Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет66/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

Зерттеудің мақсаты
: COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардың 
шағымдарын жинап, саралау.
Материал және әдістер: с
татистикалық зерттеу, науқастарды дәрігерлік 
тексеру кезінде пост ковидтік синдромның симптомдарын, белгілерін 
анықтау. 
29.03.2023 жыл аурудан жазылған науқастар саны-1383020, ауырып жатқан 
науқастар саны-12353, қайтыс болғандар саны-13847, жалпы-1409220.
 
Зерттеуге COVID-19 инфекциясымен ауырған 27 науқас алынды. 
Науқастардың жынысы, жасы, шағымдары, қосымша аурулары бойынша 
жұмыс жасалынды. Сұхбаттасу барысында зерттеуге қатысқан 27 науқас 
жөтелу, ентігу, иіс пен дәм сезудің бұзылуы, шаршау, ашуланшақтық, ас 
қорыту бұзылыстары бар екендігін айтты. 
COVID-19 инфекциясымен ауырған 14 әйелдің 8-жөтел, 6-әлсіздік, 
ентігу-6, иіс сезудің төмендеуі-3, тәбеттің төмендеуі-3, терлеу-4, кеудеде 
шаншып ауыру-3 симптомдары анықталды. 
COVID-19 инфекциясымен ауырған әйелдердің қосымша аурулары 
қантты диабет, жүректің ишемиялық аурулары, артериялық гипертензия 
аурулары бойынша 14 әйелдің 6-қантты диабет, 5-жүректің ишемиялық 
аурулары, 9-артериялық гипертензияның бары анықталды.
COVID-19 инфекциясымен ауырған 13 ер адамның 5-жөтел, 4-әлсіздік, 
ентігу-4, иіс сезудің төмендеуі-2, тәбеттің төмендеуі-3, терлеу-5, кеудеде 
шаншып ауыру-4 симптомдары анықталды). 
COVID-19 инфекциясымен ауырған әйелдердің қосымша аурулары 
қантты диабет, жүректің ишемиялық аурулары, артериялық гипертензия 
аурулары бойынша 13 ер адамның 5-қантты диабет, 3-жүректің ишемиялық 
аурулары, 8-артериялық гипертензияның бары анықталды.
Өкпе тінінің кез-келген тығыздалуы (инфильтрациясы) және рентген 
суретінде қабыну өзгерістерінің белгілері COVID-19-ға күдікті болып саналуы 
керек. Өкпенің альвеолалары сұйықтықпен немесе талшықты ұлпамен 
толтырылған кезде плевра қабығы созылады. Бұл ауырсынуды тудырады. 
Фиброзбен өкпеде тыртықтар пайда болады, бұл олардың қанды оттегімен 
байыту қабілетін айтарлықтай нашарлатады.
Қорытындылар: 
1. COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардың 100%-ында 
постковидтік синдром анықталды. 
2. COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастарда жыныс бойынша 
симптомдарда ешқандай айырмашылық анықталмады. 
3. COVID-19 инфекциясымен ауырып жазылған науқастарда өкпе 
қапшықтары сұйықтықпен толтырылғандықтан, олар жеткілікті мөлшерде 
оттегіні қабылдай алмайды және қабынуға ұшырайды, бұл жөтел мен ентігуге 


68 
алып келеді, нерв талшықтарының зақымдануынан аносмия мен гипосмия 
дамыған. 
4. COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастарда ең көп кездескен 
постковидтік симптомдар: жөтел (14/8 әйел- 13/5 ер адам), әлсіздік (14/6 әйел- 
13/4 ер адам), ентігу (14/6 әйел-13/4 ер адам), аносмия және гипосмия (14/3 
әйел- 13/2 ер адам), астениялық симптомдар (терлегіштік 14/4 әйел- 13/5 ер 
адам, тәбеттің төмендеуі 14/3 әйел- 13/3 ер адам). 
5. Қосымша аурулар артериялық гипертензия, қантты диабет, жүректің 
ишемиялық аурулары бар науқастарда ауру ауыр ағымда өткен. 


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет