Результаты и выводы.
Таким образом, мультипараметрическое
ультразвуковое исследование является комплексной методикой, позволяющей
получить разностороннюю характеристику лимфатического узла, провести
дифференциальную диагностику патологических изменений.
УДК: 616-71
МРНТИ: 76.29.62
НАЧАЛЬНЫЕ ЭХОКАРДИОГРАФИЧЕСКИЕ (ЭХОКГ) ПРИЗНАКИ
КЛАПАНОВОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТИ
Хусаинова Ж.Ж., Имамбетова А.С., Ахметбаева А.К., Сейтнұр М.Е.,
Иминова С.А.
НУО «Казахстанско-Российский медицинский университет»,
г. Алматы, Республика Казахстан
INITIAL ECHOCARDIOGRAPHIC SIGNS OF VALVULAR
INSUFFICIENCY
Khusainova Zh.Zh., Imamabetova A.S., Akhmetbayeva A.K., Seytnur M.E.,
Iminova S.A.
NUO "Kazakh-Russian Medical University", Almaty, Republic of Kazakhstan
ҚАҚПАҚШАСЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ (ҚҚЖ)
ЭХОКАРДИОГРАФИЯЛЫҚ (ЭХОКГ) БАСТАПҚЫ – БЕЛГІЛЕРІ
Хусаинова Ж.Ж., Имамбетова А.С., Ахметбаева А.К., Сейтнұр М.Е.,
Иминова С.А.
"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰБО, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
279
Кілт сөздер:
қолқа қақпақшасы (ҚҚ), қолқа регургитациясының (ҚР),
ультрадыбыстық зерттеу (УЗ), сол жақ қарынша (СЖҚ), сол жақ жүрекше
(СЖЖ), компенсаторлық механизмі (КМ), үздіксіз толқындық доплер (ҮТД).
ҚҚЖ – бұл СЖҚ диастола кезінде қанның кері ағуына әкелетін
қақпақшаның жармаларының жабылмауымен сипатталатын ақау.
СЖҚ көлемі мен соңғы диастолалық қысымы және СЖЖ қысым тез
өсіп, науқастың денсаулығының күрт нашарлауына әкелуі мүмкін. СЖҚ тез
компенсаторлық кеңеюіне қабілетсіздігі, соғу көлемінің төмендеуіне әкеледі.
Жүректің шығарылуын ұстап тұрудың КМ ретінде дамитын тахикардия
компенсация үшін жеткіліксіз болып шығады. Ауыр ҚР кезінде өкпе ісінуі
немесе кардиогенді шок даму қаупі жоғары. ҚР қолқаның үстінде естілетін
дөрекі протодиастолалық шудың және төмен диастолалық және жоғары
импульстік қысымның, жүрек жеткіліксіздігі мен тахикардия белгілерінің
пайда болуын анықтайды. ЭХОКГ-мен гемодинамикалық маңыздылықты, ҚР
ауырлығын бағалау үшін бірнеше әдістер қолданылады:
1) Түрлі-түсті доплерлік сканерлеу режимінде қысқа ось бойынша
парастерналық зерттеу кезінде ҚҚ ағынның бастапқы бөлігінің алатын ауданы
өлшенеді. Ауыр регургитация кезінде сақина ауданының 60%-нан асады,
ағынның бастапқы бөлігінің қалыңдығы зерттеледі. АЛ ауыр ҚҚЖ ағынның
бастапқы бөлігінің сақинасының өлшемінен 60% кем болады.
2) ҮТД көмегімен зерттеу кезінде ҚР доплерлік спектрінде жартылай
түсу уақытын анықтайды; егер ол <400 мс болса, онда регургитация ауыр деп
танылады.
3) ҮТД көмегімен ҚҚЖ ағынының доплерлік спектріндегі құлдыраудың
баяулау мәні анықталады, бұл көрсеткіштің мәні 3,0 м/с2 болғанда, ҚР ауыр
болып саналады.
4) СЖҚ дилатациясының болуы ауыр ҚҚЖ бір айғағы болып табылады.
5) Ақыр соңында, ауыр ҚР кезінде, көтерілген қолқада кері қан ағымы
пайда болады.
ҚҚЖ СЖҚ соққы көлемінің ұлғаюына және диастолалық қан
қысымының төмендеуіне байланысты систолалық қан қысымының
жоғарылауымен сипатталады. Диастолалық қан қысымының төмендеуі
артерия жүйесінің салыстырмалы "босатылуымен" қолқадан СЖҚ қанның
айтарлықтай кері ағуымен тікелей байланысты.
Осы жағдай біртіндеп Жедел коронарлық синдромның дамуына және
жүрек жеткіліксіздігінің дамуына әкеледі. Жүрек жеткіліксіздігінің даму
механизмі СЖҚ қолқадан кері қан құюдың регургитация фракциясының
өсуімен байланысты екендігі анықталды, мұның бәрі СЖҚ диастолалық және
систолалық көлемінің ұлғаюына, СЖҚ - ның шектеулі диастолалық
дисфункциясының дамуына әкеледі, бұл түбі СЖҚ шығарылу фракциясының
төмендеуін тудырады.
ҚР сандық көрсеткіштерін уақтылы анықтау, емдеу шараларын
оңтайландыру үшін үлкен маңызға ие. Өлшеу сапасын жақсарту және
280
науқастарды тексеру кезінде дәлдікті арттыру Доплер-ЭхоКГ сандық әдісін
қолдану керек. ҚҚЖ диагностикалауда ЭХОКГ – ның маңызы зор.
400> Достарыңызбен бөлісу: |