ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ- ЗАМАН ТАЛАБЫ
Л.Е. Туменова
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы,
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. merkemerke01@gmail.com
Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бүгінгі
таңда бүкіл Қазақстандықтар арасында жан-жақты талқыланып, ондағы міндеттер іс жүзіне
асырылуда. Еліміздің рухани жаңғыруы – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол
жеткізуге бағытталған ұлт жоспарын орындаумен, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру
мақсатындағы ауқымды іс-шаралармен қатар жүргізілетін басты міндет екені де бәрімізге белгілі
[2].
Рухани жаңғырудың нақты тетіктерін атап айтқан Елбасымыз өз мақаласында ұлттық салт-
сананы, мәдени дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымызды мықты сақтап, оны жаңа жетістіктермен,
адами құндылықтармен байыта отырып, дамытуға үндейді. Мемлекет басшысы өз мақаласында
жастардың тәрбиесіне баса мән берді. Өрендер мен аға ұрпақ өкілдері арасындағы
сабақтастық жібінің үзілмеуіне көңіл бөлді. Жаһандық бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы
елдердің дамуына мән беріп, тереңірек үңілетін болсақ, алға қойылған мақсаттарымыз,
ұлттық құндылықтарымызбен рухани санамыз тежеліп қалмайды. Бұл рухани жаңғыру арқылы
халықтың ой-санасында серпіліс болып, мемлекетіміздің әрі қарай дамуына, құлдырамауына
маңызды рөл атқармақ.
Рухани жаңғыруды ұсынудағы негізгі мақсат – ауқымы. Ол – тіліміз, мәдениетіміз, әдебиетіміз,
дәстүріміз, білім, ғылым, өнер, жастар тәрбиесі, ұлтжандылық, отан сүйгіштік сияқты әр бірінің
бес атанға жүк боларлықтай салмағы бар дүниелерді тереңнен қаузайды. Ел басымыздың
рухани жаңғыру ұғымын ұсынуы – көнерген әдеттермен артта қалып қоймай, жаһандық әлеммен
бәсекеге қабілетті болып, еліміз алдыңғы қатарда жүруін көздегені.Сондықтан, Елбасының
«Цифрлық Қазақстан», «Үштілділік», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламалары
арқылы бүгінгі ұрпақты XXI ғасыр заманының талабына сай дайындауға бастайды.
Қазақстан жаңа тарихи кезеңге енгендіктен, қазіргі таңда жастар, біз аса ауқымды және
іргелі жұмыстарға кірісуге тиіспіз. Яғни, қоғамымыз жаңаша бағытқа көз тігуі керек. Атап айтатын
болсам, әр нәрсеге аса мән беру, қызығушылық таныту, бәсекеге қабілетті болу, мәдени
білімділік, ұлттық бірегейлігімізді сақтау, бұл дегеніміз, бәсекеге қәбілетті екендігімізді білдіреді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе!» – деген мақала бекер айтылмаған. Бәсеке болған жерде
ғана жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды жөндейміз. Бәрі санадан
басталады. Сол үшін сана түзелуі керек. Сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып
отыру – әрқайсысымыздың абыройларымыз.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік
қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір Қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға
лайықты қасиеттерге ие болу керек. Мысалы компьютерлік, сауаттылық, шет тілдерін білу,
мәдени сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санаттарында.
Сол себепті, «Цифрлі Қазақстан» «Үш тілде» «Білім беру» «Мәдени және конференциялық
келісім» сияқты бағдарламалар ұлтымызды, яғни барша Қазақстандықтарды XXI ғасырдың
талаптарына даярлаудың қамы. Қоғамыздың қазіргі кездегі даму кезеңі. Оқу тәрбиелік
процесті цифрландыру замана талабы. Қай саланы алсаныз да барлығында цифрландырудың
бағдарламалары жұргізілуде. Білім саласындағы «Цифрлық Қазақстан» аудандағы мектептерде
«Күнделік» электрондық мектеп журналының жүйесін енгізумен басталады. Былтыр басталған
бастамаға биыл қалған мектеп қосылды. «Күнделік» жобасы, әсіресе, ата-ана үшін тиімділігі
зор екенін дәлелдеген. Сонымен қатар, «BiIimIand» білім беру ресурсы жұмыс жасайды. Бұл
цифрлы білім беру контентімен мұғалімдерге интерактивті сабақтар дайындалуға арналған
виртуальды жабдықтырғыш танымдық бейне сабақтар көріп, пайдалануға мүмкіндік береді. Осы
бағдарлама аясында аудан тұрғындарынын цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында білім
беру мекемелерінде компьютерлік сауаттылық курстары ұйымдастыру жоспарланған. Отбасы
мен мектептердің өзара іс-қимылын күшейту үшін қамқоршылық кеңестің маңызы зор.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып,
білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің
293
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді [1].
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім
алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына,
мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар – оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық
көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жаңа
технологиялардың негізгі қағидалары: – балаға ізгілік тұрғысынан қарау; – оқу мен тәрбиенің
бірлігі; – баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; – баланың танымдық
күшін қалыптастыру және дамыту; – әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай
оқыту; – барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Міне, бұл технологияда оқушы өз
топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін
сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен
жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға
көмектеседі.
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын
ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың
нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол
үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болуы керек. Әрине, әр сабаққа дайындық
керек, сондықтан да мен оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-
әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып, үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік
кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-
бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын
балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас
еді. Сабақтардың ерекше, жаңа технология жобасымен өтуі – оларға еркін сөйлеп, ойларын
ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да,
мектепке де керегі осылар. Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін
және біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар, алға қойған мақсатқа
жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі
сапалы меңгертуге бағытталған.
Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда.
Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған,
бірақ, орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген
ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады. Түркі
және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта
оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады, – демекпін.
Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғанын
жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана
алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзіреттілігіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |