Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет391/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

 - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан - жақты 




566

білім  алуына,  іскерлігі  мен  шығармашылығын  еркін  дамытуға  жол  ашатын  педагогикалық  - 

психологиялық жағдай жасауында. Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық 

тапсырмаларды  орындау,  мәтіндермен,  жаңа  сөздермен  түрлі  жұмыстар  жүргізуде,  сөздерге 

талдау  жасауға,  уақытты  үнемді  пайдалануға,  оқушылардың  ынтасын  арттыруға  қажетті  әрі 

пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда 

да компьютерлік технологияның үлесі зор.[4]

V. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Дарындылық  —  адамның  өз  бейімділігі  арқылы,  шығармашылықпен  жұмыс  істеу  арқылы 

қалыптасатын қасиет. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық 

жұмыста  өзінің  қабілетін  іске  асыруға  дайындығын  қалыптастыру.  Ал  мақсатқа  жету  -  оқу 

бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы 

жүзеге асады.[5]

VІ.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  білім  беру  және  оқыту. 

Еш  нәрсеге  бейімділігі  жоқ,  қабілетсіз  бала  болмайтыны  педагогикада  дәлелденген.  Жалпы 

шәкірт  бойына  білім  нәрін  сіңіруде  ең  бастысы  оқушының  жас  ерекшеліктерін  ескеру  қажет. 

Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану 

- бұл мұғалімнің жан - жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді[6]. 

VІІ. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы  заманғы  кез  келген  оқыту  технологиясы  оқу  процесін  ұйымдастыру  кезеңінде 

технологияның  бар  мүмкіндіктерін  үнемі  шығармашылықпен  пайдалану  қажеттілігіне  көңіл 

аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну 

керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай 

мақсат қойдым:

- заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған 

жеке тұлға қалыптастыру.[7]

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

- өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін 

сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  иллюстрация,  техникалық  құралдарды,  дидактикалық  материалдарды 

пайдалану.  [8]    Мұғалімнің  осы  шығармашылық  әрекеті  арқылы  оқушының  шығармашылық 

қабілеті  қалыптасады.  Ал,  көшбасшылық  қабілеттер  шығармашылық  елес,  шығармашылық 

ойлау  арқылы  жүзеге  асады.  Оқушыны  шығармашылық  ойлауға,  жылдамдыққа,  икемділікке, 

тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. 

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр 

құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл мұғалім ғана бұл жұмысты атқаратыны белгілі.[9] 

Критериалды  бағалау  жүйесін  өз  тәжірибемде,  мысалы    10  сыныпта  «Электролиттердегі 

электр тогы» тақырыбынан үзінді: [10,11]

«Блум таксономиясы» бойынша 

1. 


«Білу»

  -  Металдардағы  және  жартылай  өткізгіштердегі  электр  тогы  –  салыстырмалы 

кесте толтыру

2. 

«Түсіну»  -  Жаңа  материалды  түсіндіру  Электролиздің  техникада  қолданылуы 



хабарламаларды тыңдау. Видеороликті қарау Глоссариймен жұмыс.

3. 


«Қолдану»  -

  Сабақтың  мақсаттарын  есіне  түсіру,  жетістік  критерийлермен  таныстыру. 

Оқушылар жұппен бірге, кітаппен жұмыс жүргізеді. Орындарын ауыстырып бір- біріне түсіндіреді. 

4. 

«Талдау»- Есептерді шығару – жұппен жұмыс. Пазл жинау – есептің шартын, шығарылуына 



сәйкестендіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет