Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет54/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

«Мари Монтессори 
педагогикалық жүйесінен»
алуға болады. 
Инклюзивті білім беруде экономика сабағындағы ерекше пайдаланылатын тағы бір әдіс 
ол
- «Сәйкестендіру».
Суреттерді мағынасына қарай «қазір-кейін» деп жұптастыру болып 
табылады. Тапсырманың ерекшелігі мұнда «қате» және «дұрыс» деген жауап жоқ. Барлық 
жауап дұрыс. Тек өз ойларын нақты жеткізіп, дәлелдеп шығу қажет.Тапсырманың 
мақсаты:ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сыни әрі логикалық ойлау қабілетін 
дамытуға бағытталған. Әр адамның ойлау қабілеті әртүрлі болғандық бұл тәсілде «қате» және 
«дұрыс» деген жауап болмайды. Мысалы қаріз-жаңбыр болса, кейін- жер балшық болады. 
Тіршілік нәрі су болса, одан жеміс – жидек өсіп шығады деген сынды пікір қалыптастыру. 
Қорыта келгенде, мемлекетіміздің әрбір азаматы ол ұлттық құндылық болып табылады. 
Әр бала еліміздің ертеңі екенін ескеретін болсақ, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар 
оқушылар, студенттер сапалы білім алып шығуына жағдай жасау біздің басты міндетіміз. 
Әдебиеттер 
1.
Б.Б. Келгембаева «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТӘЖІРИБЕСІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» ғылыми-әдістемелік семинарындағы мақаласы. 2015 жыл [1] 
2.
Б.Б. Келгембаева «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТӘЖІРИБЕСІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» ғылыми-әдістемелік семинарындағы мақаласы. 2015 жыл [2]. 
3.
Аутаева А.Н . Жумашева Н.Ж «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ» мақаласынан 2017жыл [3]. 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТКІШІ 
Лекерова Гүлшат Алиқызы 
Ақтау есептік-технологиялық колледжі 
Инклюзивті білім беру – теңдік қатынас орнату.
Инклюзивті білім беру – еліміздегі 
білім беру жүйесіндегі ұтымды саясат. Аталған білім беру жүйесіне әлем ғалымдары мынадай 
анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік 
бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын 
кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың педагогикалық және 
әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді 
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. 
[1]
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар 
балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. 
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, 
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше 
қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт 
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының 
балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың 
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан 
Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 
Заңдарында, 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - 
барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене 


112 
қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 
мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
 
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне,
географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-
экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту 
мүмкіндігіне ие болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет