156
жұқтырған аналардын жүктілігі және туылған нәрестелердегі сәтсіз
нәтижелердің жағдайлары сипатталды. Сондықтан, болашақ ұрпақтың SARS-
CoV-2 жұқтыруының алдын алу үшін SARS-CoV-2 вирусының анадан ұрыққа
берілу қаупін есте ұстаған жөн.
Материалдар.
2021 жылдың маусым-желтоқсан аралығында COVID-19
жұқтырған 50 жүкті әйелдің жүктілік ағымының ерекшеліктеріне
ретроспективті талдау жасалынды.
Тәсілдер.
Жүкті әйелдердің анамнестикалық деректерін зерттеу, SARS
CoV-2
коронавирустық
инфекциясының
клиникалық
ағымының
ерекшеліктерін, оның жүктілік пен босану ағымын және аспаптық -
зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін талдау.
Зерттеу нәтижелері және талқылау.
Зерттелуші жүкті әйелдер ішінде
қайта босанушы әйелдер басымды (48%). ДСИ бойынша 34% жүкті әйелдер
семіздіктің І дәрежесін құрады. Гинекологиялық аурулар ішінде ең жиі
өздігінен түсік немесе дамымаған жүктілік (21%) және жатыр мойны
эктопиясы (20%) кездесті. Созылмалы экстрагенитальды аурулардың ішінде
бірінші орында жүкті әйелдердің анемиясы - 24(48%), екінші және үшінші
орында зәр шығару жолдарының аурулары - (34%) және семіздік – (26%), ал
преморбидті фон болып табылатын экстрагенитальды патологиялар -
созылмалы артериялық гипертензия (10%) құрады. Акушерлік асқынулар
бойынша жүктіліктің үзілу қаупі жиі (42%) және жүктіліктің бірінші
жартысының токсикозы (14%) байқалды. 32% жүкті әйел COVID-19
ауырлығының орташа және жеңіл дәрежесімен ауруханаға жатқызылды, ауыр
жағдайлары тіркелген жоқ. Негізгі шағымдары: жөтел (74%), әлсіздік (82%),
бас ауруы (56%), мұрынның бітелуі (34%), температураның 37,5-39
0
С дейін
көтерілуі (34%) жүкті әйелде байқалды, оның 1-інде екі жақты пневмония
болды. Зертханалық тексерулерден айқын өзгерістер ол - лимфоцитопения, С-
реактивті ақуыз жоғарылау. Ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуінде 8% жүкті
әйелде азсулық және 4% көпсулық анықталды. 18(15%) жүкті әйелде
плацентарлы қан ағымының 1А дәрежесінің бұзылуы байқалды. 41 жүкті
әйелде өздігінен босану орын алды, ал кесар тілігі арқылы босану 9(18%) жүкті
әйелде болды. Оған көрсеткіштер: 7(14%) жүкті әйелде жатырындағы тыртық,
1(2%) ауыр преэклампсия, 1(2%) жағдайда босану кезіндегі ұрықтың жедел
гипоксиясы болған.
3 жаңа туған нәрестеде жеңіл гипоксия анықталды, қалған 47(94%)
нәрестелер Апгар шкаласы бойынша 8/8 және 8/9 баллмен бағаланды. Жаңа
туған
нәрестелердің
ешқайсысы
SARS
CoV-2
коронавирустық
инфекциясымен ауырмаған. Босанғаннан кейінгі кезең барлық босанған
әйелдер үшін асқынусыз өтті.
Достарыңызбен бөлісу: