798
ҚҰЗЫРЛЫ МАМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПЕДАГОГИКАНЫҢ «МӘҢГІ» МӘСЕЛЕСІ
М.М. Жапбасбаева
Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі (РО),
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы. Қазақ ауылы.
zh.manat1969@mail.ru
Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да
жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің
басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның
қалыптасуына қажетті жағдай жасау» [1] делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана
– білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал
педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа білім беру мазмұнының маңыздылығы
зор.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман
талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім
беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам
басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр – сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа
баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік
болды.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар,
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
География пәніне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан
шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі
құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы
– оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ – ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа
түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты
қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс - тәсілдерді (бірлескен
оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану.
Жиырма бірінші ғасыр –жоғары технологиялар, жаһанды өзгерістер, білім ғасыры. Осы
заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін қандай да салада білімді, жаңалыққа дайын,
құзыретті мамандар қажет [2].
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына
сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға,
терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үдірісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір
оқушы белсенділік танытады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып
отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық.
Жаңа әдіс-тәсілдер жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім
деңгейін көтеруде, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада
дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден-бір тиімді жоба.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің
нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин,
Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл
бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына
ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас
бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау
үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді
және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау
оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу
жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл
және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық
пәндер бойынша қолданылады.
799
Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;
Спиральді оқу бағдарламасы;
Пәнді оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;
Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің талаптары, оқытудың инновациялық нысандары мен
әдістері педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
Білім мен ғылымды кіріктіру арқылы сапалы жүйе құру көзделіп отыр. Тәжірибе көрсеткендей,
педагогтің үнемі табысқа жету формуласы – ол өзінің құзіреттілігін әрқашанда жетілдіруге
ұмытылуы болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін
дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары
болып табылады. «Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес, болашаққа қарай тәрбиеле»
деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде мұғалімге өзгеріссіз
қалу қауіпті деп ойлаймын.
Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз
салады. Мектепте географияны оқытудың негізгі міндеті - баланың жеке басының жан-жақты
қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау және дамыту, білімдерін ашу, мектеп
жағдайына тез бейімделуге қажет жағымды мінез-құлық қалыптастыру. Бала бойындағы
қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту. Білімді тұлға
қайдан шығады? Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға ізденіс
жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Бастауыш сыныпта жаңаша білім беру
мазмұнын жетілдіру, жаңашылдық әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігімен жүзеге
асырылады. Алдағы келешекке сенім мол деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: