Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет61/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   674
Үйірменің мақсаты: Дүниежүзілік танудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған 

бүкіл  әлемдік  құндылықтарды    (өндірістік,  саяси,  мәдени  және  әлеуметтік  салалардағы 

жетістіктерді)  білетін  және  оларды  өз  өлкесінің  дамуы  үшін  пайдалануға  ынталы,  жан-жақты 

жетілген,  өзінің  тарихи  тамырларын,  қоғамдағы  орнын  түсінетін  белсенді  азамамттарды 

қалыптастыру.

Міндеті:  Оқушыларға  өз  өлкесінің  тарихы  мен  мәдениетіне,  өркениеттің  қайталанбас 

ғажайып  үлгілерінен  ұрпақтарына  қалдырған  бабалар  даналығы  мен  бейбіт  жасампаздық 

құндылықтарына қызығушылығын арттыру және құрметтпен қарастыру, оқушылардың тарихи 

білімді  шығармашылықпен  қолдану,  тарихи  деректермен  жұмыс  істеу,  тарихи  оқиғалар 

мен  құбылыстарды  салыстырмалы  талдау  негізінде  ой  елегінен  өткізе  білу  дағдыларын 

қалыптастыру.




71

«Яксарт»  үйірмесі  құрамындағы  білім  алушылардың    жұмыс  жасау    бағыттары  және  осы 

бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстардың күтілетін нәтижелері. 

Яғни,  сабақ  барысында  оқушылар  аймақтың  қалыптасуы,  табиғи-географиялық 

ерекшеліктері және туған өлкенің жалпы тарихынан мол мағлұмат алады.  Бұдан бөлек, туған 

өлкеге экскурсиялық саяхатты қамтыған әлеуметтік маңызы бар 10 жоба шеңберінде облыстың 

5 мың оқушысы Қорқыт ата мемориалды-туристік кешеніне, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет 

Яссауи  кесенесі,  Арыстан  баба  кесенесіне,  Сығанақ  ескі  қорымдарына  саяхаттап  қайтты. 

Олар тарихи мәдени ескерткіштермен және мұрағаттармен танысып, туған жердің таңғажайып 

сырларына қанықты.

Колледж базасындағы 1-2 курс студенттеріне ел тарихындағы ежелгі қалалардың орнына, 

тарихи-өлкетану музейлеріне, киелі орындарға туристік іссапарлар тұрақты ұйымдастырылып 

келеді. 

Осы орайда облыс, республика аумағында ұйымдастырылған 646 туристік сапарға барлық 

облыс  көлеміндегі  білім  беру  басқармаларының  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу 

орындарының  оқушылары  қамтылған.  Жалпы,  «Өлкетану»  базалық  жобасын  жүзеге  асыру 

барысында  колледж  оқушыларын  түгел  қамтуға  қажетті  шаралар  ұйымдастырылып  отыр. 

Алты  Алашқа  ана  болған  Сыр  өңірінің  бас  қаласы  –  Қызылордаға  200  жылдық  мерейтойға 

байланысты  облыстық  мұрағатпен  байланыса  отырып,  «Қызылорда  –  кеше,  бүгін,  ертең» 

тақырыбындағы  тарихи  танымдық  шараға  саяси,  рухани  және  мәдени  орындарға  саяхат 

сабақтарын  жүргізу  жоспарлануда.  Жоба  аясында  оқушының  білім  сапасын  жетілдіруіне, 

сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуіне лайықты жағдай жасалып, олардың болашаққа қажетті 

мамандық таңдауына барынша көңіл бөлінеді. «Қазақылықтың қайнары, Алаштың – Ақмешіті 

атанған бұл қала, кешегі өткен алаш қайреткерлері мен ұлт зиялыларының басын қосқан киелі 

мекен, қазақ тарихындағы талай бастамалар мен тың жаңалықтардың қасиетті ордасы. Тарих 

қойнауында қатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына айналған жандарға пана болған, сан 

ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан алты Алаштың анасы, Сыр өңірінің бас қаласы 

– Қызылорда қаласының 2 ғасырлық тарихындағы жетістіктері мен айтулы кезеңдері туралы 

кеңінен насихаттау.

Қадым  заманнан  мұқым  қазаққа  ана  да,  пана  да  болған  Сырдарияның  бойын  жағалаған 

қасиетті  топырақта  ашылмаған  қаншама  сыр  жатыр.  Осындай,  ұлт  тарихындағы  ең  айтулы 

кезеңдерді бастан кешірген, қазақ елінің қасиетті мекендерінің бірі – Қызылорда туралы өткеніміз 

бен  бүгініміздің  бағасын  айқындап,  болашақ  ұрпаққа  мол  рухани  азық  болатындай  осындай 



72

тағылымы  мол  танымдық  шараларды  өткізудің  маңызы  зор.  Расында,  қаймағы  бұзылмаған 

қазақ  халқының  қасиетті  мекеніне  айналған,  Сырдария  жағалауындағы  шырайлы  шаһардың 

өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылмақ. Білім алушылардың әлеуметтік нормалар 

мен  дүниетанулық  құндылықтардың  тарихи  тамырын  білуі,  өз  халқының  тарихи  тәжірибесін 

түсінуі саналы түрде ұлттық бірегейлікті анықтауына мүмкіндік береді. Білім алушылардың өзін 

тұлғалық анықтауы ұлттық мәдениет пен тарихи дәстүрді қабылдауымен тығыз байланысты. 

Бұдан  шығатын  қорытынды,  рухани  жаңғыру  талабына  сәйкес  қазіргі  қоғам  мен  өткенді 

байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі оқиғалардың мәні туралы түсінік 

қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет