Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет439/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

К.Ж. Нурмуханова

С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университеті, г. Астана,  k.nur.agun@mail.ru

Мемлекет басшысының елбасының Казахстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция 

жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  жолдауында  бәсекеге  қабілетті  АӨК 

мамандарын білім беруде жаңа технологияларды енгізу арқылы даярлау бағытында  аграрлық 

университеттердің рөлін қайта қарау міндеттерінің өзектілігі көрсетілген. Сонымен қатар елбасы 

оқытудың  мазмұндылығы  заманауи  техникалық  тұрғыдан  қолдау  көрсету  арқылы  үйлесімді 

түрде толықтырылуы тиіс екендігін, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту қажеттілігін, орта 

мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары 

мен видеолекцияларының Интернетте орналастырылуы және бұл барлық қазақстандықтарға, 

оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге 

жол ашатынын атап көрсетті[1].

Осы бағыттар бойынша жұмыс жасау мақсатында жоғары оқу орындарында қашықтықтан 

оқыту технологияларын қолдануды одан әрі дамыту және жетілдіру оқумен шет аймақтарды 

қамтуға,  оқу  шығынын  азайтуға  мүмкіндік  береді.  Агротехникалық  жоғары  оқу  орындарында 

қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану күндізгі оқу бөлімін, көп жағдайда сырттай, аралас 

(пәннің  ерекшеліктеріне  байланысты  кейбір  пәндер  дәстүрлі  түрде,  екіншілері  қашықтықтан 

оқытылады) оқытуды толықтыруға мүмкіндік туғызады.

Зерттеу мақсаты – агротехникалық жоғары оқу орындарында бакалаврларды қашықтықтан 

оқыту  технологиялары  негізінде  даярлаудың  ұйымдастырушылық-педагогикалық  шарттарын 

анықтап, тиімді жүйе құру арқылы қолданудың тиімділігін көрсету.

Қашықтықтан  оқыту  технологияларын  қолдану  –  жоғары  білім  беру  жүйесін  дамытуда 

бакалаврларды даярлау тиімділігін арттыру саласының маңызды стратегиялық бағыттарының 

бірі  болып  табылады.  Бүгінгі  күні  жоғары  білім  беру  жүйесінде  қашықтықтан  оқыту 

технологиялары арқылы оқыту өзінің жетілу кезеңінде. Агротехникалық жоғары оқу орындарында 

бакалаврларды даярлау педагогикалық және техникалық ғылымдар жетістіктерін енгізу, тиімді 

оқыту қызметін, тәуелсіздік, ұтқырлықты қамтамасыз ететін ақпараттық және коммуникациялық 

технологияларды ұсыну сияқты оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіруге ерекше көзқарасты 




646

қажет етеді. Қашықтықтан оқыту технологиялары жоғары білімнің үздіксіз және біртұтас сипатын 

қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Өз еңбектерінде қашықтықтан оқыту түсінігінің мәнін аша отырып А.А. Андреев оны дәстүрлі 

технологиялармен қатар жаңа ақпараттық технологиялар және негізгі оқу материалын жеткізу, 

оны өздігінен оқып үйрену, оқытушы мен білім алушылар арасында ақпарат алмасуды жүзеге 

асыратын  оқытудың  техникалық  құралдарын  пайдаланатын  оқыту  формасы  деп  есептейді, 

сонымен  қатар  оқыту  үдерісі  олардың  кеңістікте,  уакыт  өлшемінде,  белгілі  бір  білім  беру 

мекемесінде орналасуына шектеу қоймайды [3]. 

Е.С. Полат, М.Ю. Бухаркина и М.В. Моисеева ақпарттық

 

технологияларды оқыту құралдары 



деп есептей отыра, олардың білім алушыға ақпарат жеткізуге қажет екендігін, сонымен қатар 

ақпарат іздеу, білім беру, коммуникативтік, желілік сияқты дидактикалық функцияларын да атап 

көрсетеді [4].

Қашықтықтан  білім  беру  технологиясы  және  қашықтықтан  оқыту  технологиясы  түсініктері 

О.Б.  Дударева,  Т.В.  Таран  сынды  зерттеушілердің  ғылыми  еңбектерінде,  «белгілі  бір  білім 

массивін өздігінен, бірақ бақыланатын меңгеру үдерісінде білім алушымен әрекеттесу құралы 

және әдістер, формалар жиынтығы» есебінде қарастырылады [5]. 

Н.А.  Панарина  ғылыми  еңбегінде  қашықтықтан  оқыту  технологиясы  анықтамасы  «оқу 

пәндері  мазмұнының  жедел  және  үздіксіз  жаңартылуына  мүмкіндік  беретін  ақпараттық  және 

телекоммуникациялық  құралдарға  негізделген,  сонымен  қатар  белгілі  бір  білім  алушының 

қажеттілігіне жауап беретін технология» ретінде тұжырымдалған[6].

Қарастырылған анықтамаларды зерделеп, талдай отырып, қашықтықтан  білім беру түсінігіне 

түрлі жағдайларға байланысты әр түрлі көзқарас қалыптасқанын байқауға болады, дегенмен 

қашықтықтан  оқытудың  педагогикалық  технологиялары,  қашықтықтан  оқыту,  қашықтықтан 

оқыту технологиялары ортақ білім беру технологиялары белгілеріне ие . 

Бүгінгі күні жоғары білім беруде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруда  аса зор теориялық 

және практикалық тәжірибе жинақталған. Қашықтықтан оқытудың әдіснамасы мен дидактикасын 

жасауда А.А.  Андреев, Дж. Баат, В.П. Демкин, А.М. Долгоруков, М.П. Карпенко, Е.С. Полат, 

С.Н. Рейд, Б. Робинсон, В.П. Тихомиров, Э.Г. Скибицкий, В.И. Солдаткин, А.В. Хуторской, С.А. 

Щенников және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосқан.

Дидактикалық  қамтамасыз  ету  мәселелері  отандық  ғалымдар  Е.Ы  Бидайбеков,  В.В. 

Егоров, М.Б. Есбосынов, К.С. Мусин, Г.К. Нургалиева және тағы басқа ғалымдардың ғылыми 

еңбектерінде жарық көріп, терең ашылған.

Соңғы  он  жыл  аралығында  қашықтықтан  оқыту  жағдайында  білім  алушылардың  оқу-

танымдық  іс-әрекетін  жетілдіру  мәселелері  Б.К.  Султанова  (2007),  А.О.  Алиева  (2010),  М.И. 

Кожамбердиева (2010), Г.С. Джузбаева (2010), Н.С.Асматуллаева (2010) және т.б. еңбектерінде 

айқындалған.

Қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастырудың  технологиялық  және  әдістемелік  негіздері, 

қашықтықтан оқыту жағдайында студенттерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыру бағыттары 

Е.С. Ибышева (2008), Ж.Р. Жамашевой (2009), А.Н. Сакаевой (2009), Д.Е. Бидайбекова (2010), 

М.К. Нургалиева (2010), И.В. Бордияну (2011), т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Оқытушылардың  қашықтықтан  оқыту  бойынша  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастыру 

мәселелеріД. Д. Джантасова (2010), Т.К.Туенбаева (2010), Б.Ж. Нурбеков (2010) зерттеулерінде 

қарастырылып, анықталған.

Аталған авторлардың зерттеулері, тұжырымдамалары, қорытындылары қашықтықтан оқыту 

туралы түсінікті барынша кеңейтіп, білім беру мен зерттеу сипатындағы ақпараттарды алудың 

мейлінше жетілдірілген тәсілдерін құруға мүмкіндік беретін,  оқытудың және оқытудың оқытудың 

тұлғалық-бағдарланған  әдістемесін  қамтамасыз  ететін,  қазіргі  заманғы  құралдар  мен  іздеу, 

білімді меңгеру мен басқару әдістерін ұсынатын жаңа (инновациялық) оқыту технологиялары 

ретінде қабылдауға алып келді.

Жоғарыда  келтірілген  аргументтер  педагогика  ғылымы  мен  тәжірибесінде  қашықтықтан 

оқытудың  ғылыми-теориялық  негіздерінің  айтарлықтай  деңгейде  зерттеліп,  жасалғанының 

айғағы  болып  табылады.  Бұл  өз  кезегінде  Қазақстанның  көптеген  жоғары  оқу  орындарында 

қашықтықтан  оқыту  технологияларының  кеңінен  қолданылуына  оң  әсерін  тигізді.  Олардың  

ішінде Аль-Фараби атындағы Казақ мемлекеттік университеті, К. Сатпаев атындағы Казақ ұлттық 

техникалық  университеті, 

Серикпаев  атындағы 

Шығыс


-Казахстан  мемлекеттік  техникалық 

университеті,  Е.А.  Букетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  және  т.б.

  ірі  оқу 



647

орындарымен тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.  

Отандық жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытудың дамуында белгілі бір жетістіктерге 

жетті, дегенмен агроөнеркәсіп кешендерін цифрландыру жұмыстары белсенді іске асырылып 

жатқан  кезеңде  техникалық,  ауылшаруашылық  салаларының  мамандықтары  бойынша 

мамандар  даярлауда  қашықтықтан  оқыту  технологияларын  қолдану  тиімділігін  жетілдіру 

кажеттілігі байқалады. 

Сонымен,  қарастырылған  зерттеулердің  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  агротехникалық 

жоғары оқу орындарында мамандар даярлауда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануды 

жетілдіру  қажеттілігі  анықталды.  Сырттай  оқыту  бөлімінде,  сонымен  қатар  күндізгі  оқыту 

бөлімінде (эксперимент бойынша) мамандық, пән ерекшеліктерін ескере отырып қашықтықтан 

оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру және жүргізу бәсекеге 

қабілетті  аграрлық  сала  мамандарын  сапалы  даярлауды  қамтамасыз  етуге  септігін  тигізеді, 

Аталған технологияларды одан әрі дамыту және жетілдіру Казахстан Республикасының жоғары 

білім беру жүйесінің интеграциясына өз үлесін қоса отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне жол 

ашады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет