752
ГИМНАЗИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН ЖОБАЛЫҚ ІС-
ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Ф.С. Шортанбекова
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы,
Тараз қ.,
taraz45@mail.ru
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында барлық
жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдетіп,
білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа
білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деп нақты міндет қойды. Белсенділігі жоғары,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу
қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын
қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр[1].
Халықаралық зерттеу нәтижесінен де оқушылардың жетістіктерінің математикадан
және жаратылыстану пәндерінен жоғары болу себептерінің бірі – олардың функционалдық
сауаттылығының қалыптасуы, яғни мектеп жағдайында зерттеу және жобалау жұмыстарының
оқыту үдерісіне тиімді енгізу нәтижесінде деп көрсетілген[3].
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты талабы да білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып отыр. Сондықтан да гимназияны
жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізуге даярлау, жаңа сатыға – жаңа сапаға көтеру
мақсатында мектеп жағдайында зерттеу және жобалау жұмыстарын енгізіп, тәжірибеде сынап
көріп, ұсынып отырмын. Оқушылардың «зерттеу мәдениетін» қалыптастыру – бұл қоғам талабы,
проблемасы, сондықтан оқу мен жобалау іс-әрекетін енгізу мақсатында 2013-2014 оқу жылынан
бастап «Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс – әрекет арқылы
дамытудың педагогикалық аспектілері» эксперимент алаңын ұйымдастырдық. Эксперимент
алаңының жұмысын оқушылардың өзгермелі әлемге жылдам бейімделе алмайтын мәселесін
шешу үшін «Өмірмен байланыс» ұғымына негіздеп жүргіземіз.
Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы
дамытуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеп, ғылыми – әдістемесі жасалды. Жұмыс
жоспары жасалып, бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаға сәйкес жұмыс кезеңдері шартты
түрде 3 кезеңге бөлінді:
Ұйымдастыру кезеңі: 2013-2014 жж., қалыптастыра-жүзеге асыру кезеңі: 2014-2017 жж.,
қорытынды кезең: 2017-2018 жж.
Эксперимент жұмысының мақсаты зерттеудің ғылыми болжамы мен міндеттеріне сәйкес
оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, зерттеу
мәдениетін дамытудың дидактикалық тұғырларын нақтылап, педагогикалық шарттарын анықтау
болды.
Эксперимент жұмыстарын ғылыми тұрғыда негіздеп және оқушылардың зерттеу мәдениетін
дамытудағы жобалау іс-әрекетінің ғылымилығын арттыра түсу үшін ҚР Үкіметінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес қосымша білім беру педагогтары ретінде Тараз
қаласындағы ЖОО-нан 8 оқытушы-ғалымдармен бірігіп жұмыс жасауға келісім-шарт жа-
салды. Жоғарғы оқу орнынан тартылған оқытушылар оқушылардың жобалау және зерттеу
іс-әрекетін жүргізуі көзделген курстың оқу-тақырыптық жоспарын жасап, оқушыларға жоба-
лау, зерттеу жұмысының тақырыбын алуға бағыт берді және олардың нәтижеге бағытталған
жұмыстарына жетекшілік, басшылық жасады. Сондай-ақ, зерттеу, жобалау бойынша көмекші
әдістемелік құралдар жазып, әдістемелік көмектер көрсетті. ТИГУ-дің профессоры, Аймақтық
менеджменттің академиялық жүйесінің корроспондент мүшесі Б.Бектұрғанов ғылыми жоба
орындауға арналған әдістемелік нұсқау, ТарМПИ –дің оқытушысы, филология ғылымдарының
кандидаты К.Қарымбаева «Қазақ тілі бойынша ғылыми-зерттеу негіздері» атты мұғалімдерге
арналған әдістемелік нұсқау, «Жобалау іс-әрекеті арқылы оқушылардың зерттеу мәдениетін
қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбында А.Б.Ниязбекова,
Ф.С.Шортанбекова, А.Е.Маталиева әдістемелік құрал, «Гимназия жағдайында оқушылардың
зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамытудың педагогикалық аспектілері»
753
тақырыбындағы эксперименттік алаң негізінде «Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу
мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамыту технологиясы мен тәжірибесі» тақырыбында
А.Б.Ниязбекова, Ф.С.Шортанбекова, А.Е.Маталиева мұғалімдерге арнап оқу-әдістемелік құрал,
«Білім беру жүйесіндегі мотивация психологиясы» тақырыбында Ш.Т.Тұрдалиева, А.Н.Тілеубай
әдістемелік құрал, «Өнер пәндерінде жобалау технологиясын пайдалану жолдары: теория,
технология және тәжірибесі» атты әдістемелік құралдар дайындалды.
Оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға арналған арнайы курстар гимназияның
жұмыстық оқу жоспарына кіргізіліп, бағдарламалар даярлап, мектептің іс-тәжірибесіне енгізу
міндеті қойылды.
2016-2017 оқу жылы 3-сыныптарға «Жоба жұмысы», 4-сыныптарға «Балғын зерттеуші»,
5-сыныптарға «Основы проектной деятельности на русском языке», 2017-2018 оқу жылы
2-4-сыныптарға «Зерттеу, жобалау іс-әрекетінің негіздері», 5-сыныптарға «Основы проектной
деятельности на русском языке», 6-сыныптарға «Ағылшын тілінде жобалық жұмыс негіздері»,
7-сыныптарға «Информатикадан ақпараттық жобалар негіздері», 8-сыныптарға «Экологиялық
жобалар негіздері», 6-сыныптарға «Өлкетану жобасы», 2018-2019 оқу жылы 2-4-сыныптарға
«Зерттеу, жобалау іс-әрекетінің негіздері», 5-сыныптарға «Основы проектной деятельности
на русском языке», 6-сыныптарға «Basies of project work» (ағылшын тілінде жобалық
жұмыс негіздері), 9-сыныптарға «Физикадан жобалық жұмыстар негіздері», 7-сыныптарға
«Информатикадан ақпараттық жобалар негіздері», 8-сыныптарға «Биологиядан жобалық
жұмыстар негіздері», 10-сыныптарға «Химиядан жобалық жұмыстар негіздері», 11-сыныптарға
«Географиядан жобалық жұмыстар негіздері» курстары енгізілді.
Мұғалімдер тарапынан аталған пәндерден арнайы оқушы дәптерлері жасалып, көмекші
құрал ретінде әдістемелік оқулықтары құрастырылды. Осы пәндерді оқу арқылы оқушылар
қазіргі таңдағы ең келелі мәселелерді тақырып етіп алып, өздерінің жас ерекшелігіне сай
орыс, ағылшын тілдерінде бірнеше жобалар дайындады. Жоба жазу арқылы оқушылардың
орыс, ағылшын тілдерін меңгеруі тереңдей түсумен бірге олардың ізденушілік, жиналған
материалдар негізінде қорытынды жасау, пікір айту, өз көзқарастарын дәлелдеу, топтық жұмыс
жасау дағдылары дами түсті.
5-10-сыныптардағы аталған курс бойынша оқушылар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді
зерттей отырып, ақпараттық, ғылыми-зерттеушілік жобалар жазды. Оқушылар мәселені анықтау,
материалдар жинақтау, алынған сауалнамаларға қорытынды жасау, нәтижесін шығару секілді
жұмыстарды мұғалімнің басшылығымен өз деңгейінде орындай алды, топта жұмыс жасауды
жақсы меңгерді. Курс негізінде оқушылар мектеп өміріне, оқушылардың дұрыс тамақтануына,
бос уақыттарының тиімді өтуіне, адам денсаулығына зиян келтіретін іс-әрекеттер және тағы
басқа қазіргі таңдағы келелі мәселелер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, туындаған
мәселелерден шығу жолдарын қарастырды. Зерттеу жүргізудің нәтижесінде оқушылардың
бойында зерттеу мәдениеттері дамып, ақапараттық, коммуникативтік, тұлғалық, азаматтық
және әлеуметтік құзыреттіліктері қалыптасты.
Оқушыға жоба жаздыратын мұғалімнің өзінің теориялық білімі терең, зерттеу жұмысын
жүргізуге бейімделген, талдау, саралау жасай білуі керек. Гимназия педагогтарының жұмыс
барысындағы кәсіби – құзыреттілігі дамуы да үлкен өзгеріске ұшырады. Осыған дейін
педагогта дәстүрлі оқыту болған, семинарларға, тренингтерге, шебер сыныптарына қатысып,
арнайы курстарға бару арқылы мұғалімдер өз білімдерін жетілдірген,берілген нормаға ғана сай
жұмыс жүргізген, белгілі бір салада ғана іс-әрекетке қатысқан болса, арнайы жұмыстан кейін
педагогтарда жаңа көзқарас, рефлексия жасай білу деңгейі қалыптасты, әдістемелік мәдениеті
жетілді, мектептегі позитивті өзгерістердің көшбасшысы болды, белсенділіктің әлеуметтік және
жеке дара формасы қалыптасты.
Гимназияда жобалау технологиясының ішіндегі ең нәтижелі түріне ғылыми зерттеуді
жатқызуға болады. Гимназия оқушылары мен мұғалімдері Тараз қаласындағы ЖОО-ның бірігіп
жұмыс жасап, эксперименттік алаңда лабороториялық кабинеттердің болмауынан ЖОО-ның
тәжірибелік алаңдарына барып, эксперименттік жұмыстарын жүргізеді.
Гимназиядағы оқушылардың ғылыми жоба байқауына қатысуының нәтижесін соңғы үш жыл
бойынша салыстырсақ, қорытындысы төмендегідей: