191
3. Пайдаланған суларды тазартып қайта пайдалану жұмыстарының
ұйымдастырылмағандығы (әсіресе жер суару саласында);
4. Өндірістік, коммуналдық - тұрмыстық мекемелерге су берілетін
құбырлардың ескіргендігінен орынсыз шығындалуы;
5. Өзен сулары қалыптасатын аймақтарда бөгеттер құрып, су қоры
орынсыз пайдалануы;
6. Іргелес елдермен су ресрстарын пайдалану жайлы мәселелер толық
шешілмеуі;
Осы проблемаларды дұрыс шешу үшін төмендегі үш міндетті орындау
шарт:
1. Су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
2. Су ресурстарын қорғау және басқару жүйелерін оптимизациялау (ең
жақсы үйлесімге келтіру);
3. Мемлекеттік «Ауыз су»бағдарламасын жүзегеасыру.
Су ресурстарын тиімді - ұтымды пайдалану. Бұл жұмысты іске асыру
үшін, ең біріншіден, құқықтық нормаларды заңдастыру мәселелерін шешу
керек. Екіншіден, сарқынды суларды тазаламай, табиғи су ұоймаларына (өзен,
көл) ағызуды қатаң заңдар мен нормативтер арқылы тоқтату керек. Үшіншіден,
су қорын үнемдеу технологияларын тез арада меңгеріп, үнемшілдікті
ынталандыру мәселесін шешу қажет. Суды өндірісте қайта пайдалану, тұйық
жүйені қолданып, сарқынды суларды табиғи су обьектілеріне жібермеу
әдістемелерін жетілдіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: