Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет69/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128
Байланысты:
Sbornik

 
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Байкенжеева Ж.А., ст. препод. КУАМ 
Балтабек Д.М., бакалавр КУАМ 
 
Алғашқы  болып  ақшаның  тауарлы  жаратылысын  дәлелдеп,  ақша 
теориясының  дамуына  көп  еңбек  сіңірген  К.  Маркс.  Ол  айырбастың  жай,  ең 
қарапайым  формасынан  «көз  шағылыстыратын»  -  ақшалы  формасына  дейін 
ұзақ даму жолдарын зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды.  
Сондай – ақ Маркс К. ақшаның қажеттілігі жөнінде «егер ақша жойылса, 
біз  қоғамдық  өркендеудің  я  ең  жоғарғы  дәрежесінде  болармыз,  я  қоғамдық 
өсудің  ең  төменгі  сатысына  (алғашқы  қауымға)  лақтырылып  тасталармыз»деп 
өз ойын қорытындылаған [3].  
Ақша  –  тарихи  дамыған  экономикалық  категория.  Ол  қоғам  дамуының 
әрбір  сатысында  өндіріс  және  айырбас  процесінде  адамдар  арасында 
қалыптасатын  экономикалық  қатынастарды  көрсетеді.  Қоғам  экономиканың 
әртүрлі  үлгісіне  өткенде  ақшаның  маңызы  арта  түседі.  Орталықтанған  – 
жоспарлы  экономикада  ақшаның  мәні  шектеулі  болды.  Ақша,  негізінен,  есеп 
жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды.  
Нарықтық  экономикада  ақшаның  маңызы  зор.  Себебі  әртүрлі  меншік 
жағдайында жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің 
көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды.  
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша 
массасының  өсуін  тежеу,  инфляциялық  процестерді  жеңу  және  ұлттық  жалпы 
өнімді ынталандыру бағытында қолданылады. 
Ақша  адамдарға  ежелден  таныс.  Бірақ  оның  қалай  пайда  болғандығы 
туралы  құпия  сыры  және  қоғам  өміріндегі  мәні  көп  уақытқы  дейін  беймәлім 
болды.  Бұл  сұрақтарға  қоғам  өмірін  зерттей  келіп,  оқымыстылар  ақшаның 


131 
тауар айналымында атқаратын маңызын жан – жақты ашып, жауап берді. Ақша 
– тауарлы өндірістің өнімі. 
Ақша  қаражаттарын  сақтау,  қабылдау  мен  беру  үшін  ұйымның  касасы 
болады. 
Кассир  –  материалдық  жаупты  адам.  Ол  касса  операцияларын  жүргізу 
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке 
дара  жауапкершілігі  туралы  онымен  шарт  жасалынады.  Егер  еңбекақы  мен 
басқа да төлемдерді беру үшін ұйым басшысының жазбаша бұйрығы бойынша 
басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара 
жауапкершілігі туралы олармен де шарт жасалады. 
Кассадағы  операциялар  есебі  1010  –  кассадағы  қолма  -  қол  ақша 
бөлімшесінің активі жинақтаушы шоттарында. 
1010 – «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 1020 
-  «Шетелдік  валюта  түрінде  касадағы  қолда  бап  ақшалар»  шоттарында 
жүргізіледі. 
«Ұлттық  валюта  түрінде  кассадағы  қолда  бар ақшалар» шоты  Қазақстан 
Республикасының  ұлттық  бан,  кісі  бекіткен  кассалық  операцияларды  жүргізу 
тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС). 
Кассаға  ақша  қабылдау  кассаның  кіріс  ордері  бойынша  жүзеге  асады, 
оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке және заңды 
тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақша туралы түбіртек беріледі. 
Төлемдерге  ақшаны  қабылдаған  кезде  кассир  «төлем  таңбаларын  анықтау 
тәртібін»басшылыққа алу міндетті.  
Кассаға  қабылданған  теңге  сомасы  жазумен  жазылып,  тиын  сандармен 
жазылады. Толтырылған кассалық кіріс ордері төменде келтіріліп отыр. 
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас 
бухгалтер  қол  қойған  тиісінше  рәсімделген  төлем  тізімдемелерімен  және  т.б. 
құжаттармен  рәсімделеді.  Егер  касса  шығыс  ордерлеріне  қоса  тіркелген 
құжаттарда ұйым басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол 
қоюы міндетті емес.  
Жекелеген  адамға  кассаның  шығыс  ордері  бойынша  ақша  берген  кезде 
кассир  алушының  төлқұжатын  немесе  жеке  басының  куәлігін  көрсетуді  талап 
етеді.  Оныңаты  мен  нөмірін,  оның  кімнің  және  қашан  бергенін  ордерде 
көрсетеді.  алушы  касса  ордеріне  қол  қояды  және  алған  сомасын  жазумен, 
тиынды сандармен көрсетеді. 
Сенімхат  бойынша  ақша  берген  жағдайында  кассалық  шығыс  ордеріне 
ақшаны алуға  сенім  білдірген адамның  тегі, аты  мен  әкесінің  аты көрсетіледі. 
Егер  ақша  төлем  тізімдемесі  бойынша  жүргізілетін  болса,  ол  тізімдемеге 
«сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне 
немесе ведомосқа қоса тіркейді. 
Кіріс  және  шығыс  касса  ордері  мен  оның  орнына  жүретін  құжаттарды 
бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді. 
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, касир төлем тізімдемесіне 
еңбек  ақысы  бойынша  тиесілі  сомасын  алмаған  адамдардың  аты  -  тегінің 
тұсына мөртаңба соғады немесе «депозитке салынды» деп қолмен жазып белгі 
соғады,  берілмеген  сома  төленбеген  жалақа  тізіміне  енгізіледі;  тізімдемеде 


132 
нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады.  
Егер  төлемді  кассир  емес,  уәкілік  алған  адам  жасайтын  болса,  төлем 
тізімдемесінде «тізімдеме» бойынша ақша тартқан деген жазу жазылады. Касса 
ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді. 
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс 
және  шығыс  касса  құжаттарын  тіркеу  журналында  тіркеледі,  ол  кіріс  және 
шығыс  касса  құжаттарына  жеке  ашылады.  Онда  мыналар  көрсетіледі:  кіріс 
және  шығыс  касса  ордерлерінің  толтырылған  күні  мен  нөмірлері,  кассаға 
түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі.  
Егер  ақша  қаражаттарының  нысаналы  мақсаты  туралы  деректерді 
машинограмма  түрінде  алатын  болса,  кіріс  және  шығыс  касса  құжаттарын 
тіркеу  журналында  тек  құжаттың  толтырылған  күні,  нөмірі,  мен  сомасы 
көрсетіледі. 
Касса  ордерлері  бойынша  ақшаны  қабылдау  мен  беру  тек  олардың 
рәсімдеген  күнінде  ғана  жүргізіледі.  Ордерді  алған  кассир  басшы  мен  бас 
бухгалтердің  қолдарын,  олардың  дұрыс  рәсімделуін,  ордерде  көрсетілген 
қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан 
кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп 
басылады  немесе  жазумен  күнін,  айы  мен  жылын  көрсете  отырып  «алынды» 
немесе «төленді» деген белгі соғады. 
Касса  операцияларының  есебін  кассир  касса  кітабында  жүргізеді,  ол 
нөмірленуге,  тігілуге  және  оған  сүргі  салынуға  тиіс,  ондағы  парақтар  санын 
басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады. 
Касса  кітабының  әрбір  парағы  тең  екі  бөліктен  тұрады.  Олардың  бірін 
касир  бірінші  дана  ретінде  толтырады  және  ол  кітапта  қалады.  Касса 
операцияларының  жазбалары  парақтың  жыртпалы  емес  бөлігінің бет  жағынан 
басталады.  
Алдын - ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай етіп 
парақты  қиылатын  сызық  бойымен  қойғаннан  кейін  жазу  үшін  жыртылатын 
парақтың  бөлігін  жыртылмайтын  бөлігінің  бет  жағына  салып,  парақтың 
жыртылмайтын  бөлігінің  сыртқы  жағының  көлбеу  сызығы  бойымен  жазуды 
одан әрі жалғастырады. 
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. 
Соның  ішінде  жалақаға  деген  жолдың  бойында  касса  бойынша  шығысқа 
есептен  шығарылмаған  жалақыға  арналған  төлем  тізімдемелері  бойынша 
сомасы да көрсетіледі. 
Касса опреациялары шағын болса да, онда касса есебі 3 - 5 күнде бір рет 
жасалуы мүмкін. касса кітабында ақшаның кімнен алғаны және кімге берілгені 
жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі.  
Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын 
шығарады  және  күн  аяғындағы  қалдықты  есептейді,  өшіру  мен  ескертілмеген 
түзетулер  енгізуге  кітапта  жол  берілмейді.  Түзетулерге  кассир  мен  бас 
бухгалтердің қолы қойылуы тиіс. 
Кассирдің  есебінде  корреспонденцияланған  шоттарға  белгі  жасалады, 
сонан соң оның деректері 1010 – «ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар 
ақшалар» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп 


133 
регистрлеріне көшіріледі.  Касса  бойынша  операциялардың,  яғни 1010  шоттың 
кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді.  
Бірыңғай  корреспонденцияланған  шоттардың  сомалары  біріктіріледі. 
Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық 
шығарылады, ол кассирдің есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына 
сәйкес келуге тиіс. 
Қазіргі  бәсекелестік  экономика  жағдайында  кәсіпорындар  мен  ұйымдар 
өздеріне  қажеттіеңбек  құралдарын  сатып  алу,  өнімдерді  сату,  жалдамалы 
жұмыс  күшінің  еңбек  ақысын  төлеу  барысында  «төлем  құралы»  ретінде  ақша 
қаражаттары пайдаланылады. Оны есептесу екі нысанда жүргізіледі: 
Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен; 
Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде. 
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен – 
күнге  үлкен  маңызға  айнала  бастады.  Бәсекеге  қабілеттілік  ұйымның  одан  әрі 
дамуы  үшін  қажетті  ақшаны  жеткілікті  деңгейде  табуды  талап  етеді.  Ақша 
есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет