Заманауи педагог АКТ-ны оның кәсібилігі деңгейін арттыратын бірнеше кезеңде меңгереді.
Педагогикалық ғылымда мамандар әр кезеңді бөлек қарастырады. Бірінші кезең оқушыларды
оқытуды ұйымдастыруға байланысты мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерді
игеруін алдын ала қарастырады. Екінші кезең желілік педагогикалық өзара әрекеттесу режимінде
оқу процесін жетілдіруге байланысты педагогикалық АКТ-құзыреттіліктерін қалыптастырумен
Бүгінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мектептердің бейінді оқытуға көшу кезеңінде
аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Біліктілікті арттыру жүйесін жаңа деңгейге көтеру
ақпараттандыру жолымен ғана мүмкін, ал ол педагогтардың АКТ-құзыреттіліктерін дамытпай
463
мүмкін емес [6].
Заманауи стандарттардағы АКТ-құзыреттілігінің моделі мұғалімге педагогикалық саладағы
өз білімдері мен мүмкіндіктерін үнемі кеңейтуіне, үдемелі дамуына мүмкіндік береді.
2-сурет. АКТ-құзыреттілігінің моделі
АКТ-құзыреттілігінде пәннен тыс белсенділікте, кіріктірілген пәнаралық жобаларда, жекелеген
пәндерде қалыптасып және пайдаланылатын элементтер атап көрсетіледі. Сонымен қатар,
жекелеген пән аясында АКТ-құзыреттілігін игеру метапәндік АКТ-құзыреттілігін қалыптастыруға
көмектеседі, әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыруда басты рөл атқарады.
АКТ-құзыреттілігін бағалау.
Білім берудегі қазіргі тәсілдер педагогтің АКТ-құзыреттілігінің деңгейін тұрақты бақылау
мен бағалауды талап етеді. АКТ-құзыреттілігін бағалаудың басты мақсаты даму динамикасын
диагностикалау және «тоқырау құбылыстары» мен олқылықтарды дер кезінде анықтау болып
табылады.
Педагогтың АКТ-құзыреттілігін бағалаудың негізгі тәсілдері қатарына мониторинг жатады.
Ол АКТ-құзыреттілігінің кемшіліктерін жою бойынша маңызды әдістерді зерделеу және таңдауға
бағытталған. Мұғалімнің АКТ-құзыреттілігі мониторингінің заманауи тұжырымдамасы белгілі
педагог Л.В. Кочегарованың еңбектеріне негізделген [7]. Мониторинг АКТ-құзыреттілігін бағалау
әдісі ретінде педагогтардың оқыту сапасын бақылау функциясын атқарады. Негізгі функциялары
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1. ақпараттық функция – оқыту нәтижелерін тіркеуге және әр педагогтың үлгерімі, оның
жетістіктері мен туындаған қиындықтары туралы айтуға мүмкіндік береді;
2. бақылау-түзету функциясы – тұтастай алғанда білім беру мекемесін, жеке педагогтың
АКТ-құзыреттілігін ақиқат деректермен қамтамасыз етеді, ол жеке білім беру траекториясын
таңдауға, оқыту әдістемесіне түзетулер енгізу үшін негіз болып табылады. Ол өз кезегінде
ересектерді оқытудың аксеологиялық аспектілерін есепке алу, әрбір педагог үшін оң себептер
мен қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
3. мотивациялық функциясы өз білімдерін жетілдіру мен тереңдетуге ынталандырады, өзін-
өзі бақылау және өзін-өзі бағалау біліктілігін дамытады.
Педагогтің АКТ-құзыреттілігінің базалық деңгейі келесі көрсетілген біліктілік пен дағдалар
жүйесін қамтуы тиіс.
- өз пәні бойынша электронды оқулықты компьютерге орналастыру;
- өзінің компьютерлік презентациясын пайдалана отырып сабақ өткізу;
Достарыңызбен бөлісу: