шығармашылық, ізденіс.
289
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС:
ІЗДЕНІС ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Р. Қ .Тумаева
Алматы облыстық әдістемелік кабинеті, Талдықорған қ.,
tumaeva.78@mail.ru
Білім беру саласында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, өскелең ұрпаққа тәрбие
мен оқыту ісі елімізде қарқынды түрде жүріп жатқан инновациялық қозғалыс жағдайында жүзеге
асып келеді. Қазіргі жаңартылған білім беру жүйесінде әдіс-тәсілдерді, оқытудың технологиясы
мен формасын таңдау – педагогтың өзін-өзі шыдауына, шығармашылықпен жұмыс жасауына
жол ашса, екінші жағынан, бұл педагог жұмысының жоғары кәсіби деңгейде болуын талап етеді
[1].
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тиімді қолданудың өзектілігі
оқытудың тиімділігін, сапасын арттыру, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, тәрбие мен оқытудың
бірлігін ұштастыру, баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, өз бетімен
әрекеттену әдістерін меңгерту, жүйелі жұмыс істеуді, оқу үрдісін сезінуін және жоғары деңгейде
ойлана білуін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының оқыту әрекетінің сапасы тек
педагогикалық ұжымның алдына қойған мақсат пен міндеттеріне ғана емес, сол мақсаттарды
жүзеге асыратын педагогтардың кәсіби құзыреттілігіне байланысты. Білім берудің жаңару
жағдайында педагог мәртебесі, оның білім беру қызметтерінің түбегейлі өзгеретінін атап өткен
маңызды. Педагогтың кәсіптік-педагогикалық біліктіліне, кәсіпқойлық деңгейіне қойылатын
талаптар да өзгеруде. Қазіргі кезде шығармашыл, білікті, машықтарын дамытуға, өзінің тұлғалық
әлеуетін жұмылдыруға, сондай-ақ инновациялық режимде жұмыс істеуге қабілетті педагог
әрқашан сұранысқа ие [2].
Осындай игі бастаманы жүзеге асыруда мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру, әсіресе жаңадан ашылған мемлекеттік және жекеменшік
балабақшалардың, мектеп жанындағы шағын орталықтар тәрбиешілеріне әдістемелік көмек
беруде жаңашыл әдістемелерді енгізу мен таратуда әдістемелік қолдау көрсету, шығармашыл
тұрғыда жұмыс жасайтын педагогтардың жағымды педагогикалық тәжірбиесін айқындау,
жалпылау және тарату мақсатында «Инновациялық қозғалыс» жобасы әзірленді.
Міндеттері:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына инновациялық технологияларды енгізу арқылы
білім беру үдерісін
жаңғырту;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру,
әлеуетін дамыту;
педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын инновациялық қызметке тарту;
озық инновациялық тәжірибені жалпылау, тарату.
Достарыңызбен бөлісу: