Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет46/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

4. Сыни ойлау технологиясы
- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін 
талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі 
айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни тұрғыдан ойлау 
технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның 
қағидаларында,яғни, стратегияларында. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-
тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар 


94 
оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-
жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. 
Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.«Сыни тұрғыдан 
ойлау дәлелдерді немесе сөйлемдер мен пайымдауларды бағалаудың тәртіпке келтірілген ойлау 
қызметі болып табылады, бұл ұстанымдарды дамытуды және шешім қабылдауды бағыттай 
алады» Эннис (1992). 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой 
толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Техникалық сызу сабағында сын тұрғысынан ойлау 
технологиясының келесі әдіс-тәсілдері қолданылады, алты қалпақ әдісі, ТРИЗ, Блум 
таксаномиясы, ТНАОҚ (Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы), миға шабуыл, ойлау 
карталары т.б. 
5. Ақпараттық-коммуникативті технологияның
негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі 
қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде компьютер құралдарын қажетті деңгейде 
пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Білім беруде, қазіргі заман талабына сай электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды 
пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік 
береді. Ақпараттық-коммуникативті технологияларды сабақта пайдалану кезінде оқушылар 
бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. 
Сонымен қатар ақпараттық-коммуникативті технология құралдарымен жұмыс істеу барысында 
оқушылардың оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы,тапсырмаларын қиындық деңгейі 
бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу 
қызметінен де байқалады.
Мен техникалық сызу пәнінен сабақ беру барысында танымды презентациялар жасау 
арқылы оқушылардың зейіні мен таным процессін оятуға тырысамын, себебі кеңістіктегі 
фигуралардың өлшемдерін дәстүрлі әдіспен түсіндіру тиімділігі төмен, әрі қолайсыз. Сонымен 
қатар әр түрлі тесттік бағдарламалар, тапсырмалар орындау кезінде оқушылардың тақырыпты 
меңгеруі жайлы дайын деректерге сүйенемін, сонымен қатар оқушылардың үлгерім 
динамикасын бақылай аламын. 
Жаңа ақпараттық-коммуникативті технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі: 
-Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; 
-Ақыл - ойын дамытады; 
-Шығармашылық белсендігін арттырады; 
-Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; 
-Тіл байлығын жетілдіреді
Қорыта айтқанда
, инновациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның 
нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе
жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты
қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ
оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын 
көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет