когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес,
адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы
оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын
422
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану
арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық
формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын,
оның салдары мен нәтижелерін болжау.
ІІІ. Талдау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің
бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің
қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен
қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
IV. Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды
меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды,
практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды
тереңірек игеруді талап етеді.
V. Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа
нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз),
жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа
құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
VI. Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл
деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Блум таксономиясын пайдалануда оқушылар өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасау, өз
ойларын қысқаша, дәл және нақты жасауды үйренеді.
Блум таксономиясы арқылы оқушылар төмендегідей нәтижеге жетеді:
1.
Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2.
Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.
3.
Өз ойын схема, кесте, суреттер, физикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін
жеткізеді.
4.
Көркем тілде сөйлеу мәдениетін дамытады.
5.
Ізденуі іс – әрекеті қалыптасады.
6.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.
7.
Зертханалық және сарамандық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.
Нақты дәлелге сүйене отырып 5 сыныптар тапсырмасынан алар болсақ:
1.
Визуалды өнер түрлері деген тақырып 5 сыныптан басталып 8 сынып бағдарламасында
спиралді білім қағидасы бойынша жалғасады. Мұғалімнің мақсаты бұл жерде әр сыныпта спи-
ралді білім қағидасын ұстана отырып әр сабақта блум кезеңдерін шебер қолдану арқылы нақты
жетістікке жетуге болады. Оған дәлел мысалы 5 сынып бағдарламасындағы тапсырмаларға
423
тоқтала өтсем: Онда Білу деңгейі бойынша «Портрет туралы мағлұмат қарастырыңдар»,болса
ал талдау мен бағалау деңгейі бойынша «Суретші портреттегі кейіпкерінің сезімін,мінезін,көңіл
күйін қалай жеткізеді?» тапсырмаларын айтуға болады.
Блум таксономиясын пайдалану арқылы оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын, ұстамдарын
меңгерту және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеміз дегім келеді.
Нақты атап айтсақ: Білім сапасын арттырады; Білімділік деңгейін арттырады.; Өз бетімен білім
алады; Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді; Білу қабілетін арттырады; Олимпиадаға қатысады;
Байқауларға қатысады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан
жақсы болуы тиіс. Осылайша көркемдіктің негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен
байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға өмірде кеңінен
қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды
жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: