Аңдатпа. Бұл мақала ХХІ ғасырдағы білім берудің өзіндік үлгісінің қалыптасуы, білім
берудегі басты мақсат бірінші орынға шәкірттің білігі мен дағдысы емес,оның тұлғасын, білім
арқылы дамуының қойылып отырғандығы туралы. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден
мектептерде оқушыларға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі
әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар,
оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың
жаңа технологиясын қолдануды талап етеді.
Сондықтан білім беру үрдісінде ұстаздар үнемі алуан түрлі формалар мен әдістерді қолдануда.
Автор инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барысында пән
мұғалімдерінің ой-өрісін кеңейтіп,кәсіби деңгейін көтеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге,
жаңашыл ойларды кеңінен пайдалануға және оқушыларға білім беруді жаңашылдық тұрғысынан
жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігіне тоқталады. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен
өткізуде, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық технологиялар әдіс- тәсілдерімен
бөліседі.Оның ішінде білім мен біліктілік сапасын арттыру мақсатында инновациялық
технологиялардың тиімділігі, баланы ғылым негіздеріне жүйелі зерделеуге дайындауда, оқуға
ынтасы мен білімін дамытудағы маңызы туралы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |