Түсінік хат «Жас математик»



бет1/2
Дата27.03.2023
өлшемі26,51 Kb.
#76516
  1   2

Түсінік хат
« Жас математик» - бастауыш сынып оқушыларына арналған бағдарлама . Бағдарламада оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру көзделіп отыр.
Берілген құрал бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғушылығын дамытуға жағдай жасай отырып,баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптыстырады. Ұсынылған құралмен жұмыс жасау кезінде баланың бойындағы қорқыныш пен қате жасап қоямын-ау деген мазасыз ойлар төмендейді де,сенімділік пен тұрақтылық дамиды.
Математикалық сабақ берудін қажетті формасы(факультатив сабақтары) ретінде жүргізіледі. Өзіндік жұмыстар баланың ойлау қабілетіне, бақылау жұмыстарына, сонымен қатар оның танымдық белсенділігінің артуына бағытталады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында ең алдымен, жеткілікті көлем, жүйелілік және мақсаттылық болуы керек. «Жас математик» факультативі оқушының білімін кеңейту және тереңдету,олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақ.
Тапсырмалар баға қоюға емес ,оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару , елестету , есте сақтаудың түрлері ,сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау.
Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір –біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой- өрісін дамытып қана қоймай , оны байқағыштыққа , шапшаңдыққа , ойын дәлелдеуге де үйретеді, әрі оны жалықтырмайды.
Мақсаты:
- математика пәні бойынша білім берудің сапасын қалыптастыру , жеке тұлғаны заман талабына сай дамыту;
-оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы мүмкіндіктерін білу ,

  • логикалық ойлау қабілетін арттыру;

  • елестету , есте сақтау және сұрыптау зейінін дамыту;

  • байқағыштыққа, шапшаңдыққа ,ойын дәл айтуға үйрету;

Міндеті:
- оқушылардың даму деңгейін анықтау ,

  • оқушылардың қиялын , зейінің , жадында сақтауын жетілдіру,

  • математика пәнінен алған білімдерін қолдана білуге машықтандыру .

  • түрліше тәсілдер мен жұмыс жасай отырып,алған білімдерін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет