Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет30/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128
 
 
1986 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАЛАРЫ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ 
 
Жолтайұлы Қ. - И - 41 тобының студенті,  
Ғылыми жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі Шайхыгалиев Е.А. 
 
1986 
жылғы  «Желтоқсан  оқиғасы»  тәуелсіздіктің,  азаттықтың, 
демократиялық  жаңғырудың  бастауы  болды.  Ол  жас  жігіттер  ар  -  намыс  пен 
елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш - қайнарының тоғысқан 
шағы  еді.  Ел  мен  ұлттың  тәуелсіздік  хұқын  қорғау  үшін  бас  көтерген 
желтоқсандық  жігіттер  мен  қыздардың  бұл  қадамы  шын  мәнінде  ерлік  еді. 
Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын 
тікті. 
Қазақстанның  жоғарғы  органдарына  орталықтан  басшы  кадрлар  жіберу 
кеңінен  орын  алды.  Оларды  қызметке  жібергенде  жергілікті  жердің  пікірі, 
республиканың тарихи жағдайы, оның салт - дәстүрі есепке алынбады. Мұндай 
жағдай  1986  жылғы  16  желтоқсан  күні  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  бірінші  хатшысы  Қонаевты  Д.А.  орнынан  алған  кезде  айырықша 
көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 
жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Қонаев Д.А. қызметінен алынып, оның 
орнына Мәскеу жіберген Колбин Г.В. сайланды. 
Мұның  өзі  қайта  құру  мен  демократиядан  үлкен  үміт  күтіп  отырған 
республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының, наразылығын туғызды. 
Пленум  өткеннен  кейін  екінші  күні  Орталық  партия  Комитеті  үйі  алдындағы 
алаңға  өздерінің  Пленум  шешімімен  келіспейтіндігін  білдіру  үшін  жұмысшы 
және  студент  жастар,  оқушылар  т.б.  жиналды.  Олардың  қолдарында  ұстаған 
ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран 
болды. 
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде 
Г.В.  Колбиннің  ойында  қазақ  жастарының  арасында  елдегі  социалистік 
құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам 
пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар - жоқтығы кейін қанша тексерсе 
де анықталмады. 
Қазақ  жастарының  1986  жылғы  желтоқсандағы  шеруінің  түрі  ұлттық 
болғанымен  ұлтшылдық  емес  еді.  Ол  басқа  халықтарға,  соның  ішінде  орыс 
халқына  қарсы  бағытталмаған  болатын.  Шеру  саяси  сипаттағы  бейбіт 
демонстрация  еді,  мемлекеттік  құрылысты  құлатуға  шақырған  жоқты.  Бірақ 
республиканың  және  орталықтың  партиялық  -  бюрократиялық  құрылымы 
тарапынан  ол  экстремистік  пиғылдағы  ұлтшыл  жастар  тобының  бүлігі  деп 


41 
бағаланды. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды [1]. 
Дүрбелеңге  толы  үш  күн  бойына,  1986  жылдың  16  желтоқсанынан  18 
желтоқсанына  дейін  болған  оқиғалар  сол  кездегі  ресми  дереккөздер  бойынша 
мынадай белгілі хронологиялық дәйектілікпен түзіледі. 
Қазақ КСР МҚК - нің деректері бойынша Тетар - көркемөнер институның 
12  студенті  1986  жылғы  желтоқсанның  16  -  сынан  17  -  сіне  қараған  түні 
қаланың  алты  жоғары  оқу  орнының  және  С.М.  Киров  атындағы  зауыттың 
жатақханаларында  «арандатушылық,  айдап  салушылық  жұмыс  жүргізген». 
Олар,  МҚК  агенттерінің  мәліметтері  бойынша,  жастарды  манифестацияға 
қатысуға  «көндірген»,  «арандатушылық  ұрандар  мен  плакаттарды  дайындап, 
көшеге алып шыққан» [2]. 
Жастардың  алғашқы  топтары  17  желтоқсанда  таңертеңгі  сағат  7  -  8  -  ге 
қарай  Компартия  ОК  -  нің  алдындағы  алаңға  мөлшері  200  -  300  адам  ОК 
пленумының  шешіміне  қарсы  наразылық  білдірген  ұрандар  ұстап  жиналды. 
Республиканың жоғары басшылығының келісуімен милиция мен ішкі әскерлер 
күштері  алаңды  қоршап  алды.  Алматы  гарнизоны  бойынша  №1  ұрысқа 
дайындық жарияланды, темір жол вокзалдары, әуежай, қала аралық автомобиль 
жолдары  жабылды.  Демонстрацияға  қатысушылардың  алдына  шығып, 
манифест  жариялаушылардың  талаптары  жөнінде  түсіндіру  жұмысын  жүргізу 
ұйғарылды.  Жастардың  талаптарында  республиканың  бірінші  басшылығы 
қызметіне  Колбиннің  сайлануына  наразылық  білдірілді,  Қонаевтың  олардың 
алдына шығып ашық түсінік беруін талап етті. 11 сағат 30 минутта алаң босады, 
жастар  қала  көшелеріне  бет  алды.  Шеруге  Ішкі  істер  министрлігі  құрамының 
жеке күштері ілесіп отырды [3]. 
Шеруді  қуып  тарату  үшін  Алматы  мен  облыстардан  және  Фрунзе, 
Ташкент, Челябинск, Новосибирск, Уфа, Свердловск пен Тбилиси қалаларынан 
ішкі әскерлердің арнайы бөлімдері топтастырылды [4]. 
Көтерілісшілердің өте қатал жазаланғанын ерекше атап өту керек. Жедел 
жәрдемнің  20  бригадасы  зардап  шеккен  540  адамды  емдеу  мекемелеріне 
жеткізді,  209  адам  ауруханаға  жатқызылды,  1722  адам  дене  жарақатын  алды. 
Жоғарғы  Кеңес  Төралқасы  Комиссиясының  бағалауынша,  ұсталғандардың 
жалпы  саны  8500  адамға  жуық.  Прокуратурада  5324  адамнан,  МҚК  -  нде  850 
адамнан жауап алынған. 900 - ге жуық соттардың, милицияның және кәсіпорын 
әкімшіліктерінің  қаулысы  бойынша  әкімшіліік  тәртіппен  жазаланған  (қамауға 
алынған,  айыппұл  төлеген,  сөгіс  алған,  т.б.).  1400  адамға  қатаң  ескерту 
берілген. 
Ресми  дереккөздер  мәліметі  бойынша  264  студент  оқу  орнынан 
шығарылған.  Халыққа  білім  беру  министрінің  анықтамасында  (1990  жылғы 
тамыз)  оқудан  шығарылғандардың  саны  309  болған  (Денсаулық  сақтау 
министрлігі  мен  Қатынас  жолдары  министрлігінің  жүйесіне  кіретін  оқу 
орындарының  студенттері  мен  оқушыларын  есептемегенде).  БЛКЖО  желісі 
бойынша  оның  1922  мүшесі  жазаланған  (758  мүше  комсомол  қатарынан 
шығарылған, 1164 - і қатаң сөгіс алған). КОКП қатарынан 53 адам шығарылған, 
210  адам  партиялық  тәртіппен  жазаланған.  Оқиғаларға  қатысқан  319  адам 
жұмыстан  қуылған.  Соттың  үкімімен  99  адам  сотталған,  оның  екеуі  ату 
жазасына кесілген [5]. 


42 
1986  жылғы  желтоқсанның  16  -  18  жұлдызында  бүкіл  елді  дүр 
сілкіндірген  ғаламат  көтеріліс  болды.  Кеңес  үкіметі  тұсында  бұрын  -  соғды 
кездеспеген  құбылыс  Алматыда  демонстарция  «Брежнев  алаңында  қаптаған 
жұрт», «Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей 
гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды. Демонстрация, алды - 
артымызды бағамдағанша, ес - жиып ой қорытқанша болмай, аяусыз басылды. 
Артынша  бұл  оқиға  1825  жылғы  орыс  декабристерінің  іс  -  қимылымен 
салыстырылып, желтоқсан қаһармандары «қазақ декабристері» аталып, бірден - 
бірге  айбыны  асқақтай  түсті.  “Жалын  атқан  жастар  арандап  қалды  ау”  деп 
жанашырлық ниет - пейіл білдіргендер де болмай қалған жоқ. Бірақ ол сөздер 
ашық айтылмай, «аузы күйген үріп ішедінің» кебі келіп, жасырын үрке қарап, 
бір  -  жар  адамдардың  басы  қосылып  шүйіркелескенде,  сыр  шертіскенде  ғана 
айтылып  жүрді.  Жалпы  үрей,  қорқыныш  билеген  жұрт  сен  соққандай  күйде 
болды. 
«Қазақ» деген затым бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең 
атыңдар» деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді ғой 
?» Осы азаттық үшін күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы - қасіретті көре 
жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе ?» Бордай тозып, жоқ 
болып  кетпей  «тағдырдың  тезінен,  тозақтың  өзінен  аман  -  сау  қалған  халық» 
нағыз  ұлы  халық  екенін  таныта  білді.  Көрген  ауыр  хикметінен  кейін  де  «бас 
шұлғып,  үнсіз  көнетін»  әдетті  бойларына  жұқтырған  жоқ.  Қанына  намыс 
дарыған,  рухына  кие  енген  халық  үнемі  тәуелсіздікке  ұмтылады.  Көксеген 
тәуелсіздігін алды. Терезесі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін 
талай ауыртпалық бастан өтті. Енді мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар 
Ұйымында  көк  байрағы,  алтын  зерімен  күнге  шағылыса  желбірейді.  Саяси 
қуғын - сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты, 70 жыл сананы 
улаған  қызыл  заманның  солақай  саясатының  күлпаршасын  шығарды.  Қазақ 
хандарының,  билерінің,  батырларының  рухы  халқына  кие  болып  оралды. 
Ұлттық  діл  мен  дін  жүрегімізге  еніп,  алпыс  екі  тамырға  қуат  таратты.  Иә, 
өткенге  салауат..  Өткен  күндер  өксік  кернеп  өкінсе  де,  болашаққа  батыл 
қараймыз.  Қазақстандағы  1986  жылғы  қазақ  халқы  жастарының  серпілісі 
азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. 
«Желтоқсан  көтерілісі  –  ғасырлар  бойы  жиналған  ашу  -  ыза  жарылысы. 
Яғни  біздің  халқымыздың  тіл  мүддесі,  рух  мүддесі  –  осының  бәрінің 
қосындысы  ашу  -  ыза  тудырғаны  шындық.  Қазақ  халқы  орыстардың  қол 
астында  бола  отырып  азаттық  пен  тәуелсіздікті  аңсау  кезінде  әр  түрлі 
деңгейдегі  300  -  ден  астам  ұлт  -  азаттық  көтерілісін  өткізді.  Соның 
қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», - 
деді  ақиық  ақынымыз  Мұхтар  Шаханов.  Демек  бұл  әншейін  ауыз  толтырып 
айтуға  ғана  жарайтын  оқиға  емес,  бұл  шын  мәніндегі  елді,  бүкіл  Кеңестер 
Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде 
дау болмаса керек. 
Қазіргі таңда 16 - 17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. 
Сондықтан  16  желтоқсанның  қасыретті  күн  екендігін  жадымызда  сақтап  әрі 
Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін 
сезінуіміз  қажет.  Бұл  күні  қара  жамылып  отыру  орынсыз.  Сол  себепті  де  әрі 


43 
арманға  қол  жеткізген  күн  деп  шаттық  ретінде  атап  өтіп,  екінші  жағынан 
Желтоқсан  құрбандарына  да  тағзым  ете  жүруіміз  керек.  Біздің  арымыз  да, 
намысымыз да, мақтанышымызда да – Желтоқсан. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет