Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет47/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

 
Зерттеу 
Қожа Ахмет Ясауи өзінің хикметтерінде адам баласын ерекше орынға қойып, оның 
кемелденуіне керекті білім туралы айтады. Негізгі ұстанымы адамның өзін-өзі танып, дамытуы 
арқылы дүниені қабылдау, әлемді тану керектігін айтады. Алайда, хақ жолындағы ілімнің 
адастырмайтындығын тілге тиек етеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметінде» әлемді танудың 
екі қырын қарастырады. Бірінші қыры ерік-жігері арқылы, ал екінші қыры ақыретті түйсіну. 
Хазірет бұл дүниені ақыретке жету үшін құлшылық ететін жер деп есептейді. Бұл зерттеуде біз 
Қожа Ахмет Ясауидің «Диуан-и Хикметтегі» дүниені қабылдауын екі аспектіде қарастырдық. 
 
Дүниені ерік-жігер арқылы тану 
 
Алла Тағала Құран Кәрімде «Дүние тіршілігі алдамшы ләззаттан басқа нәрсе емес» (Әли 
Имран: 185) деп, дүниенің адамдар үшін алдамшы қасиеті бар екенін айтқан. 
Қожа Ахмет Яасауи көптеген хикметтерінде дүние ләззатына бой ұсынбайтындығын, 
дүниенің харам екенін, дүниенің уайымын тастағандығын, дүниеге табынушылардан аулақ 
жүретінін, Жаратқанға деген сүйіспеншілік пен дүниеге деген сүйіспеншіліктің бір арнаға келіп 
тоғыса алмайтындығын, өз басынан кешкен оқиғалары арқылы әсерлі жеткізген.
 
Дүниеқор, безбүйрекке жақын барма, 
Бездім де, дариядай тастым міне (1.Х.-36 б.). 
 
Қүл Ахмет, дүние қумасаң текке бекер, 
Көкіректеи шыққан даусың көкке жетер. (1.Х.-47 б.). 
 
Қоштасар жер үстімен келді кезім, 
Пәниді тастап, хаққа елжіредім. (1.Х.-55 б.).
 
 
Ей, бейхабар, жүрегіңді Құдайға арнамадың, 
Дүние харам, сен одан бет бұрмадың (12.Х.-74б.) 
 
Ей, достар, пәк махаббат мүрат түттым, 
Пәниді дүшпан санап жүрдім міне. (1.Х.-61б.).
 
 
Иманын машырықтың * шайтан алды, 
Аузымды Fлла деп тек аштым міне (1.Х.-76 б.).
 
 
Белгілі болғандай, уақыт ұғымы дүние сабақтас. Уақыт өте келе дүние де, дүниедегі бар-
лық тіршілік иелері де өз өмірін аяқтайды. Дүниенің өткіншілігі адамның тұрақтылыққа ұмты-
луына себеп болады. Қожа Ахмет Яасауи «Диуан-и хикметінде» дүниенің жалған екенін, 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
51 
Алланы танып өмір сүргендердің дүниенің өткіншілігіне әдейі бейім еместігін, ақырзаманда 
өмір сүргендердің дүниенің фәни екендігін ұмытып, мәңгі өмір сүретіндей әрекет ететінін 
айтады.
Ей, мүміндер, бұл дүниенің соңы жоқ, 
Шындықты білсең, ол ақиқат, 
Білмегеннің иманы жоқ. 
Құл Хожа Ахмет естіп, оқып, жерге енді. (1.Х-76 б.). 
 
Ақыр заман үмбеттері, дүниенің уақытша, екендігін білмейді; 
Кеткендерді көріп, одан ғибрат алмайды (18. Х.-89. б.). 
 
Дүние біз үшін, жаратылған құлдар үшін қоныс мекені. Бұл жерде мал – мүлік жинау, 
көбейту туралы ойлау мүмкін емес. Адам бұл дүниеде тіпті өз денесін тастап кетіп жатса, оның 
дүние игіліктерін сараңдықпен жинақтауы адамды өз мақсатынан тайдырады. Пайғамбарымыз 
(с.с.а.): «Әр халықтың фитнасы бар. Менің үмметімнің фитнасы – байлық» – деп бұйырды. Қожа 
Ахмет Ясауи де дүние-мүлік жинағандардың тойымсыз екенін, Аллаға деген сүйіспеншілікке 
бөленгендердің ақша мен мал-мүлікті қадірлемейтінін, бұл олардың жүректерін нұрға 
толтыратынын айтады: 
 
Күнәсін сезіп жүрек езілді де, 
Қысылып жер астына кірдім міне (9. Х.-60. б.). 
 
Көз тоймас түгел берсем дүние малын, 
Тоймастың көзіне қүм қүйдым міне!. (11. Х.-64. б.). 
 
Әзірет Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың тақуалығының тағы бір нышанын о дүниеге атта-
нып бара жатқанда айтқан мына сөздері дәлелдейді. Кожа Ахмет Ясауи дүниеден өткелi 
жатканда туыстары: «Сiздi акiреттiк сапарға аттандыру рәсiмiн кiмнiң жасағанын қалар едiңiз?» 
дегенде, Қожа Ахмет: «Мен өлемін, жаназа намазымды қазақ халқының перзенті, таһаратсыз 
жер баспаған, үйіне бала-шағасының бiр күнге жететiн нәпақасынан артық еш нәрсе апармаған, 
бес күндік дуниенің байлығына қызықпаган, бар өмiрiн мешiтке арқалап отын тасумен өткерген 
Тама Бура баба шығарады» деп тапсырады [3]. Дүниенің жалған екендігін мойындаған Алланың 
құлы, о дүниеге аттанып бара жатып та, түйсінген. Ол Алла жолындағы құлшылығының сауабы 
ақтық демі шықққаннан кейін де сақталуын ойлаған жан.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет