Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет351/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  школа,  учебная  программа,  информатика,  программирование, 

робототехника.



Түйін сөздер: мектеп, оқу бағдарламасы, информатика, программалау, робототехника.

Key words: school, educational programs, informatics, programming, robotics.


513

ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУ: МӘСЕЛЕЛЕР, ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР

С.С. Жұманова

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Үштілділік орталығы директорының м.а.,  

Қазақстан, Астана қ., е-mail- sara_zhumanova@ mail. ru

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» жоспарын іске 

асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ағылшын тілінде  оқытуға 

кезең-кезеңмен  көшу  жоғары  сыныптарда  және  жоғары  оқу  орындарында  жүзеге  асырылып 

жатыр [1]. 

Жаратылыстану-математикалық  цикл  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқытуға  көшу  жоспарлы, 

жүйелі түрде және мұғалімдердің дайындығына, сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналардың 

тілектеріне байланысты өтіп жатыр. 

2017-2018  оқу  жылында  ЖМЦ  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқытуға  көшуге  ниет  білдірген 

барлығы  800  мектептің  ішінен  Пилоттық  жоба  үшін  153  мектеп  таңдалып  алынды,  бұл 

мектептерде  ағылшын  тілін  В1,  В2  ,С1  деңгейінде  меңгерген  пән  мұғалімдері  жұмыс  жасап 

жатыр  және  аталған  мектептерде  ағылшын  тілінде  төрт  пәннің  (биология,  химия,  физика, 

информатиака) біреу немесе бірнешеуі Үлгілік оқу жоспарының инвариантты немесе вариативті 

компонент бөлігінен оқытылуда[2]. Сонымен қатар, 374 мектеп биология, химия, физика және 

информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізіп, пилоттық режимде жұмыс 

жасап жатыр. Былтырғы оқу жылында пилоттық жобаға 527 мектеп қатысты. 

Пилоттық жоба – кең қолданысқа енгізудің орындылығы туралы әрі қарай шешім қабылдауды 

зерттеу  мақсатында  жүзеге  асырылған  сынамалы,  эксперименттік  шаралар  мен  құралдар 

жиынтығы[3].

Олай  болса,  2017-2018  оқу  жылында  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы 

Үштілділік білім орталығы мониторинг өткізді. Мониторинг мақсаты – мұғалімдердің дайындығын, 

білім  алушылардың  және  ата-аналардың  тілектерін  ескере  отырып  жаратылыстану  –

математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытатын жалпы орта білім беру мектептерінің 

дайындығын анықтау. 

Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның 16 өңірінен 2571 мектеп өкілдері қатысты.  Мониторинг 

тізіміне  4815  күндізгі  жалпы  білім  беретін    мектептер    енгізілді,  сондықтан  қатысушы 

мектептердің үлесі 53,4% құрады. Тізімге бастапқы және негізгі мектептер, сондай-ақ,  ЖМЦ 

пәндерін    ағылшын  тілінде  оқытатын  527  Пилоттық  мектептер  кірмеді.  Бұл  мектептер  үшін 

бөлек  мониторинг  жүргізілді.  Онлайн-сауалнамаға  Қазақстанның  барлық  аймақтарынан  9392 

физика, химия, биология және информатика мұғалімдері, сондай-ақ, 90000-нан астам ата-ана 

мен 130000-нан астам оқушы қатысты. 

Іріктеу өте жоғары деңгейде өтті. 

1-кесте – Мониторингке қатысқан мектептер туралы мәлімет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет