Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет610/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   674
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ 

БАҒЫТТАУШЫ СҰРАҚ ҚОЮДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

Ж.Қ. Қуанова 

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы, zhumaziya01@mail.ru 

Қазіргі  таңда  елдің  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуында  автоматтандырылған  және 

ақпаратты  технологиялардың  алатын  орны  ерекше.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2011  жылғы 

Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» 

әрбір қазақстандықтың кредосына айналу керек» деген болатын. 

Сабаққа  қойылатын  талаптардың  бірі  –  сабақтың  барлық  кезеңдерінде  оқушылардың 

танымдық  қызметін  жандандыру  мақсатында  оқытудың  әр  алуан  әдістері  мен  тәсілдерін 

пайдалану.  Оқушыларға  кез-келген  бірыңғай  ықпал  ету,  яғни  бірсарынды  сабақ  беру  немесе 

түсіндіру  олардың  ынтасының  ыдырауына,  енжарлыққа  алып  келуі  мүмкін,  олар  сабақта 

алаңдайды,  мұғалімнің  ақпаратын  қабылдамайды.  Сондықтан  да  әрбір  сабақта  оның  әрбір 

кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әр түрлі 

сезім мүшелеріне әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр 

алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан және сабақтың 

қай бөлімінде қандай әдіс-тәсіл немесе құралды тиімді пайдаланатынын жеткілікті ойластыру 

қажет.  Дегенмен  сабақта  қызмет  түрлерін  ауыстыруда  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  де, 

сыныптың ерекшеліктері де ескерілуі тиіс. Себебі, олардың барлығы барлық уақытта қызметтің 

бір түрінен екіншісіне бірден ауыса алмайды. 

Осы мақсатта бұрынғы білім беру үрдісіне қоса, білім алушыларға бірлескен таным процесіне 

белсенді араласуға мүмкіндік жасау үшін, өз үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға 

салып  сыни  тұрғыда  ойлай  білуге  бағыт  беруде  педагогикалық  ұжым  жұмыстану  қажет. 

Сабақ барысында, мұғалім ең алдымен оқушыны қызықтыра білу керек. Қарапайым сабақты 

тақырыппен байланыстыруда мынадай сұрақтар қою арқылы қызығушылығын оята алады: 

1. Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыз? 

2. Бұл тақырыпта қандай мәселе қозғалады деп ойлайсыз? 

3. Осы тақырып бойынша не білесіз? 

4. Не білгіңіз келеді? 

5. Тақырыпты қалай жалғастырар едіңіз? 

6. Не білдіңіз? 

Бұл жерде мұғалім шебер сұрақ қоюшы болуы қажет. Ал, оқушының айтар ойы мен не білгісі 

келетінін анықтай алатын мұғалім өзіне де, білім алушыға да жағдай жасайды. Атап айтсақ, 

тақырыпты  қайта  қарауға,  келесі  сұрақтарға  түрткі  болуға,оқушылардың  ойын  бағыттауға, 

сонымен бірге қызығушылықты оятуға жол ашады.

Орыс  психологі  В.М.Снетков  «Жақсы  сұрақ  –  кең  ауқымды  ойланып,  барлық  мүмкін 

жауаптарды  іздестіруге  бағыттайтын  ойландыратын  сұрақ»  деген  тұжырымға  келген.  Шебер 

мұғалім  жақсы  сұрақ  қою  арқылы  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  анықтай  алады. 

Тарих сабағында мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын 

дамытуға бағытталған мынадай сұрақ қою әдістерін пайдалануға болады. 

1. 

Ашық сұрақтар 



2. 

Жабық сұрақтар 

3. 

Жорамал сұрақтар 



4. 

Бақылау сұрақтары 

5. 

Проблеманы шешетін сұрақтар 



6. 

Талдау сұрақтары 

7. 

Дәлелдеуші сұрақтар 



8. 

Интерпретациялық сұрақтар 

9. 

Шығармашылық сұрақтар 



Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді. 

Ашық сұрақтар топтамасында «Неліктен?» деген сұрақтар қою арқылы бір тақырып аясында 

бірнеше  жауап  алуға  болады.  Мысалға:  «Монғолдардың  шапқыншылығы»  тақырыбындағы 

шешімді табуда 6 түрлі «неліктен» сұрағының жауабын табу жолдарын қарастыруға болады. 

Мысалға, «Неліктен монғол шапқыншылығына дейін Жетісу аймағында 200 елді мекен болды, 



843

ал ХІІІ-ХІУ ғасырларда олардың саны 20-ға кеміді?, «Неліктен көп зардап шеккен аймақ Жетісу 

болды?»,  «Неліктен  Отырар  қаласы  қирады?»,  «Неліктен  Қайырхан  қақпаны  ашуға  мәжбүр 

болды?»,  «Шыңғысхан  сауда  керуенін  не  үшін  жіберді?»,  «Қайыр  ханның  Хорезм  шахымен 

бірлесе  отырып,  халықты  қырғынға  ұшыратуының  залалы  қандай  болды?»  деген  сауалдар 

топтамасын қойып, содан соң сол тақырыпқа қатысты көп мәселені талқыға салуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет