Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет54/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128
Байланысты:
Sbornik

Көрсеткіштер (тонна) 
4 квартал 
2004 жыл 
2004 жыл 
4 квартал 
2005 жыл 
2005 жыл 
Ауаластаушы заттардың 
жалпы көлемі 
61076,70 
189072,43 
67798,60 
224748,47 
Стационарлы көздер щығы-
рындылары 
42268,19 
96878,45 
47631,88 
130087,78 
Соның ішінде: қатты 
24083,57 
58468,57 
22020,04 
60277,23 
Газ тәріздес 
18184,62 
38409,88 
25611,84 
69810,55 
Жылжымалы көздер шығы-
рындылары 
18808,51 
92193,98 
20166,72 
94660,69 
 
Автокөліктерден  атмосфераға  түсетін  ластаушы  заттар  шығырындылары 
көрсеткіштер өзгеруі айтарлықтай емес. 2004 жылдың 4 кварталында 18,81 мың 
тонна  жылжымалы  көздер  шығырындылары  ауаны  ластаса,  2005  жылдың  4 


88 
кварталында  -  20,17  мың  тонна  (7%  жоғары);  толық  2004  жылы  -  92,19  мың 
тонна,  ал  толық  2005  жылы  -  94,66  мың  тонна  (2,7%  жоғары).  Бұл  орайда 
Ақмола  облысы  жол  полициясы  Басқармасында  тіркелген  автокөлік 
бірліктерінің  жалпы  саны  2004  жылы  нәтижесі  бойынша  98305  бірлік,  2005 
жылы - 103746 бірлік болғанын айта кету керек [1; 23]. 
Атомсфералық  ауаны  көп  бүлдіретін  көздің  бірі  әрі  көбі  қаптаған 
автөколіктер. Бақылау - тексерулер аз Газаанализаторлар, түтін өлшегіштер жоқ. 
Автомобильдердің  20  -  40  пайызы  нормалы  жағдайда  жұмыс  істемейді.  Міне 
осы мәселелерге қатты көңіл бөлу керек.  
Ескірген, 
технологиялық 
жағынан 
жарамсыз 
қондырғыларды 
пайдаланудан да атмосфералық ауаға зиянды, ұлы заттар газ көп тарап жатады. 
Биылғы  жылы  экологтар  Адір  компаниясын  өндіріс  қалдықтарын 
нормадан тыс сақтағаны үшін 1 млрд. 215 млн. теңге айыппұл төлеуге сотқа дау 
түсірілді.  
Табиғаттың  ластануы  неғұрлым  ұлғайған  сайын,  соғұрлым  бюджетке 
түсетін  ақшаның  мөлшері  өседі,  яғни  жергілікті  басшылардың  елдің  жер 
қойнауынан адам айтқысыз пайда тауып жатқан шетелдік инвесторларға да аса 
тиімді.  Оларға  өндірісті  қымбат  бағалы  конденсатсыз  шикізаттан  бас  тарту 
орнына,  экологтардың  қалтасына  бірер  жалтақтамай  пайда  табу  әлдеқайда 
тиімді. Мысалы, сол Адір компаниясы үшін 1 млрд.теңге айып төлей салу деген 
бір түкірумен. Қысқаша айтқанда, біздің экологиялық заңнамаларымыз өндіріс 
иелеріне:  «Ақша  төле  де  ластай  бер»»  деген  талап  қойып  келеді.  Ал  әлем 
тәжірибесі бойынша, шығарындылар ұлт қауіпсіздігіне қауіп туғызған жағдайда 
экономикалық  шаралар  кейін  қойылып,  әкімшілік  шаралар  қолданылады: 
өндірісті тоқтатады, ескі жабдықтарды жаңартуғңа мәжбүрлейді, т.б. 
Атмосфера  ластауштардың  үлкен  бір  тобы  -  автокөліктер.  Қазіргі  кезде 
Ақмола  облысы  жолдарында  194038  автокөлік  (оның  28190  жүк  машиналары) 
шаң  мен  газ  шығарып  шапқылап  жүр.  ҚР  Экокодексінін  24  бабына  сәйкес  әр 
көлік  экологиялык  бақылаудан  өтіп  тұруға  тиісті.  Бірақ  олардың  84%  астамы 
жеке  иеленуде  болуына  байланысты,  ұлы  газдар  шығаруларын  қадағалап, 
мөлшерден  артық  болған  жағдайда  әкімшілік  жауапқа  тарту  мүмкін  емес.  Бұл 
заңның мүлт жіберген жері. 
Есепті  мезгіл  ішіңде  инспекторлар  зертханама  -  мандарымен  бірігіп 
облыстын 6 кәсіпорынын тексергенде, ішінара таңдап алынған 84 автокөліктің 
19  -  ы  нормадан  артық  мөлшерде  ауаға  улы  газ  шығаратыны  анықталған. 
Тексеріс  нәтижесінде  9  қызмет  басшыларына  18688  теңге  айыппұл  салынып, 
төлетіліп алынған. 
Қазіргі  уақытта  автокөлік  кәсіпорындарында  ауаға  зиянды  заттар 
шығаруды  азайтуға  бағытталған  шаралар  қолға  алынуда,  бақылау  постарын 
түтін және газ өлшегіш приборлармен жабдықтау шаралары жүзеге асырылуда 
деп сендіреді осы секторда қызмет істеуші инспектор мырзалар [1; 67]. 
Ақмола  облысының  ауа  кеңістігін  қарстыру  барысында  жалпы  ауа 
кеңістігінде  болып  жатқан  атмосфералық  ахуалды  қарастыра  отырып  озон 
қабатына тоқталамыз.  
Озон  қабаты  (экраны,  сферасы)  –  10  мен  50  шақырым  биіктік 
аралығындағы атмосфераның қабаты. 10 - 25 шакқырым биіктік озонның ең көп 


89 
шоғырлану аумағы. Ал озонның өзі оттегіне электр тоғы әсер етуінәтижесінде 
(найзағай  жарқылы  кезінде)  және  күннің  ультракүлгін  (УК)  сәулелерді  жер 
бетіне  жібермеу  қызметін  атқарады.  Осы  қасиеті  үшін  де  ол  «Озондық  экран» 
деп аталады.  
Ал  енді,  осы  «өміріміздің  қорғанышы»,  антропогендік  факторлар 
атмосфераға  фреондар  мен  азот  оксидтерін  шығаоуы  салдарынан  (дыбыстан 
жоғары  самолеттер  мен  ғарыш  аппаттары  отынының  толық  жанбай  қалған 
қалдықтары) біртіндеп бұзылып, жұқарып, әр жерден тесіліп келе жатыр.  
80  жылдардың  басында  тұңғыш  рет  Антрактиданың  кейбір  ғылыми 
станцияларының  үстінде  азонның  мөлшері  азайғаны  анықталды.  Бұл 
құбылысқа  «Озон  тесігі»  Деген  ат  тағылды.  1987  жылдцың  көктемінде 
Антрактида  үстіндегі  «тесіктиің»  Көлемі  7  млн.  шаршы  шақырым  жетті. 
Жағдай  1992  жылы  қайталанды.  Бұл  жолы  құрлық  пен  Оңтүстік  Американың 
үстіндегі  озон  қабаты  50  пайыз  жұқарғаны  анықталды.  Осыған  ұқсас  жағдай 
Арктика да байқалды. 1995 жылғы зерттеулер бойынша, оның озондық қабаты 
да  50  пайыз  жұқарған,  Канада  мен  Скандинавия  жарты  аралы  үстінде  «ұсақ 
тесіктер» Пайда болыпты. 
Антрактидада  жүргізілген  халықаралық  экспедициялар  жұмысының 
нәтижесінде  әр  түрлі  физико  –  географиялық  факторлардан  басқа  озон 
азаюының  басты  себебі  –  атмосфераға  жерден  көп  мөлшердеғ  фреондардың 
шығарылуы  деп  мойындалған.  Олар  атмосфераның  жоғарғы  қабатына 
көтеріліп,  фотохимиялық  ыдырауға  ұшырайды.  Бұл  процесс  кезінде  озонды 
жылдам бұзатын хлор тотығы түзіледі. 
Облыстық  басқарманың  аудандық  бөлімшелерінің  көрсетуі  бойынша 
Ақмола облысында 14458,5 га бұзылған жер бар, оның 99,97 га қайта қалпына 
келтірілген. 
ҚТҚ  үйінділері  мен  полигондары  санын,  пайдаланылу  мерзімін,  алып 
жатқан  ауданын  және  жыл  бойы  әр  бір  қоқыс  үйіндісіне  шығарылатын 
қалдықтардың жалпы көлемін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 
Жер  ресурстары  жағдайына  әсер  ететін  негізгі  мәселелер  келесі:  жылы 
ылған  жерлерді  рекультивациялау  жеткіліксіз  жүргізіледі;  жылы  ауылдық 
жерлердегі  қоқыс  үйінділерінде  қалдықтарды  басу  жұмыстары  жүргізілмейді, 
нәтижесінде  қалдықтың  жан  -  жаққа  таралуына  және  берекесіз  қоқыс 
үйінділерінің  пайда  болуына  жағдай  жасалады;  жылы  қалдықтарды  қайта 
өңдеу, өндіру және тұтыну бойынша кәсіпорындар жоқ. 
Қатты  тұрмыстық  қалдықтар  -  қоршаған  ортаның  Қатты  тұрмыстық 
қалдықтардың экологиялық мәселесі бүкіл дүниежүзінде ең басты мәселелердің 
бірі. Бұл әсіресе тығыз орналасқан үлкен қалаларға қатысты, оларда жыл сайын 
миллиондаған кубометр әр түрлі қоқыстар жиналады. 
Түтіндеген қоқыс үйінділері, керексіз ескі заттардың лақтырылуы, толып 
тұрған  қоқыс  бактері  сияқты  көріністер  біздің  көптеген  қала  тұрғындарына 
таныс.  Осындай  көп  қоқысты  жою  мәселесі  әрине  экологиялық  катарға 
жатқызылады,  ал  бір  жағынан  бұл  мәселе  күрделі  техникалық  және 
экономикалық сұрақтардың шешімімен тығыз байланысты. 
Өндірістік  және  тұрмыстық  қалдықтардың  қалалық  қоқыстар  үйінділері 
үлкен аудандарды алып жатыр. Сынап немесе басқа ауыр металдар, химиялық 


90 
қосылыстар (олар жаңбыр және еріген қар суларында еріп, суқоймалар мен жер 
асты суларына қосылады) сияқты улы заттар қоқыс құрамында болуы мүмкін. 
Сонымен  қатар  қоқысқа  құрамында  радиоактивті  заттары  бар  нәрселер  түсуі 
мүмкін. 
Елде ҚТҚ жалпы көлемі жылына 15 млн. т. шамасында бағаланады. Біздің 
қалаларда бір тұрғынға орта есеппен жылына 2 куб метрге дейін қоқыс мөлшері 
келеді.  Салыстыру  үшін,  дамыған  елдерде  бұл  көрсеткіш  0,3  -  0,6  куб  метр 
немесе бізбен салыстырғанда 3 - 4 есе аз. 
Ал  біздің  экологиялық  органдар  қызметінің  басты  көрсеткіші  болып  – 
айыппұлдан 5 Экологиялық мәселелердің адамға тигізетін әсер [1; 106]. 
Облыстың  негізгі  мәселерінің  бірі  –  жер  үсті  су  қоймаларындағы  судың 
сапасының  бұзылуы.  Судың  бұзылуының  негізгі  себептерінің  бірі  жер  үсті  су 
қоймасындағы  су  балансының  жарамсыздығы.  Бұл  ауыл  шарушылық 
мекемелердің астындағы су жинайтын қатты ашылуы, құлама сулардың жолын 
бөгейтін транспорттық қатынастармен байланысты.  
Ауыз су саласы да өткір проблема. 
Ағынды суларды тазарту проблемалары да алаң туғызады. Санатта бар 38 
тазарту қондырғысының 7 - і ғана жұмыс істейді. 
Ағынды  суларды  тазарту  мәселесі  Көкшетау  қаласында  да  толықтай 
шешілген жоқ. Канализациялық жүйенің жалпы ұзындығы 214, 6 километр. Ка-
нализациялық тазарту қондырғыларының қуаты тәулігіне 32 мың текше метр су 
тазартуға жетеді. Алайда тазартылған су мен тазартылмаған ағынды сулардың 
араласып кететін жағдайлары да болады. Сөйтіп әлі де ағынды суларды тазарту 
мәселелері күні осы уақытқа дейін тиімді шешімін таппай отыр [2; 85]. 
Жер ғаламшары бүкіл адамзаттың ортақ үйіне айналған заманда, көптеген 
қайшылықтар  туып,  проблемалар  әлемдік  сипат  алып  барады.  Бүгін  адам  мен 
табиғат  арасындағы  қарым  -  қатынастың  үзілмес  бірлігін  дұрыс  ұғынудың 
маңызы аса зор. Бұл жөнінде А.И. Герценнің «Табиғат адамға кесел жасамайды, 
егер адам табиғат заңдарын бұзбаса» - деген алтын сөздерін тағы бір рет еске 
алу артық болмайды. 
Бір жағынан, табиғи орта қоғам дамуына өз ықпалын тигізбей қоймайды 
(Айталық,  ауа  райы).  Бұл  факторлар  елдер  мен  халықтардың  даму  қарқынын 
тездетуі  әлде  баяулатуы  мүмкін.  Екінші  жағынан,  қоғам  да  табиғи  ортаға  өз 
әсерін  тигізеді.  Тургеневтің  кейіпкері  Базаровтың  айтқанын  еске  түсірейік: 
«Табиғат  -  храм  емес,  шеберхана,  ал  адам  -  жұмысшы».  Табиғатқа  мұндай 
көзқарас неге әкеліп соқтырғаны бізге нақты деректерден белгілі. 
Адамның  шаруашылық  әрекетінің  қарыштап  өсуі,  ғылыми  -  техникалық 
революция  ғаламшарда  экологиялық  тепе  -  теңдіктің  бұзылуна  себеп  болды. 
Табиғи қорлар: көмір, мұнай, газ, металдар, басқа да қазба байлықтары азаюда. 
Олардың орны қайта толмайды, ғалымдардың есебінше бірнеше он жылдықтар 
шамасында  мүлдем  сарқылады.  Тіпті,  «қалпына  келетін»  деп  есептелетін 
ормандар да мүлдем азайды. Себебі, адамның ағашқа деген мұқтаждығы, оның 
өсу  қарқынан  әлдеқайда  артық.  Осының  салдарынан,  адам  тынысы  үшін  аса 
қажет оттегі беретін ормандар аумағы жыл өткен сайын тарылып келеді. 
Ауаның  ластану  деңгейі  барлық  мүмкіндік  шегінен  шығып  кетті. 
Көптеген қалаларда ауа ластығы мөлшерден ондаған есе артық. Мысалы, күкірт 


91 
пен 
азоттың 
қышқылдары 
бар 
«Қышқылды 
жауындар» 
(жылу 
электростанциялары  мен  зауыттар  жұмысының  нәтижесі)  ормандар  мен 
көлдерге «елім» әкелуде. Осы сияқты толып жатқан адамның теріс әрекеттері - 
Қалалар мен ірі елді мекендер тұрғындарынан, жоғарыда аталған жайларды іске 
ала отырып Оның ішінде полиэтилен, пластмасса сияқты, жанғанда улы заттар 
бөлетін,  сіздің  денсаулығыңызға  зиян  келтіретін  заттар  толып  жатыр. 
Дүниежүзілік  метереологиялық  ұйым  сараптамашыларының  деректері 
бойынша, көмірқышқыл газының атмосферада шоғырлануы 0,5% өсіпті. Ол күн 
қуатын бойына сіңіріп, жердің орта температурасы одан әрі көтерілуіне жағдай 
туғызады.  Ал  бұл  процесс,  өз  кезегінде,  солтүстік  мұздардың  еруіне,  теңіздер 
мен мұхиттардың деңгейлері көтерілуіне, дауылдар мен жер сілкіністері сияқты 
апатты табиғи құбылыстардың жиіленуіне себеп болады. 
Бұл  жұмыр  Жерді  тұрақ  еткен  әр  адам  қаншама  көмір  қышқыл  газын 
«өндіретінін» есептеп, оны қалайша азайтудың амалын ойластыруы қажет деген 
сөз. Әркім «әлемдік жылушылық» - дегеннің не екенін ұғынып, оны тоқтатуға 
қам  жасамаса  «топан  су»  және  «Ақыр  заман»  -  дегендердің  не  екенін,  өзі 
білмесе  балалары,  немере  -  шеберелері  көретінін  есте  ұстауы  шарт. 
Экологиялық  ахуал  кез  келген  өндірістік,  тұрмыстық  әрекетке  байланысты 
екенін түсінетін мезгіл жетті, ағайын. Кезінде Ф.Жо - лио - Кюри: « Адамзат өзі 
ашып, өзі игерген табиғатты өзі құртуға мүмкіндік беруге болмайды» - деп бізді 
ескертіп кетіп еді ғой. 
Бүгінгі  ұрпақтың  басты  міндеті  -  қолдан  келер  бар  мүмкіншілікті, 
амалдарды  мейлінше  пайдаланып,  ең  жаңа,  экологиялық  проблемаларды 
шешуге қабілетті, технологияларды өндіріске ендіру. 
Оған қосымша: экологияны қорғаушы, ахуалын бақылаушы органдардың 
беделін,  құзырын  мейлінше  көтеру,  оларды  жоғары  деңгейлі  мамандармен 
жабдықтау,  экологиялық  проблемаларды  шешу  женіндегі  халықаралық 
келіссөздер негізінде нақты заңнамалар қабылдау. 
Мұның  бәрі  бос  сөз  болып  қала  береді,  егер  белгілі  бір  ауданның,  бүкіл 
елдің экологиялық ахуалы жайлы ақпараттар қоғам назарына, барша халықтың, 
әлем  жанкүй  -  ерлерінің  құлағына,  газет  -  журналдар,  радио  -  теледидарлар 
арқылы толық және уақытылы жеткізіліп тұрмаса. Ал бұл - Ел (ауыд аудаң қала, 
облыс)  азаматтарының  санасының  есуіне,  патриоттық  сезімініңқалыптасуына 
үлкен ықпал жасайды. 
Табиғат сенің тынысын, денсаулығын, адамгершілік арыңның көз айнасы. 
Қазақта «ыдысына карап асын іш, ауылына қарап аттан түс» деген сөз бар. Біз 
өзі  жасалған  табиғаты  аялап,  сақтап,  пайдалана  білуіміз  канша  қажет  болса, 
езімізді  қоршаған  ортаны  тұрақ  мекен  -  жайымызды,  қызмет  -  мекеме 
орнымызды жасыл желекке болеп, көгалдандыру соншалыкты жауапкершілікті 
талап етеді. Табиғат керкемдігін өзің жасай білуің керек. 
Әлемді индустрияландыру - табиғатты тізесіне қойды. 
Қазақстанның  тағы  бір  батыл  бастамасы  –  «Жасыл  көпір»  серіктестік 
бағдарламасы  қоғам  7  бюджетке  түскен  қаржының  көлемі  саналады.  Өндіріс 
орнын жабу, уақытша тоқтату сияқты шаралар экологтар тәжірибесінде некен – 
саяқ  кездеседі.  Нәтижесінде,  жеріміз  майланып,  суымыз  лайланып,  ауамыз 
газданып  жатыр;  итбалықтар,  киіктер  құрып  кету  алдында,  ал  осылардың 


92 
бәрінің  иесі  –  адамдар  елдері  үшін  экология  саласындағы  көптеген 
жаңалықтардың  жаршысы  ретінде  танылуы  әбден  мүмкін.  Себебі  ол  арқылы 
Еуропаның экологиялық таза технологияларын кеңінен тартып, аймақта нақты 
жобаларды қолға алу көзделіп отыр. 
Азия  және  Тынық  мұхиты  елдерінің  қоршаған  орта  және  даму 
министрлерінің VI конференциясында ұсынылған Қазақстанның «Жасыл көпір» 
бағдарламасы  Еуропа,  Тынық  мұхит  және  Азия  елдерінің  «жасыл  экономика» 
негізінде өзара тәжірибе алмасудың нақты механизмдерін көздейді. Бағдарлама 
қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  өзара  ынтымақтастықтың  ортақ  алаңы 
ғана  емес,  осы  саладағы  ірі  экологиялық  жобалардың  бастауы  ретінде  де 
кеңінен  танылуы  әбден  мүмкін.  Қазіргі  кезде  Қазақстанның  «Жасыл  көпір» 
бағдарламасын  Азия  елдері  толығымен  қолдап  отыр.  Енді  оған  Еуропа 
мемлекеттерінің  қолдауы  қажет.  Себебі  бұл  бағдарлама  ағымдағы  жылы 
Астанада өтетін Еуропа елдері экология министрлерінің VII конференциясында 
қаралады. Сол кезде Қазақстан «Жасыл көпір» бағдарламасы аясында аймақтық 
және ұлттық  экономикаларды дамытудың нақты  механизмдері  мен  жобаларын 
ұсынады. Ал 2012 жылы маусымның 4 - 6 - сы күндері Бразилияда өтетін «РИО 
-  20»  Мыңжылдық  саммитінде  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Жасыл 
көпір»  аймақаралық  бағдарламасы  бойынша  баяндама  жасайтын  болады. 
Қазіргі  кезде  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  «Жасыл  көпірге»  негіз 
болатын  нақты  жобаларды  тізбектеуде.  Премьер  -  министрдің  орынбасары 
Өмірзақ  Шөкеевтің  жетекшілігімен  арнайы  мекемеаралық  жұмыс  тобы 
құрылып,  Астанада  «Жасыл  көпір»  бағдарламасының  кеңсесі  де  ашылды. 
«Жасыл көпір» қолдау табуда. 
Кеше  Астанадағы  Тәуелсіздік  сарайында  Премьер  -  Министр  Кәрім 
Мәсімов «Еуропа үшін қоршаған орта» атты министрлердің 7 жалпыеуропалық 
конференциясына қатысқан делегация басшыларымен кездесті. Олардың ішінде 
Польша, Финляндия, АҚШ, Швейцария және басқа да елдердің қоршаған орта 
министрлері, сондай - ақ халықаралық ұйымдар өкілдері, БҰҰ Бас хатшысының 
орынбасары Ян Кубиш қатысты. 
Кездесуде  Үкімет  басшысы  Кәрім  Мәсімов  су  ресурстары  және  жасыл 
даму  проблемаларының  бүгінгі  күннің  ғана  емес,  болашақтың  да  бас  ауыртар 
мәсе-лесі  екенін  атап  өтті.  «Бұл  Қазақстанда  да  маңызды  мәселе.  Еліміз  су 
ресурстары  мәселесін  шешумен,  экологиялық  таза  дамуды  тұрақты  жолға 
қойып, қалдықтар мен шикізаттарды өңдеуді жүзеге асыруға көмектесуде. Осы 
орайда  Астана  қаласында  экологиялық  таза  технологияларға  негізделген 
жарықтандыру жүйесі құрылып жатыр», – деді ол. 
Бірде  -  бір  ел  климат  өзгерісі  проблемасын  өз  алдына  бөлек  шеше 
алмайды.  Сондықтан  бізге  күш  біріктірген  абзал.  Әлемде  экологиялық 
мәселелердің барлығы трансшекаралық сипатқа ие. Бұл, әсіресе су ресурстары 
мен  жасыл  дамуға  байланысты.  Осыған  орай,  Қазақстан  Президенті  «Жасыл 
көпір»  бағдарламасын  ұсынды.  Меніңше,  алдыңғы  өткен  6  конференцияда 
қолдау тапқан технологиялар жасыл экономикаға қосылған үлкен үлес, деп атап 
көрсетті Премьер - Министр. 
Кездесу  барысында  сөз  алған  делегация  басшылары  конференцияны 
ұйымдастырған  Қазақстан  тарапына  алғыстарын  жеткізді.  Ал  БҰҰ  Бас 


93 
хатшысының орынбасары Ян Кубиш «Жасыл көпір» атты қазақстандық бастама 
еуропалық  елдер  тарапынан  қолдау  тапқандығын  айтып  өтті.  «Әрине,  кейбір 
елдерде  мәселелер  туындайды.  Олар  ондай  сұрақтардың  жауабын  астаналық 
бастамадан  іздейді.  Бұл  елдер  бастаманың  тұ-жырымдамалары  екіжақты, 
үшжақты  қарым  -  қатынастар  арқылы  қанатқақты  жоба  ретінде  іс  жүзінде 
жұмыс істей бастаса жақсы болар еді дегенді айтады. Жалпы алғанда, Еуропада 
«Жасыл  көпір»  бастамасына  қолдау  бар  деп  есептеуге  болады.  Тек  кейбір 
бөлімдері  бойынша  пікірталастар  жүруде,  деп  атап  өтті  Ян  Кубиш.  БҰҰ  Бас 
хатшысы  орынбасарының  айтуынша,  бастама  нақты  жобалар  арқылы  жүзеге 
асуға дайын. Кейбір халықаралық ұйымдар бастамадағы қанатқақты жобаларды 
қолдамақ  ниетте  көрінеді.  «Жасыл  көпір»  2012  жылы  Бразилияда  4  -  5 
маусымда өтетін РИО+20 саммитінде талқыланатын болады. Талқыланып қана 
қоймай,  меніңше  нақты  дәлелі,  жоба  үлгілері  келтірілетін  болады  деген 
пікірдемін», деді ол. 
Климат  қазірдің  өзінде  үлкен  өзгерістерді  бастан  кешіруде.  Жасыл 
экономиканы бүкіл әлем елдері бас қосып, бірге дамытпаса климат орны толмас 
қатерлерге  ұшырауы  мүмкін.  2012  жылы  өтетін  мыңжылдық  саммиті 
қарсаңында жасыл дамуды біріге отырып жүзеге асыруды насихаттаған 3 күндік 
конференция осылайша өз мәресіне жетті [4;www.ekoline.ru]. 
АСТАНАДА.  5  мамыр  күні  ҚР  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінде 
«Жасыл  көпір»  атты  Астана  бастамасын  іске  асыру  жөніндегі  әріптестік 
бағдарламаны талқылауға арналған жиын өтті. 
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім атап көрсеткендей, 
«Жасыл  көпір»  атты  Астана  бастамасының  негізгі  мақсаты  -  Қазақстандағы 
өндірістік салаға қатаң экологиялық талаптарды енгізіп, отандық экономиканы 
«жасыл»  экологияның  халықаралық  негіздеріне  сәйкестендіру.  «Жасыл  көпір» 
бастамасы Қазақстан үшін экологиялық таза технологиялардың көпірі іспеттес 
болмақ. Ол арқылы біз өндірістік ошақтарға қойылатын талаптарды күшейтіп, 
ел  экологиясына  шығарылатын  зиянды  қалдықтарды  айтарлықтай  азайта 
аламыз. Жалпы, бүгінгі таңда «Жасыл көпір» атты Астана бастамасын Азия мен 
Тынық мұхит елдері толығымен қолдап отыр. Ендігі мақсатымыз - 2011 жылы 
қыркүйек  айында  өтетін  «Еуропа  үшін  қоршаған  орта»  тақырыбындағы 
министрлер конференциясында осы құжатты қабылдау», - дейді Н. Әшім. 
Қазақстандық  және  германдық  экологтар  Қазақстанның  «Жасыл  көпір» 
бастамасын талқылауда. 
Астанада қазақстандық және германдық экологтар Қазақстанның «Жасыл 
көпір» бастамасының маңыздылығы мен қажеттілігін талқылауда. 
Бүгін  елордада  Табиғатты  қорғау  және  ядролық  реакторлардың 
қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғаудың Германия Федералды министрлігі мен 
Қазақстан  Республикасы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің  өкілдері 
«Жасыл  өсу  жолындағы»  атты  1  -  ші  Қазақстан  -  Герман  экологиялық 
конференциясында бас қосты. 
Қазақстан «Жасыл көпір» бастамасын былтыр Азия - Тынық мұхиты өңірі 
елдері министрлерінің 6 - шы конференциясында көтеріп, бекіткен болатын. Ол 
корейлік «Жасыл даму» бастамасының жалғасы болмақ. 
 


94 
Қазақстанның  бас  экологы  Нұрғали  Әшімов  атап  көрсеткендей,  бүгінгі 
күні  «Жасыл  көпір»  аясында  Астанада  кеңсе  ашылды,  бастаманың 
тұжырымдамасы әзірленіп, ол ЭСКАТО елдерінің тарапынан толығымен қолдау 
тапты.  Ал  ағымдағы  жылы  қыркүйек  айында  «Жасыл  көпір»  бастамасы 
Астанада  өтетін  Еуропа  экологтарының  конференциясында  талқыланатын 
болады. Сондықтан, Қазақстан Еуропа елдерінің ұстанымдарын бүгіннен біліп, 
олардың  қолдауына  ие  болуға  ұмтылуда.  Себебі  одан  кейін  Қазақстан  өзінің 
«Жасыл  көпір»  бастамасын  2012  жылы  Рио  -  де  -  Жанейро  қаласында 
(Бразилия) өтетін «РИО - 20» мыңжылдық саммитінде қорғамақ. 
Бүгінгі  конференция  әлем  елдерінің  «Жасыл  көпір»  жобасына 
ұстанымдарын  талдауға  бағытталған.  Қазақстан  оны  алдымен,  Германиядан 
бастауды  жөн  көрді.  «Германия  мемлекеті  Еуропадағы  қуатты  елдердің  бірі, 
әсіресе  экология  саласында  және  Геранияның  бұл  саладағы  пікіріне  Еуропа 
елдері  құлақ  асады.  Бүгінгі  конференцияға  Германияның  Қазақстандағы 
елшілігі және экология министрлігі қатысуда», - деп атап өтті министр. 
Әшімовтың  Н.  сөзіне  қарағанда,  Қазақстандық  бастаманы  Жапония, 
Корей және Қытай секілді бірқатар елдер 100 пайызға қолдап отыр. Бірақ, оны 
қуаттағанымен  толығымен  қолдау  білдірмей  отырған  мемлекеттер  де  бар.  Бұл 
ЭСКАТО  -  ның  өткен  конференциясында  анық  болды.  «Мысалға,  Үндістанды 
айтуға болады. Ресей де «Жасыл көпірге» қарсы пікір білдірмегенімен, «Жасыл 
даму»  тұрақты  дамуға  жетелейді  деп  біледі.  Бізге  сондай  -  ақ  Америка 
құрылығының пікірі маңызды», - дейді ол. 
Экология  министрінің  пікірінше,  2013  -  ші  жылы  аяқталатын  Киото 
хаттамасында  жете  пісіп  -  жетілмеген  тұстар  болды.  Өмір  сүріп  отырған 
ғаламшар  бір  болғандықтан,  мемлекеттердің  мүдделері  бір  мақсат  аясында 
тоғысуы  тиіс.  Сондықтан,  алдағы  жылдарға  кең  ауқымды  ықпалдастыққа  жол 
ашатын - «Жасыл көпір» жобасын қабылдау қажет. 
АСТАНАДА.  7  қыркүйек  күні.  Қазақстан  Республикасының  Қоршаған 
ортаны  қорғау  министрі  Нұрлан  Қаппаров  ЮНЕСКО  мен  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  қоршаған  орта  жөніндегі  бағдарламасының  (ЮНЕП)  аясында 
ұйымдастырылған 
«Тбилиси+35»  орнықты  даму  мақсаттарындағы  экологиялық  білім  беру 
мәселелері  жөніндегі  Үкіметаралық  конференциясының  ашылу  салтанатына 
қатысты. 
Конференцияға  қатысушылардың  алдында  сөйлеген  сөзінде  министр 
Н.Қаппаров  Қазақстанның  экологиялық  білім  берудің  көкейтесті  мәселелерін 
талқылауға, жаңа тәжірибелермен танысып, оларды енгізуге мүдделі екендігін, 
сондай  -  ақ,  осы  саланы  дамытудың  еліміздегі  практикасымен  бөлісуге 
дайындығын жеткізді. 
Сонымен  қатар,  Қаппаров  Н.  конференцияның  «Рио+20»  және  «жасыл» 
даму:  білім  беру  саласының  алдында  туындайтын  мәселелер»  атты пленарлық 
сессиясының  барысында  сөз  сөйлеп,  «жасыл»  экономиканы  дамыту  үшін 
салалық стратегияларды түбегейлі қайта қарастырып, қоршаған ортаны қорғау 
институттарын,  ұлттық  және  аймақтық  бағдарламалардың  экологиялық  және 
инновациялық бағытын күшейту керектігін атап өтті.  «Мұндай тәсілдеме жаңа 
жұмыс  орындарын  құруды  қамтамасыз  етіп,  шағын  және  орта  бизнестің 


95 
дамуына  күшті  әсерін  тигізеді,  табиғи  байлықты  қалпына  келтіру  мен  өсіруге 
бағытталған  инвестициялардың  тиімді  болуына  себептер  туғызады»,  -  деді 
министр. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың маусым айында өткен  «Рио+20» 
орнықты  даму  жөніндегі  Конференцияда  Қазақстанның  бастамаларын,  атап 
айтқанда, «жасыл» экономикаға өтудің ортақ және практикалық механизмдерін 
қолдануды  көздейтін  «Жасыл  көпір»  серіктестік  бағдарламасы  мен  Жаһандық 
энергоэкологиялық 
стратегияны 
бүкіл 
әлем 
елдерінің 
қолдағанын 
қатысушылардың есіне салды. 
«Мемлекеттердегі  реформаларды  өткізуді  жігерлендіру,  сондай  -  ақ,» 
«жасыл»  технологиялар  мен  инвестицияларды  тарту  мақсатында  біз 
серіктестеріміздің  көмегімен  бұл  бағдарламаны  биылғы  жылдың  өзінде 
бастағалы  отырмыз.  Бағдарламада  жұртшылықтың  кең  ауқымын  тарту,  үздік 
практикалар  туралы  ақпарат  тарату  мен  барлық  деңгейдегі  экологиялық  білім 
беру қарастырылған», - деді Қаппаров Н. 
Еске  салсақ,  «Тбилиси+35»  конференциясында  әлемнің  100  -  ден  астам 
елдерінің 400 делегаты бас қосып, экологиялық білім беру саласының ағымдағы 
жағдайы  мен  алдағы  даму  мүмкіндіктерін  талқылады.  Конференцияның 
нәтижелері бойынша делегаттар 2015 жылдан кейін экологиялық білім берудің 
жаһандық негіздерін дамыту жөніндегі іс - шаралар жоспарын қабылданды. 
«Жасыл»  технологияларды  пайдаланудағы  әлемдік  тәжірибені  зерделеу 
және  оларды  қолданысқа  енгізу  «Жасыл  көпір»  бағдарламасының  негізгі 
мақсаттарының  бірі  болып  табылады.  Дәл  осы  мақсатта  директорлардың 
халықаралық кеңесі, құрылтайшы кеңес және сарапшылар тобы сияқты жұмыс 
топтары құрылатын болады. 
Тағы  бір  маңызды  фактор  –  энергия  үнемдеу  қағидасына  негізделген 
экологиялық  қауіпсіз  және  арзан  технологияларды  қолданудың  есебінен 
қалыптасатын экономикалық нәтиже болып табылады. 
«Жасыл  көпір»  бағдарламасын  әзірлеу  жөніндегі  жұмыс  тобының 
жетекшісі 
Болат 
Есекиннің 
айтуынша, 
бағдарлама 
құралдарының 
мүмкіндіктерін  экологиялық  «таза»  өнімдердің  халықаралық  нарықтарын 
игеруде қолдануға болады. [4;www.ekoline.ru] 
«Еуропадан  айырмашылық  сол,  Қазақстанда  жер  ресурстарының  90% 
химикаттармен  және  пестицидтермен  уланбаған,  сондықтан  да  халықаралық 
нарықтарда  үлкен  сұранысқа  және  жоғары  бағаға  ие  «таза»  азық  -  түлік 
өнімдерін  өсірудің  мүмкіндігі  зор.  «Жасыл  көпір»  сияқты  жобалардың 
көмегімен  дихандарға  өнімдер  өсіруге,  соның  арқасында  мол  табыс  тауып, 
қосымша жаңа технологиялар сатып алуға көмектесу керек», - дейді Қоршаған 
ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Есекин Б. 
Ал  «Жасыл  көпір»  бағдарламасының  сарапшылар  тобының  мүшесі 
Сергей Ивлевтің айтуынша, экологиялық технологияларды енгізудің арқасында 
«жасыл» экономика салаларының экономикалық әлеуеті арта түспек. 
«Жасыл»  салалар  халықты  толық  жұмыспен  қамтуға  мүмкіндік  береді. 
Мысалы,  қалдықтардан  органикалық  тыңайтқыштар  өндіру,  көмірден  және 
төмен  сапалы  кварциттен  кремний  өндіру,  қоқыстарды  пиролиздік  әдіспен 
өртеуге  негізделген  электр  стансасын  құру,  құнарсыз  жерлерде  құнарлығы 
жоғары  дақылдар  өсіру,  жергілікті  экологиялық  материалдардан  арзан  және 


96 
жеке үйлер салу сияқты бағыттарда», - деді өз ойымен бөліскен Ивлев С. 
Сарапшының  пікірінше,  мұндай  экологиялық  жобаларды  іске  асыру 
еліміздің  халықаралық  беделін  жақсартатыны  анық.  «Бұл  жобалар 
Қазақстанның  әлемдік  деңгейдегі  өз  «жасыл»  технологиялары  мен 
инновациялары  бар  екенін  паш  етеді.  Бұл  өз  кезегінде,  еліміздің  халықаралық 
беделін  жақсартып,  оның  жаңа  «экологиялық»  брендін  өалыптастыруға 
мүмкіндік береді», - дейді ол. 
Әлеуметтік  –  экологиялық  қордың  директоры  Қайша  Атаханованың 
пікірінше,  «жасыл  көпір»  бастамасы  шетелдік  әріптестерімен  серіктестікте 
толық іске асырыла алады. 
«Жасыл»  экономиканы  «Ғаламшардың  экологиялық  лимитінің  шегінде 
барша тіршілік үшін жақсы өмір сапасын  қамтамасыз ететін әділ және сенімді 
экономика»  ретінде  мазмұндайды.  «Жасыл  көпір»  бастамасы  заманауи 
зияткерлік  ресурстарды,  «жасыл»  технологиялар  мен  инвестицияларды 
трансферлеуге  жағдай  жасауға,  экологиялық  технологиялар  мен  жобаларды 
тәуелсіз  бағалауға,  бизнесті  және  қоғамдық  секторды  жұмылдыруға 
халықаралық тараптардың атсалысуын және әлем елдерінің серіктестігін талап 
етеді», - дп атап көрсетті Қайша Атаханова өз сөзінде. 
«Жасыл көпір» бағдарламасы әлем елдерінің экологиялық тәжірибелерін 
жинақтап, ол технологияларды дамушы елдерде қолдануға мүмкіндік береді. 
Жасыл көпір бағыты: Астана – Рио+20. 
«Еліміз  БҰҰ  -  ның  мыңжылдықтар  дамуы  мақсатын  ұстанатынын 
көрсетті. Қазақстан жаһандық энергиялық - экологиялық стратегия мен «Жасыл 
көпір»  ауқымды  экологиялық  бастамасын  қабылдауды  ұсынды.  Біз  осы 
идеямызды  Рио  -  де  -  Жанейрода  өтетін  бүкіләлемдік  саммитке  енгізуді 
жоспарлап отырмыз». 
(Қазақстан 
Президенті 
Нұрсұлтан 
Назарбаевтың 
БҰҰ 
Бас 
Ассамблеясының 66  -  сессиясының  жалпы  жарыссөзінің  ашылуында  сөйлеген 
сөзінен). 
Соңғы  уақыттары  бүкіл  адамзат  баласы  экономикалық,  азық  -  түліктік 
және экологиялық дағдарыстарды бастан кешуде. Бұл – Азия, Еуропа, Солтүстік 
және Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және арал мемлекеттерінің жалпы 
ортақ проблемалары. Яғни, адамзаттың жиырма жыл бойы салған күш - жігері 
тиісті нәтижелер берген жоқ. Сол себепті, үстіміздегі жылдың 20 - 22 маусымы 
күндері  Бразилияда  БҰҰ  -  ның  орнықты  даму  бойынша  Рио+20 
конференциясын  өткізу  жоспарлануда.  «Рио-92»  тарихи  конференциясынан  20 
жыл  өткен  соң  мемлекет  және  үкімет  басшылары  орнықты  даму  жолындағы 
прогресті  бағаламақ.  Рио+20  конференциясында  негізгі  екі  тақырып 
талқыланады: 

 
«жасыл экономикаға» өту; 

 
орнықты дамудың институттық негіздері. 
Неге бүгінгі күні орнықты даму контексінде осы мәселелер талқылануда. 
Рио+20  дайындығына  арналып  арнайы  өткізілген  іс  -  шарада  БҰҰ  басшысы 
Пан Ги Мун қазіргі даму жолы тығырыққа тақайтындығын атап кетті. Қазірдің 
өзінде әлем алдында азық - түліктің және таза судың жетіспеушілігі, қоршаған 
ортаның  ластануы  мен  қалалардағы  халықтың  шектен  тыс  өсуі,  парниктік 


97 
газдар  эмиссияларының  артуы  және  климаттың  өзгеруі  салдарынан  туындаған 
проблемалар ортаға шыға бастады. 
Қазіргі  замандағы  дағдарыстан  шығу  жолдарының  жаңа  тәсілдері 
экономиканы 
дамытудағы 
«жасыл 
өсім» 
мен 
«жасыл 
экономика» 
стратегиясында деп білемін. 
Жасыл  көпірмен  жасыл  экономикаға  бет  алу.  «Жасыл»  терминдері  2005 
жылы  Сеулде  өткен  қоршаған  ортаны  қорғау  министрлерінің  5  -  ші 
конференциясынан  бастап  жаппай  қолданыла  бастады.  Оңтүстік  Корея 
мемлекеттік «Green growth» (жасыл өсім) стратегиясын қабылдап, оның негізгі 
идеяларын  барлық  мемлекеттердің  аймақтарына  таратуды  және  экономикалық 
дамудың жаңа тәсілдерін жаппай насихаттауды ұсынды. 
Аталған стратегияның негізгі жаңалығы оның тек табиғатты қорғауға ғана 
емес,  сонымен  қатар,  экономикалық  өсу  мен  технологиялық  дамуға  ықпал 
етуінде  болып  табылады.  Дағдарыстан  шығудың  осындай  жолдарын  басқа 
дамыған  елдер  де  ұстана  бастады.  Осылайша  АҚШ  президенті  Барак  Обама 
2009 жылы келесі 10 жылдықта 5 миллион жұмыс орнын ашу үшін энергияның 
экологиялық  таза  түрлерін  дамытуға  150  млрд.  доллар  инвестиция  құю 
жоспарын  жариялады.  Сонымен  қатар,  Жапония  да  халықты  жұмыс  орнымен 
қамтуды  2,2  миллионға  арттыру  мақсатында  экологиялық  технологиялар 
рыногын 2015 жылға қарай 100 триллион иенге көбейтпекші. 
Қазақстанда  2010  -  2014  жылдарға  арналған  «Жасыл  даму»  үкіметтік 
бағдарламасы  қабылданды.  Бағдарламаның  басымдықтарына  парниктік 
газдардың  шығарындыларын  азайту,  өндірістік  және  тұтынылған  қалдықтар 
проблемаларын  шешу,  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлемдерді 
экологиялық  салықтарға  ауыстыру,  су  ресурстарын  сақтау  жатады.  Атап 
айтқанда, осы басымдықтар Оңтүстік Корея басымдықтарымен пара - пар. 
Жасыл  өсім  және  жасыл  экономика  стратегиясы  жасыл  технология 
негізіндегі  жаңа  инвестицияларды  талап  етеді.  Бірақ,  бұл  технологиялар  тек 
дамыған елдермен әзірленіп, сол елдерде ғана орналасқан. Дамыған елдерде бұл 
үшін  қаражат  жеткілік-ті,  жағдайлар да  жасалған.  Керісінше,  дамушы  елдерде 
мұндай  қаражат  пен  жағдай  жоқ.  Алайда,  дамушы  елдердің  экономикалық 
өсімінің  салдары  еуропалық  және  басқа  да  дамыған  елдердің  жаһандық 
экожүйелерді  сақтаудағы  парниктік  газдарды  қысқартуға  бағытталған 
жұмыстарынан басым түсуде [4; www.ekoline.ru]. 
Бұл  ретте  ғаламдық  маңызды  табиғи  нысандар  –  Бразилия,  Орталық 
Африка,  Үндістан, Оңтүстік  -  Шығыс Азия  елдерінің ну  ормандары, Гималай, 
Альпі,  Тянь  -  Шань,  Памир  тауларының  мұздықтары,  Моңғолия  мен 
Қазақстанның  далалары  және  Сібір,  Канада,  Алясканың  қалың  ормандары 
жойылып кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде дамыған елдерде климаттық апаттардың 
ұлғайғандығы  байқалады,  мысалы,  су  тасқыны,  құйынды  дауылдар,  жоғары 
немесе төмен апатты температуралар жиі орын алуда. 
Яғни,  Азия,  Африка  және  Оңтүстік  Америка  елдерінің  жасыл 
инвестициялар  мен  технологиялардың  арқасында  дамуы  бүкіл  ғаламшар  үшін 
аса маңызды. Осы орайда, «Жасыл экономика» құрудағы жетекші елдер бірінші 
кезекте тұрған мына мәсе-лелерді шешуі қажет. Олар: 
 


98 
–  «қоңыр» 
өнеркәсіпке 
мемлекеттік 
субсидияларды 
қысқартып, 
экологиялық талаптарды қатаңдату
–  экологиялық салықтар енгізу; 
–  «жасыл»  өнеркәсіпке  елеулі  инвестициялар  құю  мен  «жасыл» 
мемлекеттік сатып алымдарға өту; 
–  жаңа «жасыл» трансферттер мен технологиялар енгізу. 
«Жасыл  экономиканы»  ендірудің  басты  шарты  –  жаңа  «жасыл» 
технологиялар  трансферті.  «Жасыл  экономикаға»  өту  үшін  технологиялық 
төңкеріс  қажет.  Көптеген  сарапшылардың  пікірінше,  «жасыл  өсімге»  қатысы 
бар  ғылыми  салалардағы  зерттеулер  мен  жұмыстардың  халықаралық 
ынтымақтастығын  күшейту  және  осы  технологияларды  дамушы  елдерге 
тездетіп  таратудың  ғаламдық  институттық  тетіктерін  құру  қажеттілігін  атауда. 
«Жасыл»  технологияларға  еркін  қолжетімділік  пен  дамушы  елдерге  мемлекет 
арқылы  қаржыландыратын  технологияларды  беруді  ынталандыру  –  орнықты 
дамудың  елеулі  шарты.  Алайда,  әлем  елдерінің  рынокқа  шығарып  отырған 
өнімдері  осы  технологиялар  болып  табылады  және  негізгі  табыс  көздерін 
олардан алып қою оңайға соқпайды. 
Сарапшылардың  айтуынша,  «жасыл  экономика»  құру  үшін  халықаралық 
интеллектуалды  меншік  құқығын  қорғау  режімін  (2001  жылы  Дохада 
қабылданған)  TRIPS  келісімі  және  қоғамдық  денсаулықты  қорғау 
декларациясына  ұқсас  өзгерту  қажет.  Ол  үшін  патенттерді  қорғау  мерзімдерін 
шектеу және өнертапқыштарға қолда бар патенттелген ғылыми мағлұматтарды 
қолдана  отырып  жаңа  инновациялар  ашу  үшін  рұқсаттар  беру  керек. 
Технологияларды  трансферттеу  проблемасы  бойынша  әлемнің  жетекші 
сарапшылары жұмыс атқаруда. Бірақ әзірге нәтижесіз. 
Астана  бастамасы:  «Жасыл  көпір»  –  жасыл  технологияларды 
трансферттеудің тәжірибелік тетігі. 3 және 4 - Астана экономикалық форумында 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы қатарлы дамыған елдер мен дамушы 
елдер  арасындағы  инновациялық  технологияларды  трансферттейтін  өзіндік 
«жасыл  көпір»  орнату  қажеттігін  атап  көрсеткен  болатын.  «Жасыл  көпірдің» 
негізгі  міндеті  –  планетаның  ірі  аймақтарындағы  мемлекеттердің  «жасыл 
экономикасын»  жүзеге  асырудағы  мемлекет,  жеке  сектор,  қоғамдық  және 
халықаралық ұйымдардың серіктестігіне септігін тигізу. 
«Жасыл  көпір»  Астана  бастамасы  2010  жылдың  қазанында  Азия  және 
Тынық  мұхит  елдерінің  қоршаған  ортаны  қорғау  министрлерінің  6  - 
конференциясында  қабылданды.  ESCAP  елдерінің  тапсырмасы  бойынша 
Қазақстан  «Жасыл  көпір»  серіктестік  бағдарламасын  әзірледі.  2011  жылдың 
қыркүйегінде  «Жасыл  көпір»  бастамасы  және  серіктестік  бағдарламасы 
«Еуропа  үшін  қоршаған  орта»  7  -  Пан  -  Еуропалық  министрлер 
конференциясында қолдау тапты. 
Бағдарлама  мемлекеттер,  халықаралық,  үкіметтік  емес,  білім  ұйымдары 
мен  бизнес  арасындағы  экономикалық  және  нарықтық  құралдар  арқылы 
«жасыл»  бизнестің  жаңа  жолдарын  құру  бойынша  өзара  іс  -  қимылдар 
әрекеттерін ойластырады. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасында демеуші 
мемлекеттер мен көмек алушы мемлекеттер жоқ. Іс - қимыл екі жақты жүреді. 
Бір жағына қарай экологиялық таза  «жасыл технологиялар», ал екінші жағына 


99 
қарай «жасыл технологиямен» жасалған «жасыл тауарлар» жүретін болады. 
Жетекші  елдер  өтеусіз  негізде  «толық  біткен»  жаңа  жасыл 
технологияларын  ұсынуы  керек.  Өз  кезегінде,  дамушы  елдер  «жасыл» 
технологияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Барлық серіктестік 
елдер  «жасыл  технологиялар»  арқылы  жасалған  «жасыл  тауарларға»  еркін 
рынок ұсынуы тиіс. 
Серіктестік  бағдарламасын  және  инвестициялық  жобаларды  жүзеге 
асырудың  негізгі  шарты  көпжақты  келісімдер  болып  табылады.  Солайша, 
барлық  мемлекеттер  үдеп  келе  жатқан  проблемаларды  шешу  және  бар 
жағдайды  түбегейлі  жақсарту  үшін  өз  еркімен  жасыл  инвестициялар  мен 
технологияларға  қолайлы  жағдай  жасауы  тиіс.  Өз  кезегінде  стратегиялық 
жобалар  табыс  әкеледі.  Еуропаның,  Солтүстік  Американың  және  Азияның 
көптеген  елдерінде  тиімділігін  іс  жүзінде  дәлелдеген  «жасыл  экономиканы» 
қолдау мысалдары жетерлік. Сондай тәжірибелерді жинақтап, талдау жүргізіп, 
солардың  негізінде  бағдарламаны  жүзеге  асыратын  (кемінде  10  -  20  жылға 
арналған) ұзақ мерзімді келісімдер дайындау қажет. 
Қорыта келе айтарымыз, Қазақстан өзінің 20 жылдық тәуелсіз тарихында 
бәрімізге  ортақ  үй  –  Жер  планетасын  сақтауда  және  жаһандық  экологиялық 
проблемаларды  шешуде  біршама  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Ал  бүгін  бүкіл 
адамзат  планетаның  күйзелісін  тоқтатып,  өмір  негізін  қайта  жандандыратын 
бірден  -  бір  мүмкіндікке  ие.  Адам  мен  табиғаттың  үйлесімді  өмір  сүру 
мүмкіндігі  қазіргі  таңда  басқа  кездерге  қарағанда  әлдеқайда  жоғары  [4; 
www.ekoline.ru]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет