Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет134/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   674
    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words
Түйінді сөздер: патриоттық тәрбие, рухани мәдениет, тарихи дәстүрлер, көп ұлттық қоғам.

Ключевые слова: патриотическое воспитание, духовная культура, исторические традиции, 

многонациональное общество.



Key words: patriotic  upbrinqinq, spiritual сulture, historical traditions, multinational society. 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ

К.Қ. Қазтай 

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі



Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы

Бүгінгі  таңда  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  өте  маңызды  өзгерістердің  сатысында  тұр. 

Білім беру мазмұнын жаңарту сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер 

формуласын  ұсынған  үлгі  және  оқу-тәрбиелік  үрдісті  жан-жақты  жаңа  әдіс-тәсілдермен 

ұштастыру болып табылады. 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз 

ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, 

табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы 

«білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап 

етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық 

негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. 

Биылғы  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан 

халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің 

рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық 

буынына  айналдыру.  Оқыту  бағдарламаларын  оқушылардың  сыни  ойлау  қабілетін  және  өз 

бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,- деген жолдар соның дәлелі.

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім 

беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп 

түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс,  оларды  оқыту  нәтижесі  сындарлы 

ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын. 

Жолдауға  орай  Қазақстан  Республикасы  тарих  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарты  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  25  сәуірдегі  №  327  қаулысымен 

бекітілген Тарих білімге арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігімен 2015 жылғы 30 наурызда бекітілген басты құжаттармен жұмыс жасауды қолға 

алуда. 



177

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет? 

Елімізде  білім  беру  саясаты  мен  тәжірибеге  ықпал  ететін  келесі  маңызды  салаларда 

айтарлықтай өзгерістер орын алды:экономика; адамдардың өзін өзі басқаруы; қарым-қатынас 

көлемі және жылдамдығы; еңбек нарығының құрылымы; шекарамыздың ашықтығы; еліміздің 

азаматтарына  ашылған  мүмкіндіктер  кеңістігі;  оқыту  мен  үйретудің  анағұрлым  нәтижелі 

тәсілдерінің анықталуы.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:

әлем стандартына сай білім беру;



бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;



әлем азаматын тәрбиелеу;

тәжірибелік дағдыларды дамыту;



функционалдық сауаттылықты арттыру;

мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.



Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады.

Жаңартылған  білім  бағдарламасының  ең  бірінші  ерекшелігі  пән  мазмұнының  спиральды 

берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің 

«Білім  беру  үдерісі»  (1960)  атты  еңбегінде  қарастырылған  танымдық  теорияға  негізделеді. 

Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше реет қайталап оқиды, 



мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әртоқсан 

сайын; 


әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда

тақырыптарәрбіркелесідеңгейдеалдыңғығақарағағандаанағұрлымкүрделіәрітереңдетіліпоқылу

ытиіс;


жаңа  білім  алдыңғы  біліммен  тығыз  байланысты  және  бұған  дейін  алынған  ақпарат 

тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып 

отыруы керек. 

Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының иерархиясы. Оқу үдерісінде 

білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.

Тарих  сабағында  оқушының  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдысын  дамыту  негізгі  мәселенің 

бірі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеті  дамыған  баланың  бойында  пәнді  терең  түсіну  дағдысы 

қалыптасады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясына  байланысты  оқушының  бойында 

қалыптасатын дағдылар: 

Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу; 



Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу; 

Проблеманы шеше білу; 



Пікірталас жүргізе білуге қабілетті. 

Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған бала өмірден өз орнын таба біледі. Сын тұрғысынан 

ойлаудың маңыздылығының нәтижесі: 

Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы; 



Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу; 

Қажет болса өз көзқарасын өзгерту; 



Топтық тұжырымдарға келе білу; 

Топ алдында өз тұжырымын айта білу.



Білім  алушының  әлеуметтік  үдерісіне    пайдаланаалатын  негізгі  құзыреттіліктер: 

Басқарушылық(проблеманы шешу қабілеті). 

Оқыту мақсаты: Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған 

оқыту нәтижесі. Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім 

алуға үйрету. 

Мұғалімнің рөлі: Басқарушы, жетекші оқыту үдерісінің субъектісі, білім көзі. Оқыту үдерісін, 

оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер 

Оқушының  рөлі:  Дайын  білімді  селсоқ  қабылдаушы,  оқыту  үдерісінің  объектісі.  Белсенді, 

білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі 

Білімді ұсыну формалары: дайын күйінде, үлгі бойынша, сөздік әдістер мен мәтіндік формалар 

арқылы; аудио, визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы



178

Білімді  қолдану:  білімді  бақылауға  дайындық  мақсатында  титік  тапсырмалар  мен 

жаттығуларды қолдану. 

Алынған білімді нақты жағдайда қолдану - оқушы қызметінің формасы. Фронтальды және 

жеке. Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары 

Оқытудың  негізгі  әдіс-тәсілдері:  сөздік  әдістер  мұғалім  мен  оқушының,  оқушылардың  бір-

бірімен өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивті тәсілдер 

Қорыта  айтқанда,  аталмыш  бағдарламаның  мәні,  баланың  функционалды  сауаттылығын 

қалыптастыру.  Оқушы  өзінің  мектеп  қабырғасында  алған  білімін  өмірінде  қажетке  асыра 

білуі  керек.  Сол  үшін  де  бұл  бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс»  ұғымына  құрылған. 

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық 

салаларында  табысты  болу  үшін,  қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін,  мұғалімдер  тынымсыз 

еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз 

сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей 

алады.  Ата-бабамыз  «Оқу  –  инемен  құдық  қазғандай»  демекші,  жан-жақты,шығармашыл, 

ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. «Білімді болу деген сөздің мағынасы – 

белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі 

білімді ұрпақпен ғана өлшенбек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет