Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет67/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые слова: идея Мәңгілік ел, любовь к Родине, «Взгляд в будущее» в рамках Рухани 

жаңғыру, гражданская ответственность,традиции и обычии, воспитание,знание.



Key words: Country of origin, love to mother land, patriotism, a look into the future with in the 

frame of Kazakhstan, civil responsibility, traditions and customs, upbringing, knowledge.




78

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ - ЗАМАН ТАЛАБЫ 

Г.А. Байгисиева 

Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі

 «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ

Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

Қаратау қ.  bajgisieva70@bk.ru

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуды  дамыту  және  жетілдіру  барлық  үздіксіз  білім 

беру  жүйесінің  алғашқы  сатысы  болғандықтан,  еліміздің  мемлекеттік  саясатының  басым 

бағыттарының бірі болып табылады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Төртінші өнеркәсіптік революция 

жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында  балалардың 

үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуды басым бағыты 

ретінде айқындады. 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында: 

– балалардың физикалық және психоәлеуметтік саулығын нығайту;

– балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;

– патриоттық, толеранттық, рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру ( «Рухани 

жаңғыру», «Мәңгілік ел», «Туған жер» бағдарламасы);

–  балалардың  ерте  дамуы  үшін  әлеуметтік  дағдылар  мен  өздігінен  үйрену  дағдыларын 

дамыту; 


– балалардың дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамыту;

– мақсатты түрде балаларды мектепке дайындау;

Аталған міндеттер білім беру қызметін одан әрі ұйымдастыру барысында: 

– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын;

–  балаларды  мектепке  сапалы  даярлауға  бағытталған    инновациялық  әдістер  мен 

технологияларды; 

–  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  біліктері  мен  дағдыларының  дамуын  қадағалау 

бойынша индикаторлар жүйесін енгізуді атап көрсетті. 

Тәуелсіз елдің  негізгі тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып 

келетін заманы. 

Қай  елдің  болмасын  өсіп-  өркендеуі,  ғаламдық  дүниеде  өзіндік    орын  алуы  оның  ұлттық 

білім жүйесінің  деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы 

бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа  саналы  тәрбие  мен  сапалы  білім  беру-  бүгінгі 

күннің басты талабы.    

Қазақстанды  жарқын  болашаққа  жетелейтін  тәрбиелі  де  білімді  жеткіншектеріміз 

халқымыздың  аңсап  жеткен  тәуелсіздік  туын  жықпай,  желбірете  білуі  тиіс.  Өйткені,  ата-

бабаларымыздың  тәуелсіздік  жолындағы  сан  ғасырлық  арманын,  осынау  ұлан  байтақ  жерін 

қорғап,  осы  уақытқа  жеткізгені  баршамызға  аян.  Жаңартылған  білім  мазмұны  бойына  сіңген 

«Мәңгілік Ел» ұрпақтары осындай текті бабаларымыздың ұрпағы екенін сезініп, «Тәуелсіздік», 

«Мәңгілік Ел» ұғымдарын қастерлеп өсуге міндетті.

Жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын, білімді «Мәңгілік ел» ұрпағын 

тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Заман 

талабына сай жаңартылған білім мазмұнын балаға меңгертуде тәрбиеші жаңашыл болуы керек.

Тәрбие мен  білімнің бастауы, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы-  мектепке дейінгі 

мекемелер. Осы тұста  Мұхтар Шаханов ағамыздың  мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі 

кішкентай  күйсандық.  Сол  сандықтың  кілтін  тапсаң  ғана  ашылады.  Ұстаздың  қолында  үнемі 

сол  кілт  жүруі  керек»  дегендей  тәрбиешілер  үнемі  ізденісте  болуы  тиіс.  Бүгінгі  күні  әлемдегі 

барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне  ұмтылуда.  Өйткені қазіргі заманда  елдің бәсекеге 

қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты  болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының 

білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан, жаңартылған білім беру жүйесін болашақтың 

талабына сәйкес дамыту тиіс. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген  жаңартылған білім 

беру  бағдарламасы  заман  талабына  сай  келешек  ұрпақтың  сұранысын  қанағаттандыратын 

тың  бағдарлама  болды.  Оқытудың  парадигмасы  өзгерді.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып, 



79

жаңаша көзқарас пайда болды. Міне осыған байланысты тәрбиешілер  алдында оқытудың әдіс- 

тәсілдерін  үнемі  жаңартып  отыру  және  жаңа  технологияларды  меңгеру,  оны  тиімді  қолдана 

білу  міндеті  тұр.  Білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты-білім  мазмұнының  жаңаруы. 

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-балаға үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра 

отырып сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, бақылау,саралау, 

АКТ-ны қолдану, баламен жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасай білу. Жаңартылған білім беру 

бағдарламасының ерекшелігі спиралді қағидатпен берілуі. 

Тәрбиеші  қазіргі  заман  көшінен  қалмай  өз  біліктілігін  арттыру  мақсатымен  оқудағы  жаңа 

әдіс-тәсілдерді меңгеру арқылы оқу қызметті қызықтыруы тиіс. 

Дәстүрлі оқу қызметінде  бала тыныш отырып, оқу қызметті тыңдап тәрбиешінің түсіндірмесін 

қабылдап  жұмыс  жасап  келді.  Балалар  бағалау  жүйесіне  қатыспайтын.    Ал  қазіргі  таңда  

осы  жаңартылған  білім  беру  үдерісі  көптеген  жаңалыққа  толы.  Балалар  өзін-өзі  бағалауды, 

қасындаағы  құрдастарын  бағалауды    үйренді,  оқу  қызметті  меңгерген,  меңгермегенін  кері 

байланыс арқылы бере біледі. Оқу қызметінің соңында рефлексия жасауды меңгереді. 

Жаңартылған білім беру бағдарламасының  мазмұны:

– оқытуды ұйымдастыру тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге 

асырылады;

– мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді; 

– балалардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көмектеседі; 

– балалардың зияткерлік және жеке дене дамуы үшін жағдай жасайды;

– күнделікті өмірде қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, өңдеуге, жеткізуге және коммуникативтік 

міндеттерді шешуде балалардың  тілдік дағдыларды қолдануы мақсатында сөйлеу әрекетінің 

түрлері  ретінде  төрт  тілдік  дағдылардың:  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылымның 

қалыптасуына және дамуына көмектеседі; 

– ата-аналармен ынтымақтастық қарым- қатынас орнатуға көмектеседі. 

Мектепке дейінгі білім беру процесін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті 

стандартына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарына және Мектепке дейінгі 

тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырады.

Метепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны: 

– өтпелі тақырыптарды қолдану арқылы перспективалық жоспар;

– апталық циклограмма; 

–  балалардың  біліктері  мен  дағдыларының  даму  деңгейін  бақылау  үшін  индикаторлар 

жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады. 

Білім беру процесінде мынандай әдістер қолданылады. 

– сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу және т.б) 

– көрнекілік (АКТ-ны қолдану, бақылау, суреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар мен заттар) 

– практикалық (жаттығулар, моделдеу, экскурсиялар, тәжірибе, эксперимент жүргізу) 

– ойын (қимылды, театрланған, сюжетті-рөлдік, дидактикалық және т.б.)

Үлгілік  оқу  жоспарында  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  сағаттар  саны  мен  көрсетілген 

инварианттық және вариативтік бөлімдер берілген.

Вариативтік  білім  беру-  Қазақстандағы  қазіргі  білім  беру  жүйесін  дамытудың  негізігі 

ұстанымдары мен бағыттарының бірі, сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық 

бағыты  бойынша  жұмысы,  дарынды  баламен  жұмысы,  педагогтың  шығармашылық  жұмысы, 

ұйымдастырылған оқу қызметтерінен тыс балалардың қызығушылығы және шет тілдерін үйрету 

бойынша  жұмысы болып табылады. 

Вариативтік  бағдарлама  білім  беру  процесінің  сапасын  қамтамасыз  етеді  және  мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  дене  және  психикалық  саулығын  ескеріп,  олардың  әлеуметтік- 

тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Сонымен қатар мектепке оқуға, қоршаған 

әлеуметке бейімделуге психологиялық- педагогикалық дайындықты іске асыру үшін дамудың 

жеке шығармашылық траекторясын құрайды. 

Метепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативтік  компоненттері  

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың    мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының: 

«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары 

бойынша  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогикалық  процесті  ұйымдастыруды 

қамтамасыз етеді.

«Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп 



80

Жүсіпбек  Аймауытов  атамыз  айтқандай  үйренген  жаңалығымызды  қолдана  білуіміз-  ол  әр 

ұстаздың өз еншісінде.

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасымен    «100  нақты 

қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған 

білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. 

Соның  бірі  76-қадамда  атап  көрсетілген  функционалдық  сауаттылықты  дамыту. 

Функционалдық сауаттылық- тұлғаның нақты  мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін 

қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, 

дағдылары.

Балалардың  білімін,  дағдыларын,  ептілігін,  логикалық  ойлауын  дамыту  мақсатында 

«Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында бірнеше 

жыл шығармашылық жұмыстар  жасауымның нәтижесінде  оқу жоспарының бір бөлігі вариативтік 

компонентке  мектепке  дейінгі  баланың  жасына  лайықтап  Логикадан  авторлық  бағдарлама 

жасадым. Авторлық бағдарлама ауданда үздік деп танылып облысқа ұсынылды. Бағдарлама а) 

әдістемелік нұсқау; ә) жұмыс дәптерінен тұрады. Мектепке дейінгі мекемелердегі мектепалды 

даярлық  топтар  мен  жалпы  білім  беретін  мектептердің  мектепалды  даярлық    сыныбына 

арналған логика балалардың логикалық қабілеттерін дамытып, дүние танымын қалыптастыруға 

көмектеседі.

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған  бағдарлама әр баланың бейімділігін, қабілеттілігін 

іске асыруға, оның даму ерекшеліктері негізінде бастауыш білім беру бағдарламасын меңгеруге, 

даярлауға бағдарланады.

Бағдарламада мынандай бөлімдер қамтылған. №1 Қарапайым математикалық ұғымдарды 

қалыптастыру.  Геометриялық  пішіндермен  таныстыру.  Заттардың  кеңістікте  орналасуы. 

Қай  жануар  артық?  Қай  заттар  кімдікі?  Математикалық  жұмбақтар.  Артығын  тап.  Суретші 

нені  шатастырған?  Математикалық  санамақтар.  Ойлан  тап.  №2  Ойлан  тап.  Шығармашылық 

жаттығулар.  Лабиринт.  «Ғажайып  қалта»  ойыны.  Біркелкі  пішіндерді  сана.  Ребустар.  Көру 

диктанты. Не қайда жасырынды? №3 Ойнай отырып, ойла. «Себеттегі алма» ойыны. Ойнай 

отырып,  ойла.  Математикалық  әзіл  есептер.  Төлдерді  ата.  Мен  айтайын,  сен  суретін  сал. 

Айырмашылығын  тап.  Белгісіз  арал.  Сөзжұмбақ.  Апта  күндері.  №4  Ғажайыптар  әлемі.  Бұл 

қай сөз? Үй құстары. Сандар әлеміне саяхат. Қайсысы қай үйде тұрады? Айсұлуға көмектес. 

Салыстыру. «Моңғол» ойыны.

Бағдарлама    баланың ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемінде  ғана емес, 

сонымен бірге танымдық іс-әрекет амалдарын, тәсілдерін игеруімен бірге есте сақтау, ойлау, 

елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Жұмыс дәптеріндегі 

тапсырмалар жүйелі, түсінікті, қарапайым түрде берілген. 

Баланың  ойлау  және  сөйлеу  қабілетінің  дамуы,  саусақтарының  бұлшық  еттері  мен 

қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты. Қарындашпен сурет салу, үзік сызық 

сызудың мәні зор. Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындай отырып, балалар қолдарының 

қимыл  үйлесімділігі  мен  саусақтарының  бұлшық  еттерін  дамытып  қана  қоймайды,  сонымен 

бірге ерікті зейінін, есте сақтау, көру және ойлау қабілеттерін дамытады.

5-жасқа қараған бала логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың ойлауы заттармен нақты 

іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындауда баланың сөздік 

қоры, тіл байлығы дамып, шағын әңгімелер құрауды, өз пікірін айтуды, қарапайым заңдылықтарды 

анықтауды, ойлануды үйренеді. Материалдар мазмұны балалардың жас ерекшелігіне сәйкес, 

жекеден жалпыға, қарапайымнан күрделіге қарай құрылған.

Графикалық тапсырмаларды орындау барысында балаға үзік сызық сызу мен сурет салуға 

қойылатын  талаптарды  қатаң  сақтау  және  үзік  сызықты  көрсетілген  бағытта  ғана  сызуды, 

олардың арасында бірдей қашықтық сақтауға, сурет жиегінен шығып кетпеуді ескерту керек. 

Мұндай тапсырмаларды орындау үшін балаға жақсы ұшталған түрлі-түсті қарындаштар қажет.

Бала тапсырманы орындап болған соң, өз жұмысына баға береді. Егер жұмысын өте жақсы 

орындаса, қызыл түспен, егер жақсы орындаса, жасыл түспен, орташа орындаса, көк түспен 

бояйды



Бағдарламаның мақсаты:



Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл – ойын жүйелей отырып, ойлау қабілеттерін жетілдіру. 

Дүниетанымы, ой – санасы дамыған  құзыретті тұлғаны қалыптастыру және дамыту.

Бағдарламаның міндеті:




81

Баланың танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, 

елестету қабілеттерін дамыту.

Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамытып, байланыстырып, сөйлеуін қалыптастыру.

Саусақтарының ұсақ бұлшық еттері мен бірге қолдарының қимыл үйлесімділігін қалыптастыру.

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  бойында  қарапайым  математикалық  ұғымдарды 

қалыптастыру.

Заттардың  кеңістікте  орналасуын,  уақытты  бағдарлауын,  заттың  пішінін  ажырата  білуін 

үйрету.

Күтілетін  нәтижелер:  заттардың  кеңістікте  орналасуын  ажырата  алады,  баланың 



танымдық  қабілеті  қалыптасады,  қарапайым  математикалық  ұғымдар  туралы  меңгереді,  өз 

бетінше  жұмыс  істеуді,  тапсырманы  орындауды  үйренеді,  билингвистикалық  компаненттер 

арқылы  баланың  коммуникативтік  –  тілдік  құзыреттілігі  қалыптасады,  басқатырғыштар, 

ребустар  арқылы  балалардың  логикалық  ой-өрісі,  қиялы,  зейіні  дамиды,логикалық  есептер 

шығару, құрастыру, санның құрамын анықтау, көршісін табу арқылы балалардың дүниетанымы, 

тіл байлығы, байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Бағдарламаны  оқыту қағидаттары: баланың жас ерекшелігін, танымдық іс әрекетінің жеке 



дамуын ескеру, қарапайымнан күрделіге қарай, жекеден жалпыға қарай қайталау, сабақтастық.

Бағдарламаны  оқытуда қалыптасатын құзыреттілік: коммуникативтік – тілдік құзыреттілік, 



әлеуметтік құзыреттілік,танымдық құзыреттілік, денсаулық сақтау құзыреттілік, шығармашылық 

құзыреттілік.

Бағдарламаны    оқытуға  қойылатын  талаптар:  диагностика  нәтижелері  негізінде 

педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, пәндік дамытушы ортаның болуы, шағын топтарға бөліп 

оқыту, интерактивті әдістерді қолдану, ата-аналарды білім беру үдерісіне қатыстыру.

Бағдарламаны  оқытуда қолданылатын әдіс- тәсідер: ойын технологиясы, сөздік жұмыс, 



тестілеу, диагностика, сұрақ-жауап, эксперимент.

Қазіргі  таңда    бұл  бағдарлама  аудан  көлемінде  таратылды,  тәрбиешілер    вариативтік 

компоненттің бір бөлігі ретінде өз жұмыстарында пайдалануда.

Баланың өз бетінше жұмыс жасауына ыңғайлы әрі тәрбиешілерге әдістемелік көмек. Аудан 

көлемінде «Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында 

шығармашылық есеп беріп авторлық бағдарлама аудан мұғалімдеріне таратылды. 

Елбасымыз ұсынған  «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы- «Мәңгі ел» тұжырымдамасының жаңа 

әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Кім Отанының, ұрпағының, тілінің, білімінің, 

ғылымының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды?

Олай  болса,  «100  нақты  қадамның»  89  қадамында    білім  берудің  қолданыстығы  оқу 

бағдарламаларына    «Мәңгілік  ел»  құндылықтарын  енгізу  туралы  айтылды.  Заманауи  ұлттық 

идеямызды мектепке дейінгі мекемелердің оқу үдерістеріне енгізуді дұрыс деп санаймын.

Осындай  заманауи  ұлттық  идеямызды  жалғастыру  мақсатында  шығармашылық 

есебімде  сыныбыммен  «Тәуелсіз  елдің  білімді  ұрпақтары»  атты  сыныптан  тыс  іс-шарасын 

ұйымдастырдым. Сол іс-шарада бірнеше жыл жұмыс жасаған бағдарламамдағы тақырыптарды 

біріктіре отырып  екі топқа бөліп сайыс өткіздім. Сайыста балалар өздерінің «Мәңгілік елдің» 

білімді ұрпақтары екенін көрсете білді. Балаларға тек бағдарламаны меңгертіп қоймай 

 

ұлттық рухани- адамгершілік қасиеттерімізді бала бойына сіңіре білуіміз қажет.



Мектепке  дейінгі    рухани-  адамгершілік  тәрбие    балалардың  адамгершілік  сана-сезімін, 

мінез- құлқын қалыптастырады. «Ағаш  түзу, әдемі  болып өсу үшін  оны көшет кезінде баптау 

керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған дана халқымыз. 

Міне, сондықтан да баланың бойына адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық,  кішіпейілділік 

сияқты  жақсы  қасиеттерді    дарыта  отырып,    әлемнің  дамыған  30  елінің  қатарына  қосылу 

үшін ақылды да білімді, жаһандану заманында тәуелсіз елін, туған жерін қорғайтын, үлкенді 

сыйлайтын жаңашыл «Мәңгілік Ел» ұрпағын  тәрбиелеуіміз қажет. 

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, білімнің салтанат құрып, ұлттық санамыз жаңғырып 

жатқанда біздің де ұжым  біраз жұмыстар атқарды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласын  іске  асыру  мақсатында  гимназияның  мектепке  дейінгі 

тәрбиешілері жоспар бойынша ата-аналармен бірлесе «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» 

ертеңгілігі,  «Қазақстанның  табиғаты»  тақырыбында  суреттер  көрмесі,  «Туған  жер  деп 

жырлаймын» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы, «Менің сүйікті қалам» тақырыбында ашық  

оқу қызметтері сияқты бірнеше іс- шаралар өткізді. 

Әрбір іс- шараны өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың  бойында рухани адамгершілік 



82

қасиеттерді, ата- бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы  сан ғасырлық арманын, ұлан байтақ 

жерін  қорғап,  осындай  тыныш,  бейбіт  өмірге  жеткізген  бабалар  ерлігін,  даңқты  істерін  үнемі 

насихаттау,  түсіндіру  болып  табылады.    Сонымен  қатар  тарихи  тұлғаларға  еліктеуге,  Абай 

атамыз айтқандай «болмаса да ұқсап бағуға» бағыттау, салт- дәстүрін қастерлеуге,  отбасын, 

отбасылық дәстүрін, Отанын, елін, жерін, оның әрбір сайы мен тасын, тауы мен өзенін,  туған  

қаласын оның тарихын, көрікті жерлерін білуге, оның табиғатын  сүюге, оны қорғап, аялауға 

яғни туған жерге деген сүйіспеншілік патриоттық сезімге тәрбиелеу біздің парызымыз. 

Республикамыздың  әрбір  мектептерінде  өткізіліп  отырған  осындай  мағыналы  да  мәнді  іс 

шаралардың  ұйытқысы  болып  жүрген  жаңалыққа  жаны  құмар,  ізденімпаз  тәрбиешілердің 

«Мәңгілік  Ел»,  «Жаңартылған  білім  мазмұны»  «Рухани  жаңғыру»  ұғымдарын  өскелең  ұрпақ 

санасына сіңіріп, «Мәңгілік Ел» ұрпағын  тәрбиелеуде еңбектері зор.  

Сөзімді  қорытындылай  келе,  Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев    айтқандай  Мәңгілік  Ел 

болашағы- білімді ұрпақ, саналы жастар. Болашақ ұрпақ алдында  ең бағалы құндылығымыз- 

егеменділігімізді сақтап, мұратымызға айналған, «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыруда 

болашақта  да  атқарар  істеріміз  мол.  Ұлттық    рухани-  адамгершілік  құндылықтар  арқылы 

жаңартылған  білім  мазмұнын    бойына  сіңірген,  тәрбиелі,  білімді,  еңбекқор,  патриот  ұрпақ 

тәрбиелейік.   Ұрпақ тәрбиесі- ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұра.  «Адамға ең бірінші 

білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте 

оның өміріне апат әкеледі»- деп ғұлама  ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, қай елдің 

болсын  бірлігінің    қалыптасуы  мен  өркендеуі  ұлттық  тәрбие  мен  рухани  құндылықтарымен 

сабақтасып    жүзеге  асады.  Мәңгілік  Ел  болашағы  –  өсіп  келе  жатқан  бүлдіршіндеріміздің 

қолында, сондықтан да олардың бойына жаңартылған білім мазмұны мен бірге  ұлттық рухани-

адамгершілік  құндылықтарды дарытып, қазақ халқының бай мұраларын   бойларына  сіңіре 

тәрбиелеу біздің  міндетіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет