Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет344/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Критериалды бағалау 

Мұғалімдерге: 

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге; 

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға



505

3. Білім беру сапасын арттыруға; 

4. Оқытудың сапасын жақсартуға

5.  Әр  оқушының  жеке  ерекшеліктері  мен  қабілеттерін  ескере  отырып,  жеке  оқыту 

траекториясын құруға; 

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді 

Оқушыларға: 

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің 

типтерін қолдануға; 

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және 

түсінуге; 

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға; 

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, 

сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді. 



Ата-аналарға: 

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға; 

3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді. 

Бүгінгі  заман  талабы  –  жан-жақты  дамыған,  өзіндік  «мені»  қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеу. 

Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, 

өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, 

логикалық  операцияларды  қолдана  отырып  дәлелдеуге,  жалпы  алғанда  жеке  адамның 

құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. 

Қорыта  айтқанда,  критериалды  бағалау  жүйесін  қолдану  арқылы  біз  оқушының  тұлғалық 

бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, 

бағытқа  жеткіземіз,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  мен  өсу  динамикасын  кез  келген 

кезеңде  анықтаймыз,  әртүрлі  жұмыстардан  алған  бағаларды  дифференциалдауға  қол 

жеткіземіз.  Бүгінгі  оқушының  білім  сапасын  критериалды  бағалау  жүйесі  арқылы  жетілдіруге 

болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. 

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. 

Осындай  дамуды,  өзгерісті  басынан  өткеретін  күрделі  құбылыс  та  –  тіл»  деп  жазған.  Жеке 

тұлға  тәрбиелеуде  тіл  құзыреттілігінің  маңызы  ерекше.  Әлеуметтік  топтарда,  қоғамдық  түрлі 

әлеуметтік  орындарда  тұлғалармен  қарым-қатынас  жасауды  және  әрекет  етуді  қамтамасыз 

ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін 

жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор. Қазіргі заманда дамытудың нақты, 

бағытты,  жүйеленген  әдістемелері  жасалып,  психологиялық  қолайлы  жағдайлар  тудырып 

отырса, кез келген  ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ 

–  елдің  ертеңі  екенін,  оқушы  жастан  белсенді  азаматтық  позициясымен ерекшеленетін  бала 

қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден 

шығармайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет