заман талабына сай бейімделу мүмкіндігі мен кәсіби бағытты дұрыс таңдауына ықпал жасау,
білім сапасының қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған тәрбиелік және әлеуметтік маңызы
бар педагогикалық жобаларды іске асыру.
тәрбие әдістемелерін жетілдіру арқылы жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктерінің дамуына
шығармашылық потенциалын, сынып жетекшісін, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптастыруы;
енгізу. Жоспарлау, даму бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;
Үздік мұғалімдердің жұмыстарын жариялау, педагогикалық тәжірибемен алмасуды
Білім беру міндеттерін шешу үшін негізгі рөлді мектептің кадрлық жағдайы басты қызмет
атқарады. Ұжымда 46 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде 28% жоғары және 32 % бірінші
санатты мұғалімдер. Педагогикалық ұжым тұрақты. Педагогикалық құрамның орта жасы
– 35-40 жасты құрайды.
Педагогикалық қабілеттер - функционалдық жүйе, сондықтан оның басты критерийі
оқытудың нәтижесі болып табылады. Қабілеттіліктен басқа кәсіби шеберлік мұғалімнің кәсіби
құзыреттігімен байланысты. Қазір кез-келген проблеманы шешуде шығармашылық тұрғыда
қарайтын, салыстыра алатын, талдау жасайтын, зерттеушілік, кез-келген жағдайдан шыға алатын
педагог қажет. Сондықтан да біздер мектепте білім берудің жеке пікірі креативті, кәсіби тұрғыда
жоғары деңгейдегі маман тәрбиелеудегі іс-тәжірибемізді ұсынамыз. Педагогикалық қабілеттер
– бұл жүйе, сондықтан оның басты өлшемі қызметтің нәтижесі. Мұғалімнің қабілеттері, кәсіби
деңгейі оның кәсіби құзыреттігімен байланысты. Педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби деңгейі
бірден жоғары болып келмейді, нәтиже бірден болмайды. Бұл педагогикалық ұжым қалыптасуы
бірнеше жылғы мақсаттанған үрдіс. Осыған сәйкес мектеп жұмысын ұйымдастыруда ұжым болып
784
проблемаларды анықтап, оның шешу жолдарын талқылаймыз. Талдау барысында анықталған
проблемалар бойынша педагогтардың өзін-өзі кәсіби жетілдіруі үшін, оның теориялық негіздерін
білу қажеттілігі туындайды. Осыдан мектептің зерттеушілік тақырыбы анықталады. Зерттеушілік
тақырыбы төңірегінде мектептің әдістемелік тақырыбы және одан әр педагогтың жеке тақырыбы
шығады. Тақырып бойынша жұмыстардың негізі – әр педагогтың өзін-өзі зерттеу функциялары
және кәсіби жетілдіруі болып табылады. Мұғалімнің осы бағытта нәтижелі жұмыстануы үшін:
Мектепте әріптестер арасындағы толеранттық қарым-қатынас, өз іс-тәжірибесімен алмасуға
болатын ашық инновациялық орта қалыптасқан; Әріптестер арасында жан-жақты, бей ресми
өзара белсенді қарым-қатынас орнатылған; Мектептің дамуына әр педагог белсенді түрде өз
шығармашылық жұмысымен үлесін қосады.
Осы бағытта мектепте педагог қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына басшылық ету әдіскердің
басты міндеті болып табылады. Мектебімізде мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыруда
әдістемелік қызмет негізгі үш бағытты қамтиды. 1) мотивациялық-мұғалімдерді зерттеушілік іс-
әрекетке тарту; 2) ұйымдастырушылық - мұғалімдерді инновациялық технологияларға оқыту;
3) рефлексивті - алған іс-тәжірибелерін жинақтап, таратуға мүмкіншілік беру. Мұғалімдермен
тығыз қарым-қатынас орнату арқылы олардың барлық іс-әрекетіне бақылау жасап, бағыттап
отырамыз. Мектептің әдістемелік қызметі төмендегі білім аясын қамтиды: Әдістемелік бірлестік,
әдістемелік кеңес, шығармашылық топ, психологиялық қызмет, педагогикалық кеңес, Smart
cеріктестік т.б.
«Мектеп қашанда –білім мен тәрбие тәжірибесін жинақтаушы, сақтаушы, сынақтан өткізуші,
ендіруші және таратушы педагогикалық торап болып келді» деп педагогика ғылымының докторы
Райфа Қыдырбайқызы айтқандай [1], бүгінгі таңда мектептегі әдістемелік қызметттің ішіндегі
жаңа бағыты «Smart cеріктестік» жобасы. Елбасының жолдауында атап көрсеткендей, Цифрлы
Қазақстан жобасы адам капиталын дамытудың озық үлгілерін ойлап тауып, оны жүзеге асыру
басты мақсат болып табылады. Мектептегі үш білім сатысын, оның ішінде бастауыш сынып, орта
буын, жоғары сынып арасындағы педагогикалық, әдістемелік, психологиялық байланыстың
алтын көпірі Smart cеріктестік жобасы болып табылады. «Smart» сөзі ағылшын тілінен
аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқында «ақылды» сөзі әр істің байыбын
бағалайтын, жеті рет өлшеп, бір рет кесетін, жоғары қабілет иесі. Серіктестік дегеніміз бірлесіп,
ортақтасып, қауымдасып, ұжымдасқан топты айтамыз. Мектебіміздегі «Smart cеріктестік» жоғары
мотивациялық әрекеттің арқасында мақсаты бір, міндеті айқын, нәтижеге бірлесіп жететін топ.
Жобаның негізгі мақсаты: бастауыш сынып, орта буын, жоғары сынып сабақтастығын нығайта
отырып, ата-ананың қолдау арқылы оқу-тәрбие үрдісінде тиімді іс-әрекет формалары арқылы
нәтижеге қол жеткізу. Міндеттері: бастауыш, орта, жоғары сыныптың арасында байланыс орнату;
мұғалімдермен оқушылардың іс-әрекетін бір жүйеге бағыттау; мектептің әдістемелік, тәрбиелік,
бағытындағы іс-шараларды бірлесіп шешу; ата-ананың байланысын, қызметін, рөлін нығайту;
нәтижеге бірлесіп қол жеткізу; серіктестер арасында дұрыс бәсекелестікке ұмтылу; мектептің
оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда бірлескен әрекет арқылы сапалы көрсеткіш көрсету.Жоба түйіні:
мектептегі атқарылатын жұмыстарға ғылыми-әдістемелік құрал болу; мұғалімдердің бірлескен
жұмыстарының тиімділігі мен белсенділігін артуына ұйытқы болу; ұжымдасып жұмыс жасауға
мотивация туғызу. Мектепте іске асырылып жатқан Smart cеріктестік жобасын мектебіміздегі
оқушы мен ұстаздарды жоғары нәтижеге жетелеп отырған жаңа әрі өте тиімді жоба болып отыр.
Бірлескен әрекеттің арқасында мұғалімдер кәсіби, шығармалық, әдістемелік конкурстардың
жүлдегерлері атанды. Тәжірибелерін аудандық, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде
жарияланды. Оқушылардың білім сапасы неғұрлым жоғары деңгейге көтерілді.
Әдістемелік жұмысты осылай жүйелі атқарудың нәтижесінде мектеп ұстаздары оқыту мен
тәрбиелеу үдерісінде жаңашыл тиімді әдіс - тәсілдерді игеруде, шығармашылықпен еңбек ету-
де ұмтылыстары артқанын байқадым. Гимназия мектебінің мектептегі ғылыми-әдістемелік
жұмысын жаңа бағытта ұйымдастырудағы мақсаты - шығармашылық ізденістегі ұстаздар
қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі талап деңгейіне көтеру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: