Сборник материалов V международной научно-практической конференции


Түсіну:  Мәтіннің мазмұнын қысқа тұжырымды сөзбен, аннотация  ретінде айтып беру Пайдалану



Pdf көрінісі
бет269/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Түсіну:  Мәтіннің мазмұнын қысқа тұжырымды сөзбен, аннотация  ретінде айтып беру

Пайдалану: Өз білімін пайдалану – мәтінегі сөздердің  семантикалық немесе грамматикалық 

класын білдіретін шартты белгілері яғни маркерленген сөздер 



Талдау  (анализ):  мұнда  барлық  тілдік  деңгейдегі  тілдік  элементтерін  стильдік  мазмұнын  

толық бағалау керек. Мысалы, ұйқас, ырғақ, алитерация, ассонанс,  образдылық,  стильдік, т.б. 



Жинақтау  (синтездеу):  Барлық  талдаулардың  жиынтығы.  Алынған  нәтижелердің 

қорытындысы



Бағалау:  Автордың    өзіндік  қолтаңбасы,  жеке  тілдік  мәнерін  және  тілдік  құралдарды 

пайдаланудағы шығарманың ерекшелігі анықталады.

Критериалды  бағалау  дегеніміз  не?  Оның  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  қандай? 

Критериалды бағалау оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты 

орнатып,  оқушылардың  сенімсіздіктерін  жойып,    мүмкіндіктерін  арттыруға  жол  ашатын 

критериалды бағалау болып табылады.

Критерий  -  оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер,  атап  айтқанда,  оқушылар 

жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалды бағалау - оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, нақты анықталған, 

ұжыммен бірге әзірленген, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, мектеп 

әкімшіліктері, ата-аналар, заңды өкілдер және т.б.) түсінікті, білім алушылардың оқу-танымдық  

құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін бағалаудың түрі. 

Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету 

үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында 

мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл 

балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді [1].

 Критериалды бағалаудың негізгі принциптері (әр нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмасының 

нәтижесі  қалай  көрінетіні  туралы  жақсы  түсінік  береді  және  де  белгілі  бір  мақсатқа  жетуге 

оқушылардың көзқарас дәрежесін анықтау сияқты  түсінік қалыптастырады.

Сонымен  қатар,  критериалды  бағалау  формативті  және  суммативті  бағалауға  бөлінеді. 

Формативті  бағалау  әр  сабақта  және  күнде  жүргізіліп  тұрады.  Оқыту  үшін  бағалау  бұл  білім 

алушылар  өздерінің  оқудың  қандай  сатысында  тұрғанын,  қандай  бағытта  даму  керек  және 

қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері 

қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы 

тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін 

бағалауға  тартылуы  мүмкін  және  мұғалімдер  бағалауды  белсенді  жүргізген  кезде  оқушылар 

белсенді қатысуы керек. Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін 

бақылап  отыруға  мүмкіндік  береді.  Формативті  бағалаудың  келесі  бір  әдістері  бақылау,  тест, 

үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл 

жұмыстың  мақсаты  оқушылардың  белгілі  бір  тақырып  төңірегіндегі  білім  деңгейін  тереңдете 

түсуі [2]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет