер, ер жетіп келесіздер. Жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңіріңіздер» деген болатын.
Жастар барлық мүмкіндіктерінше қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өздерін оқшау ұстамауы тиіс. Олар – елдің келешегі, мұрагері. Бүгінгі аяқталмай жатқан істі мәреге жеткізетін солар. Саяси өмірге араласып, қоғамдағы барлық іс-шараға араласулары заңды. Дарындылықтың ең басты белгісі – білімділік пен қабілеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |