робототехника.
513
ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУ: МӘСЕЛЕЛЕР, ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР
С.С. Жұманова
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Үштілділік орталығы директорының м.а.,
Қазақстан, Астана қ., е-mail- sara_zhumanova@ mail. ru
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» жоспарын іске
асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ағылшын тілінде оқытуға
кезең-кезеңмен көшу жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып
жатыр [1].
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшу жоспарлы,
жүйелі түрде және мұғалімдердің дайындығына, сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналардың
тілектеріне байланысты өтіп жатыр.
2017-2018 оқу жылында ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшуге ниет білдірген
барлығы 800 мектептің ішінен Пилоттық жоба үшін 153 мектеп таңдалып алынды, бұл
мектептерде ағылшын тілін В1, В2 ,С1 деңгейінде меңгерген пән мұғалімдері жұмыс жасап
жатыр және аталған мектептерде ағылшын тілінде төрт пәннің (биология, химия, физика,
информатиака) біреу немесе бірнешеуі Үлгілік оқу жоспарының инвариантты немесе вариативті
компонент бөлігінен оқытылуда[2]. Сонымен қатар, 374 мектеп биология, химия, физика және
информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізіп, пилоттық режимде жұмыс
жасап жатыр. Былтырғы оқу жылында пилоттық жобаға 527 мектеп қатысты.
Пилоттық жоба – кең қолданысқа енгізудің орындылығы туралы әрі қарай шешім қабылдауды
зерттеу мақсатында жүзеге асырылған сынамалы, эксперименттік шаралар мен құралдар
жиынтығы[3].
Олай болса, 2017-2018 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Үштілділік білім орталығы мониторинг өткізді. Мониторинг мақсаты – мұғалімдердің дайындығын,
білім алушылардың және ата-аналардың тілектерін ескере отырып жаратылыстану –
математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытатын жалпы орта білім беру мектептерінің
дайындығын анықтау.
Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның 16 өңірінен 2571 мектеп өкілдері қатысты. Мониторинг
тізіміне 4815 күндізгі жалпы білім беретін мектептер енгізілді, сондықтан қатысушы
мектептердің үлесі 53,4% құрады. Тізімге бастапқы және негізгі мектептер, сондай-ақ, ЖМЦ
пәндерін ағылшын тілінде оқытатын 527 Пилоттық мектептер кірмеді. Бұл мектептер үшін
бөлек мониторинг жүргізілді. Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 9392
физика, химия, биология және информатика мұғалімдері, сондай-ақ, 90000-нан астам ата-ана
мен 130000-нан астам оқушы қатысты.
Іріктеу өте жоғары деңгейде өтті.
1-кесте – Мониторингке қатысқан мектептер туралы мәлімет.
№
Достарыңызбен бөлісу: