Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет201/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Күтілетін нәтиже: 

педагогтардың біліктілігі мен кәсіби құзыреттілік деңгейі көтеріледі;



мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық қызметі жетіледі;

жаңа инновациялық технологияларды меңгерген, жаңашыл педагогтарды қалыптастыруға 



бейімделген дамытушы білім ортасы құрылады

мектепке дейінгі ұйымдарының  білім беру үдерісінің мазмұны жаңғырады. 




290

«Инновациялық қозғалыс» 

жобасы аясында ашылған инновациялық орталықтар 

Аталған  инновациялық  орталықтар  әрбір  оқу  жылына  арналған  облыстық  әдістемелік 

кабинеттің  келісімімен  бекітілген  жұмыс  жоспары  бойынша  тәжірибе  жүргізуде.  Балалардың 

өзін-өзі  дамытуға,  тәрбиелеуге,  зейінін,  ойлау  қабілетін,  даралығын  дамытуға  негізделген 

Талдықорған қаласындағы №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы «М.Монтессори әдістемесі» 

бойынша  дидактикалық  дамытушы  құралдармен  жабдықталған  технологияны  іс-тәжірибеде 

қолдануда. 

Баланың жинақтылығын, дене бітімінің жас ерекшелігіне сай дамуына ықпал ету, денсаулығын 

нығайту, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары негізінде бірқатар мектепке дейінгі ұйымдар 

денсаулық  сақтау  технологиясын  қолдануда.    Денсаулық  сақтау  технологиясымен  сапалы 

жұмыс жасап келетін балабақшалардың бірі №2 ясли-балабақшасының материалдық базасы 

дене  шынықтыру  залы,  әр  топта  жасақталған  денсаулық  бұрышы,  балабақша  аумағындағы 

спорт алаңы, жалаң аяқ жүру, салқын сумен барлық жыл мезгіліне шомылу жолдары аталған 

технология бойынша жұмыс істеуге бірден-бір септігін тигізіп отыр. [3]

Сондай-ақ, баланы өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу, сыни ойлау қабілетін 

арттыруға  бағытталған  ТРИЗ  технологиясын  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  қолдануды 

негізге алып отырған Талдықорған қаласы №7  балабақшасы да облыс көлемінде ашық есік 

күндері мен шебер класстар көрсетіп тәжірибеде қолдану тиімділігі мен нәтижесін көрсетуде. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  психологтық-дәрігерлік-педагогикалық  қолдауды  іске  асы-

ру  және  инклюзивті  білім  беруді  орындау  арқылы  тең  құқылы  тұлға  болуға  мүмкіндік  жасау 

мақсатында Талдықорған қаласы №11 «Құлыншақ» балабақшасында көз қитары бар балаларға 

арналған 4 арнаулы тобы жұмыс істейді. Бұл арнаулы топтарда заманауи медициналық құрал 

жабдықтармен қамтамасыз етіліп, балалармен дәрігер мамандар, тәрбиеші-педагогтар түзету-

дамыту, сауықтыру жұмыстарын жүргізіп, іс-тәжірибелерімен аудан, облыс көлемінде таратуда. 

Талдықорған қаласындағы №45 «Арман» балабақшасының педагогтары 2015 жылы Санкт-

Петербург  қаласында  өткен  «Н.Зайцев  әдістемесінің  ерекшеліктері»  тақырыбында  автор 




291

Н.Зайцевтың ұйымдастыруымен арнайы курсына қатысып, әдістеме бойынша толық мәлімет алып, 

қазіргі таңда балабақшада сертификатталған мамандар жұмыс істеуде. Зайцев технологиясы 

бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту қағидасын ұстана отырып, балалардың дыбыстарды 

дұрыс  айтуға,  санауға,  байланыстырып  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға  бағытталса, 

Талдықорған қаласы №3 «Балбөбек» және Панфилов ауданы «Арай» балабақшалары «Тәй-

тәй технологиясы» бойынша балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін 

дамытуға қажетті заттық дамытушы ортасы құрылған, кіріктірілген оқу қызметтерін жүргізудегі 

тиімділігін тәжірибе барысында көрсетуде. 

Инновациялық  орталықтарда  аталған  технологияларға  негізделген  заттық-дамытушы 

орталар құрылып, оның қолжетімділігі және қауіпсіздігі ескеріліп, балалардың жан-жақты дамуына 

бағытталған  түрлі  іс-шаралар  өткізілуде.  Білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбиеші-педагогтар 

қолданып  отырған  инновациялық  технологияларды  енгізудің  маңыздылығы  мен  ерекшелігі 

және белсенділік орталықтарында оқу қызметін кіріктіріп өтудегі тиімділігі бойынша аудан, қала, 

облыс көлемінде оқыту және тәжірибе тарту семинарларын өткізіп іс-тәжірибелермен бөлісуде. 

Инновациялық әдістемелік орталықтардың іс-тәжірибесінен «Тәжірибе, инновация, болашақ»  

жинағы жарық көрді. 

Облыстағы мектепке дейінгі ұйым педагогтары аталған орталықтармен үнемі тығыз байланыс 

жасап,  жоспарлы  түрде  ұйымдастырылатын  облыстық,  аймақтық  семинарлар,  ашық  есік 

күндері, шеберлік сынып, панелді сессия т.б. іс-шараларға қатысып, олардың өз тәжірибелерін 

шыңдауға мүмкіндіктер  жасалған.  

Мектепке дейінгі білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды сараптай 

келе, мынадай тұжырым жасауға болады: 

-  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  және  дамыту  бағытында 

инновациялық  технология  түрлері  сан  алуан,  оларды  таңдау  және  одан  шығатын  нәтиже 

педагогтың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты

-  инновациялык  технологияларды  енгізу  жүйелі  әрі  мақсатты  түрде  жүргізілгенде  ғана 

жетістіккке жетуге болады

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында ұйымдардың материалдық-

техникалық базасының бүгінгі талапқа сай болуы.

Тәрбиеленушілердің  білімге  деген  қызығушылығын,  талпынысын  арттырып,  өз  бетімен 

ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу - жас ұйымның алдына қойған мақсаттарының 

бірі. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады.

Сондықтан да, қазіргі балабақшадағы тәрбие мен оқытуға арналған инновациялық қызмет 

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы 

болып отыр. Педагогикалық инновация, бұл – даму, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, 

сонымен  қоса  мақсаттар  мен  мазмұнды,  формалар  мен  әдістерді  жетілдіруге  негізделген 

өзгерістер. 

Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйым педагогтары еліміздің ертеңін тәрбиелеуде өркениетті 

қоғамға сай жеке тұлға қалыптастыруға ат салысуда. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет