Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет138/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Б.Ш. Касымбаева

Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы орта мектеп

Түркістан облысы. Шорнақ ауылы 

 bibi.1974@mail.ru 



Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз 

белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 

30 елдің қатарына қосылу.

Н.Ә. Назарбаев

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік 

қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға 

лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,  компьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу, 

мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына  сөзсіз  қажетті  алғышарттардың 

санатында.  Сол  себепті,  «Цифрлы  Қазақстан»,  «Үш  тілде  білім  беру»,  «Мәдени  және 

конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды 

ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. [Болашаққа бағдар Елбасы жолдауынан] 

ХХІ ғасырдың талап –тілегіне  сай келетін, ұстаз алдында маңызды міндеттер мен қолжетімді 

мақсаттар туындады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін 

жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды 

өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары 

сөзсіз.  Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім 

беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім 

беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап 

көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған 

елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің 

қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  –  білім».  Сондықтан,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру 

жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі 

технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне 

енуде.  Қазіргі  тағдағы  мен  кезек  күттірмес  білім  саласына  түбегейлі  өзгеріс  ендіру  бағыты 

бойынша  2016  жылдан  бастап  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  жағартылған  білім  беру 

бағдарламасы бойынша көшбастап келе жатқан сыныптың ұстазымын. Осы білім саласындағы 

іс-тәжірбиемде қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдермен ой бөлісіп отырмын.

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін 

күш – білім және білімді ұрпақ .Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине , білім сапасын арттыру 

қажет.Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді , яғни бағалау- 

білім сапасын басқарудың негізгі критеийі. 

Оқушылардың оқуына ықпал етуде бағалау мағызды рөл атқарады. «Бағалау» термині жақын 

отыру дегенді білдіреді, бұл кездейсоқтық емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа 

адамның не айтып, не істейтінін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, 

түсінігін немесе тәртібін бақылауы болып табылады. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық 

тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар 

қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті 

емес  нормалар  мен  стандарттар  ғана  емес  сондай-ақ  баланың  дамуы,  оқуы  және  ынтасы 

туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш –жігер сияқты ұғымдарға 

қатысты  құндылықтар  жатады  [Александер,  2001]  деген.  Күн  сайын  оқушының  алған  білімі 

бағаланады. Баға – оқушының алған білімінің өлшемі ғана емес, оның оқуға, білім алуға деген 

тәрбие  құралы  болуы  тиіс.  Бағдарламада    бағалау  оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау, 

яғни  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  белгілі  болды.  Оқушылардың  оқуына    ықпал 

етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде оқыту үшін бағалау оқытуды жақсарту мүмкіндіктерін 

анықтауға бағытталған. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  бағалауды  қазіргі 

тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің 



184

сапалылығын,  олардың  халықаралық  стандарттарға  сәйкестігін  және  әр  білім  алушының 

оқудағы  қажеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Қазақстан  үшін  ұсынылып  отырған 

жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға 

деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті 

болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден 

болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

• Білім алушы оқытудың қай сатысында? 

• Олар білім алуда неге талпынады?

• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Бұл  әдісті  сабақ  барысында  қолдану  оқушыларыма  жаңа  серпіліс  әкелді.  Себебі 

оқушыларға  оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалауды  үйрету  ең  маңызды  қадам  болды. 

Оқушылар  бағалаудың  бұл  түрін  ерекше  қызығушылықпен  қабылдады.  Жоғарыда  айтылған 

«Бағалау»  термині  «жақын  отыру»  дегенді  білдіретін  латын  сөзінен  шыққандығы  кездейсоқ 

емес, қалыптастырушы (формативті) бағалау оқушыны оқуға ынталандырады, оқушыға сенім 

арттырады. Оқушыларым алғаш өзін, сыныптас достарын бағалауға болатындықтарын білгенде 

бір- біріне қызығушылықпен қарады. Сабақ барысында оқушылар бір – бірінің жұмысын талдап, 

жетістігі мен кемшілігін айтып бағалау нәтижесінде олардың арасында тығыз қарым – қатынас 

орнады. Бұрынғыдай апай неше қояр екен деп көздері жәудіреп отырмай, бұл әрекетті шешуге 

өздері  қатысып,  шешті.  Сыныпта  өзгеше  ахуал  байқалды.  Сонымен  қатар  кері  байланыс 

жасауды да үйренді. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында  рефлексия жасау. 

Соның ішінде Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, 

білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін 

бағалаудың түрі.

Қалыптастырушы  бағалау  оқу  үдерісінің  ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады,  тоқсан 

барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл 

қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. 

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл 

білім  алушылардың  мүмкіндігін  анықтауға,  қиыншылығын  табуға,  оң  нәтижеге  қол  жеткізуіне 

көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Білім беру  барысында жаңартылған білім саласындағы жаңаша бағалаудың бір бөлігі  яғни, 

қалыптастырушы бағалауың әдіс-тәсілдерін өз  іс-тәжірбиемде іске асырып,  тиімділігін анықтап, 

зерттеу жұмысын жүргізудемін.

Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар 

үшін  оны  істемейді.  Яғни,  осылайша  оқушылар  оқытуды  бағалау  үдерісіне  тартылуы  қажет. 

Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін  сезіну және оқушылардың оларды 

басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. [ Бағалауды Жақсарту тобы, 1999]. Осы 

ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте қалыптастырушы бағалаудың 

жүргізілуі маңызды.

Менің  байқағаным  сабақ  барысында  қолданылған  қалыптастырушы  бағалау  түрлері  

оқушыладың  өзгеруіне,  өзіне  деген  сенімді  болуына,  бағалау  жүйесіне  деген  ұстанымы  мен 

көзқарасының оң шешімін тапқандай болды. Бүгінгі күні өзінің нені, қалай істеп жүргендеріне, 

қандай нәрсеге қол жеткізгендеріне есеп береді. Сыныптағы оқушыларда оң өзгерістер байқала 

бастады. Олар:

Жеке  жұмыс  кезіндегі  қалыптастырушы  бағалау  білім  алушылардың  оқу  әрекеттері 

нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз  оқуын «құрушылар» ретінде 

жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке 

жұмыс  кезінде  қалыптастырушы  бағалауды  жүзеге  асыру  үшін  мұғалім  білім  алушылардың 

әрекеттерін  жүйелі  қадағалап  және  аралық  нәтижелерді  тіркеп  отыруы  қажет.  Нәтижелерді 

тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып 

отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді 

есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды 

болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, 

қажеттіліктерін  ескерген  дұрыс.  [  Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған  критериалды 

бағалау бойынша нұсқаулық 2016 жыл. 5 бет- 11 бет]

Сабақта  оқушылар  бүгін  қандай  деңгейге  қол  жеткізгендігін  анықтауға  бағытталатын 

дидактикалық материалдарды жиі қолданамыз. Мыс ретінде магниттік тақта, қалыптастырушы 



185

бағалау кестесі, жетістік баспалдағы, т.б.

Дербес жұмыс жасап қалыптасу тәсілі: (презентация № 1)

Оқушы  тапсырмаларды  деңгейлеп  орындайды,  әр  орындаған  тапсырма  үшін  бір  саты 

жоғарылап  отырады.  Оқушының  мақсаты  ең  жоғарғы  деңгейге  жету.  Ал  ол  үшін  берілген 

тапсырмаларды  дұрыс  орындау  міндеті  жүктеледі.  Нәтижесінде:  оқушы  жоғары  қарай 

талпына отырып тапсырмаларды дұрыс орындап өз мақсатына жетеді. Сонымен қатар білім, 

білік дағдылары қалыптасады. Бастысы сабақтың соңында өзінің бүгін қандай жетістікке қол 

жеткізгенін  біліп,  өзін-өзі  бағалайды,  өзіне  рефлекция  жасаса,  сыныптасына  кері  байланыс 

жүргізеді. Мінеки бір мезетте бірнеше жүйе іске асады. Бастысы пән мұғалімі сатылап жоғарылап 

отырған  оқушылардың  қозғалысына  қарап    қай  оқушы  жеке  көмекті  қажет  етіп  отырғанын 

анықтап, үлгермей отырған оқушымен мұғалім  жеке жұмыс жүргізсе,  сыныпта  түгел бағалану 

саны артады.

Топпен жұмыс жасап қалыптасу тәсілі: (презентация № 2)

Гүл  күлтелерін  топтарға  үлестіреміз.  Мақсаты  әр  топ  өздеріне  берілген  гүл  күлтелерін 

жинақтау.  Ол  үшін  тапсырмаларды  дұрыс  жүйелі  орындау.  Топқа  берілген  тапсырмаларды 

бірлесе орындайды, бірақ дұрыстығын жеке-жеке тексеріп , дұрыстығына көз жеткізгенен кейін 

ғана  күлтені  орналастырады.  Гүл  күлтелерінің  барлығы  түгелдей  жинақталмайынша  топтық  

тапсырма толық орындалды деп есептелінбейді, міне осы мезетте топ мүшелері бір-біріне топта 

көмек береді. Нәтижесінде: сыныпта ұжымдастық пен серіктестік ұлғаяды. Бір-біріне көмек беру, 

жетелеу, бағыт-бағдар беру секілді жағымды дағдылар қалыптасады.

Қорыта келе, оқушы өз пікірін анық жеткізе алатындай тілдік дағдыға ие болып, ізденушілік 

қабілеті артса, сыни ойлау белсенділігі жоғарыласа, мұғалімнің еңбегі жанғаны.    Әр мұғалім 

жаңа үдерісті жатырқамай қабылдап, оны өз тәжірибесінде енгізуі тиіс. Өйткені, әр бала қай 

сыныпта оқымасын, қай жаста болмасын өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз 

орнын  табуда  өз  айналасынан  дұрыс  бағыт  –  бағдар  беретін  ақыл-кеңес  күтеді.  Сондықтан 

шәкірттеріме білім беруде «Оқыту үшін бағалу және оқуды бағалауды»  яғни суммативті бағалауға 

алып келетін формативті бағалауды жүзеге асыру арқылы құзіретті оқушы   тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет