Сборник материалов V международной научно-практической конференции


Критериалды  бағалау  жүйесінің  мақсаты



Pdf көрінісі
бет227/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Критериалды  бағалау  жүйесінің  мақсаты:  бағалау  критерийлерінің  негізінде  білім 

алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу 

үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі

жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:

- білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;

- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы ақпараттар ұсыну.

Оқыту  процесі  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  және  кең  спектрлі 

дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталады.  [2]  Сондықтан  да  бағалау  критерийлері-оқу 

мақсаттарының нақты көрінісі. Мұғалімге критериалды бағалау жүйесі ең алдымен балаларды 

оқуда  табысқа  жетуге  ынталандыруға,  білімдегі  кемшіліктерді  анықтауға  және  олардың 

жетістіктерін  көрнекі  түрде  көрсетуге  бағытталған.  Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін 

критериалды бағалау жүйесі:

- оқыту мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;

-  білім  алушылардың  үлгерімі  мен  жетістігін  қамтамасыз  етуге  тұтастық  ұстанымын 

қалыптастыруға бағытталған;

-  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  оқыту  мақсаттарының  орындалуын  және  білім  алуы  мен 

дағдыларының дамуы дәлелдемелерін жинауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

- әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әртүрлі 

әдістері мен түрлерін қамтиды.

Критериалды бағалау жүйесінің ең басты артықшылығы – білім алушыға түсер күйзелісті 

азайту  болып  табылады,  білім  алушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын  қалыптастырады, 

оқытуда достық ортаны құруға, білім алушылардың оқуға деген ықыласын арттыруға, зерттеушілік 

және шығармашылық қызметке қатысуға мүмкіндік береді. Нәтижелерді бағалау критерийлері 

білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  мұғалім  ұсынған  талаптарға  сәйкестігін  белгілеуге, 

оқыту процесіне түзету енгізуге, жұмыстың күрделілігі деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бағалаудың басты мәні білім алушылардың өзін-өзі бақылауынан, өзін-өзі реттеуінен, 

өздерінің оқу жетістіктерін тәуелсіз сараптауынан тұрады. 

Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге асырылады. Білім 

алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені орындай алмайтынын 

анықтайды. Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе 

жоғарылатқанын  анықтайды,  айырмашылық  себептерін  табуға  тырысады,  сондай-ақ  өзінің 

қателерінің себептерін табады, критерий бойынша өзін-өзі бағалауды үйрену білім алушыларға 

оқу материалдарын саналы түрде меңгеруге мүмкіндік береді. [3]

Диалог  барысында  білім  алушы  өз  қателерінің  себебін  түсінуге,  әрекет  алгоритмі  туралы 

айтуға, өлшем шартқа жету үшін не істей алатынын және істеу керектігін түсінеді.

Критериалды  бағалаудың  айырмашылығы:  мұғалімдер  мен  білім  алушылар  жұмыстың 

нәтижелеріне оң баға береді, оқу үлгерімін көруге үйренеді. Ал қателер әрі қарай жетістіктерге, 



330

білім  беру  мақсаттарына  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Осылайша,  оқу  жетістіктері 

критерийлердің жиынтығы бойынша бағаланады, олардың кейбірінен оқушының табысқа жету 

жағдайын сезінеді. 

Оқудың    ілгерілеуі,  үлгерімі  туралы  мәліметті  жинау  үшін  бағалаудың  екі  түрі  жүзеге 

асырылады. [4]

1.  Қалыптастырушы  бағалау  білім  алушылардың  оқу  мақсаттарындағы  жетістіктерін 

мониторингілеу  үшін  және  орындалған  үй  жұмысының  қорытындысын  немесе  ауызша 

ұсыныстарын, сабақта сараланған жұмысты мониторингілеу үшін жүргізіледі

Оқу  мақсатына  жету  деңгейін  анықтау  үшін  бағалау  критерийлері  құрылады.  Ол  Б.Блум 

таксономиясы  арқылы  оқу  мақсаттарына  сәйкес  ойлау  дағдыларының  деңгейі  бойынша 

жіктеледі.  [5]    Ойлау  дағдыларының  деңгейін  нақты  бағалай  білу  критериалды  бағалаудың 

маңызды аспектісі болып табылады.

 

Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері



Дағдылар

Сипаттама

Білу

Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу және еске түсіру /қайта 



жаңғырту /қалпына келтіру.

Түсіну


Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды 

көрсету 


Қолдану

Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте 

қолдану және пайдалану

Талдау


Сыни ойлау

Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе 

мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу/жасау үшін ақпаратты 

зерттеу, және/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.

Ақпараттың нақтылығы және маңыздылығы туралы пайымдауды түрлі көзқараста қарастыра 

отырып, қалыптастыру 

Синтез

Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету



Бағалау

Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір 

қалыптастыру

Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейі 

Р/с

Ойлау 


дағдыларының 

деңгейі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет