73
Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани,
азаматтық және басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке
тұлғасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре
отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім
қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Жобалау
әдісі бойынша
өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп,
дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал
жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді.
Жобалау технологиясы қазіргі таңдағы білімнің мақсат, міндеттеріне
сәйкес табиғаттың
шынайы заңдылықтарын танып білуде мәселені өзіндік жоспарлап жоба ретінде шешімін
табады. Бұл технологияның оқу процесіндегі ерекшелігі өз жобасын құрып, әрекетін
ұйымдастырып шығармашылықпен айналысуында.
Қорытындылай келе, бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі
жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы
мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Бастауыш мектеп оқушыларының
өзінділігі, тыңғылықтылығы мен ойлау вариативтілігі олардың «Интеллектуалдық жетілуін»
көрсетеді [4]. Оқушылармен жұмыс жасау барысында жобалау әдісін
қолдану өзін-өзі таныту
деңгейін арттырады, балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне сирек жүгінеді. Оқу
орындарының гуманитарлық бөлімдерінде жобалап оқыту технологиясы негізінде меңгерту,
біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық
қабілеттерін заманауи талаптарға
сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің
оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту
үдерісінің үш мақсатын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың шарты болып
саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде
дамуына тірек
болады [5]. Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар
шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған
міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу
мәдениетіне үйренеді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық
жағынан дұрыс құруға ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: