Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет489/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Түйін сөздер: үштілді оқыту, тілдік орта, іс-әрекетті ұйымдастыру, эксперименталды зерттеу, 

басқаруды модельдеу.



Ключевые  слова:  трехъязычное  обучение,  языковая  среда,  организация  деятельности, 

экспериментальное исследование, моделирование управления.



Key  words:  trilingual  education,  language  environment,  organization  of  activities,  pilot  study, 

management modeling.




708

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН 

ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ 

К.Т. Туралбаева, Г.Т. Сагнаева 

Ұлттық тестілеу орталығы, Астана қаласы 

Қазіргі  таңда  еліміздегі  білім  саласында  көп  айтылып  жүрген  түйінді  мәселелердің  бірі  – 

Қазақстандағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Яғни, оқушылардың 

түрлі мәтіндердің мазмұнын түсіну мен өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту тәсілдері мен алған 

ақпараттарды сын тұрғысынан бағалауды, болжам жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейін 

жетілдіру жолдарын дамыту, оқушыларда күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған 

жаратылыстану-ғылыми  түсініктерді  қолдану  және  олардың  математикалық  құзыреттілігін 

сипаттайтын тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру болып табылады [1].

Аталған мәселелер Қазақстан мектептеріндегі дәстүрлі білім берудің үрдісін сақтай отырып, 

оның  тәжірибелік  және  өмірлік  компоненттерін  жақсарту  –  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыру жолдарының бірі. Ұлы Эйнштейннің «Адам естіп-білгені арқылы 

ғана  жетілмейді,  еңбек  пен  іс-әрекет  үстінде  қалыптасады»  деген  екен.  Демек,  мұғалім 

теориялық  білімнің  адам  өміріндегі  шынайы  жағдайларда  көкейкесті  екендігін  шәкірттеріне 

терең ұғындыруы тиіс. Мұғалім баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, 

оған  қабілетін  арттыратын  жағдай  туғыза  білуі  керек.  Оның  бастысы  –  оқу  үрдісін  жаңаша 

ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше 

білім алуға, әрекет етуге жетелеу. Әрбір сабақтың мақсатына жету оқушының өзі арқылы іске 

асуы тиіс.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына 

сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, 

тұжырым жасауға бағыттау, өздігінен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл айтылған 

іс-әрекеттер оқушыны өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын 

жүргізе  білуге  үйретеді.  Сонымен  қатар,  оқушы  алған  теориялық  білімін  өмірлік  тәжірибеде 

қалыптастыруға бейімделеді. 

Халықаралық  зерттеулер  аспектісінде  оқушылардың  білім  мен  білік  сапасының  негізгі 

көрсеткіштерінің бірі - функционалдық сауаттылық. Халықаралық зерттеулерде қолданылатын 

тапсырмалардың ерекшелігі олардың формасы мен мазмұнында. Олардың формасы контекст 

пен  контекстке  негізделіп  құрастырылатын  түрлі  тапсырмаларды  қамтиды,  ал  мазмұны 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  тексеруге  бағытталады.  Мұндағы  айтылып 

отырған контекст дегеніміз латын сөзінен аударғанда байланыс деген мағынаны білдіреді және 

ол мәтіннің құрамына кіретін жекелей сөздер мен сөйлемдердің мәнін нақтылауға жол беретін 

тұтасталған жазбаша үзінді [2].

Айтылып  отырған  тәжірибелік  контексттерді  әзірлеу  үшін  ең  алдымен  оның  әзірлеу 

әдістемесі болу керек, яғни контексттер қалай, қандай жолдармен, қандай мақсатта таңдалынып 

алынатындығы ғана емес, сонымен қатар контекстке құрастырылатын тапсырмалардың дұрыс 

әзірленуі  де  өте  маңызды.  Мұндағы  басты  мәселе:  оқу  бағдарламасына  сай  контексттерді 

қандай жолмен таңдап алуға болатындығы. 

Контексттер  мен  оған  құрастырылған  тапсырмалар  оқушының  білімін  бағалау  аспаптары 

ретінде қолданылатындықтан, олар оқушының жасына сәйкес таңдалынып алыну тиіс. Контекст 

таңдауға қойылатын төмендегідей басқа да маңызды талаптар бар:

– контексттің мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес болуы тиіс;

–  контексттегі  қолданылатын  терминология  барлық  оқушыға  таныс  болуы  керек  немесе 

түсіндірмеге сілтеме көрсетілуі тиіс;

– контекст тек «түсінуге»  бағытталмауы тиіс;

– контекст оған құрастырылатын сұрақтардың жауаптарынан ғана құрылмауы тиіс. Яғни, бір 

тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақ ойластырып, сол сұрақтардың жауаптарын сөйлемдер 

арқылы жазып контекст жасай салу дұрыс емес, себебі бұл жағдайда контексттегі сөйлемдердің 

арасында жүйелі байланыс жоғалуы мүмкін;

– контекст мазмұнында оқушыны қызықтыратындай жаңа жаңалықтар болғаны дұрыс;

– контекст тек мәтіннен ғана емес, сурет, график, кесте және түрлі диаграммаларды қамту 

арқылы әзірленіп, олар оқушы сұрақтың жауабын іздестіру барысында қажеттілігіне пайдалана 




709

алатындай болуы тиіс;

– контексттегі мәліметтер пәндік тақырыпшаны меңзеп тұрмауы тиіс;

– оқушы сұрақтың дұрыс жауабын анализ, синтез немесе қолдану әрекеттерін іске асыру 

арқылы анықтауы тиіс.

Көрсетілген  талаптарға  сай  әзірленетін  контексттер  мен  ол  бойынша  құрастырылатын 

тапсырмалар  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  мақсатында 

жасалатындықтан, олардың мазмұны өмірге, табиғатқа терең мағына беріп, оқушының санасын 

жандандырып,  оның  әлеумет  тұрмысына,  төңіректегі  әлемге  терең  көзбен  қарап  үйренуіне, 

кездесетін қиын мәселелерді оңай шешуіне ықпал ететіндей болуы тиіс. Яғни, оқушы мектептен 

шыққан соң, үйренген білімін ұмытып қалмай, қайта одан ары ізденуге құлшынысы оянатындай 

контексттер болғаны абзал. Бір сөзбен айтқанда контексттер білім мен өмірді байланыстыра 

алатын дәнекер болуы тиіс. 

Математикалық әдістер мен ұғымдар өзінен алшақ жатқан пәндерде де (биология, химия 

т.б.)  қолданыс  табуда.  Математиканың  инженерияда,  құрылыс  жобаларында,  компьютерлік 

техникаларды құрастыруда және тағы басқа салаларда есептеу жұмыстарын жүргізуде ерекше 

орын  алатындығын  айтпаса  да  түсінікті.  Сонымен  қатар,  біздің  күнделікті  өмірімізде  де  бізге 

белгілі бір есептеулер жасауға және арифметиканы еске түсіруге тура келетін жағдайлар да 

кездесіп жатады. Бірақ, математиканы қолдану аясы тек қарапайым арифметикамен шектеліп 

қана  қоймайды.  Мысалы,  алгебрадағы  «Прогрессияларды»  адамдар  сонау  көне  заманның 

өзінде  шаруашылық  өмірде  өнімдерді  тарату,  мұраларды  бөлісу  сияқты  қажеттіліктеріне 

пайдаланған. Осы прогрессияның заманауи өмірдің көптеген басқа салаларындағы орнын атап 

көрсетуге болады:

бұл  заңдылық  физикалық  процестерде  де  кездеседі.  Нейтрон  уранның  ядросына 



соқтығысып, оны екіге бөледі. Екі нейтрон пайда болады. Сосын ол екеуі екі ядроға соқтығысып, 

оларды  4  бөлікке  бөледі  осылайша  жалғаса  береді,  яғни  бұл  геометриялық  прогрессияны 

құрайды деген сөз;

химиялық  реакция  кезінде  температураның  мәнін  арифметикалық  прогрессия 



ретімен арттыратын болса, онда химиялық реакцияның жылдамдығы геометриялық прогрессия 

бойынша артады;

экономикада прогрессияның орны ерекше. Банктегі салымдар күрделі және қарапайым 



пайыздар  схемасы  бойынша  өседі.  Мұндағы  қарапайым  пайыздар  –  бастапқы  салымның 

арифметикалық  прогрессия  бойынша  артуы,  ал  күрделі  пайыздар  –  бастапқы  салымның 

геометриялық прогрессия бойынша артуы.

Демек көріп отырғанымыздай, бір ғана прогрессияның өзіне әртүрлі саладағы жағдайларға 

байланысты бірнеше контекст пен оған сай тапсырмалар әзірлеуге болады. 

Математиканың бір тармағы болып саналатын геометрия бойынша да қызықты контексттер 

таңдау қиындық тудырмауы мүмкін. Себебі, ертедегі оқымыстылар геометриялық фигуралардың 

қасиеттерін қоршаған ортадағы денелерді бақылай отырып анықтаған. Яғни, біздің айналамыз 

тұнып тұрған геометрия деп айтуға болады. Мысалы, күнделікті өмірдегі көріп жүрген бөлме, 

шкаф  және  т.б.  заттар  параллелепипедті  еске  түсіреді.  Сондай-ақ  партаның  беті,  еден  және 

тақтаны тіктөртбұрыш деп алуға болады, ал сақина, обруч сияқты заттарды шеңбермен, глобус 

пен доп сияқты заттарды шармен теңестіруге болады.

Жоғарыда  айтылған  талаптарды  қанағаттандыратын,  оқу  бағдарламасындағы  кейбір 

тақырыптарды  қамтитын  және  жабық  түрдегі  тапсырмалардан  тұратын  контекстіге  мысал 

ретінде «Жүзік өлшемі» есебін келтірейік.

Әр елден шығарылатын жүзіктердің өлшемдері әртүрлі жазылады (санмен немесе 

әріппен). Мысалы, ресейлік жүзіктердің классикалық өлшемдер қатары 15-тен 

23-ке дейін 0,5 мм аралықпен алынады. Бір қызығы ресейлік жүзіктердің кейбір 

өлшемдері Ресей валютасындағы монеталармен дәлме-дәл келіп жатады (1-сурет) [3]. 



710

1-сурет


Сандық өлшемдер қандай да бір математикалық шаманы сипаттайды.  Мысалы, ресейлік 

жүзіктердің өлшемі жүзіктің ішкі диаметрін көрсетеді. Европалық және веналық өлшемдер ішкі 

шеңбердің ұзындығын білдіреді. Әр елдегі өлшемдердің шкалалары арасында математикалық 

тәуелділік болады.  Мысалы, американдық және ресейлік өлшемдер арасында күрделі байланыс 

бар. Ресейлік өлшем американдық өлшемді 0,83-ке көбейтіп, шыққан санға 11,5-ті қосқанға тең.

«Жүзік өлшемі» есебі бойынша келесі тапсырмаларды беруге болады.

1. Мерейдің жүзігі Ресей елінен шыққан, өлшемі 16 мм. Оның жүзігінің европалық өлшемін 

көрсетіңіз  (жауапты бүтінге дейін дөңгелектеңіз)

A) 50 мм

 B) 20 ммC) 10 ммD) 40 ммЕ) 60 мм

2. Веналық өлшем – δ, ал ресейлік өлшем –ω деп алып, екі өлшемнің арасындағы байланысты 

көрсетіңіз

A) 


πδ

ω

=



B) 

ω

δ



2

=

C) 

π

δ

ω



=

D) 


ω

π

δ



=

Е) 


ω

δ

=



2

3. Суреттегі жүзіктің американдық өлшемін есептеңіз (жауапты бүтінге 

дейін дөңгелектеңіз)

A) 8             



B) 7C) 9             D) 10              Е) 6

Берілген  тапсырмалар  геометрияның  планиметрия  бөліміндегі  шеңбер  тақырыпшасына 

қатысты анализ, синтез және қолдану сияқты операциялар жасауға арналған тапсырмалар деп 

есептеуге болады. 

Осы  сияқты,  өтілген  тақырыпқа  сәйкес  тәжірибелік  контексттегі  сұрақтарды  қамтитын 

материал  даярлап  отыру  әрбір  мұғалімнің  сабақ    барысындағы  жоспарлаған  мақсатына 

жетуіне көп көмегін тигізер еді. Халықаралық зерттеулердің бірегейлігі де осы, яғни тәжірибелік 

контексттегі  сұрақтарды  қамтитын  бағалау  аспаптарының  бар  болуында.Тәжірибелік  бағыты 

бар,  күрделілігі  әр  түрлі  деңгейдегі  сұрақтар  мен  тапсырмалары  қамтылған  оқу-әдістемелік 

құралдар  мен  жинақтарды  шығару  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жолдарының бірі болып табылатыны сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет