ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ДАРЫНДЫ,
ТАЛАНТТЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ
А.Т. Тлеубергенова
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Жылыой ауданы Құлсары қаласы, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
alua_1968@mail.ru
Заңғар жазушымыз М.Әуезов: «Ұрпағымыз бәсекеге қабілетті болу үшін алдымен білім
жүйесін нықтап алуымыз қажет»,- деген сөзінің астарына тереңірек үңілсек, алдымызда отырған
әр оқушының бойындағы өзіндік ерекшеліктерді табудың маңыздылығын түсінер едік. Біздің
мынау жан-жақты дамыған, қарыштап өрлеу кезеңінде тұрған заманымызда оқушының білім
жүйесімен қаруландырып қою аздық етеді. Оқушының тіл шеберлігін, білімге құштарлығын,
өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын,
шығармашылық қабілетін, басқа да қасиеттерінің жетілуіне жағдай жасау қажет.Осындай жүйелі
жұмыс негізінде оқушы бойындағы өзіне тән қабілет пен икемділікті анықтауға толық мүмкіндік
туады. Ал мұндай әр оқушыға тән ерекшелік-талант пен дарындылық деуге болады деп айта
алар едім.
Талант ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің сонылығымен,
жоғары дәрежеде дамуы қоғамдық мәнмен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін
қабілеттер жиынтығы болса, дарындылық өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Дарындылық
қабілеттің жоғары деңгейімен, талант музыка, өнер, спорт сияқты салалардағы жоғары
деңгеймен байланыстырылады. [1.23-бет] Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық
дегеніміз - адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы»,- деп атап
көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады.
Дарындылық-сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.
Тұлғаның дамуының өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес,
болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен
ерекшеленетіндігін атап өту қажет.Соның бірге жан-жақты дамудың мақсаттарына да жауап
береді. Шығармашылық қабілет - бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері- шығармашылықтың нәтижесі болып
табылады.
Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы
болып келуі мүмкін. Ал оқушы бойындағы осындай қабілетті анықтау әр мұғалім бойындағы
шеберлікті қажет етеді.
Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жеке жұмыс жүргізгенде сол бала
жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аударып,
сыныптағы атмосферасы мен дамытушылық жігері жағымы танылуы тиіс.
Өз пәнімдегі сабақ үрдісінде таланты, дарынды оқушыны анықтау жолын әздеудегі мақсатым-
оқушыларға сапалы да тиянақты білі берудіңнегізі- өз пәнімді жан-жақты игерту, оқушы санасына
жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, тиімді оқытудың әлуметтік, эмоционалдық
тәсілдерін жүзеге асыра білу.
Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған
соң ғана оларды жамыту деңнейіе орай әдіс-тәсілдердііріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге
ерекше назар аударып келемін.И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш санатын көрсеткен, олар:
1. Ақыл-ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар;
2. Мектептің жекелеген пәндеріне және әр түрлі іс-әретіне қабілетті балалар;
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциялды балалар.
Сабақ үрісінде осындай дарынды , талантты оқушыларды анықтау үшін әуелі жоспар құрып
адым:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
3. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын өз беттерін-
ше ізденіп оқуыды ұйымдастыру, дамыту.
4. Мектепішілік және аудандық, облыстық, республикалық конкурстар мен сайыстарға
285
қатыстыру.
5. Жаңаша әдістермен оқыту.
Ал оқу- тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері:
1. Түрлі тақырыптарға әңгіме, пікірталас, эссе жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын
еркін жеткізе білу.
2. Ақпараттық құралдар, жаңалықтармен хабардар болу
3. Күрделі тапсырмаларды орындау.
Қазақ тілі сабағында жоспар ойынша жұмыс жүргізу негізінде үй тапсырмасын «Еркін
микрофон», «Бір сөзбен» әдістері арқылы оқушылар ойын жинақтатамын. Осы кезде оқушы
бойындағы шапшаңдық пен артистік қабілет, айтылған жауапқа байланысты сұрақ түрлерін
жүйелі құастыра білу дағдылары қалыптасады. «Кезбе тілші» әдісінде интервью алу барысында
оқушы өзін сұрақтар тізбесін қоюшы ғана емес, артистік қабілетін де ашуға мүмкіндік алады.
Оқушы дауыс ырғағын құбылта білуі мен бет жүзі мимикасымен де өзін тартымды етіп көрсете
біледі.Ал «Сөз тастау» әдісімен оқушылардың танымдылығы мен ізденіс деңгейін анықтауға
болады.
Мәтін бойынша жазылым жұмыстарында жарнама жасауға берілген тапсырмаларда
оқушылар өз бойларындағы сурет салуға деген бейімділігін, сөзді шебер, орнымен қолдана
білу қабілеттері дамиды.Қазақтың ұлттық сусындарын жарнамалауда оқушы ыдыстағы шұбат
суретін салып жарнамалаған:
Жасалған түйе сүтінен,
Татып көр оның дәмінен.
Таңдайыңнан кетпейді,
Орын алса сөреңнен.
Біреуін алсаң, екіншісі сыйлыққа
Ауыл KZ компаниясы.
Бұл жерде оқушы бойынан бәсекелестікке деген ұмтылыс барысында қол жеткізген
табыстары анық көрініс тапты. Қайталау сабақтарында «Сөз Бәйге» әдісі арқылы «Егер мен
сәулетші болсам...» деген тақырыпқа ұйқас үлгісі арқылы өлең шығаруға тапсырма бердім.
№1 кесте «Ұйқаспен тап»
...
...
көркейтем,
...
...
сәулетпен.
...
...
арманға,
...
...
бесікпен
Тапсырманы орындау барысында оқушы А.Аманжолова өз ойын өлеңмен өрнектеген:
Туған жерді көркейтем,
Қала салам сәулетпен.
Жету үшін арманға,
Қадам басам талаппен.
Бұл жерде қара өлең үлгісі арқылы оқушының ойын жүйелі, белгілі өлшеммен жазу дағдысына
бағыт беріп, өз ойын көркем жеткізуге мүмкіндік туғыздым.
Әдебиет сабағында поэзия тақырыптарына кластер қорғауға тапсырма берілгенде әр топ
оқушылары жақсылық түрлерін күн сәулесіне, кемпірқосақ бөліктеріне, гүлдің күлтелеріне,
жұлдыз бейнелеріне жазып, жамандық түрлерін бұлттар ішіне, қураған ағаш бұталарына жазған.
Оқушылардың мұндай логикалық ой беру тәсілінен өзіндік ой қорытуға, өзіндік анализ жасай
білуге деген ұмтылыстарының қалыптасқандығын көруге болады. Үй тапсырмасына «Гитарамен
өлең айтқысы келген балық», «Парашютпен секіруге қорыққан құмырсқа» туралы ертегі
құрастырып келуге тапсырма беру арқылы да оқушының қиялын шарықтатып, танымдылығын
арттыруға болады.
Дарынды оқушы бойына терең тыңдалым мен ұшқыр ойды жинақтай білу маңыздылығы
айқын көрініс табады. Соның негізі ретінде сабақ барысында оқушыларға кеспе қағаздар
таратылып, оқылған сөздерді тиісті жолға жазуға тапсырма беремін:
286
№2 кесте «Шапшаң. Нақ. Дәл»
Аңдар
Құстар
Гүлдер
Тағамдар
Оқылған 32 сөздің барлығын түгел дәл белгіленсе, оқушы қабылдауы өте жақсы, 29-31-і
болса ақпарат қабылдауы орташа, 28-нен төмен болса – төмен дегенді білдіреді. Сыныптағы
оқушылар ішінде 32 сөзді жазғаны жетеу, қалғандары 29-31 аралығында, төртеуі төмен болды.
Оқушылардың зейінін қалыптастырып, бір арнаға шоғырландыра білудің бір әдісі-
Мюнстенберг әдісі.
ТПНАЗАТХСИЬАЖАЛҚЫДОЙЛЖТОЖАЛПЫБПЕНСАҒШДЕРКТІХМЕТДАРАТПАКНЕГІЗГІМИ
ТКҮРДЕЛІОРЫҚАПТУЫНДЫШАҚМПАРФАҒЫД
Сабақ барысында әріптер тізбесі жазылған парақты таратып, белгілі уақыттан соң тапқан
сөздерінің санына қарай оқушы зейінін есепке алуға болады. Бұл әдіс сабақ тақырыбына сай
тірек сөздерді табуға беріледі.
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке
ие. Дегенмен топ жағдайында дарынды, талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде
олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады, ал дәл осы кезде басқалары - тек
бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез анағұрлым
көрініп тұрады, әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушылардың әрқашан
мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттері
айқын болмайды.Оқушы бойындағы дарындылық белгілі бір себептермен көрінбеуі мүмкін,
тіпті кейбілеулері үлгере алмайтындар санатына да жатуы немесе дарындылығын әдейі
жасырып жүруі де мүмкін. Дарынды, талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың
кейбірі ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алса, ал кейбірі поэзияда,
қоғамдық көшбасшылықта көрінеді. Сонымен қатар, олар бір салада дарынды болса, басқа
салаларда қиындыққа тап болып, дамудың бір кезеңінде қабілетті болса келесі кезеңде
қабілеттерін танытпай жатады. Дарындылық пен қабілеттілікті мұғалімдер, ата-аналар, топтың
басқа мүшелері, болмаса оқушылардың өздері айқындай алады. Оқушылар мүмкіндіктерін
көрсету үшін оларға жағдай жасау керек. Дарынды балаларға қойылатын талаптар және оның
орындалуы үш басқышқа бөлінеді:
1. Басқыш-2-4–сынып, 2-басқыш-5-8-сынып, 3 басқыш-9-11-сынып. Алғашқы басқышта
мүмкіндіктерін көрсету өте қиынға соғып жатады. Дарынды, талантты оқушыларды сабақ
үрдісінде тапсырма жүйелерін ұсына отырып шыңдау - қаламұшты әдемілеп ұштай білумен
пара-пар десек қателеспейміз. Қаламұшты анық түсіп, әдемі жазуы үшін ұшын шығару мұғалім
шеберлігінің құзырында. І басқышта оқушы сұрақ бойынша әңгіме құрай білу, 8-9 шумақ
өлеңді жатқа айту, жарыстарға қатысудан бастаса, қазірі таңда өзім таңдап отырған оқушылар
дарындылықтың ІІ кезеңінде еркін тақырыптарға әңгіме, өлең шығару, қосымша оқулықтармен
жұмыс жасау дағдысы қалыптасуы сабақ барысында жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
барысында жүзеге асатын процес. Қазіргі таңда оқушым А.Аманжолова рефлексияны өлең
жолдарымен жазуға дағдыланған. Оқушы өзіндік түсінігін тек өлең жолдарымен ғана емес
теориялық ерекшелікті де қамти алатыны көңілге қуаныш ұялатады.
Осындай көптеген әдістердің нәтижесінде оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді, зерттейді,
салыстырады, жаңа ұғымдарды ғылыми неізде меңгереді. Осының нәтижесінде оқушы ғылыми
негізде сабақ айтуға, өз ойын жаңа негізде тұжырымдауға талпынады.
Оның бір дәлелі ретінде алынып отырған оқушылардың терең ойлай білуінің нәтижесінде
және сол терең ойлауға жетелеген тапсырма түрлерін орындаудың нәтижесінде пәнге
қызығушылығы артты. Оқушы өзіне-өзі сұрақ қойып, соған жауап іздеп, өзін қанағаттандыратын
жауаптар ала алатындай болады. Бұндай жағдай тек адам ойының тұрақтанған кезінде ғана
жүзеге асатынын ескерсек, оқушы өз ойын пайдалы әрекетке икемдей алатын жағдайдың
туғанына көз жеткізуге болады. А.Аманжолова Махамбет, Абай оқуларының жеңімпазы, А.Талап
республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінен І орынды иемденген.
ІІІ басқыштағы оқушылар 9-11-сынып аралығын қамтиды. Бұл кезеңде оқушылар қазақ тілі
салалары бойынша жан-жақты талдау жасайды, ойын көркемдеп жеткізе алады, баспасөзде
287
кқрінеді, конкурстарға қатысады, шығармашылық жұмысы ғылыми негізі бойынша дамытылады.
Бұл кезеңнен де менің оқушым А.Шығыровты дайындап өткіздім.Қазіргі таңда Орал қаласындағы
М.Өтемісов атындағы педагогикалық университеттің ІІ курсында грантпен оқып жатыр. «Жас
дарындар» қоғамының мүшесі. Оқушы бірнеше үркін шығармашылық байқауларға қатысып
облыс көлемінде жүлделі орындарға ие болды. Мағжан оқуы бойынша «Ақын да бір бала
ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша республика бойынша ІІ орынды иемденді.Бір топ
өлеңдері «Кең Жылыой» аудандық газетінде жарық көрді.
10-сынып оқушысы А.Сайлау «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының «Жас ғалымдар»
бөлімі бойынша облыс көлемінде өткен байқауда ІІ орынды иемденсе, Б.Бақтығалиева «Сөз
шебері» бөлімі бойынша ІІІ орынға ие болды.
Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.
Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек
өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсіллерін көбейтуге
қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. [2.54-бет] Сонымен бірге бұл тұлғалық
дамудың мақсаттарына да жауап береді. Шығармашылық қабілет - бұл бүкіл тіршіліктің көзі.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері-
шығармашылықтың нәтижесі. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайтын.
Қазіргі кезде қоғамға қажетті мамандықтар бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, өзінше
ерекше ойлау қабілетін, қиындықтан аз күш жұмсап шыға білуі, адамдармен тіл табыса
білу өнерін, өзін қоршаған жағдайларға тез икемделгіштікті, сезімталдықты талап етеді. Бұл
қасиетердің барлығы- шығармашылық процестерден бастау алады.
Қазақ педагогикасында шығармашылық тұлғаны дамытудың өзекті мәселелері арнайы
зерттеліп, көлемді еңбек жазылмаса да, тұлғаның шығармашылық қабілетін, қиялын, ойлау
белсенділігін, әдеби тілін тағы басқа қасиеттерін жеке-дара дамыту жайлы ғалымдардың,
әдіскерлердің мақалалары, еңбектері жарық көріп тұрады. Алғашқылардың қатарына жан-жақты
талант иесі М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін атауға болады. Мұнда М.Жұмабаев мектепте
әдеби қабілеттілікті қалыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен: «бала бір затты суреттей алу
үшін сол заттан бала жанында көп әсерленулер болуы шарт» деген. Яғни, «баланың өзінде
бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы» қиял деп аталады. Қиял әдемілік сезімін
тереңдетеді, құлықты түзейді.
Сөзімді қорытындылай келе, дарынды талантты оқушыларды анықтау моделін былайша
жасадым:
№3 кесте Талантты, дарынды оқушыларды қалыптастыру моделі
Дарынды,
талантты оқушы
Тереңдетілген
тапсырмалар
ұсыну
Түрлі
сайыстарға
қатыстыру
Зерттеу
жұмыстарына
беймдеу
Өзіндік
дамуына
мүмкіндік
туғызу
288
Достарыңызбен бөлісу: |