Keywords.
Yusup Balasagun, Turkic languages, Kutadgu bilig, concept.
«Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды
іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841–1212 жж.) бізге
жеткен Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік», Махмұт Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі»,
Ахмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы» туындылары мен Құранның түсіндірмесі адамзат өркение-
тінің өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұралары болып отыр», – деп басталатын Жүсіп
Баласағұнның 6644 бәйіттен, 88 тараудан тұратын «Құтты білік» шығармасында «... кең толғам-
ды, парасатты пайымдаулары мол ғылыми ойдың, ақындық өнердің үздік дара туындыларының
дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта
тынысы мен қоғамдық-саяси жағдайлардың заңдылықтары, алғышарттары болғаны күмәнсіз»,
– деген жолдармен толықтырылған. Сондай ақ «Бұл классикалық шығармалар сол кездің өзінде
белгілі дәрежеде әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік-эстетикалық танымның қалыптасқан
мектебінің болғандығын меңзейді», – дейді [1, 9 б.]. Жалпы танымның қалыптасқан мектебі
«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
54
туралы айтқанда, түркі тілдес халықтар әдебиетінде Жүсіп Баласағұн шығармашылығының
Әл-Фарабидан бастау алып, өзінен кейінгі Абай философиясымен үндестігін: «Әл-Фараби –
IX-X ғасырлардағы өркениеттің алып шыңы» ретінде танылса, «Жүсіп Баласағұн – X-XI ғасыр-
дағы көркемдік-эстетика дүниенің жұлдызды биігі», ал «Абай – ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ
халқының көркемдік таным дүниесінің асқар биі, дәстүр егесі», – деген теңеулерден байқауға
болады [1, 24 б.].
Кітаптың шығуына байланысты:
Әр ұлыста, орда, сарай, шаһарда,
Жаңа атпен, кітап түрлі ат алған.
Әр елдің бек даналары көріпті,
Ел рәсіміне бейім жаңа ат беріпті.
«Әдәбіл Мүлік» деп атапты шынлықтар,
«Әнисул Мәмәлік»12 деп атапты машынлықтар.
Мұны ұлықтар күллі Шығыс елінде,
«Зийнатүл үмәрә» деп таратқан, тегінде.
Ирандықтар «Шахнама» деп қараған,
Турандықтар «Құт білімі» санаған,
–
дей келе ақын кітаптың басқа халықтар үшін де құндылығы туралы:
Ат қойғанмен бұрып әр ел тіліне,
Жақын күллі адамзаттың діліне!
Және ат беріп, қосқан сөздің шырайын,
Ізгі құлын жарылқасын құдайым!
Ай, кітапты қабыл алып қарарсың,
Түркі тілі ғажабына қанарсың.
Оқып қара, кітап ұнар баршаға,
Көп шаһарға қол жеткізер патша да.
(Кітап күллі кісіге ақыл береді,
Шахтар оқып, артар құрмет, беделі!), –
дейді [1, 57 б.].
Және кітаптың авторы жайлы:
Бұрын-соңды мұндай кітап жазған кім,
Енді асырып, келістіріп жазар кім?!
Кім бар, қане, жазып бере алушы,
Мадақтайын шықса, егерде, жазушы
[1, 57 б.].
Ұлы ойшылдың «Әлем» туралы дүниетанымын исламдық, философиялық тұрғыдан бөліп
қарастыруға болады. Мысалы, автордың өмірлік ұстанымдарын Ислам тұрғысынан айтар
болсақ, ұлы ойшылдың шығармасы жаратушы Аллаға мадақ айтумен басталады:
«Бісмілләхи-
р-рахмани-р-рахим! (Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!)»,
– деп бас-
талып, ары қарай
«Әзіз уа күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бәріне
ризық берген құдіреті күшті тәңірге ырзамыз. Әрі ол атақ-даңққа бөлене берсін! Ол кім не
тілесе – тілеуін берді, өзі нені қаласа – соны жасады; кімге жафа көрсетсе – көрсетті; уа,
неге ықтияр болса, неге құлқы соқса – соны істеді»
, – деген түсіндірмеге еріксіз назар
аудартады [1, 54 б.].
Ал философия тұрғысынан ХІ ғасырда күллі Түркі әлемінің мұрасына айналған Жүсіп
Баласағұнның «Құтадғу біліг» (Құтты білік) шығармасында түркі халықтарының орта
ғасырдағы жеке, қоғамдық, әлеуметтік ахуалы, ғылымы, мәдениеті, тілдік өнері, саясат туралы
мағлұматтар жинағы, жалпы орта ғасырда өмір сүрген адамның «Әлем» туралы түсінігіне
МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
55
байланысты сопылық философиямен ұштасып жатқан ой-толғаулары. Түркі әлемі үшін
«Құтадғу біліг» сол дәуірдің таңдаулы шығармасына айналған, классикалық түркі поэзиясының
тарихына негіз болған бұл шығарма – ХІ ғасырдағы ғылым мен мәдениеттің айнасы десек
қателеспейміз.
Шығыстың жарық жұлдыздары Абу Насыр әл-Фараби, Абу Райхан әл-Бируни, Абу Али
Ибн Сина ізімен жүріп келген Жүсіп Баласағұн күллі әлем Алланың қалауымен пайда
болғандығын және ол өз заңдылықтары бойынша дамып отыратынын алға тартып:
«Алла Тағала
«жердегінің бәрін өз әмірімен жаратты, аспанды айналып жаратты»,
– дейді [1, 54 б.].
Ж. Баласағұн шығармашылығында «Әлем» моделінің негізін қалайтын ұғым-концептілер
көптеп кездеседі (Тәңір, табиғат ана, бақ – дәулет, аспан денелері т.б.). Концептілер халықтың,
ұлттың тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне, тағы басқа да ұлттық белгілеріне тәуелді келеді.
Концепт тіл білімінде мәтін талдаудың ерекше үлгісін көрсету арқылы қаламгердің сөз
байлығының қандай дәрежеде екендігін көрсетеді. Әсіресе, көркем шығарма тілінде ол
автордың әлем туралы дүниетанымын, жалпы интеллектуалды қабілетін айқындайды [2, 40 б.].
Мысалы, аталмыш шығармада күллі түркі халықтарына ортақ жоғарыда тілге тиек болған
«Тәңір» концептісінің ақын тіліндегі сипаттамасы төмендегі жыр жолдарымен берілген:
Құдіретті бір хақ озық баршадан,
Мадак, мақтау, құрмет лайық бір соған!
Әй, зұлжалал, ұлықтың есi,
Жаратушы, кемел кәдір-киесі.
Әзірлеген жер-көк, жұрттың иесі,
Жадырап, ризықты байланысы.
Көпке есепсіз ырық беріп, сақтайды ол,
Тойындырып берiн, озi татпайды ол.
Тірі жанды ешқашан күл қалдырмас,
Жеп-ішкізер, өзегін еш талдырмас.
Телесе емес - барлығына жетіді,
Кім-кімді де, қаласа ұлық етті.
Сәлем, пайыл расулға таңдаұлы,
Достарына ықтиярым ауған-ды.
Мұхаммед - елші, халайықтың басы ол,
Барлығының көзі менен қасы ол
[1, 56 б.]
.
Концептілердің құндылық жағы оның ұғымдық қабатының бағалауыштық қасиетіне тәуел-
ді келеді, ол жағымды немесе жағымсыз болуы да мүмкін. Мысалы, Ж.Баласағұн жоғарыда бе-
рілген жыр үзігінде Аллаға жаратушы ретінде мадақ айтуда қолданған Зүлжәләл бейнесінде – 1) Бір
өзіңе аманат; құрметті; 2) Алланың бір сипаты ретінде түсіндірмелі сөздері «Тәңір» концеп-
тісінің терең мағынасын ашуға көмектесіп тұрғандай [1, 520 б.].
Ал келесі жыр жолдары концептінің ұғымдық бөлігінің қандай да бір заттың жалпылама
тұжырым жасау арқылы емес, сол затты не мағынаны автордың қалай түсінетіндігінен хабар
береді. Ол үшін ең маңыздысы сол затттың не мағынаның қандай да бір маңызды белгілерін
сақтап қалу. Мысалы,
Баласағұн шығармасының негізгі төрт кейіпкері – Күнтуды (Әділет), Айтолды (Дәулет),
Өгдүлміш (Ақыл), Оғдұрмыш (Қанағат) деген атпен белгілі. Күнтуды (Әділет) шығармада әділ
заң, қара қылды қақ жарған әділетті әмір, Ал толған айдай толықсыған Айтолды (Дәулет) құт –
береке көзі, байлық пен баршылық сипатында берілген:
Бұл Күнтуды - түп-түзу заңның өзі,
Ал Айтолды – бақыт һәм құттың көзі.
Күнтуды мен Айтолды журген жерде Өгдүлміш пен Одғұрмыш та қатар жүретінін ақын
келесі орамдармен сипаттайды:
«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
56
Заты – Ақыл, бастайтын ұлылыққа,
Аты Өгдүлміш сөйледім мұны жұртқа.
(Ақыл жасар ғажайып, ғаламатты,
Ақыл деген көктетер азаматты!)
Одғұрмышты сөз еттім тағы да мен,
Ақыбет* деп ат қойдым мағынамен.
Тіліме төрт нәрсені тиек еттім,
Көз ашылар, көңіліңе түйе кеткін
[1, 90 б.].
Қорытынды ретінде айтарымыз, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы өз
дәуірінде ғана емес, бүгінгі күнге дейін құндылығын жоймаған, мазмұны жағынан адам санасын
толғандыратын, даналыққа деген құштарлықты арттыратын жырлар жинағы. Ол адамгер-
шіліктің, адалдықтың, қайырымдылықтың өлеңмен өрілген өзара байланысы; халықтың құты,
дәулет-ырысын сипаттайтын туынды. Бұл тарихи сабақтастық пен көркемдік үйлестікке құрыл-
ған бұл шығарма талғам мен стильдік құрылымдар тұрғысынан ежелгі дәуірді елестетсе, өлең
формасы, жасалу жүйесі, сөз орамдары шығыстық өрнекті қамтыған.
Достарыңызбен бөлісу: |