Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет59/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Түйін сөздер: Мұғалімдердің кәсіби дамуы; қалай оқү керектігін үйрету; сын тұрғысынан 

ойлау.


Ключевые  слова:  Профессиональное  развитие  учителей;    обучение  тому,  как  учиться; 

критическое мышление



Key words: Professional development of teachers; learning the ways to learn; critical thinking.


69

ӨЛКЕМНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ 

Л.Қ. Ахметова, Н.Т. Бегалиева 

Қызылорда облысы білім басқармасының 

«М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі» 

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

nazqul78.12.08@mail.ru; lauraahmetova78@gmail.com

Мемлекет  басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық 

мақаласында  жаһандық  бәсекелестік  барысында  білім  саласының  алдына  бірқатар  міндет 

қойып, өскелең ұрпақтың өмір талабына бейімделуіне баса назар аударған болатын.  

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат өз үлесін қосуда. Халқымыз 

«Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген 

сүйіспеншіліктен  қаланады.  Сондықтан  мемлекет  басшысы  ұсынып  отырған  «Туған  жер» 

бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек. Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды 

өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға 

баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына 

келтіруді көздейді.

Бүгінде Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау мемлекеттік мекемесінің мәліметі 

бойынша  Сырдария  ауданында  республикалық  маңызы  бар  ескеткіштер  саны  2,  жергілікті 

маңызы бар ескерткіштер саны 20, алдын ала есепке алынған ескерткіштер саны 39 болып тұр[4]. 

Сонда ауданда барлығы 61 ескерткіш тіркеулі. Қазіргі кезеңде «Мәдени [ескерткіштерді сақтауға 

үлкен мән беріліп отыр. Бұл-Сыр өңірінің қазақ өркениетінің бастауы екендігін айқындай түседі. 

Сырдария ауданы жеріндегі көне қалалар ұлттық мәдениет пен өнердің ертеден қалыптасқанын 

көрсетеді.  Демек,  Сыр  өңіріндегі  ежелгі  қалаларды  зерттеу-тарихымызды  тереңдетіп  қана 

қоймай, ұлттың ұлылығын көрсететін мәдени мұрамыз деп білеміз.

Бүгінгі Сырдария ауданы жеріндегі ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи-мәдени ескерткіштер 

шын мәнінде кімге болса да ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің 

гүлдену мен құлдырау кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары 

тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала 

береді. 


Патриотизмнің ең жақсы үлгісі колледждерде туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. 

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының 

төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, 

ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас 

ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған 

қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды 

ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл — қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы 

мүмкін.  Оған  тыйым  салмай,  керісінше,  ынталандыру  керек.  Үшінші,  жергілікті  билік  «Туған 

жер»  бағдарламасын  жинақылықпен  және  жүйелілікпен  қолға  алса,  осы  арқылы  қалаларды 

көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік 

жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған 

жер»  бағдарламасы  жалпыұлттық  патриотизмнің  нағыз  өзегіне  айналады.  Туған  жерге  деген 

сүйіспеншілік Туған елге — Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. 

Қазіргі таңда білім жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуеттік сұраныс талабы да жоғары. 

Оқу орнында тәрбиенің әлеуметтік статусын көтеру, жастардың интеллектуалдық жетістіктерін 

көрсетулеріне  мүмкіндік  жасау,  дені  сау,  тәні  таза,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  еңбекқор, 

қоғамға қажетті дағдылары қалыптасқан, саяси мәдениетті, сыни көзқарасы бар, өздігімен саяси 

таңдау  жасай  алатын  белсенді,  азаматтық  позициясы  қалыптасқан  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу. 

Осы мақсатта колледжде Қазақстан  Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие 

тұжырымдамасының нақты 12 бағыты бойынша  жұмыс жасап келеді. Мұндағы бағыт тәрбиелік 

шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру болып саналады. Төмендегі кестеде: 



70

Қоғамдық  ұйымдар  мен  үйірмелерде  жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру:  тәрбие 

жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде 

жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың 

таланттары  мен  қабілеттерін  неғұрлым  толық  ашудың,  олардың  бір  нәрсеге  қызығушылығы 

мен  ынтасын  оятудың  құралы  ретінде  қызмет  атқарады,  ол  оқушылардың  бос  уақытын 

ұйымдастырудың  және  олардың  адамгершілік  мінез  құлыққа  жаттығуын  ұйымдастырудың 

формасы болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет