Жабық сұрақтар «иә”/»жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы
мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді. Сондықтан, жабық сұрақтарды кей жағдайда
ғана қоюға болады.
Дәлелдеуші сұрақтарды мағынаны тану кезеңінде пайдалануға болады. Мысалға, «Егер мен
дұрыс түсінсем, онда.....?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз....?»
тұрғыдағы сұрақтар қою арқылы белгілі бір тарихи оқиғалар мен айғақтарды талдауда маңызды
орын алады. Осындай бағыттағы сұрақтар ақпаратты ақыл мен түсініп қабылдауға, саналы
түрде өңдей білуге, ондағы айтылған негізгі идеялар мен өзара байланысты көре отырып,
дұрысы мен бұрысын көрсетіп дәлелдеуге болады.
Жалпы, шебер қойылған сұрақтардың қызметі айрықша. Сұрақ арқылы жаңа ақпарат алуға
болады, білгендерін нақтылай алады, талқылау бағытын өзгерте алады. Сонымен бірге сұрақ
қою арқылы өзінің көзқарасын ашық айта алады.
Педагогтер оқушылардың танымдық ойлау деңгейлерін олардың сұрақ қою қабілеттерінен
де байқайды. Сабақта оқушылардың тақырыпқа қатысты жақсы сұрақтар қоя білуі олардың
сыни ойлай алатынын көрсетеді.
Педагог-ғалым Ж.Аймауытов: «Коммуникативтік, тілдік дағдыларды қалыптастыру
дегеніміз - баланы сөйлеуге, басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру емес,
тілге жаттықтырумен бірге баланы ойлауға да жаттықтыру» » [1] деген болатын. Сыныпта
психологиялық ахуал туғызып, топқа бөлу, мақсат пен күтілетін нәтижені анықтау, жұмыс
ережелерін қабылдау, сенім атмосферасын қалыптастыру, тыңдай білу, жазбаша жұмыстар –
міне осы әрекеттер арқылы оқушыларды нәтижелі білімге жетелейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |