Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет368/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  учебная  программа,  цели  обучения,  критерий  оценивания,  уровни 

мыслительных навыков, задания открытого и закрытого типов, дескриптор, рубрика 



Key words: training program,  learning objectives, evaluation criterion, levels of cognitive skills, 

tasks of open and closed types, descriptor, heading 




540

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 

БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

Р.К. Каленова

Алматы облысы, Қапшағай қаласы, №7 орта мектеп, akker.777@mail.ru

Көптеген дамыған елдердегі білім беру жүйесінде тың өзгерістер мен табыстылық мұғалімдер 

тәжірибесіне  критериалды  бағалауды  ендіру  және  оны  дамыту  арқылы  жүзеге  асырылуда. 

Критериалды    бағалау  жүйесін  енгізудің  мақсаты  –  бағалау  критерийлерінің  негізінде  білім 

алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу 

үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. 

Мектеп  оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін 

бағалау,  оқушыларды  алға  ұмтылуға  ынталандыру  ордасы  болып  табылады.  Ал  оқушының 

дұрыс  қалыптасуындағы  шешуші  рөлді  бағалау  атқаратыны  белгілі.  Өздерінің  бұрынғы 

тәжірибесі  бойынша  көптеген  мұғалімдер,  оқушылар  және  олардың  ата-аналары  бағалауды 

оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Сондықтан бағалау оқыту мен 

оқудың  ажырамас  бөлігі  болуы  керек  деген  ойды  санамызға  сіңіру  үшін  бізге  өз  түсінігімізді 

өзгерту бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі.

Мұғалімдердің  қарқынды  өзгеріп  жатқан  әлем  жағдайында  үздіксіз  кәсіби  дамуға  дайын 

болуына  көмектесудің  бір  тармағы  –  жиынтық  және  қалыптастырушы  бағалауды  пайдалану 

тиімділігін қамтамасыз ету. Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты – оқушы 

қазіргі  уақытта  не  оқып  білгенін  жинақтау  болып  табылады.  Оны  мұғалім  өзі  бағалайды.  Ал 

формативті (бұдан әрі қалыптастырушы) немесе оқу үшін бағалау оқушылардың оқуын дамыту 

үшін пайдаланатын бағалау болып табылады. Ол негізінен есеп беріп, үлгерім рейтингін жүргізу 

үшін пайдаланылатын оқуды бағалаудан мүлде ерекше. 

«Баға беру және есепке алу – керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және 

біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе ...»- деп Осы орайда 

Теодор Сайзер айтқандай, қалыптастырушы бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалім 

білім  алушылардың  іс-әрекеттеріне  байланысты  түсінік,  ұсыныс  т.с.с.  бере  отырып,  жүйелі 

түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер оқу үдерісін 

ұйымдастыруға  белсенді  түрде  қатысады.  Ол  үшін  мұғалім  оқушылардың  оқу  нәтижелерінің 

өзгеруіне  байланысты  оқыту  және  оқудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін,  техникасын  өзгертіп  отыруы 

қажет. Ал бұл өз ретінде тәжірибеде мұғалімнің критериалды бағалаудың теориялық негіздерін 

және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады. Ол үшін мұғалімдер 

жалғыз  бағалаушы  тұлға  болмайтындығына  назар  аударылуы  қажет.  Оқушылар  өздерінің 

сыныптастарын және өздерін белсенді түрде бағалауға тартылулары және қатысулары керек. 

Талпынғандар ғана білім ала алады демекші, білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды 

үйренуі  қажет,  сондықтан  оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері    байланыс  арқылы 

алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және 

ықыласпен  әрекет  етуді  қажет  етеді.  Өзін-өзі  бағалаудың  тиімділігі  –  ынталандыру,  өз-өзіне 

сенімділігін арттыру, жасаған еңбегінің жемісін көрсетуге септігін тигізері анық. [1]

Қазіргі қарқынды даму кезеңінде өз тәжірибемізде бағалаудың ерекше түрі болып саналатын 

қалыптастырушы  бағалаудың  техникаларын,  әдіс-тәсілдерін,  құралдарын  сабақтарымда 

үнемі үздіксіз пайдаланып жүрмін. Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген 

мәселелер  бар.  Мәселен,  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  арттыру  жолдарын  анықтап, 

оқушылардың  дағдыларын  дамытуға  деген  уәжін  қолдап  отыру  қажет.  Сонымен  қатар, 

сабақ  кезеңдерін  белгілеуде  қалыптастырушы  бағалаудың  әр  сабақта  қолданылатындығын 

ескеруіміз тиіс. Үздіксіз үрдіс ретінде және баланың білімін жетілдіруге маңызды роль атқаратын 

қалыптастырушы бағалауға толығырақ тоқталсам деймін. 

Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне 

тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін 

оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. [2] Қалыптастырушы бағалау 

мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады. 

Яғни  мақсатты  белгілеудің  мәрелік  нүктесін  анықтай  отырып,  әрі  қарай  жылжу  төмендегідей 

болады:

1) 


мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару


541

2) 


 нәтижеге жету деңгейін анықтау; 

3) 


 бағалаудың мазмұнын және техникасын іріктеу

4) 


 оқудың сәйкес әдістерін таңдау және жүзеге асыру; 

5) 


 бағалауды жүргізу және оқу нәтижелерінің өлшенетін деңгейіне жеткенін анықтау. 

Ресей  ғалымдары  (И.С.  Фишман,  Г.Б.  Голуб)  мұғалімнің  қалыптастырушы  бағалауды 

ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады: 

Жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау. 



Оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру. 

Оқушылардың  жоспарланған  оқу  нәтижелеріне  кері  байланыс  механизмі  көмегімен 



жетуін жүргізу. 

Сондай-ақ, қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету үдерісін 

қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оқу үдерісіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер 

енгізуге,  ал  оқушыға  өзінің  білім  алу  жолында  жоғары  дәрежедегі  жауапкершілікті  сезінуге 

көмектеседі. Ол күнделікті тәжірибеде қолданылады, оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде 

пайдаланылады. Мұғалім осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты 

анықтап,  оқушының  өткен  тақырыптарды  біртұтас,  үйлесімді  картина  түрінде  елестетуіне, 

нәтижені  бақылаудың  адекватты  тәсілдерін  өзі  анықтай  білуіне,  жоғары  деңгейге  жетуге 

ынталануына көмектеседі [3].

Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  сыртқы  кері  байланыстың  ішкі  кері  байланысқа  ауысуы 

қалыптастырушы бағалауды сабақта қолдану болып табылады, ал бұл оқушыны білім берудің 

субьектісі  деңгейіне  көтерілуіне  ықпал  етеді.  Оқушы  өзін  бақылап,  өзінің  әрекет  тәсілдерін 

таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша оқушы мақсат 

қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді 

құзыреттіліктерін қалыптастырады. Мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқыту үшін бағалауды 

пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. [2]

Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі – білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзыреттілігін 

дамыту, арттыру, қалыптастыру. Қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты 

рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін  дамыту, қоршаған ортамен 

дұрыс қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол 

себептен оқытуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нәтижесін бағалауда да жаңа бағытқа ие 

болуда.  Осы  тұрғыдан  алғанда  мұғалімнің  бағалаудағы  рөлі  өте  үлкен  және  ол  әрдайым  өз 

құзыреттілігін жан-жақты жетілдіріп отыруы абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет