Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ҮШТІЛДІЛІКТІ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ-БАСҚАРУ АСПЕКТІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет487/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ҮШТІЛДІЛІКТІ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ-БАСҚАРУ АСПЕКТІЛЕРІ

С.Е. Төлеу

Жамбыл атындағы мектеп-гимназия, Тараз қ. 

stoleu5@mail.ru

Үштілділік  идеологиясы  жаһандану  заманының  талабына  қарай  қоғам  қажеттілігінен 

туындап  отырғаны  деп  түсінеміз.  Экономика,  саясат,  мәдениет  пен  білім  берудегі  түбегейлі 

өзгерістерге  барлығымыз  куәміз,  соның  салдарынан  әлемде  көптілділік  орын  алғаны  заңды 

көрініс деп айтуға болады. 2011-2020 жж тілдерді дамытудың Мемлекеттік бағдарламада ана 

тілін  дамытуға  аса  көңіл  бөлініп,  көп  тілділік  жағдайында  оған  басымдылық  берілгені  айқын 

[1]. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» баяндамасында бәсекеге 

қабілет  дегеніміз  –  ұлттың  аймақтық  немесе  жаһандық  нарықта  бағасы,  я  болмаса  сапасы 

жөнінен  өзгелерден  ұтымды  дүние  ұсына  алуы  делінген.  Бұл  орайда  «Үш  тілде  білім  беру» 

бағдарламасы - жастарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы болмақ. [2]

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында 79 - қадам жоғары сыныптар мен ЖОО ағылшын тіліне 

кезеңдеп өту белгіленген [3].  Оның мақсаты – кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен 

білім  беру  секторының  экспорттық  әлеуетін  көтеру.  Елбасының  тапсырмасымен  2020  жылға 

қарай  ЖОО-лардағы  барлық  техникалық  және  медициналық  мамандықтар  ағылшын  тілінде 

оқытуға көшеді.

Осы мақсаттарға жету үшін орта білім беру  жүйесінде қазіргі таңда тәжірибелік жұмыстар 

ұйымдастырылуда. Республикамызда 117 мектепте оқыту үш тілде жүргізіледі. Онда 63 мыңға 

жуық  оқушы  қамтылған,  бұл  олардың  жалпы  санының  2,3%-ын  құрайды  [4].  Үш  тілде  білім 

беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасына сәйкес 2019 жылдан бастап 

10-11 сыныпта оқитын мектеп түлектері физика, химия, биология және информатика  пәндерін 

ағылшын тілінде меңгереді [5]. 

Жамбыл облысындағы мектептерде де үш тілде білім берудің пилоттық жобасы енгізілген. 

Үш тілде білім беру үшін алдымен кадр мәселесін шешу керек, осы бағытта облыс мектептерінің 

мұғалімдері ағылшын тілі курсынан өтуде. Олардың дені химия, физика, биология, информатика 

және ағылшын тілінің мұғалімдері. Үш тілді оқытудың мақсаты - бірнеше тілді меңгерген тұлға 

қалыптасыру.  Ал,  облыстағы  өзге  де  мектептерге  үш  тілді    білім  беру  әдісі  кезең-кезеңімен 

енгізілмек.

Солардың  ішінде  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Мектепке  дейінгі  және  орта  білім 

департаментінің 05.12.2015 жылғы №11-2/548 хатын басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысы 

әкімдігінің білім басқарамасының 14.08.2017 жылғы №335 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында 

Жамбыл  атындағы  №5  мектеп-гимназиясы  эксперименталдық  алаңы  өз  жұмысын  бастады. 

Білім беруді жаңартуға көшуде жүргізіліп жатқан тәжірибе мәселелері мен келешегін зерделей 

келе, жоба басқару-әдістемелік тұрғыда ауқымды, жан-жақты әзірленді.

Басшылық  тарапынан  эксперимент  жұмысына  қажетті  жағдай,  ақпараттық  ресурстар, 

материалды-техникалық база, кадр мәселесі мүмкіндігінше жасалды. Эксперименталдық алаң 

жұмыс жоспарына сәйкес «Жалпы орта мектептегі үштілді білім берудің ғылыми-педагогикалық 

аспектілері»  ғылыми  тақырыбы  бойынша  Бағдарлама  дайындалды.  Үштілді  білім  берудің 

мектепішілік  жүйесі  жалпы  жүйенің  бөлігі  ретінде  басқа  да  педагогикалық  компоненттердің 

өзара байланысы пен өзара әрекеттесуі арқылы қаралды [6]. 

Тиісті ұйымдастыру жұмысынан кейін үш тілді оқытуды енгізудің концепциясы анықталды. 

Ондағы негізгі идея - жоғары сыныптарда бірнеше пәндерді ағылшын тілінде оқытуға дайын 

болу үшін 2017/19 оқу жылдары барысында көптілді ортаны қалыптастыра отырып, 7-9 сынып 

оқушыларын бейімдеу.

Бұл  кезеңде  үштілділік  білім  беру  жүйесін  қалыптастыру  қажеттілігі,  өзектілігі,  оның 

теориялық-әдістемелік негіздері, мәдениетаралық коммуникация аясындағы көптілділік білімнің 

басты  тұжырымдамалары  анықталып,  басқару  моделі  айқындалды.  Онда  үштілді  ортаны 

қалыптастыруға  мүдделі  субъектілер  ретінде  басқару  органдары,  ұстаздар,  ата-аналар  мен 

оқушылар қауымдастығы қамтылды.




705

Сурет 1 – Үштілді білім берудің басқару моделі 

Басқару моделі негізгі ғылыми ұстанымдарды ескере отыра құрастырылды:

Үздіксіздік ұстанымы – балалардың даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, ағылшын, орыс 

тілінде оқыту технологиясының барлық кезеңдерінде бір-бірімен байланыса, үздіксіз оқытуды 

қамтамасыз етеді. 

Тұтастық ұстанымы – оқушылар бойында жалпы метапәндік тұтастық, жүйелік пен қажеттілік 

туралы ұғым қалыптасады, демек, үштілділік саясатының қажеттілігін ұғынуды қалыптастырады. 

Психологиялық  жайлылық  ұстанымы  –  оқу  үдерісі  барысында  қобалжу  факторларын 

тудырушы жағдайларды болдырмауға жағдай жасайды. Сондықтан оқушылардың психологиялық 

өзіндік  сезінуге  үш  тілді  оқытуды  енгізудің  ықпалын  диагностикалау,  балалардың  тілге  деген 

ынтасын дамыту, осы жұмысқа қатысы барлық тұлғаларға психологиялық көмек көрсету болып 

табылады.

Өмірмен байланыстыру ұстанымы – оқу бағдарламасын өмірдегі жағдайлармен, жаһандық 

өзгерістермен интеграциялау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы артады.  

Ғылыммен байланыстыру ұстанымы – мұғалімдер мен оқушылардың жаңартылған білім беру 

мазмұнын жүзеге асыруға қажетті зерделеу, зерттеу, іздестіру, салыстыру, талдау, болжамдау 

қасиеттеріне ғылыми көзқарасын кеңейтеді.

Осы тұрғыдан қарағанда, басқару моделін жүзеге асыру нәтижесінде мектепте үштілді орта 

қалыптастырылуда.  Оны  ынталандыру-құндылық  критерийлері  арқылы  бағалауға  болады. 

Оның  ішіне  балаларды  оқуға  ынталандыру,  білім  өрісін  кеңейту,  ағылшын  тілінде  сөйлеу 

дағдысын қалыптастыру және зияттандыру сияқты критерийлер кіреді.

Басқару моделі келесі ұйымдастыру формаларын қамтиды: элективті курстар, үйірмелер, 

сыныптан  тыс  іс-шаралар,  мұғалімдерге  арналған  курстар.  Осы  формалар  арқылы  үштілді 

ортада қалыпты түрде жыл бойы оқушыларға ықпал ету қарастырылған. 

Бағалау-рефлексиялау компонентінде басқару моделінің қызметі диагностикалау, бақылау 

және  түзету  түрінде  жүзеге  асырылады.  Жыл  бойында  әрбір  оқушы  қаншалықты  табысты 

болғаны, оның оқу жетістіктерінің арттырылғаны бақылауға алынып, тиісті түзету іс-шаралары 

қолданып отырылады.

Басқару моделінің түпкі мақсаты үш тілді меңгерген оқушы тұлғасын қалыптастыру. Онда 

қазақ тілі (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, математика және инвариантты жаратылыстану оқу пәндері), 

ағылшын  тілі  (химия,  физика,  биология,  информатика  пәндерінің  курстары  және  ағылшын 

тілі пәні); орыс тілі (дүние тарихы, орыс тілі мен әдебиеті пәні) көп тілді оқушының тұлғасын 



706

қалыптасуға ықпал етеді. Пилоттық режимдегі пәндер негізгі сабақтарының белгілі бір бөлігінде 

де ағылшын тілінде жүргізе бастады.

Қазіргі таңда мектеп-гимназияда теориялық басқару моделін құрғаннан кейінгі жүзеге асыру 

кезеңдері басталды. Дайындық кезенінде алдымен кадр мәселесі шешуін тапты. Мектептегі жас 

ұстаздардың қатарынан ағылшын тілін меңгерген немесе оқуға ынтасы бар кадрлар іріктелді. 

Курстық дайындықтан өткен соң олар А1-С1 сертификатына ие болды. Одан кейін олардың әр 

қайсысына эдвайзер ретінде ағылшын тілі пән мұғалімі бекітілді. Олардың өзара әрекеттесуі 

басшылар тарапынан қадағаланып отырды.

Менеджмент қағидасы бойынша жаңашылдыққа аттаған ұстаздарды ынталандыру мәселесі 

мектеп басшылығынын назарында. Әрине, оқу жоспары бойынша экспериментке бөлінген сағат 

көлемі көп болмаса да, оларға моральді түрде қолдау көрсетіліп отыру қажет. Мысалы, тиісті 

марапаттауға ұсыну, қалалық, областық деңгейдегі түрлі кәсіби байқауларға қатысуы – ол да 

ұстаз көшбасшылығын көтермелеу әрекеті деп санауға болады. Сонымен қатар, сабақ кестесін 

құруда  ұстаздың  уақытын  бағалауға  бағытталған  оптималды  түрлер  қарастырылған.  Себебі 

әрбір  сабаққа  шет  тілінде  дайындалу  ізденісті  қажет  етеді.  Жалпы  айтқанда,  эксперимент 

аясында дұрыс психологиялық ахуал қалыптасуға біршама күш салынды.

Маңызды мәселенің бірі деп шет тіліндегі оқу материалы мен оқулық тапшылығын айтуға 

болады. Барлық облыстарға министрлік тарапынан берілген нұсқауларды ескере отыра, ұсынған 

оқулықтарды қамтамасыз ету – қала мен мектеп басшылығының жасаған үлкен бетбұрысы деп 

есептеу керек. Осы материалдарды өз бетінше қайта өндеп, құрастырып-түзудің негізінде әрбір 

мұғалім  эксперименттік  оқу-әдістемелік  кешен  жасап  шықты.  Қазіргі  таңда  қала  мен  облыс 

мектептерінің арасында тәжірибемен бөлісуге дайындық үстінде.

Көптілді ортаны қалыптастыруда материалды-техникалық база өз ролін атқаруда. Алдымен, 

эксперимент кабинеті ашылуына орай қалалық білім бөлімінің тарапынан компьютерлік сынып 

бөлінді.  Онда  экспериментке  қатысушы  ұстаздарға  интернет  желісі  арқылы  оқу  материалын 

іздестіруге, алуға, өндеуге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, оқушыларды шет тілінде өтетін 

сабақтарды  сол  кабинетте  өткізумен  қызықтырды.  Мектеп  рекреациялары  ағылшын  тілінде 

жазылған стендтер, бұрыштар, суреттермен безендірілді. Оларды ағылшын тілі пән мұғалімдері 

дер кезінде жаңартып тұрады. Жыл бойында эксперимент аясында өткен сабақтарға басшылық 

тарапынан  бақылау  жүргізіледі.  Оқушылардың  шет  тілін  қаншалықты  меңгергені  әдістемелік 

кеңесте талқыланып, келесі жұмыс бағыттары айқындалып отырады. Жалпы, балалардың шет 

тілінде пәнді оқуға қызығушылығы өте жоғары деп айтуға болады.

Жоғарыда  баяндалған  эксперимент  алаңы  аясында  ұйымдастырылған  жұмыс  жалпы 

педагогикалық инновациялар қатарына жатады. Себебі ол ғылыми критерийлердің сипатына 

ие болды:

а)  оңтайлылық  -  нәтижелер  алу  үшін  жұмсалатын  мұғалімдер  мен  оқушылардың  күші, 

құралдар шығыны тиімділігі анықталды;

б)  нәтижелілік  -  мұғалімдер  іс-әрекетінде  алынған  нәтижелердің  белгілі  бір  тұрактылығы 

айқындалды;

в) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндігі қарастырылды. 

Дегенмен,  эксперимент  барысында  анықталған  сын-қатерлер  мен  қиындықтарға  назар 

аударсақ:

Ағылшын  тілі  пәнінің  жалпы  оқыту  сапасына  назар  аудару  қажет.  Соңғы  жылдары  пәнді 

коммуникация  тәсіліне  бағыттағанымен,  ойланатын  мәселелер  көп  екендігі  байқалды.  Се-

бебі оқушыдардың басым бөлігі  пәнге берілген мазмұн аясында еркін меңгерген дағдылары 

байқалмайды. Шет тілі мұғалімдер креативті ізденіс жолына түсу қажеттілігі туындап отыр.

Мемлекет  тарапынан  ұйымдастырылған  курстарда  қайта  дайындықтан  өтіп  жатқан 

мұғалімдерде ағылшын тілінде төселмегендіктен, көптеген қателіктер байқалады. Бұл жағдай 

бірнеше жылдардың тәжірибесін және ұстаздың үнемі сөйлеу іс-әрекетін жан-жақты дамытуды 

талап етеді.

Оқушыларға түсіп жатқан оқу жүктемесі олардың психофизиологиялық шамасынан артып 

жатыр. Осы жерде оқу салмағын азайту мәселесіне педагог-ғалымдар назар аудару керек деп 

қорытамыз.

Мұғалімдер өз пәні бойынша шет тілінде өте тиянақты, жүйелі түрде жұмыс ұйымдастыруы 

керек.  Баланың  мүмкіндігіне  қарай  терминологиялық  дескрипторларды  нақтылау  қажеттілігі 

туындап  отыр.  Яғни,  оқушы  санасында  ана  тілінде  қалыптаспаған  түсінік-ұғымдарды  шет 



707

тілінде ерте беруге болмайды. Себебі бұрыс қабылданған ұғымды қайта меңгерту болашақта 

қиындыққа соғады. 

1. 


Оқу  үдерісін  интенсификациялау  қажеттілігі.  Оқу  жоспарында  бөлінген  сағат  көлемі 

шектеулі, оның сыртындағы уақытты  оқушы үшін тиімді пайдалану қажет. Оқушыға оптималды 

түрде белгіленген өзіндік жұмысты таразылау керек.

Дегенімен,  бұл  анықталып  отырған  мәселелерді  шешу  жолдарын  кәсіби  тұғыда  ізденіп 

жұмылса, мемлекет пен қоғам қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет