«Бiлiкciз қaлaр жырaқтa, бiлiмдi жетер мұрaтқa» - деген өcиетiнiң
өзектiлiгi күннен күнге өcе түcуде.
Қазіргі таңда адами капиталдың басты құндылығына айналып отырған оқу мен білімнің
қарыштаған дәуірінде, ұлт көшбасшысы рухани жаңғырудың негізгі талабы – «білімнің салтанат
құруы – білімді бәрінен жоғары қоятын ұлт қана табысқа жете алады» деп айтқаны белгілі.
Осы орайда көрегендігі мол, мақсаты айқын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани
жаңғыру» мақаласы жарияланғанынан бастап, білім ордамызда рухани жаңғыруымызға
байланысты оқушыларымыздың бойына патриоттық сезімді ұялату, Отанға деген құрметін
арттыру мақсатында көптеген патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізіліп
келеді. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы,сана-сезімі, жаңа
өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз.
Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру»дәлел.
Көне замандағы көрікті қалаларымыз,сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз,мәдени
мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
«Мәңгілік елдің» ұлы тарихында бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап
қалу жолында күрделі келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның
ұлан-ғайыр жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек. [1; 2бет]
Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің еліміз, қазақ
жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Алтын
Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі» –
деп атап көрсетті.
«Мәңгілік Ел» идеясы қазақ ұлтының мақсат-мүддесімен қатар елімізді мекен еткен ұлттар
мен ұлыстардың ортақ идеясына негізделген жалпы ұлттық идеология.
Яғни, «Мәңгілік Ел» идеясының түп қазығы- қазақстандық патриотизм.
Қазақ халқының
тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер
болды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясы бұрынғы өткен
бабалардың жолдарымен, елге ірі өзгеріс әкелген реформаларымен салыстыра саралап,
жолдаудың қазіргі сәттегі құндылығы мен оның іске асу барысын жіті назарға алып, ел болып
елеулі іс атқарудың маңызын айқыштап, халықты жасампаздық пен еңбекқорлыққа негіздеп
тапсырылған істерінің іске асуы.
Қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы кезеңдерінің тарихына шолу жасай отырып,
ұлы тұлғалардың рухты тағылымдарын зерделей келе, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік
жолындағы ерлік үлгісін, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен бірегей табыстарымызды
жете түсіндіру; жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени
мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік
деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
– оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
– жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін
ұялату, ұлттық рухын дамыту;
– ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени
мұраларды қастерлеу;
– жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін
қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
[2;4бет]
74
Атақты ғалым, геолог Қ.И.Сәтбаев өзінің жүрекжарды жан тебірентерлік сөздерінің бірінде
былай дейді: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, ол туралы жаны тебіреніп ойланбаған
жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің
алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұдан «жер– анаға» деген перзенттік құрметті көруге
болады . Келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, өз халқының тұрмыс-
тіршілігіне, тарихына көңіл аударудан басталады. Ендеше өз өлкеміздің, туған жеріміздің
тарихын жас ұрпаққа ұғындыру, ұстаздың шәкірт алдындағы басты парызының бірі. Отансүйгіш
ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. «Өзгені тану үшін,алдымен
өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Отан тарихын
өлке тарихы арқылы оқыту маңызды болар еді.
Бүгінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында Павлодар қаласының №24 жалпы
білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оқушылардың бойына
патриоттық сезім, туған жерге құрметін арттыру мақсатында көптеген патриоттық іс-шаралар
ұйымдастырылып, бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектебімізде Отанын сүйетін патриотты
ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Туған жерге тағзым» атты жергілікті мұражайлар мен қасиетті
жерлерге танымжорықтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кітап оқуды насихаттау барысында
«Оқымысты ұлт» акциясына орай «Кітап –өмір ұстазы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары, пән
бірлестігінің жетекшілігімен «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты пікірталастар
өткізілді. Сонымен қоса, жалпы сыныптар арасында «Рухани жаңғырудың жарқын жолдары»,
«Туған өлке-тұнған шежіре» тақырыбында сынып сағаттары мен «Болашақ жастардың қолында»
атты тақырыппен пікірталас, дөңгелек үстел сайыстары өтті.
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік –біздің тұғырымыз, тұрақтылық – біздің мақсатымыз»
тақырыбында сынып сағаттары және «Рухани жаңғыру – отбасылық құндылық» атты тақырыпта
ата-аналар жиналысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстық өлкетану
мұражайымен бірлескен тәрбиелік шара, сондай ақ,мектеп ұстаздарының тарапынан «Мәңгілік
ел – ұлт болашағы» атты тақырыпта баяндамалар тыңдалды. Мұндағы біздің мақсатымыз –
ертеңгі ел болашағы өскелең ұрпақтарымыздың қолында болғандықтан, қазіргі таңнан бастап,
олардың санасына ел мен жердің қадір-қасиетін сіңіре білу, сонымен қатар қайырымды істерді
орындауға үйрету болып табылады. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай
болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымыздың білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті,
кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие қалыптастыруда Елбасымыздың
тапсырмасына сәйкес болашақ өскелең ұрпаққа дұрыс жол сілтеу біздің басты мақсатымыз.
Осы орайда, аталған іс-шараларымызды мұнымен шектемей, үздіксіз жүргізіп отыратын
болсақ, сонда ғана Елбасымыздың салиқалы терең бағдарламалық мақаласындағы идеяларды
жүзеге асыра аламыз. Күтілетін нәтиже осы тың идеялар арқылы біз ұлт болашағының жарқын
болатынына жағдай жасай аламыз деп ойлаймын.
Ерте кезеңнен ақ ата-бабаларымыз бала, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге
тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты
сөзді жадына әбден тоқыған. Сондықтан да баланың бауырмал, қайырымды азамат боп ержетуі,
алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. Баланың
алған тәрбиесіне қарай «тәрбиелі, өнегелі» екен деп тамсанса, оғаш қылық көрсеткен баланы
«тәрбиесіз, өнегесіз» деп сөгетін болған. Қазақта ең ауыр сөз – «тәрбиесіз», «тәрбие көрмеген»
деген сөз. Әрине, қай қазақ балам жаман болсын десін, демейді де, сондықтан да бетімді жерге
қаратпа деп өсиет тәрбиесін айтып отыратыны белгілі.
[2; 6бет]
Қазақ арасында «әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», не «ағасы бардың жағасы бар,
інісі бардың тынысы бар», т.с.с. мақалдар көп сақталған. Осындай ұлағатты сөздердің арқасында
ұлды батырлыққа, ептілікке, дала тіршілігіне баулыса, қызды – үй тіршілігіне үйреткен. Мәселен,
«қыз – жат жұрттық» деп, нағыз жұртына (жігіт үйі) барғанда төселіп, бір үйдің тұрмыс тіршілігіне
тез бейімделсін, отанасы болуға үйренсін деген тілекпен үй тұрмысына: кесте, киім тігуге, кілем
тоқуға, тамақ пісіру, тазалыққа үйреткен. Ақылды, елге сыйлы, отбасының бірлігі мен ағайынның
тұтастығы үшін қызмет ететін ақылгөй аналарды дәріптеп, ер азаматтың басын қадірлеуді де
үйреткен. Ал ер-азамат отбасының тірегі дей отырып, ер балаларды түздің жұмысына, яғни,
садақ, жамбы ату, атқа отыру, шаруашылықпен айналысу, үлкеннің сөзін бөлмеу, қарсы келмеу,
ақылын тыңдау, т.с.с. қалыпта тәрбиелеген. Отбасында ер азамат сыйлы болса, содан бала
75
үлгі алады, сол отбасының баласы тәрбиелі, өнегелі болып қалыптасады. Қазақ халқының әлі
де түп қазығын сақтап отырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің қай қайсысы болмасын, оның
дамуында, қалыптасуында негізгі идеологияның бірі болып табылады. Сондықтан да ата-
бабаларымыздың өмір тәжірибесімен қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді ұлттық
кодымыздың анықтаушы бір элементі ретінде қоғамдық, отбасылық іс-әрекетімізде, тұрмыс-
салтымызда ұстануымыз керек. Себебі, ұлттық әдет ғұрып, салт дәстүрлер арқылы – қазақ
халқының өзіндік дәстүрлерін бойына сіңіре білетін, салт-дәстүрлерімізді ұғына білетін, оны
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра білетін, ұлттық рухпен қаруланған тұлғаны қалыптастыруға
мүмкіншілік аламыз. Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерді дұрыс
жеткізе білсек, ұлтжанды азаматты қалыптастырдық деп, нық айтуға болады.
Қазақ халқының тұрақтанған дәстүрінің бірі – жеті атасын білу. Жеті атасын тарата білу
арқылы әркім басқа рулармен байланысын білген. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық
байланыс институты әрбір казақтың өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу міндетін жүктейді.
Қазақ халқы ұрпағына өзінен бастап әкесі, атасы, абасы т.б.жеті атасының нақтылы есімдерін
кішкентайынан жаттатып өсіреді. Ағайындықтары жеті атаға толмай, жақын-жуықтар бір-
бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейін бір рудың жастары некелесетін жағдай
туса, ру ақсақалдары бір боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Некелесуде
«жеті ата» ұстанымына берік болу – этникалық қан тазалығын қамтамасыз ететін этникалық
тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болып саналады. Жеті ата институты қазақ халқының
өткен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде
таңылған.
[3;2бет]
Білімнің дамуы, отбасы тәрбиесі – адамзат өркениетінің дамуы. Білімі күшті ел озады, білімі
әлсіз ел оған қызмет етеді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты, » деп атап
көрсеткен болатын. Елбасы Н.Назарбаев бастамасымен еліміздің тұрақты дамуы мен рухани
жаңғыру даңғылына түсуі жаһандық үдерісін ұлттық болмысымыз бен ерекшелігімізге еш зиян
келтірместен бастан өткеруге меңзейді. Елбасы өз сөзінде «біз жат идеологиялардың әсері
туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтарымен мәдени
символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз
арқылы ғана төтеп бере аламыз»- дей келе ұлттық сана-сезіммен болмыс бітімге селкеу түсірмей,
адамзат игілігіне ортақ құндылықтармен ғылыми жетістіктерді пайдалануға үн қатады. Бұл
орайда ерте дәуірден бастау алып, ықылым заманнан арқауы үзілмеген отбасы құндылықтары
ұлттық дәстүрдің мәйегіндей қастерлі екендігін естен шығармаған жөн. Аналарымыздың отбасы
мен ұлттық тәрбиедегі рөлі айрықша. Қазақ қоғамындағы отбасы тәрбиесі биік мәртебеге
ие. Оның жанама күш ықпалымен ұмыт болған тұстарын қайта жаңғырту, мерей-мәртебесін
арттыру арқылы бүкіл ұлттық жадымыздың жетілуі мен сананың қайта серпілуіне сеп болары
анық. А.С. Макаренко «Ата-аналарға арналған кітабында», «Бала тәрбиесінде сіздің іс-
қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру
арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай
киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс-әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал
отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызбен балаларыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз
балаға жаман тәрбие бересіз», дейді. Жақсы перзент ата-ана қолындағы аманаты. Отбасында
баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата-ана ықпалында
тәрбиеленген бала балабақшада өз ісіне жауап бере алады. Балалардың отбасындағы
тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік жағдайын толықтыру. Отбасының басты қызметі
баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі-бұл жалпы тәрбиелеу. Ата-ана отбасы мүшелері жас
нәресте дүниеге келгеннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды
және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігін толық
қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір
сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойына
жастайынан мәдени құндылықтарды және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Қазақ
отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері, педагог ғалымдар С.Қалиев, М.Смайлова, М.Оразбаев,
С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Ж.Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған. Отбасы
жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-
әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала-отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы-
зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны
76
жөн. Баланың бос уақыты-бұл шығармашылыққа еліктеу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында
қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысқандары
жөн. Көптеген отбасыларда ата-аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге
айналған. Егер ата-аналар қоршаған табиғатпен өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары
жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болар еді.
[3; 5 бет ]
Қазіргі қоғамда құндылықтардың алар орны ерекше. Қазақ педагогикасында құндылықтың
түрі мен маңызына, сыры мен сипатына алғаш философиялық мән беріп, оның жан-жақты
талдай білген Абайдан асқан зор тұлғаны атау мүмкін емес. Абай - қазақ халқы үшін парасат
биіктігінің ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Абайдың қара
сөздерінің жас ұрпақ үшін маңызы зор.
Қазіргі таңда ұлттық рухтың оянуы ұлттық тарих, мәдениет,салт-дәстүр жаңа көзқараспен
қалыптастырды. Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Өз ұрпағын адал
еңбекке, өнер-білімге тәрбиелеп, өмірге бейімдеп, жанұяның, Отан намысын қорғауға тәрбиелеуі
үлкен ұлағаттылықты байқатады. Әр халықтың тәлім-тәрбиесі ұлттық құндылықтың маңызды
белгісі.
Құндылық- тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар.Оқушының
ұлттық қасеттері: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық,
инабаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік. Өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық,
сыпайлылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани-байлық, махаббат т.б сияқты қасеттері
арқылы ерекшеленеді.
Құндылықтар- шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанымен ол адам
санасында орын алады.
Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында, тәрбие, білім, ғылымға ерекше басымдық беріп
отыр.
«Саналы тәрбие, терең білім-тәуелсіздігіміздің –тірегі» деген Елбасы Н.Назарбаев
«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт
ретінде жойылып кетпеуі үшін, ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, отбасы құндылықтарын
бойына сіңіріп өскен, бәсекеге қабілетті, тұлға болуға маңыз береді. Ұлттық игіліктер мен
адамзаттық құндылықтардың, рухани мәдени мұралардың сабактастығын сақтай отырып,
ұлттық құңдылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жакты
даярлау қажет. Бұл орайда оқушылардың ұлттык сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына
кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін, өнерін,
салт-дәстүрін, тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау - басты
міндет. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер
желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай
сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып
қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан
тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерінен
көруге болады.
Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді қолдану,
жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету —
біздің басты міндетіміз.
Қорыта айтқанда ел ертеңі көреген басшы мен кемеңгер халқының негізінде болмақ
басшысына бағына алған халық пен халықының мүдесінен шыға алған басшысы бар ел мәңгілік
болмақ!
Елбасымыздың «Мәңгілік ел идеясы» өзінен бұрын өткен бабалар реформасы мен мақсаты
бір болғанымен мағынасы мен жүйесі жағынан зор айырмашылық жасайды. Бабаларымыз
халқын ауызбіршілікпен алға бастырып, әдет-ғұрпымен руханиятын шыңдап, заңдарымен ел
бүтіндігін жер амандығын қорғап отырса, Елбасымыз сындарлы саясатымен өз халқын дамыған
елдердің қатарына қосып, басқа елдермен терезесін тең етіп, бақытты да ша-шадыман тірлікке
жеткізу, бұл дегеніміз бабалар арманымен мақсаты мен маңызы бір, мәні мен жүйесі бөлек іс.
Елбасы бастаған істі ел де қолдамақ, біз секілді ұрпағы жалғамақ. Ол ұлы міндет. Сол үшін
біз ұрпақ мәңгілік ел болмақ үшін мәңгілік тілдің өрісін кеңейтпегіміз парыз. Қазақ тілі болашақта
тек қазақ әдебиетінің тілі ғана емес, техниканың, ғылымның һәм саясаттың тілі болса, елбасы
жүктеген міндетті ел болып атқарғанымыз болмақ.
Елдің ертеңі үшін мәңгілік ел болашағы үшін, мәңгілік елдің тілдің қанат
77
жаймағы
үшін
білім
нәрімен
әлеуеттеніп,
мәңгілік
мұрат
ұстанбақ
керек.
Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін Елбасы да сенді. Сенім артты. Сол үшін мәңгілік елге
қызмет ету біздің борыш.
Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ.
Елдің ертеңі нұрлы болсын! Қазақ елі мәңгі болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |